Тамақтандыру тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 16:58, реферат

Краткое описание

Тәуліктік тамақтану құрамын ағзаның күнделікті энергетикалық шығынына,оның қажеттілігіне байланысты құру керек.Тәуліктік тамақтандырудың құндылығы-ағзаның қажеттілігі сәйкес келуі.Ағзаның жалпы энергетикалық шығыны негізгі алмасу мен қосымша алмасудан тұрады.
Негізгі энергиялық шығын алмасуы барлық ішкі ағзаны және ағзаның бұлшық ет жұмысын психологиялық тыныштықта 12-16 сағаттан соң қалыпты жағдайда ұстап тұра алады.Зат алмасу ағза иесінің жынысына,жасына тәуелді болады.Ер адамда зат алмасу әйелдерден гөрі 10-15 есе көп,егде адамдарда төмен

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тамақтандыру тәртібі.docx

— 15.73 Кб (Скачать документ)

                                            Тамақтандыру тәртібі

Тәуліктік тамақтану құрамын ағзаның  күнделікті энергетикалық шығынына,оның қажеттілігіне байланысты құру керек.Тәуліктік  тамақтандырудың құндылығы-ағзаның  қажеттілігі сәйкес келуі.Ағзаның  жалпы энергетикалық шығыны негізгі  алмасу мен қосымша алмасудан  тұрады.

Негізгі энергиялық шығын алмасуы  барлық ішкі ағзаны және ағзаның бұлшық ет жұмысын психологиялық тыныштықта 12-16 сағаттан соң қалыпты жағдайда ұстап тұра алады.Зат алмасу ағза иесінің жынысына,жасына тәуелді болады.Ер адамда зат алмасу әйелдерден гөрі 10-15 есе көп,егде адамдарда төмен.Қосымша зат алмасу энергияның жұмсауымен белгілі бір жұмыс түрін анықтайды.Ағзаның энергетикалық шығыны кило-калориямен есептеледі.Тағамның құрамы,азық-түліктің калориялығы арнайы кестемен белгіленген.Тағам құрамындағы калорияны ағзаның физиологиялық қажеттілігіне сай құру қажет.Тағам құрамының калориялығына қарамастан,тағам мөлшері оны қабылдаған кезде асқазанды қанағаттандырып,тойымдылық  сезімін тудыру керек.Тоқшылық сезімі  асқазандағы тағамның ыдырау ұзақтығына байланысты болады.Ең алдымен көмірсулары,одан кейін ақуыздар,ең соңынан майлар ыдырайды.Қорытылған  тағамнан кейін тоқшылық сезімі,ұсақталған немесе жаншылған тағамдарға қарағанда ұзаққа созылады.

Асқазанды қатты тітіркендіруші,асқазан  сөлін еріксіз бөледі.Кез келген диета тағамның мынадай  ерекшілігін  негізге ала отырып құрылуы керек:

1.Калориялығы  мен химиялық  құрамы

2.Тағамның физикалық қасиеттерін 

3.Рұқсат етілген тағамдар жеткілікті  көлемде кіргізіледі.

4.Тағамның ерекше өңделген түрі.

5.Тамақтандыру тәртібі.

Сонымен қатар диетатерапияда басқа  тәсілдер кең түрде қолданылады:

Щажения принципі-азық-түлік құрамындағы кейбір факторларды шектейді,олардың құрамында ағзаның кейбір  мүшелеріне тітіркеніш әсер ететін немесе паталогиялық процесті қолдайтын болмауы керек.Бұл  ЖКТ ауруына қолданылатын диетатерапияның басты принципі.

Жаттықтыру  принципі -қатаң сақталатын алғашқы диета құрамын кеңейтуден тұрады,бұл біржақты толыққанды  емес.Бұл жеңіл тағамды диетаны қолдану арқылы іске асады.Олар калориялы шектелген немесе химиялық құрамы  қайта түзілген тағамдардан тұрады.Олар қамтамасыз етеді,сонымен қатар алмасудағы ауытқушылықты  реттейді.Оларды 1 рет  7-10 күн аралығында белгілейді.

Коррекция немесе түзету принципі-диетадан ауруды өрбітетін кейбір тағамдардың мөлшерін азайту не мөлшерін  азайту не мүлде алып тастау.Мысалы Қант диабеті

Тамақтандырудың ең тиімді түрі,күніне 4 рет тамақтану қажет.Тамақтану  аралығы 4-5 сағаттан аспауы керек.Ақуызға  бай тағам түрлерін белсенді жұмыс  кезеңінде таңертең және  күндіз қолдану тиімді.Ұйықтар алдында  жүйке жүйесіне әсер ететін тағамдарды қабылдамау керек.Кешке  асты ұйықтағанға  дейін  1-3 сағат бұрын ішкен  дұрыс.Ас жақсы  сіңу үшін оны қабылдар  алдында шөл  басып алу керек, өйткені сусызданған  ағза асқазанның  ас қорыту  қабілетіне  кедергі  жасайды.Асты асықпай мұқият шайнап жеген дұрыс.

                   Сауықтыру тағамдарын  ұйымдастыру

Емдік тамақтандыру –кешенді терапияның ең маңызды құралы.Әдетте,ол басқа емдік терапиямен қатар жүргізіледі.Кейбір жағдайда,ас қорыту  жүйесінен немесе зат алмасу жүйесінен емдегенде-емдік тамақтандыру басты емдік емдік терапияға жатады,басқа жағдайда-науқастың тезірек сауығуына жағымды тиімдңлңгңн береді.

Тәуліктік емдеу рационы  жасалып,оны  диета деп атайды.Диеталық тәртіп аурудың ерекшелңгңне ,өтпелілігіне, сырқаттың жағдайына  қарай белгіленеді.М.И.Певзнер  ұсынған сауықтыру диетасы жүйеленген 15 түрлі негізгі диетаны қарастырады.Бұдан  басқа негізгі   бөлімге жататын(1,4,5,7,8,9,10 )бөлімдер бірнеше нұсқаларға  ие,бұлар орыс алфавиті әріптерімен белгіленеді, оларды негізгі нөмірдің жанынан көреміз.Емделушінің сауықтыру тағамы оның ауру тарихына немесе бекіту қағазында көрсетіледі.Палаталық мейірбике күнделікті тағайындау қағазын тексере отырып,күнара мөлшердегі талап бойынша қанша мөлшерде  диеталық тағам керектігін және  қай бөлімге екендігін  белгілеп отырады.Мөлшер  күнара  жасалып,аға мейірбикесімен келісіп,бөлім  бастығы  бекітеді,сонан соң тағам бөліміне жіберіледі.Жаңа  түскен  науқасқа,қай бөлімге және қай уақытта түссе,ол  туралы мәліметті қабылдау бөліміндегі  мейірбике жазады.Дәрігердің  кеңесі  бойынша  палаталық  мейірбике  науқасқа тағайындалған  диетаның дұрыс  және  нақты  орындалуын қадағалап,науқасқа диетаның  маңызын,дұрыс және уақыттылуы қабылдауын,науқасқа келушілерден келген тағам түрлерін қадағалап отыруы тиісті.Ауруханадағы сауықтыру тағамдарын ұйымдастыруды бас дәрігер немесе оның орынбасары жасайды.Аурухананың бөлімшелерінде бұл іспен  бөлімше басшысы айналысады.Тамақтандыруды ұйымдастыруда басшылықты диетолог-дәрігер  атқарады,ол аурухана асханасын басқарады.Тамақ дайындаудың ең тиімді тәсілі орталық  асханада  дайындалған тағамды  кейін бөлімшелерге  арнайы ыстық тағамға арналған ыдыстармен таратады.Әрбір бөлімшеде керекті  жағдайда тағамды ысытып беретін плиталар бар.Дайын  тағамды буфетші немесе палаталық-мейірбикелер  арнайы  мөлшер  бойынша таратады.Буфетте  тағам мәзірі  әр тағамның салмағы көрсетілген диеталық мәзір ілулі тұруы керек.Өзіндік жүріп-тұруға жарайтын науқастар ауқатты асханаға барып қабылдай алады.Төсек тартып  жатқан науқастарға буфетші немесе палаталық мейірбике тағамды палатаға әкеліп береді.Бөлме жинаушы санитарлар тағам таратуға араласпайды.Ауыр науқастарды палаталық мейірбике өзі тамақтандырады.Науқастар тамақтанып болғаннан кейін,бөлме іші және асхана залалсыздандырылып,ыдыстар мұқият жуылады.

                          Ауыр науқастарды  тамақтандыру

Ауыр науқастарды күту мейірбикеден сабырлылықты,шеберлілікті және мейірімділікті талап етеді.Әдетте,ауыр науқастар  ренжігіш,талап қойғыш,шыдамсыз болып  келеді.Науқастың  мұндай тәртібі  оның өзінен емес,оның ауруының психикасына  әсер етуінен пайда болады.Мұны аурудың  әсері  деп қабылдауға керек.Мұндай науқастар көбіне  тамақ  ішуден бас тартады.Мұндай тынышсыз науқасты  тамақтандыруға көптеген әдіс-тәсілді талап етеді.Науқасты  тамақтандырар  алдында  барлық емдеу шараларын жасап,іш-құрылысын босату керек.Содан кейін бөлмені желдетіп,науқастың қолын жуғызу керек.Бұл кезде мейірбикеге  санитардың  көмегі қажет.Науқастың  жағдайы болса,оны отырғызып,не басын биіктеткен жөн.Емделушінің   отыруға жағдайы болмаса,науқасты қырындатып жатқызу керек .Ауыр науқасты  тамақтандыру  үшін  алдына кішкене  үстел  орнатылған  арнайы  төсек болмаса,оның  орнына тумба қоюға болады.Науқастың  кеудесін арнайы  сүлгімен,керек болса клеенкамен жабу керек.Тағам жартылай  сұйық және жылы болуы шарт.Науқасты  қасықпен  не арнайы  сусындатқышпен тамақтандырады.Асықпай,науқастың тағамды дұрыс қабылдауына жағдай жасау керек.Тағам аз-аздап беріп тұрылуы қажет.Тағамның әр түрлі және  тәбет ашатындай болғаны дұрыс.

Ас қабылдағаннан кейін тағам  қалдығын және ыдысты жинап алу керек.Науқасқа ауыз қуысын шайғызу керек.Науқастың  шамасы  келмесе қайнаған сумен  шайғызады.


Информация о работе Тамақтандыру тәртібі