Сүйек тіні.Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 18:23, реферат

Краткое описание

Сүйек тіні-дәнекер тінінің ішіндегі жоғары мамандан-ған,аралық заты минерализациялан-ған,құрамында 70% ана-органикалық зат болса,оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады.Басқа сүйектің құрамында 30-шақты микроэлементтер болатыны белгілі,оларға:мыс, цинк, барий, магний, т.б. тағы басқалар жатады. Сүйекте аздаған су,хондроэтин күкірт қышқылы және көп лимон қышқылы болады.Лимон қышқылы кальций мен байланысып мықты сүйектің органикалық матриксін түзеді.Сүйек тіні екі топқа жіктеледі:ретикулофиброзды және пластинкалы. жіктелуге сүйек тінінің аралық затының құрылыс ерекшелігімен физикалық қасиеті негіз.

Содержание

Кіріспе.
Сүйек тіні
Негізгі
Сүйек тіні, құрылысы, жіктелуі
Сүйек диафизінің құрлысы.
Сүйек құрамы.
Сүйектің дамуы
Сүйектің жасқа байланысты ерекшелігі
Адамдарда сүйек тінінің регенерациясының түрлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гиста.pptx

— 496.04 Кб (Скачать документ)

          Тақырыбы: Сүйек тіні.Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.Сүйек байламдары

 

 

Орындаған: Айтбаева Ж.К.

Тобы: 227 ЖМФ

Қабылдаған: Исаева З.Х.

 

Кафедра: Гистология

 

АҚ Астана Медицина Университеті

 

Астана 2014

Жоспары:

 

      Кіріспе.

       Сүйек  тіні

       Негізгі   

        Сүйек тіні, құрылысы, жіктелуі                                                                       

        Сүйек диафизінің құрлысы.                                                                                   

        Сүйек  құрамы. 

        Сүйектің  дамуы

        Сүйектің  жасқа байланысты     ерекшелігі

        Адамдарда сүйек тінінің регенерациясының    түрлері.

       Қорытынды

       Пайдаланылған әдебиеттер.

 

Кіріспе:

 

  

 

    Сүйек  тіні-дәнекер тінінің ішіндегі  жоғары мамандан-ған,аралық заты  минерализациялан-ған,құрамында 70% ана-органикалық зат болса,оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады.Басқа сүйектің құрамында 30-шақты микроэлементтер болатыны белгілі,оларға:мыс, цинк, барий, магний, т.б. тағы басқалар жатады. Сүйекте аздаған су,хондроэтин күкірт қышқылы және көп лимон қышқылы болады.Лимон қышқылы кальций мен байланысып мықты сүйектің органикалық матриксін түзеді.Сүйек тіні екі топқа жіктеледі:ретикулофиброзды және пластинкалы. жіктелуге сүйек тінінің аралық затының құрылыс ерекшелігімен физикалық қасиеті негіз. 

Сүйек тінінің  
химиялық құрамы

 

                   Тығыз сүйек тіні

          

 

Су 10%              Құрғақ қалдық 90 %

                       

                                 орг-қ зат.      бейорг-қ зат.

                                     20 %                   70 %

 

 Сүйек кемігінде: су- 10 %, орг.зат.-50 %,

                              бейорг. зат.-40 %.

Сүйек тінінің қызметтері:

 

 Сүйек тіні–  дәнекер тінінің ерекше түрі.

Қорғаныс қызметі- ағзаның негізгі қанқасы, ішкі мүшелерді қорғайды.

Тірек-қимыл- бұлшық еттер, буындар,

   байламдармен  бірігіп атқарады.

Метаболиттік – минералды заттардың алмасуына қатысады.

 

 

Реттеуші- ішкі ортаның гомеостазын (иондық құрамын) тұрақты күйде ұстап тұрады.

Минералды заттардың қоры: Са-99%,  Р-87%, Мg-50%, Na-46%.

Сүйек тінінің  құрамының ерекшеліктері

 

    • Жасушалардың саны  өте аз.
    • Коллагеннің мөлшері өте көп (органикалық заттардың 95% құрайды).
    • Коллагеннің талшықтары өте тығыз, жоғары дәрежедегі тәртіппен орналасады.
    • Коллагеннің құрамында оксипролин, лизин мен оксилизин көп, оларға фосфаттар қосылып, кристаллизация орталығын түзеді, ізінше гидроксилапатиттер түзіледі.
    • Коллагеннің құрамында фосфаттың мөлшері көп, олар серинмен байланысқан, осындай фосфаттарға Са2+ иондары қосылып, кристаллизация орталығын түзеді, ізінше гидроксилапатиттер түзіледі.
    • Минералды тұздар (әсіресе Са-дің) өте көп.

Сүйек тінінің  жасушалары

 

    • Остеобласттар- коллаген, ГАГ, ферменттерді түзеді.
    • Остеоциттер- остеобласттардан түзіледі, қызметі ұқсас.
    • Остеокласстар- СТ-нің жасушааралық затын ыдыратады (митохондриялар, лизосомалар көп).

Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады,

олардың 85-і жұптасқан және 80-і тақ сүйектер.

 Сүйек –  мүше, ол арнаулы қызмет 

атқарады және негізінен сүйек

ұлпасынан түрады

 

Сүйек қабығындағы арнаулы

 тесіктерарқылы  қан тамырлары 

сүйекті

 қоректендіреді. Бұл 

тесіктерден көктамыр да шығады.

Сүйек қабығы сыртқы және ішкі

 қабаттан құралады. Сыртқы талшықты 

қабатқа

 бұлшықет пен  сіңір берік жалғасады 

да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт

жасушаларынан тұрады.

Остеобыласт жасушалары тез бөлініп, олардан

сүйек жасушаларының

жаңа қабаты түзіліп, сүйек көлденеңінен

 өсіп, жуандайды.

 

 

Сүйектің барлығы сүйек қабығымен қапталады.

Бұл – өте жұқа және дәнекер ұлпасынан

 құралған қабат. Буын беттерінде ғана сүйек

 қабығы болмайды, шеміршекпен қапталады.

Сүйек қабығын ең алғаш

анықтап жазған – Аристотель

 

Сүйектің құрылысы

оның ұшындағы остеобластар сүйек сілемейін бөліп, сүйектің сынған жерін «ерітеді» де сынықты бітістіреді

 

Сүйек сынса

 

 

    

 

 

 

 

       Сүйектің  тығыз да қатты және қалың  болуы сүйекке түсетін күшке  байлансты, мұндай қасиет сүйектің  ортаңғы бөлігінен байқалады. Кеміктегі  зат көптеген жұқа сүйек тақташаларынан  құралады. Бір қарағанда ретсіз  орналасқандай болып көрінетін  тақташалар да сүйекке 1111түсетін  күшке, сығу, созылу бағытына сәйкес  белгілі тәртіпте орналасады.

 

• Сүйек

• сыртқы қабаты тығыз заттан

• астыңғы қабат кемікті заттан

 

 

 

 

 

 

 

 

• Сүйектің қатты заттарының - үш қабаты

• олардың сыртқы қабаты бірімен-бірі өзара қабаттасып орналасқан, сүйекке цилиндр тәрізді пішін береді. Цилиндр сүйекті тақташалардан құралатындықтан, сыртқы жалпы тақташа деп аталады. Ішкі қабат жіліктің майын қаптай орналасады және ішкі жалпы тақташадан тұрады.

• Сүйектің ортаңғы қабаты аса қатты әрі тығыз. Сүйекке беріктік пен қаттылық беретін зат – остеондар. Сондықтан да сүйектің құрлым бірлігі остеон немесе гаверс жүйесіне жатады. Сүйекті кұш көп тусетін бөліктеріне остеондар жиі  орналасады, аралық тақташаларға күш азырақ түседі, сондықтан олар сирек орналасады, ал күш аз түсетін сүйектерде остеондар сирек, аралық тақташалар жиі болады. Еңбек түрінің өзгеруіне байлансты сүйектің қызметіде өзгереді. өйткені кемік заттағы тақташа сүйектер сүйекке түскен күштің әсеріне қарай орналасу тәртібін өзгертеді. Мұндай жағдайда ескі остеондар жойылады да жаңа остеондар пайда болады. Ұзын сүйектердің эпифиздері мен кемік заттар аралығында мезодермалық ұлпа – сүйектің қызыл майы орналасады. Ұзын сүйектің іші қуыс ол сүйектің сары майына толы. Сүйектің сары майы мен қызыл майынан қан түйіршіктері пайда болады. Бұл майлардың сүйектің өсуі мен қоректенуіндеде маңызы зор. Қалпты ағзада қызыл май мен сары майдың үлесі тең, ал жас ағзада қызыл май көп болады. Қан тамырлар мен жүйкелер сүйектің қатты қабатындағы әр түрлі бағытта орналасқан түтікшелер арқылы өтеді. Егер түтікшелер сүйекті бойлай орналасса, онда оны орталық немесе геверс жұйелі түтікшелер, егер сүйек денесіне тік бұрыш жасай орналасса, онда оны өтпе немесе фольктан түтікшелері деп атайды, бұлар жүйкелену жүйесіне жатады.

17

 

    • Жілік сүйегінін құрылысы.
    •                                                                       А - сүйек қабы.
    • 1 - фиброзды қабат; 2- тамырлы қабат: а- тамыр. Б- сүйектің тығыз заты; 3- сүйектің жалпы сыртқы пластинкасы; 4-остеон немесе гаверсов жүйесі: б- остеон каналы; в-фолькманов каналы; 5- қыстырма пластинка; 6- сүйектің ішкі пластинкасы. В-сүйектің ішкі қуысы. 7- жілік сүйегі ішіндегі перделер. Г- эндост

 

 

 

 

20

 

 Біріншілік жарғақты (өрескел талшықты) сүйек. Бояуы: гематоксилин - эозин. х 200.

1- негізгі заттағы  оссеин талшықтарының шоғырлары; 2-сүйек қуыстарында орналасқан  остеоциттер; 3-сүйек кемігі 

18

 

 Кальцийсізденген  түтікше сүйек

(көлденең кесіндісі).

Бояуы: тионин. х 80. А - сүйектің тығыз заты.

1 - сүйек қабы (периост); 2 - сүйектің сыртқы пластинкалар  жүйесі; 3 - остеон; а-остёон өзегі (Га-версов  каналы); 4 - аралық пластинка; 5-сүйектің  ішкі пластинкалар жүйесі.

Б - сүйектің кеуекті заты. 6-сүйек майы

Дәнекер ішінен сүйектену. Дәнекер ұлпасының ішінде пайда болған сүйектену нүктелерінің саны көбейе келе сүйекті аралшыққа айналады. Сүйекті аралшықтар дәнекер ұлпасын толығымен басып, ақырында сүйекке айналады.

 

Шеміршек қабығынан сүйектену. Дәнекер ұлпасының бір бөлігі шеміршек ұлпасына айналады. Ал шеміршектің сыртын шеміршек қабығы деп аталатын қабат қаптайды. Шеміршек қабығының астарында остеобыластар пайда болады да олар шеміршекті біртіндеп ығыстыра келіп, сүйек затын түзеді. Демек, шеміршек сыртқы бетінен ішіне қарай сүйектенеді. Сүйектің қатты заты осы жолмен түзіледі. Сүйек қабығынан сүйектену

 

. Шеміршек сүйекке  айналған кезде шеміршектің қабығы  да сүйектенеді, бұл сүйекқабығы  деп аталады. Мұндайда сүйектің  сыртқы қабатына сүйекқабығынан  пайда болатын жас сүйек жасушалары  сүйек қаптап, сүйектің жаңа қабаттарын  түзеді де сүйек көлденеңінен  өсіп, жуандайды. Сөйтіп, алдымен шеміршекқабығы  сүйекқабығына айналады, сүйекқабығы  одан әрі сүйектене береді. Сүйектенудің  бұл екі жолы бірін-бірі толықтырып  отырады.

 

Шеміршек ішінен сүйектену. Шеміршек тек сыртқы шеміршек қабығынан ғана емес, шеміршектің ішкі(ортаңғы) бөлігінен де сүйекке айналады. Қан тамырлары мен остеобластар шеміршектің қабығы жағынан ортаңғы бөлігіне қарай өтіп, онда сүйектену нүктелері пайда болады. Сүйектену нүктелері ұлғая келе шеміршекті бұзады да сүйектену орталықтан шетке қарай таралады. Сүйектің кемік заттары осылай түзіледі.

Сүйектердің атқаратын жұмыс ерекшеліктеріне, түсетін күшке (салмағына) қарай ағзадағы сүйектену мерзімдері әр түрлі болады. Бұған жілік сүйегі мысал бола алады.

 Құрсақтағы  баланың (сегізінші аптада) жілік  сүйегінің ортаңғы бөлігінде  алғашқы сүйектену нүктелері  пайда болып, ол, ұлғая келе сүйектің  салмақ көп түсетін ортаңғы (диафиз) бөлігін құрайды. Сүйектің екі  ұшында сүйектену нүктелері құрсақтағы  дамудың соңғы айында немесе  нәресте дүниеге келгеннен кейін  пайда болады. Сөйтіп бұл нүктелер  шеміршектің іштен сүйектену  жолымен сүйектің екі жағындағы  ұштарындағы (эпифиз) бөлікті түзеді. Алайда эпифиз бөлігіндегі шеміршек  толық сүйекке айналмайды, буынның  бетінде шеміршектің жұқа қабаты  қалып қояды. Бұл – буындық  жылтыр шеміршек. Диафиз бен эпифиз  аралығындағы адам 20-25 жасқа келгенге  дейін шеміршек ұлпасы сақталады. Оны эпифиздік шеміршек дейді. Сүйек осы шеміршек жасушаларының  бөлініп көбеюі нәтижесінде ұзыннан  бойлап өседі. Жілікті сындыру  үшін ортасынан ұрса, сүйектің  екі ұшындағы бастары ұшып  кетеді, бұл – эпифиздің шеміршектің  орналасқан жері. Эпифиздік шеміршек  адам 20-25 жасқа толғаннан кейін  сұйекке айналады да жілік  ұзыннан өсуін тоқтатады. Ал эпифиздік  шеміршектің сүйектенген жерін  метафиз дейді.

  

 

Сонымен, сүйектің дамуы мен өсуі остеобластармен қатар остеокластар деп аталатын жасушаларға байлансты. Остеокластар ортаңғы бөліктегі (диафиз) сүйек затын бұзып, жояды. Соның нәтижесінде диафиздың ішкі жағын бойлай қуыс пайда болады. Оны сүйек майының немесе жілік майының қуысы деп атайды.

Сүйектің дұрыс түзілуі, әсіресе, адамның дұрыс тамақтануына байлансты. Баланың жеген тамағында кальций мен фосфор жеткіліксіз болса, негізгі зат кешеуілдеп әктенетіндіктен, сүйек жұмсақ та майысқақ келеді. Тағамда Д дәрумені жетіспесе, эндохондралды сүйектену кешеуілдейді. Мұндайда шеміршек мақташалары тез өсетіндіктен , сүйек морт сынғыш келеді. Егер тағамда А дәрумені жеткіліксіз болса, онда сүйектің дәнекер ұлпасы қабығындағы тамырлар таралады. Осыдан сүйек түзетін жасушаларды қоректендіретін заттар жетіспей сүйек өспей қалады. Тағамда С дәрумені тапшы болса, сүйектегі коллагенді талшықтар түзілмейді, осыдан сүйек талшықтары түзіле алмай қалады.

Қаңқаның сүйектенуі жынысқыда байлансты. Ұлдарға қарағанда қыздар қаңқасының сүйектенуі шапшаң өтіп, 2 – 3 жыл ерте аяқталады.ұлдарда 20 – 24 жаста, ал қыздарда 18 – 21 жаста сүйектің өсуі тоқтатылады, алайда сүйек дами береді. Адам орта жасқа келгенде сүйек ескіріп, өзгерістерге ұшырайды: сүйек ұлпасы бұзылады, сүйектер жұқарады және т.б. Сынған сүйектің қалпына келуі сүйек қабығының астындағы қабаттағы сүйек түзуші остеобластар қызметіне байлансты. Жас келген сайын остеобыластардың сүйекті қалптастыру қызметі нашарлайды. Жас балаларға қарағанда есейген адам сүйегі сынған кезде өте баяу бітеді.

 

 

• Физиологиялық – адамның өмірі бойында сүйек тінінің жаңаруын қамтамасыз етеді.

• Репаративтік – сүйектердің сынықтарда бітуін қамтамасыз етеді және бірнеше кезеңдерден өтеді.                                                                                                            Репаративтік регенерация кезеңдері.

• Адамдарда сүйек тінінің регенерациясының түрлері

.  

• 1–ші кезең – тіндік структуралардың деструкциясы, грануляциялық (мезенхималдық) тін түзілуімен торшалардың пролиферациясы.Репаративтік регенерацияның индукторы сүйектік морфогенетикалық белоктар болып табылады, оларды деминералданған сүйектен 1979 жылы Urist M. бөліп шығарған – жарақаттан кейін зақымданған остеогендік және остеогендік емес торшалардан бөлінетін биологиялық белсенді белоктар. Сынықшалардың тұсында полибласттардан тұратын жетілмеген грануляциялық тін өседі, ол футляр түрінде негізгі және ұсақ сынықшаларды орайды, сонымен қатар сүйек-ми каналына

• 2–ші кезең –дифференциалданған остеогендік тіндік структуралардың құралуы, ол сынықтарды емдеудің әр түрлі әдістерінде алуан фазалардан өтеді.

Информация о работе Сүйек тіні.Сүйектің физиологиялық және жарақаттанудан кейінгі регенерациясы.Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар.