Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:15, реферат
Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, яғни мәйітке айналады. «Өмір сүру-өлу деген сөз» деп Ф.Энгельстің айтқаны осының дәлелі болса керек. Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қаару керек. Өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дәрігерлер үшін, әсіресе, патологанатомдар үшін аса қажет. Патологанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін ашып береді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Танатология ғылымы
Б) Өлім дегеніміз не?
В) Өлімнің жіктелуі
Г) Өлім белгілері мен өлімнен кейінгі өзгрістер
Қорытынды
«Астана медицина университеті» АҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Өлім және оның белгілері. Өлімнен кейінгі өзгерістер. Танатология негізі.
Орындаған: Ақбаева Арман
Қабылдаған: Орынбасарұлы Серік
Астана
2012-2013 оқу жылы
ЖОСПАР
А) Танатология ғылымы
Б) Өлім дегеніміз не?
В) Өлімнің жіктелуі
Г) Өлім белгілері мен өлімнен кейінгі өзгрістер
Кіріспе
Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, яғни мәйітке айналады. «Өмір сүру-өлу деген сөз» деп Ф.Энгельстің айтқаны осының дәлелі болса керек. Өлу заңдылықтарын, оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Адам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қаару керек. Өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дәрігерлер үшін, әсіресе, патологанатомдар үшін аса қажет. Патологанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін ашып береді.
1.Танатология ғылымы
Өлу және өлімнің пайда болу пайда болуын оқытатын ғылым танатология (грек тілінен thanatos - өлім және logos - ғылым ) деп аталады. Танатологияның негізін қалаушылар – Биш, К. Бернар, Р.Вирхов, Нотнагель және И.И.Мечников. «Танатология» терминін ұсынған И.И.Мечников.
Танатология адам организмінің өлу процесін және өлгеннен кейінгі мәйіттік құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым. Танатология жалпы және жеке танатология болып екіге бөлінеді. Жалпы танатология өлімнің статикалық және динамикалық сұрақтарын, өлім белгілерін мәйіттің сыртқы орта факторларымен (взаимодействие) әсерін, способы погребения, өлім себебін анықтау үшін мәйіттерді зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология әртүрлі өлім түрлерін зерттейді.
Өлу – бұл динамикалық процесс. 1972 жылы А.Н.Радищев өзінің «Адам, оның өлуі және өлмеу туралы» философиялық еңбегінде өмір өлімге бір сәтте емес біртіндеп ауысатынын жазған. Ол «Өмір мен өлім» қарама қарсы ұғымдар, ал өлу орталық немесе осы жағдай арқылы өмір аяқталып өлім басталатын жағдай деп түсіндіреді. Осы, өмір мен өлімнің арасындағы аралық кезеңнің болуы терминалды жағдайлар туралы ұғымды дамытуға жол ашты. «Терминалды жағдайлар» ұғымына шоктың ең ауыр формалары (шоктың торпидтік фазасының III, IV дәрежелері, коллапс), агония алды жағдай, терминалды үзіліс, агония және клиникалық өлім ұғымдары кіреді. Бұл процестердің барлығын терминалды жағдай сатысына біріктіретін ең негізгі сипаты организмде зат алмасудың тотықпаған өнімдерінің жиналуының нәтижесінде ацидоз дамуымен тез белең алатын гипоксия болып табылады.
2.Өлім дегеніміз не?
Организмнің өлуі
дегеніміз – Жер бетіндегі барлық тіршілік
иесінің табиғи жойылуы. «Өлім» ұғымы «өмір
ұғымымен» тікелей байланысты. Өлім өмірдің
логикалық тоқтауы (бітуі). Өмір - зат алмасы
процесінің тұрақты түрде жүруі, ал өлім
өмірге қарама-қарсы жағдай, сондықтан
да оның негізінде зат алмасу процесінің
тоқтауы жатады. Организмнің өлуі организмің
тұтастығын және оның сыртқы орта факторларымен
байланысын қамтамасыз етіп отыратын
жүйке жүйесі қызметінің тоқтауының нәтижесінде
пайда болады.
Өлу процесінің сатылары:
3.Өлімнің жіктелуі
Өлімнің биологиялық тұрғыдан жіктелуі табиғи немесе физиологиялық және де табиғи емес немесе уақытынан бұрын өлу деп бөлінеді.
Физиологиялық өлім организмнің қартаюымен
немесе жаңа туған нәрестелердің физикалық
және физиологиялық дамуы
Әлеуметтік құқықтық жіктелуі өлімді категориясына, туыстығына және түріне бөлуді қарастырады. Категориясына байланысты өлім зорлық және зорлық емес өлім, яғни әртүрлі аурулар нәтижесінде пайда болған өлім болып бөлінеді.
Зорлықтық өлімнің
себептері – қастықпен немесе
жазатайым өлтіру, өзін – өзі
өлтіру, түрлі жарақаттар және
жазатайым жағдайлар. Өлімнің
бұл түрі әлеуметтік-құқықтық
категория болңандықтан, оны сот
медицина және әділеттік
Аурулық өлім
организмдегі патологиялық
Түріне байланысты зорлық және зорлық емес өлімдер бірнеше топқа бөлінеді:
зорлық өлім |
Аурулардан болған зорлық емес өлім |
Механикалық жарақаттар |
Жүрек қан тамыр жүйесінің |
Механикалық асфиксия |
Тыныс алу жүйесінің |
Уланулар |
Орталық жүйке жүйесінің |
Әртүрлі температуралар әсерінен |
Асқорыту жүйесінің |
Электрлік токтық әсерінен |
Қатерлі ісіктерден |
Баротравма |
Жұқпалы аурулардан |
Сәулелік энергияның әсерінен болған өлімдер |
Жүктілік және босану кезінде болған |
Басқа жүйелердің ауруларынан болған өлімдер |
Организмдегі өзгерістердің қайтымды және қайтымсыздығына байланысты өлімді клиникалық және биологиялық өлім деп ажыратамыз.
Клиникалық өлімде тыныс алу және қанайналымдық процесстер тоқтайды. Бірақ олар бірнеше минут бойы (мидың қыртыстық қабатының тіршілігі тоқтағанша) қайтымды. Клиникалық өлімнің мәні-ерекше гипоксиялық ахуал қалыптасып, қанайналымы мен оны реттейтін орталықтың әрекеті тоқтайды. Клиникалық өлім жағдайында түрлі реанимациялық шаралар қолданып, науқасты тірілтіп алуға болады.
Ал, биологиялық өлім
– организмнің әрекеті
4.Өлім белгілері мен өлімнен кейінгі өзгерістер
Өлім белгілерін, күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.
Өлімнің күмәнді белгілері өлім пайда
болған бойда анықталатын белгілер және
оған жатады: а)пассивті, қозғалыссыз дене,
б) тері жамылғысының бозаруы
в) сана сезімнің (есінің) болмауы
г) тыныстың, пульстің, жүрек соғысының
болмауы
д) термиялық, химиялық және т.б. тітіркендіргіштерге кез келген реакциялардың болмауы;
ж) дененің салқындауы.
Нақты өлім белгілері мәйітте алғашқы және кейінгі тәуліктерде пайда болатын өлімнің ерте және кеш пайда болатын белгілері.
Өлімнің ерте пайда болатын белгілеріне: мәйіттің салқындауы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебуі, мәйіттік дақтар және аутолиз жатады.
Өлімнің кеш пайда болатын белгілеріне: шіру, мумификация, майлану (жировоск), торфтық иленуі жатады.
Ерте және кеш пайда болатын мәйіттік құбылыстар
Мәйіттік құбылыстар – организмнің өмірлік функцияларының тоқтауының нәтижесінде мәйітте дамитын қалпына келмейтін процестер. Бұл белгілер пайда болуына және даму мерзіміне байланысты ерте және кеш мәйіттік құбылыстар болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір сыртқы орта факторларының табиғи әсеріне байланысты дамитын уақыт өтуіне тәуелсіз мәйіттік құбылыстарды да ажыратамыз.
Ерте пайда болатын мәйіттік құбылыстар, өлгеннен кейінгі алғашқы тәулік ішінде пайда болатын белгілер және оған дененің салқындауы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебуі, мәйіттік дақтар және аутолизді жатқызамыз.
Мәйіттің салқындауы организнің барлық өмірлік маңызды қызметі, бірінші кезекте жылу алмасудың тоқтауының нәтижесінде жүрек қызметі тоқтағаннан кейін, біртіндеп дене температурасы төмендеп, сыртқы орта температурасымен теңеседі.
Қалыпты жағдайда мәйіттің салқындауы дененің ашық аймақтарынан (бет, мойын, қолбасы) басталады, кейін дененің киіммен жабық аймақтары салқындайды. Бөлмелік температура кезінде дене 1гр.С салқындайды. Ескеретін жағдай, мәйіттің салқындауына әртүрлі сыртқы орта факторлары әсер етеді, мысалы: ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалысы, мәйітте киімнің болуы және оның сипаты, мәйіттің дене салмағы, өлім себебі, агонияның болуы және оның ұзақтығы. Бұл аталғандардың барлығын мәйіт температурасын және өлім пайда болу мерзімін бағалау кезінде ескеру қажет. Мәйіттің салқындау дәрежесін алдымен дененің ашық аймақтарын, кейін киіммен жабылған аймақтарын пальпаторлы зерттеу арқылы анықтаймыз. Мәйіт денесінің салқындау температурасын жылы, жылырақ немесе салқын деп ажыратамыз. Дене температурасының салқындауы жөніндегі нақты мәліметті термометрия көмегімен анықтау қажет. Бұл үшін әйнек лабораториялық ртутный, электрондық және портативті электрондық термометрлер пайдаланылады. Термометрдің көмегімен мәйітте қолтықасты аймақтың, ауыз қуысының, тік ішек, өңеш арқылы кеуде қуысы ішілік және бауыр температурасын өлшейміз. Дененің салқындауы әр мүшелер мен тканьдерде біркелкі емес. Қолтық асты аймақтың темпертатурасы 16 сағаттан кейін, тік ішек температурасы 19 сағаттан және бауыр температурасы 25 сағаттан кейін қоршаған ауа температурасымен теңеседі. Дене темпертаурасының салқындауын анықтау үшін белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет тексеру қажет.
Дене қызуының өзгеруі бойынша өлім пайда болған уақытты анықтау үшін келесі Бурман формуласын қолдануға болады:
t = 36,9-T/0,889
t- өлім пайда болған уақыттан бастап өткен уақыт, Т – дене қызуы
мысал: t = 36,9- 33,5/0,889=3,8 сағ.
немесе тік ішек қызуын өлшеу арқылы келесі Т.Фиддес және Т.Паттен формуласын қолдану арқылы анықтауғада болады:
t = 36,9-T/0,889
Тт – тік ішек температурасы;
және Н.П.Марченко және В.И.Кононенко формуласын қолданып кеуде қуысы ішілік қызуды өлшеу арқылы анықтауға болады:
t = Tж-Тт/Тч
Тж – тірі адамның қалыпты дене қызуы (36,6 C), Тт – кеуде қуысы ішілік дене қызуы, Тч-кеуде қуысы ішілік дене қызуы төмендеуінің орташа мәні.
Мәйіттік сіресу - мәйіт бұлшықеттерінде біртіндеп дамып олардың тығыздалуына, қатаюына және қысқаруына әкелетін процесс. Сіресу әдетте өлгеннен кейін 1-3сағаттан соң, алдымен беттің шайнау бұлшықеттерінде, кейін мойын, кеуде, іш, аяқ қол бұлшықеттерінде дамиды. Бұлшықеттік сіресу 24 сағаттан соң ең шарықтау шегіне жетеді, ал 24-48 сағаттан соң пайда болу реттілігімен біртіндеп босаңсиды да 3-7 күн ішінде толықтай жазылады. Бұлшықеттік сіресудің пайда болу уақыты мен сатысы сыртқы орта факторларынада тәуелді. Бұлшықеттік сіресудің дамуында өлім түрінің, өлу процесі және өлім себебінің алатын маңызы зор.
Информация о работе Өлім және оның белгілері. Өлімнен кейінгі өзгерістер. Танатология негізі