Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2015 в 15:51, реферат
Жай микроскоппен қарағанда организмнiң ең кiшi кұрылымы жасуша болып есептеледi. Немiс ғалымдары Шлейден және Шван барлық тiрi организмдер жасушалардан түзiлген, жаңа жасушалар тек жасушалардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болады, тiрi организмдердiн енiп-өсуi, дамуы осы жасушаларғабайланысты деген «жасушалықтеория» негiзiн калаған болатын. Атақты немiс патологы Р. Вирхов (1858) организмнiң барлық ауруларының негiзiнде жасуша патологиясы жатады деп есептеген. Р. Вирховтың бұл даналық пiкiрi осы күнге дейiн өз манызын жойған жоқ.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім:
Апоптоз. Апоптоздың даму кезеңдері.
Некроздың клиника – морфологиялық нысандары.
Некроздың этиологиясы. Некроздың маңызы.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Даму себебі тұрғысынан некроз: травмалық, уыты әсерлік, қан тамырлық, трофонефроздық, аллергиялық түрлерге жіктеледі.
Жарақаттық некрозды физикалық немесе химиялық факторлардың тікелей әсері дамытады. Ол радиация, жоғар ( күю ) немесе ( үсу ) температураның әсерінен және электрлік жарақаттың жиегінде байқалады.
Уытты әсерлік некроз – бактериялық немесе түрлі текті токсиндердің (қышқыл, дәрі –дәрмек) дамиды. Мысалы, дифтерия токсиндері нәтижесінде тыныс жолдарындағы некроз, туберкулезге байланысты дамитын некроз және т.б.
Аллергиялық некроз – гиперсезімталдықтың жедел типінің бейнесі, көбінесе сенсибилизациялы организмде байқалады. Мысалы, Артюс Феномені. Тамырлық некроз инфаркт деп аталады. Оның дамуына мүшенің артериялық қанмен қамтамасыз етілуін тоқтататын тромбоз, эмболя, ұзақ мерзімді спазм себеп болады.
Қан тамырлық некроз – ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда кездеседі. Мысалы, жүрек инфаркты, өкпе инфаркты, ішек гангренасы.
Трофонефроздық некроз – тіндер трофикасын жүйелік жүйе дұрыс реттемегендіктен дамиды. Соның салдарынан дистрофиялық және некробиоздық үдерістер туындап, некрозға ұласады. Орталық және шеттік жүйкелік жүйенің аурулары мен жарақаттары кезіндегі некроз осы себептен дамиды ( шеткі жүйкелік сабақтар зақымдалғандағы ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар ) . Жауыр да трофоневроздық некроздың мысалы.
Некроздың
маңызы оның негізгі мәнімен сабақтас, өйткені
бұл «жергілікті өлім» маңызды мүшелерде
дамыса, адам көбінесе қаза болуы да мүмкін.
Бұл жағдайға мидың ишимиялық некрозы,
бүйректің қыртыстық қабатының некрозы,
бауырдың өршімелі некрозы, жедел панкреонекрозы
ұшыратады. Әдетте, өлі тіннің әсерінен
бірқатар аурулар ауыр зардапты асқынып
( жүректің миомаляциядан жарылуы, гипертониялық
инсульттен паралич дамуы, жауырдың инфекциялық
аурумен асқынуы, ж.б.), оның өнімдері (мысалы,
аяқтың гангренасында) организмді улайды.
Өлі тін іріңдеп жидісе, кейде төңірегіндегі
сірі қабықшалар қабынып, қан кетеді, сепсис
дамиды. Ақыры организм үшін қолайлы болғанның
өзінде маңызды мүшені зақымдаған некроздың
( мидың жылауығы, миокард тыртығы ) зардабы
біраз. Некроздың нәтижесінде
көптеген өзгерістер дамиды. Майда некроз
ошақтары бүтіндей сорылып кетіп, орнына
өзі тектес тін пайда болады. Мысалы, терідегі,
шырышты қабықтағы өлген жасушалар толығымен
қайта қалпына келеді. Некроз ошақтары
үлкен болса, қан тамырлары кеңейіп, олардың
айналасында әртүрлі жасушалар, макрофагтар,
гистиоциттер, лейкоциттер жиналып қалады.
Сүйек некрозы нәтижесінде секвестр пайда
болады. Некроз ошақтарына кальций тұздарының
шөгіп қалуын петрификация, сол жерде
сүйек пайда болуын оссификация дейді.
Май тін некрозданған ферменттің ыдырауы
нәтижесінде май қышқылдары түзіледі.
Олар жергілікті тінді тітіркендіріп
сол жерде липогранулема түзіледі. Некроз
бірқалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын
құбылыс. Апоптоздың жалпы қандай қызмет
атқаратынын түсіндік, яғни бұның маңызды
да зиянды да жақтары бар.Бұның некроздан
ерекшелігі генетикалы бағдарланған,
энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің
белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің
ерекше түрі. Ал некрозға тоқталсақ клетканың
зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету
жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы
бұзылысы) дамитын прогресс. Осындай жағдайлар
кезінде апоптоз механизм жұмыс істейді.
Инфаркттың
екі түрі бар. Олар: ақ ( ишемиялық ) инфаркт,
бұл: бауырда, көкбауырда, бүйректе, мида,
жүректе кездесіп, коллатералдық қан тамырдың
жеткілікті ашылмауының морфологиялық
көрінісі есебінде дамиды. Ал екіншісі,
қызыл ( гемморагиялық ) инфаркт, бұл: өкпеде,
кейде ішекте, талақта, бүйректе байқалады.
Апоптоздың некроздан 3 айырмашылығы бойынша ерекшеленеді.
а) апоптоздың бағдарланып өлуі.
б) апоптоздың бағдарлануын информациялық сигнал жібереді.
в) апоптоз – энергияға тәуелді және РНК синтезі мен белокты талап етеді.
Қорытынды
Некроз және апоптоз қалып жағдайда үнемі организмде жүріп тұратын- физиологиялық регенерациялық үрдіс.
Некроздың маңызы оның негізгі мәнімен сабақтас, өйткені бұл «жергілікті өлім» маңызды мүшелерде дамыса, адам көбінесе қаза болуы да мүмкін. Бұл жағдайға мидың ишимиялық некрозы, бүйректің қыртыстық қабатының некрозы, бауырдың өршімелі некрозы, жедел панкреонекрозы ұшыратады. Әдетте, өлі тіннің әсерінен бірқатар аурулар ауыр зардапты асқынып ( жүректің миомаляциядан жарылуы, гипертониялық инсульттен паралич дамуы, жауырдың инфекциялық аурумен асқынуы, ж.б.), оның өнімдері (мысалы, аяқтың гангренасында) организмді улайды. Өлі тін іріңдеп жидісе, кейде төңірегіндегі сірі қабықшалар қабынып, қан кетеді, сепсис дамиды. Ақыры организм үшін қолайлы болғанның өзінде маңызды мүшені зақымдаған некроздың ( мидың жылауығы, миокард тыртығы ) зардабы біраз. Некроздың нәтижесінде көптеген өзгерістер дамиды. Майда некроз ошақтары бүтіндей сорылып кетіп, орнына өзі тектес тін пайда болады. Мысалы, терідегі, шырышты қабықтағы өлген жасушалар толығымен қайта қалпына келеді. Некроз ошақтары үлкен болса, қан тамырлары кеңейіп, олардың айналасында әртүрлі жасушалар, макрофагтар, гистиоциттер, лейкоциттер жиналып қалады. Сүйек некрозы нәтижесінде секвестр пайда болады. Некроз ошақтарына кальций тұздарының шөгіп қалуын петрификация, сол жерде сүйек пайда болуын оссификация дейді. Май тін некрозданған ферменттің ыдырауы нәтижесінде май қышқылдары түзіледі. Олар жергілікті тінді тітіркендіріп сол жерде липогранулема түзіледі. Некроз бірқалыпты жағдайда да ұдайы болып тұратын құбылыс. Апоптоздың жалпы қандай қызмет атқаратынын түсіндік, яғни бұның маңызды да зиянды да жақтары бар.Бұның некроздан ерекшелігі генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Ал некрозға тоқталсақ клетканың зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы бұзылысы) дамитын прогресс. Осындай жағдайлар кезінде апоптоз механизм жұмыс істейді.
Апоптоз – қалыпты жағдайдағы жасушаның тіршілігін жоюы. Некроз – патогендік факторлар әсерінен жасуша тіршілігінің жоспарсыз жойылуы Некроздың себептері өте көп және сан алуан. Олардың бәрін экзогендік және эндогендік себептер деп екіге бөлуге болады..
Некроз - организмнің тірі кезінде, оның жасушалары мен тіндерінің тіршілік әрекеті толық тоқтап, өліп жойылуы. Демек некроз тірі организмде болатын жергілікті өлім. Некроз бұл қалыпты жағдайда да ұдайы болатын құбылыс.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолданылған интернет желілері