Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 09:04, реферат

Краткое описание

Антиде депрессанттар патологиялық бұзылған көңіл - күйді жақсартады, өмірге деген қызығушылықты арттырады, тұнжырауда науқастарды оптимизмге әкеледі. Антидепрессант-тар тұнжырау белгілерін басуға бағытталған заттар жүйке-психикалық және соматикалық ауруы бар сырқаттарға психикасы мен ойлау қабілетінің бузылуымен жүретін эмоциалды кернеу, селқостануда, тежелеу мен көңіл-күйдің төмен болуында тағайындалады. Тұнжырау түріне байланысты әсері әртүрлі бағыттағы дәрілерді қолданады. Әлсіздік жағдайда – қуаттандырғыш қасиеті бар антидепрессантар, ал үреймен жүретін тұнжырауда – психотыныштандырғыш әсерлі антиде прессантар тағайындалады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері
Серотониннің нейроналды ұсталуының таңдамалы тежегіштері
МАО тежегіштері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Антидепресанттар.docx

— 31.21 Кб (Скачать документ)

  

                                        Жоспар 

 

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
      1. Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері
      1. Серотониннің нейроналды ұсталуының таңдамалы тежегіштері
      2. МАО тежегіштері
    1. Қорытынды
    1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Кіріспе

 

Антиде депрессанттар патологиялық бұзылған көңіл - күйді жақсартады, өмірге деген қызығушылықты арттырады, тұнжырауда науқастарды оптимизмге әкеледі. Антидепрессант-тар тұнжырау белгілерін  басуға бағытталған заттар жүйке-психикалық және соматикалық ауруы бар сырқаттарға психикасы мен ойлау қабілетінің бузылуымен жүретін эмоциалды кернеу, селқостануда, тежелеу мен көңіл-күйдің төмен болуында тағайындалады. Тұнжырау түріне байланысты әсері әртүрлі бағыттағы дәрілерді қолданады. Әлсіздік жағдайда – қуаттандырғыш қасиеті бар антидепрессантар, ал үреймен жүретін тұнжырауда – психотыныштандырғыш әсерлі антиде прессантар тағайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Антидепрессанттар

Халықтың 4-5% тұнжыраумен  зардап шегеді, ал өмірінде ауруға шалдығу  қаупі 15-20%. Тұнжыраудағы 20% науқастар  медициналық көмек алады, ал 2%-ы ауруханаға жатады.Тұнжырауның денелік және бетперделенген түрлері кең тараған, олар көбінесе вегетативті және тәндік әйгіленіспен көрінеді. Тұнжырауның әйгіленісі маникалды тұнжыраулы психозда шизофренияда,нейро-инфекцияларда, кері даму бұзылыстарда, ауыр психикалық жарақатта, жанұядағы және қызметтегі, өмірдегі сәтсіздіктерге, жеңе алмайтын қиындықтарда кездеседі. Сонымен қатар тұнжырау мидың шаршауында , транквилизаторларды, нейролептиктерді шамадан тыс көп қолданғанда, созылмалы алкоголизмде,ауыр тәндік ауруларда кездеседі.Миокард инфарктісінен кейін болған тұнжырау өлім қауіпін 3,5 есеге арттырады.Тұнжырауының негізгі әигіленісі себепсіз уайым болып табылады.Бұл әр түрлі болып көрінеді – көңілсіздіктен ангедонияға, тығырықтан шыға алмайтындай сезіну,әлеуметтік және психологиялық тығырыққа тірелу.Науқастарда түңілгендік пайда болады.Өздерін қабілетсіз,ештеңеге жарамсыз деп есептеп,жанындағы адамдардың алдында кінәлі сезінеді,өзіне-өзі қол жұмсауға жағдайларға дейін барады.Астенодепрессивті синдромда-тұнжырау,апатия,сылбырлану,қозғалудың тежелуі,ойлау қабілетінің төмендеуі боады. Үрейлі – тұнжырау синдромда – эмоционалды қызбалық,қорқыныш,ашуланшақтық,үрейлі ойлардың келуі. Тұнжырауның патогенезінде десинхроноз үлкен орын алады.Лимбикалық жүйенің эмоционалды орталығында және гипоталамуста моноаминдер төмендейді. Антидепрессанттарды таңдаулы дәрілер ретінде тұнжырауның белгілі нұсқаларында ғана емес, бетперделенген және пациенттердің 50-60%-ы антидепрессанттық емнен қанағаттанарлық нәтиже алады. Антидепрессанттарды қабылдағанның өзінде  60%- науқаста қайталау эпизоды мен рецидив болады, ал 17% адамдарда тұнжырау өмірінің, соңына дейін жалғасады уақытында кездесуі мүмкін.

 Антидепрессанттардың ашылуы кездейсоқ болды. 1951 жылы туберкулезге қарсы жаңа препарат изониазид пен және оның аналогы ипразидпен емдегенде, науқастардың жазылғанға дейін көңіл күйінің негізгі аурудың симптомдары жақсаруы байқалады.Ипразидті психиатриалық практикада снақтан өткізгенде тұнжырау және астениямен ауыратын науқастарда қаттандырушы белсенді әсер көрсетті.Ипразит мидағы моноаминооксидазаны тежеу арқылы анти және депрессивті әсер көрсетеді.Көп ұзамай басқада антадепрессанттар шығарылды-қайтымсыз МАО тежегіштері.Сол жылдары клиницисстер имипринін антидепрессивтік қасиетін ашты.Дәрілік заттардың химия орталығында ВНИХФИ акад.Машковский М.Д профессор Н.А Андреева индопан,азефен,инказан және пиразидол препараттын шығарды,ал акад. А.В.Вальдман медициналық практика үшін қайтымды ингибитор МАО-бефолды ұсынды.

Нейроаналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері

Антидепресанттардың қосымша  әсерлеріне психоқуаттандырушы,седативті әсерлер жатады. Психоқуаттандырушы әсері психомоториканы жақсартуға, ынтаны қалпына келтіруге, физикалық және ой жұмыс қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл емнің 5-7 күнінен басталады. Психоқуаттандырушы норадреналинің нейроналды ұсталуының бөгетімен шақырылады. Үрейге қарсы және седативті әсері М-холинорецепторлардың, Н гистамин1 рецепторларының, пресинапстық а2-адренорецепторлардың торлы құрылымда бөгелуімен байланысты. Антидепрессанттар анальгетикалық, гипотермиялық және құсуға қарсы әсер етеді. Амитриптилин және басқа да антидепресанттар депрессиямен жүретін созылмалы ауырсыну синдромдарында 6 ай бойы қолданылады (бас сақинасы, кардиалгия, арқа ауырсынуы, қатерлі ісік)

  Имипрамин-тимолептикалық және реттеуші әсері бар. Астенодепрассивті синдромда-психоқуаттандырғыш ретінде әсер етеді, ал үрейлі-депрессивті синдромда седативті, үрейге қарсы ісері басым келеді. Имипрамин астено-депрессивті синдромда күшті белсендіоік көрсетеді, ұйқысыздық тудыру қауіп ескеріп оны күннің 1-ші жартысында қабылдауға тағайындайды.

Амитриптилин-седативті қасиеті бар тимоаналептик. Үрейлі-депрессивті синдромда қоланылады. Түнгі ояну санын азайтып, баяу ұйқы 4-сатысын ұзартады, қысқа ұйқыны азайтады. Шеткерілік холнергиялық синапстарда және ОЖЖ-де  М-холинорецепторларды бөгейді. Амитриптилин ұйықтардың алдында тағайындайды.

Азафен-психотропты белсенділігі жөнінен амитриптилинге жақын, бірақ шеткерілік М-холинорецепторларды бөгемейді. Ілеспелі синдромдардан тәуелсіз тұнжыраумен ауыратын науқастарға ем үшін қолданылады. Тетрациклдік антидепрессант Мапротилин психоседативті, үрейга қарсы, психоаналептикалық әсер етеді. Үрейлі депрессивті жағдайда қолданылады. Антидепрессанттарды ішке қабылдағанда сіңуі жақсы. Имипраминнің биосіңімділігі 22-77% амитриптилиндікі 30-60%. Максималды мөлшері қанда 2-8 сағаттан соң пайда болады. Ішектің толқынды қозғалысының баяулауы мен асқазанның эвакуаторлық қызметінің бұзылуынан М-холиноблокаторлық қасиеті бар препараттардың қанға баяу болады. Анорексиямен зардап шегетін тұнжыраудағы науқастарға антидепресанттарды бұлшық етке енгізеді.Антидепрессанттар N-демителденіп, ары қарай тотығады және глюкорондалады. Антидепрессанттардың жартылай элиминация кезеңі 7-10 күн.Биоайналуы мен сыртқа шығарусы 60 жастан асқан егде адамдарда баяу,ал балаларда жылдам жүреді.

 Нейрондық ұсталудың  таңдамалы емес тежегіштерінің  жанама әсерлері.

  • ОЖЖ бұзылыстары- бас ауруы,мазасыздану,үрей,естің шатасуы,дезориентация,сандырақтау,елестеу,атаксия,дірілдеу,парестезия,түнгі қорқыныштар.
  • Кардиоуытты- жүрек жиырылуының әлсізденуі,тахикардия,аритмия антидепрессанттар Пуркинье талшықтарына натрий иондарының кіріуін бөгейді,жүректің биоэнергитикасын бұзады,норадреналиннің B-адренорецепторларына әсерін күшейтеді.
  • Ортостатикалық гипотензия
  • Шеткерілік М-холиноблокаторлық әсері-ауыздың құрғауы, көз қарашығының кеңеюі,көз іші қысымының көтеріліуі,аккомадацияның салдануы, ішектің толқынды жиырылуының нашарлауы,қуықтың босаңсуы.

 Антидепрессанттарды үлкен дозада,ұзақ тағайындағанда арганулоцитоз,тромбоцитопения,холестатикалық сарғаю,дене салмағының артуы пайда болуы мүмкін.Соңғы әсер гипоталамустағы Н1-гистаминдік рецепторларды бөгеумен байланысты. Ер адамдарда эякуляция мен эрекцияның бұзылуы,гинекомастия,галакторея ісіктер пайда болуы мүмкін. Доксепин мен мапротилин клоника-тоникалық тырысу мен паркинсонизмді шақырады.Жанама әсерлері 5% жас,30% егде науқастарда кездеседі.Егде адамдар тұнжыраумен жиі ауырады,оларда кездесетін глаукома,іш қату қуық түбі безінің аденомасы емдеуге кедергі келтіреді.Маникалды депрессивті психозбен ауыратын науқастарға қарағанда,соматикалық патологиямен ауыратын науқастардың антидепрессанттарды қабылдауы нашар болып келеді.Ересектерде ауыр улануды шақыратын имипрамин дозасы 1000 mg-нан жоғары,ал өлімдік дозасы 2000 mg-ға жақын,балаларда-250 mg. Антидепрессантардың улану 2 сатыда жүреді.Клонико-тоникалық тырысумен,дистониямен,миоклонуспен жүретін қысқа мерзімді сандырақты комаға өтеді.Тыныс алудың басылуы,рефлектердің нашарлауы,гипоксия,гипотермия,АҚ төмендеуі байқалады, М-холинорецепторлардың бөгелуінің белгілері байқалады. Кома 1-3 күндей созылады,сонан соң қайтадан сандырақ басталады.Жедел ем үшін гемесорбция,белсендендірілген көмірмен асқазан жуу қолданылады. Көк тамырға натрий гидрокарбонаты құйылады. Холинорецепторлардың тежелуін шеттетеді. Аритмияда В-блокаторлар мен дифенин тағайын-далынады. Тырысуды,миоклонус пен дистонияны сибазон мен натрий оксибутиратымен басады.

Қарсы көрсеткіштері- эпилепсия,аритмия,жүрек  бөгеті,миокардид,жүрек жетімсіздігінің  декомпенсациясы,артериялық гипотензия,айқын  атеросклероз,тиреототоксикоз,декомпенсацияланған  қант диабеті,бауыр,бүйрек аурулары,жүктілік,емізу.Азафен мен мейансериннен басқа препараттарын  глаукомада,ауыр іш қатуда,ішек кептелісінде,қуық түбі безінің аденомасында қолданбайды.

 

Серотониннің  нейроналды ұсталуының таңдамалы тежегіштері

Соңғы жылдары норадреналин мен дофаминнің тасымалдауына әсер етпей ақ серотониннің қайталап таңдап ұсталуын басатын антидепрессанттар  шығарылды.Оларға флувоксамин,флуоксетлин,пароксетин,сертралин,цитаплорам т.б жатады. Олар 6-12 апталық емнен кейін тимоаналептикалық әсерін көрсетеді. Соматикалық үрейде, тұнжырауда, обсессивті-кампульсивті бұзылыстарда, қорқынышта, озбырлықта, импульсивті іс-әрекетте жоғары емдік әсер береді.

Флувоксамин және парокситин үрейлі-қорқынышты бұзылыстарды, үрейлі тұнжырауды, ұйқысыздықты, үрейді төмендетеді.

Флуоксетин-5-HT2-серотониндік рецептордың агонисті, психоқуаттандырушы қасиеті бар. Жүйкелік булимия және ұйқышылдық пен тежелумен жүретін әлсіреуде қолданылады.Сертралин және циталопрам таңдамалы тимоаналептикалық әсер бар.Бұл топтың антидепресанттары N-диметилденген белсенді метаболиттер түзеді. Флувоксаминнің жартылай шығарылуы 48-72 сағат, флуоксетинде-50 сағат, сертралинде 22-36 сағат. Биоайналу өнімдерінің шығарылу кезеңі баяу болады.Егде жастағы адамдарда фармакокинетикасы өзгермейді. Серотониннің ұсталуының тежеуіштері жүрек қан-тамыр жүйесінің қызметін бұзбайды, М-холинорецепторларды бөгемейді.Флувоксамин ұйқышылдық, анорексия, іш қату шақырады. Флуоксетеннің жанама әсерлері-бас айналу, ұйқының бұзылуы акатезия, тәбеттің төмендеуі. Сертралиннің жанама әсерлері-бас айналу, ұйқысыздық, іш өту. Флуоксетин және пароксетин цитохром Р450 2Д6 және 3А4 ферменттерін тежейді.

                                     МАО тежегіштері

МАО екі изоферменті белгілі. А типі-серотонин, адреналин мен  норадреналинді тотыға дезаминдейді.В-типі-фенилэтиламинді  және кейбір басқа биогенді аминдердің белсенділігін жояды. Екі ферменттің де субстраттары-дофамин, тирамин және триптамин. МАО-А бауырда, ішектің-шырышты  қабатында, нейрондарда қызмет етеді.Ас қорыту арнасының изоферменті тағамдағы  фенилаланин, тирозин және тираминді  тотықтырады.

 

                      Қайтымсыз әсерлі МАО тежегіштері

Қазіргі кезде бұл топтан гидразин туындылары-ниаламид қолданылады. Ол МАО-ның А,В, типтерінің флавиндік простетиктік тобын қайтымсыз тотықтырады. Ниаламид үмітсіздікті, өзіне-өзі қол жұмсау ойларын, қозуды, уайымды төмендетеді. Антидепрессивтік әсері курстық емнен 7-10 күннен өткен соң басталады. Тұңжырауның манияға өтуі мүмкін. Ол тұнжырауның астениялық синдромында ем үшін қолданылады.Ниаламидпен жедел улануда сандырақ, рефлекстердің күшеюі, тырысулар, гипертермия, артериалық гипертензия немесе гипотензия пайда болады. Ниаламид гидразин тобынан болғандықтан В6- витаминнің коферменттік түр-придоксальфосфатка айналуын бұзады. Бұл уытты гепатит және шеткерлік нейропатияны дамытуымен қауіпті.

Қарсы көрсеткіштері: жүрек, бауыр, бүйрек жетімсіздігі, ми қан  айналымының нашарлауы, жүктілік, емізулі  кезең.

                      Қайтымды әсерлері МАО тежегіштері

Қазіргі кездегі антидепресанттар мидағы А типтегі МАО-ның қайтымды тежейді, шеткерлік ұлпа ферменттеріне  және МАО-ның В-типіне әсер етпейді. Препараттарды қабылдауды доғарғанда МАО-ның белсенділігі 24 сағаттан соң  қалпына келеді.

Пиразидол және инказан тетрациклдік құрылымды, ал моклобемид-морфолин туындысы болып табылады. Пиразидол- 2-3 аптадан кейін тимоаналептикалық әсер етеді. 75-125 мг дозада пихоқуаттандырғыш, 200 мг дозада седативті әсер көрсетеді. Нооторпты және антиоксидантты әсері бар. М-холинорецепторларды бөгемейді, тұнжырауның жеңіл және орташа дәрежесінде, обсессивті-қорқу, дүрбеленді симптомды тұнжырауларда, Альцгеймер ауруында кешенді емнің құрамында, психиканың кері даму бұзылыстарында қолданылады.

Инказин және миклобемид- тимоаналептикалық және психоқуаттандырғыш ісері бар. Қайтымды МАО тежегіштері науқастар жақсы қабылдайды, сирек жағдайда ғана пиразидол бас айналу, діріл, тахикардияны, жүрек айну, тершеңдік шақырады, инказан –АҚ өзгеруі, брадикардияны тудырады, моклобемид М-холинорецепторларды әлсіз бөгейді.

Қарсы көрсеткіштері: бауырдың, бүйректің жедел қабынуы, эпилепсия, жүктілік, емізу, 12 жасқа дейінгі  балалар, қан жасау жүйелерінің  аурулары. Инказан мен моклобемидті тұнжырауның қозу көрінісімен болған түрінде қолданады.Серотониннің ұсталуының блокаторларын МАО тежегіштерімен бірге тағайындау "серотониндік кризге" диспепсияға, сандырақтауға, гипертермияға, артериялық гипертензияға, бұлшық еттің серпімділігіне, жиырлуына, қанқа бұлшық еттерінің ыдырауына әкеледі. Бұл асқынулар өлімге соқтырады. Нейроналды ұсталудың блокаторлармен емдегенде МАО- тежегіштерін 3-7 күн үзілістен кейін қабылдау жасалуы керек, ал қарсы бағытты емге ауысқанда 2 апталық үзіліс керек етеді, МАО тежегіштеріне және нейроналды ұсталудың блокаторларын қосарланып қолдануға болмайды, өйіткені Р450 бауыр цитохромы белсенділігін төмендетіп, дәрілердің биоайналуын баяулатады жүреді.

Атипті антидепрессанттар-серотонин және норадреналиннің нейроналды ұстамалуын әлсіз тежейді және МАО-ның белсенділігін төмендетпейді. Тимоаналептикалық әсері рецепторларды тікелей белсенумен байланысты.

 Тразодон және оның метаболиті хлорфенилпиперазин 5-НТ,серотонин рецепторларына агонистік қасиетін көрсетеді. Тразодонға тимоаналептикалық,үрейге қарсы,седативтік әсерлер тән.Ол үрейдің психикалық,сондай-ақ соматикалық көріністерін жояды. Тұнжырауда ұйқыны қалыпқа келтіреді.Алкогольге деген елігуді төмендетеді,бензодиазепиндік транквилизаторларды қабылдауды доғарғанда абстенитті синдромның жүруін жеңілдетеді Тразадон ішектен жақсы сіңеді,жартылай шығарылуы 10-12 сағат. Үрейлі тұнжырау синдромында, созылмалы маскүнемдікте,бензодиазепиндерге тәуелділікте қолданылады. Жанама әсерлері- бас айналу, ұйқышылдық ортастатикалық гипотензия іш өту,лейкопения.

Информация о работе Нейроналды ұсталудың таңдамалы емес тежегіштері