Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2014 в 18:54, реферат
Саңырауқұлақтар – эукариотты өсімдік тектес микроорганизмдерге жатады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100000 – дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Кейбіреулері бірклеткалы организмдер болып келеді, көпшілігі көпклеткалы организмдер. Саңырауқұлақтардың көбісі сыртқы ортадағы табиғи субстраттарда бос өмір сүруі мүмкін. Кейбіреулері адамда инфекциялық қоздырғыш ретінде шығады. Осындай саңырауқұлақтар тудыратын ауруларды микоздар деп атайды. Қазіргі кезде медицинадағы өзекті мәселелердің бірі осы саңырауқұлақ арқылы таралатын ауруларға алдын алу шараларын кеңінен қолданып, тиімді емдеу әістерін ойлап табу болып табылады. Сондықтан да, болашақ медицина мамандары үшін микоздардың дамуындағы саңырауқұлақтардың маңызы туралы түсінікті қалыптастыру, саңырауқұлақтық аурулармен таныстыру микробиология міндеттерінің бірі болы табылады.
Кіріспе............................................................................................................2
Негізгі бөлім:
Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері.........................................................3
Саңырауқұлақтардың жіктелуі.........................................................4
Микоздар қоздырғыштары: беткейлік микоздар (кератомикоз, эпидермомикоз, трихомикоз), жүйелік (терең) микоздар (кокцидиоидоз, бластомикоз, гистоплазмоз), теріастылық микоздар (споротрихоз, хромомикоз), оппортунистік микоздар (кандидоз)............................................................................................4
Қорытынды..................................................................................................15
Қолданған әдебиеттер.................................................................................16
Қауіп факторлары: жабайы мысықтармен, иттермен, микроспориямен ауру баламен контактта болу.
Этиологиясы және патогенезі: Microsporum audoim, M. langeroni, M. Ferruginem антропофильді саңырауқұлақтар, M. Canis, M. distortum, M. Persicolor, M. nanum, M. Rivalieri зоофильді саңырауқұлақтар, M. gypseum, M. fulvum, M. Cookei, M. rasemosum геофильді саңырауқұлақтар. Зоофильді және геофильді саңырауқұлақтармен шақырылған микроспорияда инкубациялық кезеңі 1-2 апта, ал антропофильдіде 1-1,5 айға созылады.
Клиникасы: Бастың шашты бөлігінде бір немесе бірнеше дөңгелек немесе сопақша эритоматозды-сквамозды ошақтар пайда болады. Диаметрі 2-6 см. Ошақтарда шаштар 2-3 мм ұзындықта сынған. Тері сұр немесе ақ муфтамен оралған, олар қиындықсыз пинцетпен жұлуға болады. Шаштары сынған 2-3 мм.
Диагностикасы: визуальды әдіс, люминесцентті әдіс, культуральды диагностика, микроскопия.
Дифференциальды диагностика: беткей және де басқа трихофитиялар, фавус, псориазбен, себореямен, ошақты алопециямен.
Емі: комплексті – ішке жүйелі антимиотикалық препараттарды беру (кетоконазол, интроконазол). Сыртқы ем кезекпен (таңертен-кешке) 2-5% йод ерітіндісін және күкіртті – салицил мазін. Басқа антимиотикалық препараттарды қолдануға болады (кетоконазол, тербинафин, аморолфин, лоцерил, бифоназол, циклоперокс, толциклад және т.б.).
Болжамы: жақсы.
Профилактикасы: дер кезінде табылған және емделген микроспория, жабайы мысықтарды және иттерді аулау, үй жануарларын жүйелі тексеру.
Трихофития.
Trichophyton тұқымдастығының әр түрімен шақырылатын, терінің кез келген бөлігін тырнақты зақымдайтын ауру.
Клиникалық екі түрі бар: беткей және инфильтративті – іріңді трихофития.
Беткей трихофития: антропофильді саңырауқұлақтармен шақырылады. Өте жұқпалы ауру. Тегіс теріде беткей трихофития анық айқандалған дөңгелек немесе сопақша ісікті зақымдаулармен, шетке қарай өсу тенденциясы бар. Ошақты шеткері жерінде ұсақ көпіршіктерден қабыршақтардан құралған борбгор орналасқан, ортасында аздаған қабыршақтар орналасқан.
Бастың шашты бөлігінде локализацияланған процессінде көптеген ұсақ, жайылған нохат дәнінен тырнаққа дейінгі көлемде, ақ-сұр қабыршақтар орналасқан. Тері беткейінен 2-3 мм биіктікте шаш сынған, майысқан және әлсізденген.
Бала кезінде пайда болған беткей трихофития үлкендердің созылмалы трихофитиясына айналуы мүмкін. Көбіне әйелдер ауырады. Желке және самай бөлікте ұсақ ошақты құрғақ себорея типіндегі диффузды қабыршақтану көрінеді. Осы ошақтарда ұсақ атрофиялық тыртықтарды және қара нүктелі шаш түбірлерін де көруге болады, олар фолликул саңылауында сынған. Тегіс теріде қызыл-көкшіл, аз қабыршақтанатын айқын шекарасыз ошақтар бар. Ең жиі кездесетін локализациясы бөксе, сан, алақан, саусақтардың ішкі беті.
Инфильтративті – іріңді трихофития – зоофильді саңырауқұлақтармен шақырылады және фолликулит, перифолликулит және тері асты түйіндермен іріңді интенсивті қабыну процесстерімен көрінеді. Ауру үй жануарларынан беріледі (ат, қара мал және т.б.).
Үлкендерде процесс жиі сақал, мұрт аймағында кездеседі және паразитарлы сткоз деп аталады, ал балаларда басында – Цельс керионы деп аталады.
Дамыған ошақ анық шектелген, дөңгелек, тегіс немесе төмпешікті беткейлі, зақымдалмаған теріден көтеріңкі, қоңыр түсті ісік тәрізді, импетигиозды қабыршақпен жабылған, фолликул саңылауы жоқ, басқанда немесе өздігінен ағатын іріңі бар. Зақымдалған ошақтың көп бөлігі түсіп қалады. Ошақтан ащы жағымсыз иіс шығады. Жедел іріңді фолликулиттердің және перифолликулиттердің дамуымен, ауру шаштар және ірің эляминацияланады, терең трихофитиялар өздігінен жазылуға бейім. Жазылу ұзақтығы қабыну процессінің жеделдігіне байланысты. Көбіне процесс 2-3 айға созылады, тыртықпен шаштың жартылай өлуімен аяқталады.
Диагноз: клиникалық мәліметтер, микологиялық зерттеулер, қоректік орталарға егу.
Дифференциальды диагноз: бастың шашты бөлігінің және терінің микроскопиясы, фавус, вульгарлы сикоз, ақшыл-қызыл теміреткі, себореялы экзема.
Емі: терінің тегіс бөлігінің зақымдалуында 2-5% йод тұнбасымен және кешке 5-10% күкіртті-салицил мазін жағу. Бастың шашты бөлігінің зақымдануында аптасына 1 рет шашты алады, 2-5% йодтың спиртті ерітіндісімен, түнде 5% күкіртті-салицил немесе 5-10% күкіртті-дегтярлы мазь жағу. Осыларға қоса антимикотикалық препараттар тағайындайды (низарол, орунгал, ламизил, т.б.).
Инфильтративті-іріңді трихофитияның емін қабыршақты тазалаудан бастайды, 2% салицил вазелині жағылған таңғышымен орайды, одан кейін шашты алады, содан ылғалды кептіргіш таңғыштар тағайындайды, қабыну кеткеннен кейін 10-15% күкіртті-дегтярлы, 10% күкіртті-салицил мазін жағады.
Жүйелік (терең) микоздар: кокцидиоидоз, бластомикоз, гистоплазмоз.
Histoplasma capsulatum ретикулоэндотелиальді жүйені бұза отырып, гистоплазмозды тудырады: түйіндер түзе отырып өкпені, мұрын-жұтқыншақты, көмейді, АІТ, теріні зақымдайды.
АҚШ-та, Орталық және Оңтүстік Америкада, топырақта кездеседі, әсіресе құстарға жарқанаттарға эксперимент жүргізгенде; құстардың ұясында және үңгірлерде кездеседі; жарқанат мекендейтін елдерде шаңды споралармен демалған кезде зақымдалады. Науқас қоршаған ортаға зиянды емес.
H. capsulatum – диморфты саңырауқұлақ; макрофагтарда, гистиоциттерде, тіндерде ашытқы тәрізді түрін түзеді; Сабуро ортасында 20-25ºС мицелиальді түрі, ал 37ºС қанды агарда ашытқа тәрізді түрі өседі. Атауына қарамастан капсуласы болмайды.
In vitro. Колониялар септирленген бұтақты диаметрі 5 мкм-ге дейінгі гифтерден тұрады. Макрокондиилер ірі дөңгелек немесе алмұрт тәрізді (d=10-25 мкм). Микроконидии тамшы тәрізді, мөлшері 2-6 мкм. Сонымен қатар хламидоспоралар түзеді.
In vivo. Тіндік фаза: тіндерде домалақ, кішкентай диаметрі 2-5 мкм болатын жасушалар пайда болады, бұлар жасушаның тар жағынан бастап, бүршіктеніп көбейеді. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге алынатын материал – ірің, қақырық, жарадан қырынды, ликвор, зәр және т.б.
Препараттарды Грам, Шифф, Гомори, Циль-Нильсен, Романовский-Гимзе әдістерімен бояйды. Микроскопиялау кезінде жасуша ішілік (жий гистоциттерде) және жасушадан тыс ұсақ аймақтар екі жақты пішінді сопақша ашытқы тәрізді бір бүйректі жасушалар анықталады. H. capsulatum Сабуро ортасында, сарысулы немесе қанды агарларда ақшыл-қоңыр түсті мамықталған колониялар өседі.
Серологиялық зерттеу барысында КБР, ИФР, РП антиденелерді анықтайды.
Тері-аллергиялық сынамасын саңырауқұлақтардың гифтерінен алынған гистоплазминмен кояды.
Blastomyces dermatitidis бластомикоз (солтүстік америкалық бластомикоз, Гилкрист ауруы) – созылмалы гранулематозды ауру: висцералді түрі өкпе каверналарында инфильтраттардың дамуымен, сүйек, бауыр және көкбауырды зақымдауымен сипатталады. Топырақта және өсімдік қалдықтарында болады. Спораларымен демалған кезде зақымдалады. Ауру АҚШ, Канада, Африкада кездеседі, ал қалған елдерде сирек кездеседі.
B. dermatitidis – диморфты саңырауқұлақ; тіндерде ашытқы тәрізді түрін түзеді; қоректік орталарда 20-25ºС мицелиальді түрі, ал 37ºС – ашытқы тәрізді түрі өседі.
In vitro. Колониялар септирленген гифтерден диаметрі 1-3 мкм шеттері дөңгелек алмұрт тәрізді (d = 3-5 мкм) конидиялардан тұрады. Дақыл ескірген кезде диаметрі 7-18 мкм болатын хламидоспоралар түзіледі.
In vivo. Тіндңк фазасы: тіндерде диаметрі 8-15 мкм болатын екі қабаттан тұратын домалақ және сопақшалы жасушалар пайда болады. Бүршіктену арқылы көбейеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге алынатын материал – ірің, қақырық, биоптат, жарадан қырынды, ликвор, зәр және т.б.
Клиникалық материалды микроскопиялау барысында ірі ашытқы тәрізді жасушалар қалың екі жақты пішінді қабаттар анықталады. Таза дақылын Сабуро ортасынан және т.б. орталардан сарғыш-сұр түсті үлпілдек колониялар алады.
Серологиялық зерттеу барысында КБР, ИФР, РП антиденелерді анықтайды.
Тері-аллергиялық сынамасын саңырауқұлақ жасушасының экстрактісінен алынған бластомицинмен қояды.
Coccidioides immitis.
Кокцидиоидоз (кокцидиоидомикоз) – контагиозды емес микоз (науқас қоршаған ортаға қауіпті емес) біріншілік өкпе инфекциясы түрінде, грипп тәрізді, кейде түйінді немесе көп формалы эритемалар дамиды, тыртықтанғаннан кейін созылмалы процесспен жүреді.
C. immitis. Топырақта Ақыш және Латын америкасының оңтүстік-батысында мекендейтін елдерде кездеседі. Артроспоралармен демалған кезде зақымдалады.
C. immitis – диморфты саңырауқұлақ, оларда болады:
In vitro. 25ºС өскен колониялар септирленген гифтерден және артроспоралардан тұрады (мицелярлы фазасы).
In vivo. Тіндік фаза: қақырықта, мүшелерде сферулалар пайда болады (диаметрі 12-200 мкм), эндоспоралары бар (диаметрі 2-5 мкм). Эндоспоралар сферулалардан шығады, өсіп, қайтадан сферулаларға айналады.
Микробиологиялық диагностикасы. C. immitis вирулентті саңырауқұлақ, сондықтан олармен арнайы мамандандырылған зертханаларда жұмыс жасайды. Зерттеуге алынатын материал – ірің, қақырық, қан, ликвор, зәр және т.б.
Клиникалық материалды микроскопиялау барысында сферула және эндоспоралар табылады.
Таза дақылын Сабуро және қарапайым орталарда 25ºС бір аптадан кейін өскен сұр түсті үлпілдек колониялар алады. Колониялар гифтерден және артроспоралардан тұрады (мицелярлы фаза).
Серологиялық зерттеу барысында КБР, ИФР, РП антиденелерді анықтайды.
Тері-аллергиялық сынамасын саңырауқұлақ мицелярлы фазадан және тіндік фазадан алынған сферулинмен кокцидиоидтік аллергенмен қояды.
Биологиялық сынама: саңырауқұлақтардың типті сферулаларын трансформациялау үшін ақ тышқандарды интратестикулярлы зақымдау арқылы мицелиалді қоспалармен (дақылдық) интратестикулярлы зақымдайды.
Теріастылық микоздар: споротрихоз, хромомикоз.
Споротрихоз.
Бұл ауру Шенк ауруы деп аталады. Оның қоздырғышы диморфты саңырауқұлақ Sporothrix schenckii. Көбінесе топырақпен, гүл өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық жұмыскерлер ауырады.
Морфологиясы: Споротрихтың таза дақылының микроскопиялық сипаты өсу жағдайы мен сатысына байланысты. Мицелиялық сатыда гифалары түссіз жалпақтау, септаланған және бұтақталған. Конидия ұстаушылары жіңішке гифадан тура бұрышты бағытта пайда болады. Конидиялары екі типті: түссіз, конидия ұстаушыда топтасып орналасады және қалың қабырғалы қоңыр түсті, тікелей гифалыларда орналасады.
Дақылдық қасиеті: S. schenckii диморфты саңырауқұлақ. Тығыз орталарда (Сабуро, картофельді орта) өсіп өнудің екі сатысы өтеді: мицелиялық және ашытқылық.
Мицелиялық сатысы кезінде колониялары алғашқыда қоңырлау түсті, 1-2 аптадан кейін қоңыр-қара түсті: беткейі жұқа, қатпарланған, ылғалды. Біріншілік себебінде ауалы мицелиялар болмайды. Ашытқылы сатысында жүрек, ми тіндерінен дайындалған 5%-ды қанды агарда колонияларының беткейі ақ немее ақшыл қоңырлау түсті болады.
Клиникалық көріністе: Аурудың кең таралған түріне созылмалы терілік немесе жарақатталған жерде біріншілік зақымдану ошағы пайда болатын тері астылық микоз жатады. Зақымдалған жерлер қатайған, ауырмайды, қатайған жерлер ашық жараға айналуы мүмкін.
Хромобластомикоз.
Хромобластомикоз (хромомикоз, веррукозды дерматит) терінің және тері асты шелмайының созылмалы грануломатозды микозы.
Қоздырғыштары – Fonsecaea pedrosoi және Fonsecaea compacta.
Морфологиясы: F. Pedrosoi саңырауқұлағы ең жиі бөлініп алынатын қоздырғыш. Гифалары қоңыр түсті, септаланған. Ашытқылық сатысы болмайды. Конидия ұстаушының ұшында алдымен «2» тісшелер біріншілік споралар, ал олардан қосымша екіншілік споралар пайда болады, нәтижесінде күрделі кондиялық басы түзіледі.
Дақылдық қасиеті: Картофельдік агарда, Сабуро ортасында колониялары баяу өседі. 5-10 тәулікте майда сұрлау колониялар пайда болады: 10-15 тәуліте олар көкшіл-сұр түсті үлпілденген колонияға айналады. Жетілген колониялары – қара-қоңыр немесе қара түсті. Колониялар асты – қара пигменттелген.
Клиникалық көріністе: Әдетте аяқ-қол терілері зақымданады. Бірақ зақымдану ошақтары бетте, кеудеде, қарында, ішкі ағзаларда болуы мүмкін. Хромобластомикоздың 5 клиникалық түрлерін ажыратады: түйіндік, ісіктік, веррукозды дерматит, таңдақтық және тыртықтық.
Оппортунистік микоздар: кандидоз.
Кандидамикоз қоздырғышы Candida туысына жататын, ашытқыға ұқсас микроскоптық саңырауқұлақ. Candida albicans жоғарғы саңырауқұлаққа жатады. Бұл жануарлардың кілегей қабаттарында тканьдерін зақымдайтын факультативті паразит. Candida albicans негізінен құстарды, сирек торғай, бұзау, қозы, күшіктерді ауруға шалдықтырады. Мұндай малдар организмінің резистенттілігі төмендейді.
Патологиялық материал ретінде ауыз қуысы, өңеш, жемсауының (бөтегесінің) кілігейі, сиыр сүті, т.б. алынады. Диагнозды микроскопия және таза өсінділерді бөліп алу негізінде қояды. Патологиялық материалдың микроскопиясын боялмаған және Грам, Циль-Нильсен, Романовский- Гимзе тәсілдерімен боялған препараттарда жүргізеді. Боялмаған жағындыларда саңырауқұлақ ортасында перделері бар псевдомицелий жіпшелері түссіз болып, 2-4-ке бөлініп жатқан жасушалары көрінеді. Таза өсінді алу үшін материалды 2%-ды глюкозасы бар Сабуро, Сусло-агар, ЕПА-ға себеді. Сусло-агарда C.albicans дөңгелек, жылтыр, томпайған немесе жалпақ, шеттері тегіс колонияларды түзеді.
Candida albicans глюкоза мен мальтозаны қышқыл мен газға, сахарозаны қышқылға дейін ферменттейді, ал лактозаны ферменттемейді.
Кандидомикоз қоздырғышының патоенділігін анықтау үшін өсінді споралары мен мицелийлерінің суспензиясын қоян, теңіз шошқасы және ақ тышқандардың қан тамырларына жұқтырады. Нәтиже оң болған жағдайда саңырауқұлақтар жануарлардың барлық органдарында дамиды.
Информация о работе Саңырауқұлақтардың биологиялық қасиеттері және морфологиялық ерекшеліктері