Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 16:20, реферат
ДДСҰ-ның құрылу тарихы. ДДСҰ-ның Бас директорлары, қызмет ету аясы, аймақтық бюролары. ДДСҰ-ның атқаратын қызметі, қаржыландырылуы.
2008 жылдан бастап ДДСҰ-ның нәтижелерге бағытталған басқару негізіне үш екіжылдық бюджеттік кезеңді қосатын алты жылдық орта мерзімді стратегиялық жоспар қойылды(2008-2013 жылдар).
ДДСҰ-ның бүкіләлемдік күндері
ДДСҰ-ның бүкіләлемдік күндері БҰҰ-ның халықаралық күндер жүйесінің қатарына кіреді және Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының қарармен рәсімделетін сессияларында жарияланады.
4 ақпан -- Бүкіләлемдік қатерлі ісік ауруымен күрес күні
24 наурыз -- Бүкіләлемдік туберкулезға қарсы күрес күні
7 сәуір -- Бүкіләлемдік денсаулық күні
25 сәуір -- Бүкіләлемдік безгек ауруына қарсы күрес күні
31 мамыр -- Бүкіләлемдік темекісіз күні
14 маусым -- Бүкіләлемдік қан донорының күні
28 шілде -- Бүкіләлемдік гепатитпен күрес күні
10 қыркүйек -- Бүкіләлемдік суицидтті тоқтату күні
28 қыркүйек -- Бүкіләлемдік құтыруға қарсы күрес күні
30 қыркүйек -- Бүкіләлемдік жүрек күні 2012 жылдың қыркүйегінің соңғы жексенбі күні көрсетілген.
10 қазан -- Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні
11 қазан -- Бүкіләлемдік көру қабілеті күні 2012 жылдың қазан айының екінші бейсенбісі көрсетілген.
14 қараша -- Бүкіләлемдік диабетпен күрес күні
17 қараша -- Бүкіләлемдік созылмалы обструкциялық өкпе ауруларына қарсы күрес күні
18 қараша -- Бүкіләлемдік жол-транспорттық апат құрбандарын еске алу күні 2012 жылдың қарашасының үшінші жексенбісі көрсетілген.
Ерікті елшілері
Ерікті елшілері - бұлар назар аударту арқылы ДДСҰ-мен тығыз қарым-қатынаста ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласында өнер, әдебиет, эстрада, спорт және басқада қоғамдық өмірінде танымал адамдар өз үлесін қосады. Екіжылдық мерзімге Бас директор болып сайланады.
ДДСҰ-ның реформасы
Негізгі мақаласы: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының реформасы (2011-2019) ресми сайтқа сәйкес келтірілген:
2010 жыл қаңтар: ДДСҰ-ның Бас директоры, д-р Маргарет Чен, ДДСҰ-ның болашақ қаржыландырылуы мәселесі бойынша бейресми кеңес шақырды. Алайда қатысушылар ДДСҰ-ның рөлі мен маңызы туралы сұрақтар қозғады.
2011 жыл қаңтар: Атқарушы комитеттің 128-нші сессиясы Секретариатқа реформа жасаудың ортақ концепциясын құрастыруға және мамырда Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының анығырақ бағдарламасын жасауға ұысыныс жасады. Үш құрылымдық элементі анықталды -- приоритеттері, стратегиялық басшылығы және басқаруы -- қазіргі кезге дейін аталған процестің ұйымдастырушы негізі болып табылады.
2011 жыл мамыр: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 64-нші сессиянда Бас директор қосалқы «ДДСҰ-ның болашақ қаржыландырылуы»атты баяндамасын баяндады, онда реформа бағдарламасының ортақ бағытының элементтері көрсетілген. Мүше мемлекеттер реформаның ортақ бағытын қолдайтын қарар қабылдады.
2011 жыл 1-3 қараша: Атқарушы комитеттің арнайы сессиясы 100 мүше мемлекеттер әрбір үш негізгі қызметі бойынша шешім қабылдады: приориттерге реформа, стратегиялық басшылық және басқару.
2012 жыл 16-23 қаңтар: Атқарушы комитет 130-ншы сессиянда мүше мемлекеттермен реформаның бағдарламасы бойынша кеңес беруді қайта жаңартты.
2012 жыл 26 ақпан: Секретариаттың қатысуымен Ақпараттық отырыс ДДСҰ-ның приориттері мен бағдарламаларын бекітуі бойынша.
2012 жыл 27-28 ақпан: Нәтижеге жеткен приориттер мен бағдарламаларды талқылау мүше мелекеттер жиналысы.
2012 жыл мамыр: Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы 65-я ақпандағы мүше мемлекеттердің приориттермен бағдарламаларды орнату жиналысын мақұлдады. Стратегиялық басшылық пен басқарудың бірнеше реформаларын мақұлдады және Секретариатқа оның кейінгі жүзеге асуын іске асыру ұсынылды.
Қолданылған әдебиеттер: