Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 22:15, доклад
Тамақтану тәртібінің дұрыстығын бағалау.Тамақ ішу тәртібі тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігі. Тамақ ішу тәртібіне күнделікті адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тағамдардың калориясы бойынша әр мезгілге бөлінуі жатады. Ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақгану. Ал жұмыс жағдайында және оқу кезінде күніне 3 рет тамақтануға да болады.
Дастархан басына тамақ ішуге күн сайын үнемі бір мезгілде отырудың маңызы зор. Таңертеңгі немесе түскі астың уақытын өткізіп жіберуге, олардың орнын кейін толтырамын деуге болмайды.