Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2014 в 04:58, реферат
Гормондар – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды
Кіріспе
Гипоталамус гормондары
Гипофиздік гормондар
Гипофиздің алдынғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары
Гипофиздің артқы бөлігінің (нейрогипофиздің) гормондары
Гипофиздің аралық (ортанғы) бөлігінің гормондары
Гипофиз гормондарының медицинада қолданылуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Kафедра: Биохимия, биология және микробиология
СӨЖ
Тақырыбы: Гипоталамус гормондары (нейропептидтер). Гипофиз гармондары:құрлысы, әсер ету механизмі, медициналық маңызы.
Шымкент 2012
Жоспар
Гормондар – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялык белсенді заттар. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік — зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық — конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату (диференциялық), тіндердің өсуіне, өзгеріске (метаморфозға) әсері;
3) кинетикалық — қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) — тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылату, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды
Гипоталамус гормондары
Гипоталамус дегеніміз - мидың бір бөлігі. Оның жүйке клеткаларында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді.
Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 60-жылдары ашылды. Онв Р.Гиллемин мен Э.Шелли ашты. Сол үшін олар 1977 жылы Нобель сыйлығын алды. Алғаш олар рилизинг-фактор (ағылшынның release – босату деген сөзден шыққан) және нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, олардың химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын. Мысалы, Р.Гиллменнің ғылыми тобы (1968 ж) 0,4 мг таза тиреолиберини бөліп алу үшін 3 жыл уақыт қажет екен. Осы уақытта 80 мың қойдан алынған 500 тонна ми өңделіп, 7 тонна гипоталамус қажет болған.
Ішкі секреция бездерінің гормондары организмде белгілі бір нысана мүшелердің жұмысын басқаратынын біз білеміз. Ал эндокрин бездерінің гормондық әрекетін гипофиз реттеп отырады. Нейрохимик Г.Харрис болжағандай (1954 ж), қазір былай болды: гипофиз жұмысын ми басқарады екен. Бүкіл эндокрин жүйесіндегі негізгі реттеуші қызметин гипоталамус атқаратынын атап айту қажет.
Қазіргі кезде 10 нейрогормон бөліп алынды, олардың құрылымы анықталды және атқаратын қызметі белгілі болды. Бұл заттардың бәрі
Химиялық тұрғыдан төмен малекулалы пептидтер екен. Олардың кейбіреуі гендік инженерия әдісімен де алынады.
Бөліп алынған нейрогормондардың жетеуі аденогипофиз гормондарының түзілуіне (босап шығуына) қолайлы әсер етеді, дамытады. Оларды либериндер деп атайды. Нейрогормонның 3-і тежеуші әсер етеді, олар статиндер деп аталады.
Бұл заттар әсерінің өздеріне тән ерекшеліктерін көрсету үшін, аденогипофиз гормондарының аталуына «либерин» немесе «статин» деген сөз жалғанады.
1 2 3
Пиро –Глу –Гис –Про -
Мидың жүйке клеткалары көмегімен әсер еткен гипоталамустан тиреолиберин бөлініп шығады. Енді сол гормон өз кезегін тиреотроптық гормондардың гипофиз клеткаларынан босату процесін туғызады. ТТГ қалқанша безі клеткаларының өзінде тироксин және басқада тиреоидтық гормондарды синезднуге және оларды бөліп шығаруға итермелейді.
Сөйтіп, тиреолиберин тиреотропиннің сондай-ақ пролактиннің бөлініп шығуына жағдай жасайды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Пиро –Глу –Гис –Три –Сер –Тир –Гли –Лей –Арг –Про –Глн -
Люлиберин (гонадолиберин) қосылып аденогипофиздің гютеиндеуші гормонның (люттропиннің) бөлінуіне жағдай жасайды.
Ұзақ әсерлі люлеберин әйелдерде болатын ұрықсыздық дертінің кейбір түрлерін емдеуге табысты қолданылады, оның әсерінен әйелдерде овуляция басталады. Экстральдық циклді синхрондау үшін оны мал шаруашылығында да қолдануға болады.
Сомотостатин өсу гормонының (соматотропиннің) синтезін тежейтін фактор. Оның басқа да бағалы жағы бар. Ол аденогипофиздің соматотропиннің бөлінуін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар уйқы безіне әсер етеді, инсулин мен глюкагонның бөлінуін төмендетеді.
Соның нәтежесінде қан құрамындағы глюкоза мөлшері азаяды. Сондықтан соматостатин қант диабеті (сусамыр) дертін емдеу үшін қолдану мүмкін.
Н-Вал–Гис–Лей–Сер–Ала–Глу–Глн–
Н-Цис–Тир–Иле–Глн–Асн–Цис-ОН.
Пиро-Глу–Гис–Фен–Aрг–Гли–NН2
Соңғы аталған бұл екі гармон да гипофиздің аралық бөлігінде меланотропиннің бөлінуін тиісінше қолдап та, тежеп те әсер береді. Меланотропиннің тері қабаты мен жүннің бояуына жауапты екені белгілі.
Гипоталамус нейрогормондарының әсер ету механизмі әлі дәл анықталған жоқ. Болжауға қарағанда , олар нысана-клеткаларда тиісті рецепторлармен өзара әрекеттескеннен кейін өздерінің әсерін тигізетін көрінеді, бұл кезде аденилатциклазаны активтендіреді немесе оған кедергі жасайды.
Гипофиздік гормондар
Гипофиз (ми қосалқысы) омыртқалы жауарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Гипофиз мидың астында орналасқан. Ол 3 бөліктен тұрады:
Гипофиз бөліктері гистологиялық тұрғыдан ажыратылады, олар әр түрлі қызмет атқаратын гормондар жасап шығарады,бұл гормондардың бәрі белоктық зат, гипофизді гормон түзілуге гипоталамус реттеуші маңызды қызмет атқарады. Гипофиздің тікелей артқы бөлігінде гормон түзілу мәселесі қазірше күмәнді.
Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжындық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мұндай өзгерістердің сипаты қарама-қарсы болады.
Гипофиздің алдынғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары
Гипофиздің алдыңғы бөлігі — аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары — бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Аденогипофиз (безді гипофиз) негізінен мынандай алты гормонды бөліп шығарады: өсу гормоны (соматотропин, оны қысқаша СТГ әріптерімен белгілейді), аденокортикотропты гормон (АКТГ), тиреотропты гормон (ТТГ), гонадотропты гормон (ГТГ),пролактин және лютеиндеуші гормон (ЛГ). Бұл гормондардың әр қайсысын жеке-жеке қарастырамыз.