Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 18:07, лекция
Кез келген ағзаға тән белгілер генотиптің сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі нәтижесінде жарыққа шығады. Ал ағзаның генотипі ұдайы өзара әрекеттесуде болатын гендер жүйесі болып табылады. Гендердің мутацияға ұшырауы және рекомбинациялануы мүмкін. Гендер мен олар анықтайтын белгілердің арасында тығыз байланыс қалыптасады. Гендерге тән қасиеттердің бірі оның арнайылығы. Бір ген нақты бір белгіні жарыққа шығарады. Мұны сызбанұсқа түрінде былай көрсетуге болады:
Ген → а-РНҚ → фермент → биохимиялық реакциялар → белгі
Осы бомбейлік жанұяның үш ұрпағындағы некелерді Пеннет торына орналастырып мұндағы қан топтарын анықтайтын генді-J деп, рецессивті супрессор генін-k(каппа) деп белгилейік.
Фенотип ♂ І-(0) топ ІІІ-(В) топ ♀
Генотип J0 J0 Kk x J0 JВ Kk
Гаметалар J0K J0k J0К J0k JBK JBk
♂ |
J0K |
J0k |
JBK |
JBk |
J0K |
J0 J0 KK I-топ |
J0 J0 Kk І-топ |
J0 JB KK ІII-топ |
J0 JB Kk ІII-топ |
J0k |
J0 J0 Kk І-топ |
J0 J0 kk І-топ |
J0 JB Kk ІII-топ |
J0 JB kk І-топ |
Қаны І-топтың, бірақ шын
мәнісінде генотипінде
Фенотип ♀І-(0) топ ♂ІІ-(А)
Генотип J0 JB kk x J0 JA KK
Гаметалар J0k JBk J0К JAK
♂ ♀ |
J0К |
JAK |
J0k |
J0 J0 Kk І-топ |
J0 JB Kk ІII-топ |
JBk |
J0 JB Kk ІII-топ |
JА JB Kk ІV-топ |
Қаны IV-(АВ) топқа жататын қыздың генотипінде супрессорлық k-генінің эпистаздық әсерін басып тастайтын оның доминантты К-аллелі болғандықтан А және В аллельдері басылып қалмай бірдей дәрежеде жарыққа шығып IV-(АВ) қан тобының фенотипі қалыптасады.
7.4.3. Полимерия.
Екі немес бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірдей дәрежеде әсер ете отырып бір белгіні өте айқын түрде күшейтіп жарыққа шығаруы полимерия құбылысын көрсетеді. Ондай гендер тобын полимерлік гендер деп, ал анықталатын белгіні полигенді белгі деп атайды.
Полимерлік гендерді сандық индексі бар латын әрпімен белгілейді(А1А1 және а1а1; А3А3 және а3а3 т.с.с.). мұндай бір мағыналы факторлардың болатындығын 1908 жылы швед ғалымы Нильсон-Эле бидай дәні түсінің тұқым қуалауын зарттеу барысында ашқан. Бидай дәндерінің түсі екі жұп полимерлік генмен анықталады. Егер қою қызыл түсті дәндері бар доминантты (А1А1 А2А2) гомозиготалы бидайды ақ бидаймен шағылыстырса (а1а1 а2а2), бірінші ұрпақтағы барлық өсімдіктің дәндері қызыл түсті болып шығады. Бірақ бұл дәндердің пигменттілігі алғашқы аналық дарадағы қою қызыл түстен сәл әлсіздеу байқалады. Осы Ғ1-ғы будандарды өзара шағылыстырса Ғ2-та фенотипі бойынша 15:1 арақатынасындай ажырау жүреді, яғни бір бөлігі ғана түссіз, ақ дәнді болып (а1а1 а2а2) қалған 15 бөлігі генотиптеріне сәйкес түрліше дәрежедегі пигменттілікке ие болады. Мысалы генотипінде 4доминантты гені бар дәндер-қою қызыл, 3 доминантты гені бар дәндер-қызыл, 2гені бар болса-ашық қызыл, ал 1 ғана доминантты гені барбөлігі-солғын қызыл түсті болып шығыды. Полимерияның аса маңызды ерекшелігі сол, біріншіден, аллельді емес гендер әрекетінің жинақталып, бірігіп сандық белгілердің дамуына себепші болуы. Егер белгінің моногенді тұқым қуалауы кезінде генотиптегі ген мөлшерінің үш варианты ғана: АА, Аа, аа мүмкін болса полигенді тұқым қуалауда олардың саны төртке дейін не одан да жоғары болып артады. Екіншіден, бір ғана генмен анықталатын белгілерге қарағанда полигенді белгилер едәуір тұрақты келеді. Полимерлік гендер болмаса ағза қоршаған орта факторларының әсеріне тұрақтылығы төмендеп, түрлі мутацияларға немесе рекомбинацияларға сәйкес ұдайы өзгеріске ұшыраған болар еді. Бұл әрине көпшілік жағдайда ағза тіршілігіне зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар мен өсімдіктерге тән полигендік белгілер сан алуан: өсу қарқындылығы, ерте пісуі, тауықтардың жұмыртқа салу мөлшері, сиырлардың сүттілігі т.б. адамның бірқатар морфологиялық, физиологиялық және патологиялық белгілері: бойдың биіктігі, дененің салмағы, артериялық қан қысымы, қан түйіршіктерінің саны, терінің пигменттілігі т.б. полигенді белгілердің қатарына жатады. Мысалы терінің пигменттілігі 5 немесе 6 полигендік белгілермен анықталады. Африканың жергілікті тұрғындарында (қара нәсіл) доминантты аллельдер басым болса, европалық ақ нәсілде рецессивті аллельдер басым келеді. Сондықтан мулаттардағы терінің пигменттілігі олардың гетерозиготалы генотипіне сәйкес аралық сипатта байқалады. Егер мулаттар бір-біріне үйлесе, балаларындағы пилменттілік доминантты аллельдер санына сәйкес түрліше дәрежеде көрінуі мүмкін. Адамның мұндай бірнеше генмен анықталатын белгілерінің дамуы және қалыптасуы полигенді тұқым қуалаудың жалпы заңдылығына бағына отырып сыртқы орта жағдайларына тікелей байланыста жүреді.
7.5. Плейотропия
Бір генге байланысты бірнеше белгілердің дамып, көрініс беруін плейотроптық эффект немесе плейотропия деп атайды. Плейотропия табиғатта жиі кездесетін құбылыс. Мендель өз тәжірбиелерінде қара қошқыл түсті гүлі бар өсімдіктердің әдетте жапырақ сағағы қызыл, ал тұқымдарының қабығы қоңырқай келетінін байқаған. Оның ұйғаруынша осы үш белгі бір ғана фактормен анықталуы тиіс. Кейінірек дрозофила шыбынына жүргізілген тәжірбиелер олардың ақ көзділігін анықтайтын ген сонымен қатар денесінің түсіне, қанаттарының ұзындығына, жыныс мүшелерінің құрылысына әсер ете отырып көбею қарқындылығын төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын қысқартатынын көрсеткен. Адамда плейотропияға Марфан синдромы мысал бола алады(46-сурет).
46-сурет. Қол және аяқ саусақтары.
Сол жақта – қалыпты жағдайда,
оң жақта-Марфан синдромы кезінде.
Бірнеше белгілермен сипатталатын
бұл ауру генотиптегі бір ғана
геннің өзгеріске ұшырауына байланысты
қалыптасады. Ол геннің өзгеруі себепті
дәнекер ұлпасының қалыпты
Фенилкетонурия ауруын анықтайтын рецессивті ген де плейотропты гендер қатарына жатады. Мұнда қалыпты ген әдетте фенилаланинды тирозинге айналдыратын ферменттің синтезін анықтайды. Фенилкетонуриямен ауру адамда бұл фермент болмайды, сондықтан фенилаланиннің тирозинге айналуы жүрмей оның қандағы мөлшері шамадан тыс артып кетеді. Осының нәтижесинде мидың дамуы бұзылады, бастың мөлшері кішірейіп ақыл-ойдың жетілуі нашарлайды. Зәрде аралық зат болып табылатын фенилпирожүзімқышқылының мөлшері артады. Тирозин болмағандықтан одан түзілетін меланин пигменті де болмайды. Ондай адамдардың терісінде, шашында, көздің нұрлы қабығында пигменттің болмауы себепті альбинизм ауруы қалыптасады. Орақ тәрізді жасушалық анемия кезінде қалыпты геннің мутацияға ұшырауына байланысты гемоглобиннің молекулалық құрылысы өзгереді. Нәтижесінде эритроциттер орақ тәрізді пішінге ие болып оттегін тасымалдау қасиетінен айырылады. Бұл аллель бойынша гомозиготтарда (SS) өте асқынған қаназдылыққа сай көк бауырдың ұлғаюы, терінің, жүректің, бүйректің және мидың зақымдалуы байқалады. Мұндай жас нәрестелер ерте қайтыс болады.
7.6. Генокопиялар және фенокопиялар.
Түрлі аллельді емес гендердің
мутацияға ұшырауына байланысты
қалыптасқан фенотиптік көріністері
ұқсас тұқым қуалайтын белгілер
генокопиялар деп аталады. Мысалы Дюшен
миопатиясының негізгі
Сыртқы орта факторларының
әсеріне байланысты қалыптасқан, фенотипі
бойынша тұқым қуалайтын
7.7. Пенетранттылық және экспрессивтілік.
Ген әсерінің фенотиптік көрінісі генотипіне және сыртқы ортаға байланысты әр түрлі жиілікте, түрліше дәрежеде байқалуы мүмкін. Гендердің фенотиптік көрініс беру жиілігі, яғни сандық көрсеткіші пенетранттылық деп аталады. Кейбір белгілер бір дараларда айқын фенотиптік көрініс берсе сондай гені бар екінші бір дараларда ол белгілер көрінбеуі де мүмкін. Пенетранттылықты фенотипінде белгі көрінген даралардың санын популяциядағы сол генді тасымалдаушы егер рецессивті ген болса гомозиготтардың, ал доминантты ген болса гомозиготтар мен гетерозиготтардың жалпы санына пайызбен шағып есептейді. Белгі популяциядағы барлық дараларда байқалса толық пенетранттылық (100%) деп, ал қалған жағдайда толық емес пенетранттылық деп, оның пайыздық мөлшері көрсетіледі. Мысалы АВО жүйесі бойынша қан топтарының тұқым қуалауы 100%, ал кейбір елдерде қояншық ауруы 67%, қант ауруы 65% т.б. пенетранттылықты көрсетеді. Сонымен қатар фенотиптерінде көрініс берге белгі барлық дараларда бірдей дәрежеде болмай біреулерінде айқын көрінсе екінші біреулерінде жеңіл формада ғана байқалуы мүмкін. Белгінің көрініс беру дәрежесін яғни сапалық көрсеткішін экспрессивтілік деп атайды. А.А.Слюсаревтің көрсетуінше адамның тер бездерінен бөлінетін тердің құрамындағы хлордың мөлшері қалыпты жағдайда 40ммоль/л деп аспайды. Ал муковисцидозбен ауыратын генотиптері ұқсас адамдарда оның мөлшері 40-150 ммоль/л аралықта ауытқиды. Фенилкетонурия ауруының белгілері де түрлі адамдарда түрліше дәрежеде байқалады. Белгінің фенотиптік көрініс беруі генотипке және сыртқы ортаға ғана байланысты болмай кей жағдайда ағзаның ауруға шалдығуға икемділігіне де сай байқалады. Ауруға икемділік сыртқы ортаға байланысты тұқым қуалайтын қасиет. Ауруға шалдығуға икем адамдарда генетикалық және сыртқы орта факторларының өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын аурулар мультифакторлық аурулар деп аталады. Мысалы қант ауруы, шизофрения, гипертония, асқазанның жара аурулары(язва), псориаз т.б.