Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 09:04, реферат

Краткое описание

Антиде депрессанттар патологиялық бұзылған көңіл - күйді жақсартады, өмірге деген қызығушылықты арттырады, тұнжырауда науқастарды оптимизмге әкеледі. Антидепрессант-тар тұнжырау белгілерін басуға бағытталған заттар жүйке-психикалық және соматикалық ауруы бар сырқаттарға психикасы мен ойлау қабілетінің бузылуымен жүретін эмоциалды кернеу, селқостануда, тежелеу мен көңіл-күйдің төмен болуында тағайындалады. Тұнжырау түріне байланысты әсері әртүрлі бағыттағы дәрілерді қолданады. Әлсіздік жағдайда – қуаттандырғыш қасиеті бар антидепрессантар, ал үреймен жүретін тұнжырауда – психотыныштандырғыш әсерлі антиде прессантар тағайындалады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері
Серотониннің нейроналды ұсталуының таңдамалы тежегіштері
МАО тежегіштері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Антидепресанттар.docx

— 31.21 Кб (Скачать документ)

 Тианептин- үрейге қарсы және қуат пайда болу сезімін жоғарлатады,өмірлік тонусты көтереді. Оқу, есте сақтау қабілеттерін арттырады, ұйқыны қалыпқа келтіреді. Тұнжырауының соматикалық симптомдарын бас айналу жүректің жиі соғуы,ыстық сезіну еттің ауырсынуын әлсіретеді. Күйзелісте АКТГ және гидрокортизонның бөлінуін азайтады.Тианептиннің биосіңімділігі жоғары 94%-ақуыздармен байланысады,бауырда N-деметилдену мен В-тотығуға ұшырайды.Жартылай шығару кезеңі 2,5-3,5 сағат. Үрейлі тұнжырауда,созылмалы алкогализмде қолданылады.Жанама әсерлері сирек кездеседі. Оларға бас айналу,бас ауруы, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық,дріл,анорексия ауыз қуысыны кебуі,іш қатуы,тахикардия,экстарсистолия жатады.

Миртазапин. Мультирецепторлы әсер ету механизмі бар. Бұл тетрациклдік антидепрессант, пресинаптикалық ɑ2-адренорецепторларды бөгейді, норадреналин мен серотониннің бөлінуін көтереді. Серотониннің әсері 5-НТ1 рецепторлары бойынша жүргізіледі, өйіткені миртазапин екінші және үшінші типті рецепторлардың антагонисті болып келеді. Миртазапиннің биосіңімділігі-50%, плазма ақуыздармен байланысты 85%. Бауырда 2Д6 және 1А Р450 цитохром изоэнзимдерінің әсерімен гидроксилденеді, Р450 3 А4 цитохромның қатысуымен деметилденген және N –тотыққан метаболитке айналады.Диметилмиртазапин миртазапинге қарағанда 10 есе әлсіз антидепрессивті әсер етеді. Метаболиттері глюкурон қышқылымен коньюгацияланады. 85% бүйркепен шығарылады, 15%-ы ішек арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу уақыты 20-40 сағат. Бауыр және бүйрек ауруларында ол 40%-ға ұзарады. Миртазапин емнің бірінші аптасында-ақ көңіл күйді жақсартады, психомоторлы белсенділікті, ойлауды, тәбетті, ұйқыны, ауыр меланхолиялық тұнжыраудағы науқастардың биоримдерін қалыпқа келтіреді. Жанама әсерлері-салмақтың артуы, тәбеттің көтерілуі, ұйқышылдық, әлсіздік, аллергиялық серпілістер. Сирек кездесетін жанама әсерлері-дірілдеу, ет жиырылулары, ортостатикалық гипотензия, ісіну, қан жасалуының бұлылуы.

Әсерінің механизмі: 1-топ дофаминнің, серотониннің, норадреналиннің қайта ферментін тежейді, 3-топ синапстық қуыста серотониннің қайта ұсталуын тежейді,4-топ гипокамп пен ми нерондарымен серотониннің қайта ұсталуын жоғарылатады,лимбикалық жүйеге ықпал етеді.

Фармакологиялық әсерлері: антидепрессивті холиномиметикалық, седативті,қуаттандыратын,анксиолитикалық, күшейтуші, тимолептикалық,ноотропты.

Қолдану көрсеткіші: тұнжырау жағдайлары,психоастеникалық жағдайлар, балалардың энурезі,психопатиялар,невроздар,абстиненция.Альцгеймер ауруы,үштік жүйкенің невралгиясы,жүйкелік булимия. 

 

 

                     

 

 

 

                           Қорытынды

 

Антидепрессанттар сенапстық  жүйкелік өткізуді күшейтеді.Олар моноаминдер  санын көбейтеді және олардың  пресенапстық жүйке ұштарында нейроналды ұстауды бұзады немесе МАО-ның белсенділігін  жояды.Атепиялық антидепрессанттар  рецепторларға тікелей әсер етеді.Көңіл  күйдің жақсаруын серетоминнің 2ші кезекте Норадреналиннің әсерінің күшеюімен байланыстырады.Серотонинді  жақсы көңіл күйдің нереомидиаторы деп атайды,өйткені ол импулсивті құштарлықты,ұйқы оралымының ауысуын  реттейді,озбырлықты,ауырсынуды төмендетеді,еріксіз  қорқуды жеңілдетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.
  2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
  3. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Қазат тілінде аударылған. 2004.- 451 б.
  4. Орманов Н.Ж., Сырманова Н.Р. Жалпы рецептура. Жалпы фармакология 2007ж.
  5. Орманов Н.Ж., Ибрагимова А.Г., Сырманова Н.Р., Пернебекова Р.К., Орманов Б.Н. Дәрілік құралдардың анықтамасы. 2007ж. 106 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері