Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 19:58, реферат
Осы Заң дәрiлiк заттар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасының халқын қауiпсiз, тиiмдi және сапалы дәрiлiк көмекпен қамтамасыз етудiң құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, құрамында есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттар айналымының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім.
1. Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi
2. Дәрiлiк заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеу және Мемлекеттiк органның функциялары
3. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының дәрiлiк заттар айналымы саласындағы құзыретi
4. Дәрiлiк заттар айналысы саласындағы мемлекеттiк бақылау
5. Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымына тыйым салу немесе оны тоқтата тұру
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрiлiк заттар - аурулардың
алдын алуға, оларды диагностикалауға
және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйi
мен функцияларының өзгеруiне арналған
фармакологиялық белсендi заттарды бiлдiретiн
немесе олардан тұратын құралдар: дәрiлiк
зат, дәрiлiк субстанция, табиғи тектi дәрiлiк
шикiзат, дәрiлiк ангро - және балк өнiмдерi,
дәрiлiк препараттар, иммунобиологиялық
медициналық препараттар.
Аурулардың диагностикасы,
алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын
парафармацевтикалар, медициналық техника
мен медициналық мақсаттағы бұйымдар
(көзге салынатын және оны түзейтiн линзалар,
керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар,
құрал-саймандар, құрылғылар, аспаптар,
аппаратура) дәрiлiк заттарға теңестiрiледi;
Дәрiлiк заттар өндiрiсi - шикiзат, материалдар және жартылай фабрикаттар сатып алумен, технологиялық процеспен, соның iшiнде оның сатыларының бiрiнде жүзеге асырумен - өндiрiлген өнiмдi сақтаумен, өткiзумен, сондай-ақ оларды бақылаумен қатар жүретiн барлық түрлерiмен байланысты, дәрiлiк заттарды топтап шығару үшiн қажеттi жұмыстардың бүкiл жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет;
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Дәрілік заттардың айналымындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу