Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2014 в 04:58, реферат
Гормондар – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды
Кіріспе
Гипоталамус гормондары
Гипофиздік гормондар
Гипофиздің алдынғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары
Гипофиздің артқы бөлігінің (нейрогипофиздің) гормондары
Гипофиздің аралық (ортанғы) бөлігінің гормондары
Гипофиз гормондарының медицинада қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін, сінуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-тендігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконеогенез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры кысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлінісі акромегалия дертіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жағы, мандай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин бөліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
АКТГ бүйрекүсті безінің қабығында кортикостерон мен кортизол екеуінің синтезін қолдап, бөлініп шығуына көмектеседі, сөйтіп көмірсу емес қосылыстардан (глицеролдан, амин қышқылдарынан) глюкоза түзілуге жанама әсерін тигізеді.
ТТГ қалқанша безі жұмысын қолдап үдетеді, қолқанша безінің өзіне қаннан йод сіңіруіне және дийодтирозиннің тироксинге айналуына көмектеседі. ТТГ осылайша организмдегі бүкіл зат алмасуға әсер етеді.
Адамның ГТГ (ФСГ) гормоны М 34000, оның құрамында 16% көмірсулар бар;
Қойдыкі-М 33000,ондағы көмірсулар 8-9%;
Шошқаныкі –М 29000, ондағы көмірсулар 7-8%;
Жылқыныкі-М 23000, ондағы көмірсулар 45%.
ГТГ (ФСГ) әйелдің де, еркектің де жыныс бездерінің өсіп жетілуін қолдап көмектеседі, әйел организм аналық безінің фолликулаларының өсіп жетілуін тездетеді және олардың гормондық қызметін активтендіреді, сол сыяқты еркек организмінде сперматазоидтардың түзілуін күшейтеді. ГТГ (ФСГ) әсерінен жұмыртқалықта көптеген фолликулалар өсіп жетіледі (фолликулаларда аналық клеткалар орналасқан), соның нәтижесінде көптеген ұрық қалыптасадлы. Бұл гормон көп мөлшерде буаз бие зәрінде және қан сарысуында кездеседі. Қойды қолдан ұрықтандырып, көп қозы алу үшін ГТГ препараты қолданылады, оны балық өсіру үшін де қолданады. Ол балықтың ұрық шашуына қолайлы әсер етеді.
Сүтқоректі жануарларда ол сары дененің қызметін қолдайды, түсік тастамай (іш тастамай) буаздықтың сақталуына себеп болады, желіннің (емшектің) өсіп жетілуіне, одан сүт шығуына (лактацияға) қолайлы әсер етіп, дамытады, аналық қасйетінің қалыптастыруына көмектеседі. Басқа да гормондармен бірге желінде казеин белогінің синтезделуін қолдап қолайлы әсер етеді.
ГЛ рецепторы бөліп алынған, оның М 195000.
Гипофиздің артқы бөлігінің (нейрогипофиздің) гормондары
Сүтқоректі жануарлардың нейрогипофизі (жүйке гипофизі) негізінен екі түрлі гормон бөліп шығарады: вазапрессин мен окситоцин. Қазіргі кездегі негізгі болжам бойынша, бұл гормондар гипоталамуста синтезделеді және оны нейрогипофиз бөліп шығарады.
Вазапрессин -9 амин қыщқылы қалдығынан қысқа пептид, ол гипофизден бөліп алынған және синтездік жолмен де алынған.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Цис –Тир –Фен –Глн –Асн –Цис –Про –Арг –Гли -
S S
Вазопрессин молекуласындағы, сол сияқты окситацин молекуласындағы 1 және 6 цистеин қалдықтары арасында дисульфидтік көпірше бар.
Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сінуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Оның мөлшері тіпті тәулігіне 20 л шамасына дейін жетеді. Мұндай сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады, қатты шөлдегіш келеді. Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы, әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді
Окситоцин. Бұл гормон өзінің химиялық табиғаты жөнінде вазопрессинге ұқсайды. Ал амин қышқылдарының орналасу реті жөнінде олар 3 және 8 жағдайындағы (олардың біріншілік құрлысын қараңыз) екі амин қышқылы бойынша ажыратылады. Барлық сүтқоректі жануарлардың окситоцитінде амин қышқылдарының орналасу реті бірдей болады.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Цис –Тир –Иле –Глн –Асн –Цис –Про –Лей –Гли -
S S
Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып қысқыртады, әсіресе бұл жағдайда малдың тууы кезінде, әйелдің босануы кезінде жатыр бұлшық етінде байқалады. Окситоцин желіннің түршіктерін қоздырған кезде оксиноцин босап шығады, бұл жағдай малды сауған кезде және баланы емізген кезде
пайда болады. Туып босану қиындап кеткен кезде окситоцин қолданылады.
Вазопрессин мен окситоцин гормондары нейросекреторлы нейроциттер аксондары бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар кейіннен организмге керекті мөлшерде соңғы денешіктерден қанға өтеді.
Гипофиздің аралық (ортанғы) бөлігінің гормондары
Мұнда меланоцит қолдаушы (үдетуші) гормон (МСГ) немесе меланотропин жасалып шығады.
МСГ екі полипептид, олар α-меланотропин және ß-меланотропин деп аталады. Маймыл, жылқы, өгіз, шошқа, қойдың және түйенің гипофизінен α-меланотропин бөліп алынған. Оның тізбегі 13 амин қышқылы қалдығынан құралады және барлық жануарлар түрінде құрылымы и бірдей болады.
Адамның ß-меланотропин құрамында 22 амин қышқылының қалдығы кіреді. Ал жоғарыда аталған бес түрлі жануарлардың (қойдан басқасының) гипофизінен бөліп алынған, ß-меланотропин құрамы 18 амин қышқылынан құралады және әр түрге қатысты айырмашылығы болады. Осы аталған жануарлардың екі меланотропиніндегі амин қышқылдарының орналасу реті анықталған.
Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедии гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедии әсері күшейіп, теріде қара зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедии, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан (псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедии түзілуін де гипоталамус реттейді.
Гипофиз гормондарының медицинада қолданылуы
Адренокортикотропты гормон. Медицинада пайдалану үшін бұл гормонды ірі қара мал, шошқа, қойдың гипофизынын алады. Ол ақ ұнтақ, суда жақсы ериді, иньекция істейді. Кортикотропинді медицинада мына науқастар болсы қолданады; гипофизаралық жетіспегенде, ревмантизм, жұқпалы полиартрит, подагра, бронхалды астма, қатал лимфатикалық лейкамия,нейродердит, экземе, әр түрлі аллергия және басқа да аурулар.
Соматотропин суда жақсы еритін ұнтақ, бұлшық етке иньекция істейді. Өсу гормоны жетіспегенде, адамның өсуі бұзылғанда қолданылады.
Тиреотропин. Медицинада қолдану үшін бұл гормонды ірі қара мал гипофизінен алады. Суда жақсы ериді, ақ ұнтақ. Тері астына, бұлшық етке иньекция істейді. Медицинада қалқанша безінің жетіспегенде қолданады.
Сары су гонадотропты гормон. Еркектердің, әйелдердің сары су гонадотропты гормоны гипофизаралық жыныс безі жетіспегенде қолданылады.
Окситоцин. Акушерлік қызметте нәресте тууын қоздыру үшін қолданылады және гипотоникалық жағдайға жататын қан аққанда пайдаланылады.
Қорытынды
Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамуспен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Қазіргі кезде 10 нейрогормон бөліп алынды, олардың құрылымы анықталды және атқаратын қызметі белгілі болды. Олардың 7–у либерин, 3-і статиндер.
Гипофиз мидың астында орналасқан. Ол 3 бөліктен тұрады:
v Алдынғы бөлік (аденогипофиз)
v Аралық бөлік
v Артқы бөлік (нейрогипофиз)
Аденогипофиз (безді гипофиз) негізінен мынандай алты гормонды бөліп шығарады: өсу гормоны (соматотропин, оны қысқаша СТГ әріптерімен белгілейді), аденокортикотропты гормон (АКТГ), тиреотропты гормон (ТТГ), гонадотропты гормон (ГТГ),пролактин және лютеиндеуші гормон (ЛГ). Бұл гормондардың әр қайсысын жеке-жеке қарастырамыз.
Гармондар адам үшін өте мамызды, олар ағзадағы реакцияларды жылдамдатып не үдетіп отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер: