Су - электролит алмасуының бұзылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 21:04, реферат

Краткое описание

Ересек адам организмінде 65% су болады, яғни су дене массасының 65% құрайды. Организм қаншалықты жас болса суға соншалықты бай болады. Жаңа туылған нәрестелерде су мөлшері 75-80%, ал бір айлық эмбрионда – 97% құрайды. Қарт адамдарда су мөлшері 57% болады. Судың мөлшері организмнің әртүрлі ұлпаларында әр қыйлы болады. Қан, бауыр, бүйрек және бұлшық еттерде су көп болады (80-75%). Ал сүйек (20-30%), әсіресе май ұлпасы (10-12%) суға өте кедей.
Организмнің барлық суларын екі фазаға бөлуге болады: жасуша ішілік жєне жасуша сыртылық.

Прикрепленные файлы: 1 файл

хир 5.docx

— 29.52 Кб (Скачать документ)

Сусыздану - µмірге қауіп  тµндіретін жағдайлардың бірі. Салыстырмалы тыныштық пен шамалы температура кезінде адам сусыз бір апта өмір сүре алады. Ал ыстық күндері бұл уақыт үш күнге қысқарады. Эксперимент жүзінде егеуқұйрықтарды құрғақ тамақтандырған кезде алғашқы 12 күн ішінде үш рет су беру арқылы өмірлерін 45 күнге созған. Сусыздану белгілері жоғалтқан су мөлшері шамамен дене массасының 5% тең болған кезде байқалады. 6-8% дене массасы (немесе шамамен 1/3 жасуша сыртылық су) жоғалғанда сусыздану белгілері өте айқын байқалады. Сусыздану кезінде 10% дене массасының жоғалуы өмірге қауіп туғызады, ал 20% - өлімге алып келеді. Организмнің әртүрлі экскреттері мен секреттері қан плазмасының туындылары болып табылады, сондықтан да сусыздану кезінде қан көлемі де азайып, ондағы судың мөлшері төмендейді. Бұл дамыған жағдай қарқынды секрецияланатын альдостерон мен возопрессиннің єсері арқасында бүйрек арқылы шығарылатын су мен натрий мөлшерінің төмендеуімен жартылай компенсацияланады. Тамырлық жүйедегі су көлемінің толуына судың негізгі су қорлары – тері, тері асты клетчаткасы, бұлшық ет ұлпасының интерстициясы, бауыр, көк бауырдан түсуі ықпал етеді. Үдемелі сусыздану ангидремияның дамуына алып келеді. Айналымдағы қан көлемі азаяды, оның тұтқырлығы артады, қан қысымы төмендеп, коллапс қауіп туады. Көптеген шеткері тамырлардың реактивтік тарылуы (қан айналымның орталықтануы) және ондағы қан ағымының шектелуі шумақтағы фильтрацияны жєне диурезді төмендетеді, сілекей бездерінің және асқазан-ішек трактысының барлық бездерінің секрециялық қызметтерін төмендетеді, тері арқылы жылудың шығуына кедергі жасайды. Бүйректің зәр бөлу қызметінің төмендеуі гиперазотемияға жєне ацидозға алып келеді. Сусыздану кезінде жоғалатын судың шамамен жартысы жасуша сыртылық, ал жартысы жасуша ішілік су болып табылады. Жасушалардың сусыздану олардың қызметтерін бұзады. Жасушалардың гипергидратациясы кезінде митохондриялардың оттегін пайдалану қабілетінің жойылуы жасушаның осмостық жағдайының қалпына келуімен қайта қалыптасады, ал сусыздану кезінде бұл бұзылулар қайтымсыз болады. Ауыр сусыздану кезіндегі жасушалардың метаболизмінің терең бұзылулары жасушалардың калийді жоғалтуын, яғни гиперкалиемияны дамытуы мүмкін.

Морфологиялық сусыздану  ұлпалардың солғындығымен сипатталады. Судың көп жоғалуы теріде байқалады, ұзақ уақыт бойы құрғақ тамақтанған кезде теріде ауыр трофикалық бұзылулар дамиды. Әр түрлі ұлпалардың микроциркуляциялық жүйесінде қан ағысы төмендеуінің морфологиялық белгілері байқалады, бауыр, бүйрек, кілегей бездері, асқазан-ішек трактысында атрофиялық өзгерулер мен деструкциялық ошақтар пайда болады.

Сусызданудың клиникалық белгілеріне дене салмағының төмендеуі, қатты шөлдеу сезімінің болуы, тәбеттің жоғалуы, құсу жатады. Ауыздың, тілдің, конъюктиваның кілегей қабаттары кеуіп кетеді. Тамағында қырыл пайда болады. Терісі солып, єжімдер қаптайды, іштің қыртыстары ұзақ жазылмайды. Қан қысымы төмендеп, пульс жиілеп, әлсірейді. Көз іші қысымыда төмендейді. Диурез азаяды. Көңіл күйі нашарлап, бас ауруы пайда болады, басы аналып, жүріс-тұрысы бұзылады. Бұлшық ет күші түмендеп, есте сақтау, еңбекке қабілеттілігі төмендейді, парэстезияға шағымданады. Кейді температурасы жоғарлайды. Көзі ішке кіріп, көру, есту сезімдері әлсірейді, жұтыну қиындайды. Қан айналым жеткіліксіздігі өседі. Зєр бөлу ауырсыну сезімімен жүреді, диурез анурияға дейін жетеді. Психика бұзылады. Ауыр сусыздану кезінде шөлдеу сезімі жойылады.

Сусыздану кезіндегі науқастардың жағдайы мен оны коррекциялау жолдары тек жоғалтылған судың көлеміне ғана емес, сонымен қатар су-электролит балансы жағдайына да байланысты болады. Организмнің барлық су кеңістіктерінің осмолярлығы бірдей (шамамен 285 ммоль/л), ал патологиялық жағдайларда организм жоғалтатын әртүрлі сұйықтықтардың осмолярлығы да әртүрлі болады. Сондықтан да сусыздану организмнің ішкі ортасының осмолярлығының әртүрлі дєрежедегі жєне бағыттағы ығысуларымен жүруі мүмкін. Қан жоғалту, экссудаттың, жарадан сұйықтықтың бөлінуі – бұл изоосмолярлық сұйықтықтың жоғалуы болып табылады. Осындай жолмен жасуша сыртылық судың көп мөлшерінің жоғалуы кезінде де жасушалардың сусыздану дамиды. Тамыр ішілік сұйықтықтың көлемінің төмендеуі судың интерстициядан тамырларға, ал жасушалардан интерстицияға ығысуына алып келеді, осының салдарынан гидремия жєне гипонатриемия дамиды. Бүйрек үсту безінің жеткіліксіздігі кезінде су мен натрийдің көптеп жоғалуы жүреді. Бұл кездегі ангидремияға гипонатриемия мен плазманың гипоосмолярлығы ықпал етеді. Мұндай организмнің жалпы сусыздану жағдайында жасушаның гипергидратациясы дамиды. Бұндай науқастарға су мен гипоосмостық сұйықтықты артық енгізу сумен улану қауіпін туғызуы мүмкін. Бүйрек түтікшелерінің некрозы жєне натрийуретикалық зєр айдағыш дәрілерді бақылаусыз қолданған кездері көп нарийдің жоғалуымен жүретін полиурия дамиды.

Клиникалық тәжірибеде электролиттердің жоғалуынан горі, судың жоғалу жағдайлары жиі кездеседі. Тыныс алу мүшелері арқылы электролиттері мүлдем жоқ су жоғалады. Бөлінетін судың мөлшеріне байланысты зәрдің осмолярлығы 50-1000 ммоль/л тең болады, көбіне плазманың осмолярлығынан аса болады. Іш өту, құсу, тердің көптеп бөлінуі, гипервентиляция кезінде судың булануы салдарынан дамитын сусыздану жасуша сыртылық сұйықтықтың гиперосмиясымен жєне жасушаның дегидратациясымен жүреді. Осындай өзгерістерге тағы да судан ашығу жєне құрғақ тамақ жеу әкеледі.

Термен бірге судың  көптеп жоғалуы қызу жағдайында, әсіресе  физикалық жұмыспен айналысу кезінде байқалады.

Өте тез буланатын термен бірге судың көптеп білінбей жоғалуы биік тауға көтерліген кезде байқалады, өйткені альпинистердің физикалық күш салуы ықпал етеді. Биіктікте тағы да вентиляция көлемінің жоғарлауына және ауаның құрғауына байланысты өкпе арқылы судың жоғалуы жүреді.

СУСЫЗДАНУ ТҮРЛЕРІ:

  • ДЕГИДРАТАЦИЯ
  • ДИСГИДРИЯЛАР
  • ГИПЕРГИДРАТАЦИЯ
  • Судың аз түсуі.
  • Термен көп жоғалуы. Гипервентиляция.
  • Полиурия (төмен тығыздықты).
  • ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ
  • ГИПЕРОСМОЛЯРлық СИНДРОМ
  • Жедел бүйрек жеткіліксіздігі.
  • Операция, жарақат жєне т.б. жағдайлардан кейін тұзды ерітінділерді көптеп енгізу.
  • Қан және плазма жоғалту.
  • Асқазан сөлін жоғалту.
  • Ішек сөлін жоғалту.
  • ИЗОТОНИЯЛЫҚ
  • Ісінген науқастарға изотониялық ерітінділерді артық мөлшерде енгізу.
  • Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі.
  • Орны толтырылмаған тердің, ішек сөлінің көп мөлшерде жоғалуы.
  • ГИПОТОНИЯЛЫҚ
  • ГИПООСМОЛЯРЛЫҚ СИНДРОМ
  • Сумен улану.
  • Ісінген науқастарға суды көп беру, операциядан кейін глюкоза ерітіндісін артық мөлшерде құю.
  • Көп мөлшерде клизмалар қою.
  • Судың көп қабылдау.

 

 

Әдебиеттер:

Негізгі:

  • Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007 – 698 б.
  • Патофизиология: учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., 2008. – 469с.
  • Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., О.И. Уразовой –М: ГЭОТАР.2 т.- 2009– 640 с.
  • Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006.- 712с

Қосымша:

  • Нұрмұхамбетов Ә., Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000 – 568 б.
  • Орысша-қазақша-медициналық (физиологиялық) сөздік. Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь г. Алматы: Эверо. 2007 - 904 с
  • Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с
  • Патофизиология. Основные понятия Под ред. А. В. Ефремова. М: ГЭОТАР.- 2008.-256 с.
  • Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф. М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 1.- 731
  • Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.
  • Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004.- 245
  • Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. Патофизиология. Том 1 – Общая патофизиология. Том 2 – Основы патохимии – Санкт-Петербург, 2005

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Жоспары:

  1. Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім

                           А) Су – электролит алмасуының  бұзылыстары

                           Ә)Хирургиялық науқастардың су-электролит

                              алмасуының бұзылысында емдеу принциптері

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Қорытынды

Сонымен ,қорыта келгенде жасуша сыртылық сұйықтықтың гиперосмиясымен және жасушалардың дегидратациясымен жүретін сусыздану қантсыз диабетке ықпал етеді. Вазопрессин секрециясының бұзылуы және оның қанда болмауы үлкен көлемде гипоосмотикалық зәрдің бөлінуін туғызады, нәтижесінде қан қоюланып, оның осмолярлығы өседі (295 ммоль/л дейін). Гиперпаратиреоз кезінде де жасушалардың дегидратациясымен жүретін сусыздану осмолярлығы төмен зәрдің полиуриясына негізделген. Паратгормон шумақтағы фильтрацияны жоғарлатады, судың реабсорбциясын тежейді жєне түтікшелердің вазопрессинге сезімталдығын төмендетеді. Қантты диабет кезіндегі полиурия бүйректермен бөлінетін глюкоза есебінен, кетондық денелерді нейтрализациялайтын азоттық заттар мен натрийдің артықтығынан біріншілік зєрдің осмостық концентрациясына негізделген. Қантты диабет кезіндегі қанның осмолярлығы натрийдің жоғалуына қарамастан, глюкозаның артық болуы есебінен жоғарлаған. Жасшалар біршама сусызданады. Интерстициалдық және жасуша ішілік судың жоғалуымен жүретін жалпы сусыздану осмотикалық диуретиктерді пайдаланған кезде де дамуы мүмкін. Олардың зәр айдағыш әсерлерінің механизмі түтікшелік зәрдегі реабсорбцияланбайтын заттардың концентрациясының өсуімен ғана емес, сонымен қатар қан плазмасының осмолярлығының жоғарлауымен де байланысты, соңғының әсерінен тамырлық арнаға сұйықтық интерстициялар мен жасушалардан келіп түседі. Осмостық зәр айдағыштар натрийдің бөлінуін күшейтеді және оның реабсорбциясын төмендетеді.


Информация о работе Су - электролит алмасуының бұзылысы