Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:54, реферат
Саңырауқұлақтар – эукариотты өсімдік тектес микроорганизмдерге жатады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер. Саңырауқұлақтардың көбісі сыртқы ортадағы табиғи субстраттарда бос өмір сүруі мүмкін. Кейбіреулері адамда инфекциялық қоздырғыш ретінде шығады. Осындай саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды микоздар деп атайды. Қазіргі кезде медицинадағы өзекті мәселелердің бірі осы саңырауқұлақ арқылы таралатын ауруларға алдын алу шараларын кеңінен қолданып, тиімді емдеу әістерін ойлап табу болып табылады. Сондықтан да, болашақ медицина мамандары үшін микоздардың дамуындағы саңырауқұлақтардың маңызы туралы түсінікті қалыптастыру, саңырауқұлақтық аурулармен таныстыру микробиология міндеттерінің бірі болы табылады.
Кіріспе............................................................................................................2
Негізгі бөлім:
Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері.........................................................3
Саңырауқұлақтардың жіктелуі.........................................................4
Микоздар қоздырғыштары: беткейлік микоздар (кератомикоз, эпидермомикоз, трихомикоз), жүйелік (терең) микоздар (кокцидиоидоз, бластомикоз, гистоплазмоз), теріастылық микоздар (споротрихоз, хромомикоз), оппортунистік микоздар (кандидоз)............................................................................................4
Қорытынды..................................................................................................15
Қолданған әдебиеттер.................................................................................16
Қорытынды
Саңырауқұлақтар тірі табиғаттың ерекше тобы. Көптеген саырауқұлақтар адамның, малдық терісіне түсіп, әсіресе шаш өсетін теріні зақымдайды. Ал пайдалы жақтары, түрлі ашытқылар, жемістен алынған шырындарды түссіздендіру, мал жемінің сапасын арттыру, қағаз дақылдарын ыдырату, т.б. пайдалы жерлерде пайдаланылады. Саңырауқұлақтан дәрілер де өндіріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер бетінде әрбір 5 адам саңырауқұлақ ауруымен ауырады. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Саңырауқұлақты инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы вирус ауруы болып табылады. Саңырауқұлақтар тудыратын аллергиялық ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқ киім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғарғы ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді. Сондықтан да, біз аурудың алдын алу үшін бірнеше қарапайым ережелерге сүйенуіміз қажет:
Халқымыздың ежелден келе жатқан «тазалық – денсаулық кепілі», - деген мақала бар. Олай болса, терінің тазалығы адамның денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Күнделікті өмірде барлығымыз бірдей тері тазалығына көңіл бөлуіміз қажет.
Қолданған әдебиеттер:
Информация о работе Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері