Мұрын сүйектерінің сынықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2014 в 15:40, реферат

Краткое описание

Анатомиялық тұрғыдан қарағанда мұрын сыртқы мұрын және мұрын қуысына бөлінеді. Сыртқы мүрын беттің ортасында орналасып, оның пішіні сүйек және шеміршекті құрылысына байланысты әртүрлі болады. Сыртқы мұрынның маңдаймен жалғасқан жерін мұрын түбірі дейді, төменірек мұрын жотасы орналасқан, ол мұрын ұшымен шектеледі. Бүйір бетінің төменгі жағында танауды шектеп тұратын қанатшалары орналасады. Мұрын сүйектері көбіне соққы бүйірінен тигенде сынады. Бұл жағдайда сынық соққы тиген жағында ішіне қарай (ортаңғы сызыққа), ал қарама-қарсы бетінде сыртқа қарай ығысады.