Өлім және оның белгілері. Өлімнен кейінгі өзгерістер. Танатология негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:15, реферат

Краткое описание

Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, яғни мәйітке айналады. «Өмір сүру-өлу деген сөз» деп Ф.Энгельстің айтқаны осының дәлелі болса керек. Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қаару керек. Өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дәрігерлер үшін, әсіресе, патологанатомдар үшін аса қажет. Патологанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін ашып береді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Танатология ғылымы
Б) Өлім дегеніміз не?
В) Өлімнің жіктелуі
Г) Өлім белгілері мен өлімнен кейінгі өзгрістер
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Патан срс.docx

— 38.30 Кб (Скачать документ)

Бұлшықеттік сіресуді пальпация арқылы, мойынды  бүгу, жазу және бұру, сонымен қатар  қол аяқтарды буындарда бүгу және жазу арқылы тексереді.     

Мәйіттік  кебу. Өлгеннен кейін тер және басқада бездердің бөлу қызметтері тоқтайды, нәтижесінде дененің белгілі бір аймақтарындағы ылғалдылық сыртқы факторлардың әсерінен буланып (испаряется), дененің кебуі пайда болады. Ең алдымен көздің қабақпен жабылмаған аймақтары кеуіп бастайды. Өлгеннен кейін 1-3сағаттан кейін көздің мөлдір қабығы мөлдірлігін жояды, (роговица) 6-12 сағаттан кейін үшбұрышты сарғыш күлгін түсті кебу аймағы пайда болады (Лярше дағы).     

Мәйіт дақтары тері және теріасты май шел қабатында жиналған қанның мәйіт терісі арқылы көрінуі. Мәйіт дақтарының пайда болуынынң негізінде қанайналысы тоқтағаннан кейінгі ауырлық күшінің әсерінен төмен орналасқан дене аймақтарына қанның ағумен түсіндірілетін физикалық процесс пен тамыр қабырғаларының жиырылуы, яғни капиллярларда қанның ығысуына әкелетін фактор жатады. Мәйіт дақтары өлгеннен кейін бір екі сағаттан соң пайда болады және ол ашық көкшіл, көкшіл күрең және күлгін түсті болуы мүмкін. Мәйіттік дақтардың пайда болуынада негізгі үш сатысын ажыратады. Бірінші мәйіттік гипостаз өлгеннен кейін ауырлық күшінің әсерінен қанның ағуының нәтижесінде төмен орналасқан дене мүшелерінің веналары мен капиллярларында қанның жиналуы. Бұл процесс өлгеннен кейін бір екі сағаттан кейін басталып сегіз он бес сағатқа дейін созылады. Бұл кезде саусақпен басып қараған кезде немесе мәйітті жатқан бетінен ауыстырған кезде өлік дағының толықтай жойылып тез қалпына келуімен көрінеді. Екінші сатысы мәйіттік стаз плазма диффузиясының жалғасуының нәтижесінде тамырлардағы қанның одан әрі қоюлануымен сипатталады. Бұл сатысы   24-28 сағатта шарықтау шегіне жетеді және саусақпен басқан кезде бозарып баяу қалпына келеді. Үшінші сатысы мәйіттік имбибиция. Екінші сатыдан үшінші сатыға өту әртүрлі мерзімде болуы мүмкін және ол ең алдымен қоршаған ортаның ауа температурасына тәуелді. Эритроциттердің шіріп ыдырауына және сонымен тікелей байланысты гемолиздің әсерінен ыдыраған қансарысуының айналасындағы тіндерге сіңуі, бұл кезде саусақпен басқан кезде мәйіттік дақтар түсін өзгертпейді. Мәйіт дақтарының орналасуы оның положениесіне байланысты.     

Өлік  дақтарының түсі негізінен өлу жылдамдығы мен өлім себебіне байланысты. Кенеттен болған өлім, асфиксия және электрожарақаттар кезінде тез пайда болған өлім кездерінде қою қошқыл түсті болады, ал өлу процесі ұзаққа созылған жағдайда, кан тамырларды қоюланады да дақтар ашық күлгін түсті болады.     

Аутолиз өлім пайда болғаннан кейінде кейбір мүшелер мен тіндерде ферменттердің бөлінуі жүреді. Ферменттердің белсенділігі (пепсин, трипсин и т.б.) бірден тоқтамайды, сонымен қатар жасушалар ыдырап ферменттер шығарады. Алдымен аутолиз протеолитикалық ферменттері жоғары деңгейде жинақталған мүшелерде (ұйқы безі, бүйрек үсті безі, талақ, бауыр) басталады. Тіндер мен мүшелер жұмсарып, олардың құрылысының бұзылуы болады.       

Шіру – аэробты және анаэробты микробтардың әсерінен белоктардың разложениесі. Шірудің пайда болуына әсер ететін факторлар: температура және оттегінімен қамтамасыз етілуі және ылғалдылық.     

Шіру  түрлері:     

А) құрғақ, денеде сұйықтық аз болғанда (кахексия, қан кету кезінде)     

Б) ылғалды, сүйықтық көп болған жағдайда (әртүрлі ісіктер кезінде)     

В) газды, микробтар көп болған жағдайда (сепсис, суға бату)

Шірудің белгілері: а)мәйіттік көгеру (трупная зелень), бастапқы кезде мықын аймақтарында, кейін, уақыт өтуіне байланысты  дененің барлық аймақтарында пайда болады. Оның негізінде тамырлардағы қан шіріп, гемоглабиннен күкіртті темір түзілуі жатады;

б) шіру көпіршіктері

в) мәйіттік эмфизема (ісіну).

Майлану (жировоск) пайда болуының негізінде  ауа алмасуының (аэрация) жеткіліксіздігі  немесе толықтай болмауы жатады, бұл дегеніміз мәйіттің бұзылуының баяулауына немесе толықтай тоқтауына әкеледі. Майланудың пайда болу мерзімі әртүрлі, мыс. ылғалды жерлерде немесе судың астында алты айдан кейін пайда болуы мүмкін.

    Мумификация мәйіт тіндері мен мүшелерінің сусызданып, құрғауы. Мумификацияның пайда болуының басты себебі мәйіттің ашық ауада болуы, яғни құрғақ климат, қоршаған ауа температурасының жоғары болуы және вентиляцияның жақсы болуы, ал егер мәйіт көмілген болса топырақтың құрғақ болуы. Мумифицирленген мәйіттің көлемі мен салмағы аз болады, себебі тері асты май шел қабаты жойылып, үшкі мүшелер мен бұлшықеттердің көлемі кішірейеді. Мәйіт терісі күлгін қоңыр түсті, өте құрғақ, қатты, сынғыш болып келеді. Мумификация кезінде мәйіт бірден немесе біртіндеп кеуіп бастауы мүмкін.

Трофтық илену процесі мәйіттер ұзақ уақыт  болотада (балшық) немесе суда болған жағдайда әртүрлі қышқылдық заттардың әсерінен пайда болады.  Мәйіттің сыртқы көрінісі мумификация процесі кезіндегідей болады. Торфтық илену кезінде мәйіттер өте ұзақ мерзім сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

   Қорыта айтқанда, өлім- организмде орын алатын қайтымсыз үрдістермен сипатталатын биологиялық ұғым. Қазіргі таңда әртүрлі жағдайлардан туындаған өлімнің себебін анықтап, мәйітті толыққанды зерттеумен патологанатомдар айналысып отыр. Олар тек қана мәйітті сойып, өлімнің себебін ғана анықтап қоймай, дәрігердің науқасқа диагнозды дұрыс қойғандығына көз жеткізіп, қателіктер орын алса, алда ол қателіктердің алдын алуға зор үлесін тигізіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Интернет желісі: http://freepapers.ru/95/tanatologiya-negzder-lu-zhne-lm/51684.338091.list1.html

http://magistr.kz/referat/show/17530/50/1

http://www.metadoc.ru/s-/smert_priznaki_ee_trupnoe_okochenenie_mertvennie_pyatna

  1. А.И.Струков, В.В.Серов «Патологиялық анатомия» (Жалпы бөлімі)

 Ақтөбе 2010 жыл


Информация о работе Өлім және оның белгілері. Өлімнен кейінгі өзгерістер. Танатология негізі