Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2015 в 16:20, реферат
ДДСҰ-ның құрылу тарихы. ДДСҰ-ның Бас директорлары, қызмет ету аясы, аймақтық бюролары. ДДСҰ-ның атқаратын қызметі, қаржыландырылуы.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы (ВОЗ, ағылш. World Health Organization, WHO) -- 194 мүше мемлекеттен тұратын, негізгі қызметі Жер тұрғындарының халықаралық денсаулық сақтау проблемаларын шешу болып табылатын, БҰҰ-ның арнайы мекемесі. Ол 1948 жылы Швецарияның Женева (штаб-пәтер) қаласында негізін құрды.
БҰҰ-на мүше ел Жарғы қабылдап, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мүшесі болады. БҰҰ-на мүше емес мемлекет Бас ассамблеяның көпшілік дауысымен Дүнтежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымына мүшелікке қабылданады. Халықаралық құқық субъектілері бола алмайтын территориялар, ДДСҰ-ның мүшесі атынан немесе басқа да өкілетті органмен жасалған, осы территориялардың халықаралық қатынастарына жауапты, ассоцияциялық мүшелік арызы негізінде мүше бола алады.
Мазмұны
1. ДДСҰ-ның құрылу тарихы
2. ДДСҰ-ның тарихы
3. ДДСҰ-ның құрылымы
4. ДДСҰ-ның Штаб-пәтері
5. ДДСҰ-ның Басшылығы
5.1. ДДСҰ-ның Бас Директоры
5.2. ДДСҰ-ның Бас Директорлары
6. ДДСҰ-ның міндеттері
7. ДДСҰ-ның қызмет ету аясы
8. ДДСҰ-ның аймақтық бюролары
9. ДДСҰ-ның басқа да бюролары
10. ДДСҰ-ның атқаратын қызметі
11. ДДСҰ-ның қаржыландырылуы
12. ДДСҰ-ның Бүкіләлемдік күндері
13. Ерікті елшілері
14. ДДСҰ-ның реформалары
ДДСҰ-ның құрылу тарихы
Алғашқы осы мәселе бойынша ұлтаралық ынтымақтастықпен айналысқан, 1839 жылы құрылған, Константинополь бас кеңесі болды. Оның негізгі міндеттері түрік порттарындағы шетелдік кемелерді және эпидемияға қарсы оба және тырысқақты таратуды алдын алу шаралары бақылауға алу болды. Кейінгі осы тектес кеңестер Мароккода (1840) және Египетте (1846) құрылды. 1851 жылы Парижде 12 мемлекет қатысқан І Халықаралық санитарлық конференция өтті. Осы форумның нәтижесі болып Жерорта теңізінде карантин тәртібін енгізу анықтаған Халықаралық санитарлық конвенцияны қабылдау болып табылатын. Алайда бұл мақсатқа жету тек 1892 жылы тырысқақ ауруына қатысты, 1897 жылы оба ауруына қатысты нәтиже берді.
ХХ ғасырдың басында тағы екі үкіметаралық денсаулық сақтау ұйымдары негізін қалады: 1902 жылы Панамерикалық санитарлық бюро (Вашингтон, АҚШ), 1907 жылы -- Европадағы Қоғамдық гигиена бюросы (Париж, Франция). Олардың негізгі функциялары болып медицинаның ортақ сұрақтарына ақпарат тарату болды (әсіресе инфекциялық аурулар туралы). Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1923 жылы Ұлттар Лигасының (Женева,Швейцария) Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс жасай бастады, ал Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен 1946 жылы шілдеде Нью-Йоркта Халықаралық денсаулық сақтау конференциясының шешімімен ДДСҰ құрылды. БДСҰ Жарғысы 1948 жылы 7 сәуірде бекітілді, чсол кезден бері 7 сәуір күні "Бүкіләлемдік денсаулық күні" деп белгіленеді.
ДДСҰ тарихы
1948 жыл: ДДСҰ ауруларды Халықаралық жіктеуді өз мойнына алды.
1952--1964 жыл: ДДСҰ Ғаламдық тропикалық гранулеманы жою бағдарламасын іске асырды.
1974 жыл: ДДСҰ 30 жыл бойы онхоцеркозды жою бағдарламасын жүргізді.
1974 жыл: Бүкіәлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы балаларға арналған негізгі вакцинаға қол жету үшін кеңейтілген иммундау бағдарлама әзірлеу туралы қарар қабылдайды.
1975 жыл: Бүкіәлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы " негізгі емдік дәрі-дәрмектер" және "емдік дәрі-дәрмектерге қатысты ұлттық саясат" тұжырымдамаларын қабылдайды. Екі жылдан кейін негізгі емдік дәрі-дәрмектердің тізімдері пайда бола бастады.
1967--1979 жыл: ДДСҰ 12 жыл шешек ауруын жою науқанын толық үйлестірді. Бүкіл әлемдегі шешек ауруының толық жойылуы - ДДСҰ-ның ең елеулі жетістігі.
1978 жыл: Халықаралық алғашқы медициналық-санитарлық көмек конференциясы «Денсаулық барлығы үшін» атты тарихи мақсатын анықтайды.
1988 жыл: Полиомиелитті (жұлын қабынуы) жою туралы Ғаламдық бастаманың жүзеге асуының бастауы.
2003 жыл: ДДСҰ-ның темекіге қарсы күресуге бағытталған шекті конвенциясы қабылданады.
2004 жыл: Рацион және тамақ ішу тәртібіне, физикалық белсенділік пен денсаулыққа қатысты ғаламдық стратегия қабылданды.
2005 жыл: Бүкіәлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы Халықаралық медицина-санитарлық ережелерді қайта қарастырады.
ДДСҰ құрылымы:
Бүкіәлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы
Атқарушы комитет
Секретариат
ДДСҰ Штаб-пәтері
Штаб-пәтердің құрылымы:
Бас директор
Бас директордың орынбасары
Бас директордың кеңсесі
Департаменттер:
Отбасының, әйелдердің және балардың денсаулығы (FWC)
Денсаулық сақтау мен инновация жүйесі (HIS)
Ортақ басшылық (GMG)
Денсаулық сақтау мен қоршаған орта қауіпсіздігі (HSE)
АИВ/ЖИТБ, туберкулез, малярия және ұмытылған тропикалық аурулар (HTM)
Инфекциялық емес аурулар және психикалық денсаулық (NMH)
Полиомиелит, төтенше жағдайлар және мемлекеттермен ынтымақтастық (РЕС)
ДДСҰ-ның Басшылығы
ДДСҰ Бас директоры
ДДСҰ-ның Жарғысы бойынша Бас директор Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ассамблесының сессиясында Атқарушы комитеттің ұсынысы бойынша тағайындалады. ДДСҰ-ның мүше мемлекеттері өздерінің ұсыныстарын белгіленген түрде Атқарушы комитеттке жібереді.Атқарушы комитет алғашқы ұсыныстарды кандидаттар бойынша қарастырады, кандидаттардың қысқа тізімін құрастырады, олармен сұхбаттасу жүргізеді, кандидаттың физикалық жағдайына баға береді. ДДСҰ-ның Бас директорын сайлау кезеңі мен тәсілдерін жүргізуге жұмысшы мүше мемлекеттер тобы құрылды.
ДДСҰ-ның Бас директорлары
2007ж. -- қазіргі кез. Дәрігер Маргарет Чен (КНР)
2006--2007ж. Дәрігер Андерс Нордстрём (Швеция)
2003--2006ж. Дәрігер Ли Чон Ук (Корея Республикасы)
1998--2003ж. Дәрігер Гру Харлем Брунтланн (Норвегия)
1988--1998ж. Дәрігер Хироси Накадзима (Япония)
1973--1988ж. Дәрігер Хальфдан Малер (Дания)
1953--1973ж. Дәрігер Марколино Гомес Кандау (Бразилия)
1948--1953ж. Дәрігер Брок Чисхольм (Канада)
ДДСҰ-ның міндеттері:
ДДСҰ-ның қызмет ету аясы:
ДДСҰ-ның аймақтық бюролары:
ДДСҰ-ның региондары және аймақтық бюролары:
Европалық -- Копенгагенде (Дания)
Америкалық -- Вашингтонда (АҚШ)
Шығыс-Жерорта теңіздік -- Каирде (Египет)
Оңтүстік-Шығыс Азия (Азиялық) -- Делиде (Үндістан)
Тынық мұхитының Батыс бөлігі (Тынық мұхиттық) -- Манилада (Филиппин)
Сахараның оңтүстігіндегі Африка мемлекеттері (Африкалық) -- Браззавильде (Конго)
ДДСҰ-ның Жарғысының 44 бабына сәйкес 1949-1952 жылдар аралығында ДДСҰ-ның аймақтық бюролары ашылды:
Европалық аймақтық бюро -- Копенгагенде (Дания),
Америка мемлекеттеріне үшін аймақтық бюро -- Вашингтонда (АҚШ),
Шығыс-Жерорта теңіз мемлекеттері үшін аймақтық бюро -- Каирде (Египет),
Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері үшін аймақтық бюро -- Делиде (Үндістан),
Тынық мұхитының Батыс бөлігі үшін аймақтық бюро -- Манилада (Филиппин),
Африка мемлекеттері үшін аймақтық бюро -- Браззавильде (Конго).
Бұл Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясына «Бір бюро -- бір аймақ» қағидасын іске асыруға мүмкіндік берді. Көптеген шешімдер аймақтық деңгейде сонымен қатар, ДДСҰ-ның бюджетін талқылау және нақты аймақтық бюро жиналысының шешімін қабылдау жатады.
Әрбір бюрода жылына бір рет, әдетте күзде, жиналатын аймақтық комитет бар. ДДСҰ-ның аймақтық бюросының отырысында әрбір мүше мемлекеттің немесе ассоцияцияланған мүшесінің өкілі, сонымен қатар толық мойындалмаған мемлекет өкілдері қатысады. Мысалы, Палестина өкілі Шығыс-Жерорта теңіз аймақтық бюросының отырысына қатыса алады. Аймақтық бюроны аймақтық комитетпен сайланған аймақтық директор басқарады. Бюроның міндеттеріне шешімдерді бекіту жатады,бірақ 2004 жылдан бері аймақтық комитеттің шешімдерін қабылдамау жағдайы болып көрмеген. Аймақтық бюро басшыларын сайлау ешқандай пайда әкелмейтін тай таластың негізі болды. 1999 жылдан аймақтық бюро басшысы 5 жылға сайланады.
Аймақтық директор ДДСҰ-ның өз аймағы үшін басшысы болып саналады. Аймақтық басшы аймақтық бөлімдер мен арнайы орталықтардағы денсаулық сақтау жұмысшыларын және басқада мамандарды басқарады және/немесе бақылайды. ДДСҰ-ның Бас директоры мен ДДСҰ-ның аймақтық өкілі ретінде белгілі ДДСҰ-ның аймақтық бюро жетекшілерімен қатар аймақтық басшы аймақта тікелей бақылаушы қызметін де атқара алады.
ДДСҰ-ның басқа да бюролары
Қатерлі ісікті зерттейтін халықаралық агенттік -- Лионда (Франция).
ДДСҰ-ның денсаулық сақтауды дамытатын орталығы -- Коба (Япония).
ДДСҰ-ның Лиондағы бюросы -- Лион (Франция).
Жерортатеңіздік денсаулыққа қатерді азайтуға бағытталған ДДСҰ-ның орталығы -- Тунис (Тунис).
Европалық одақтағы ДДСҰ Бюросы -- Брюссел (Бельгия).
ТМД-ғы ДДСҰ-ның бюросы -- Мәскеу (Ресей).
БҰҰ-ға қарасты ДДСҰ бюросы -- Нью-Йоре (АҚШ).
Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорына қарасты ДДСҰ бюросы -- Вашингтон (АҚШ).
ДДСҰ-ның атқаратын қызметі
ДДСҰ-ның жұмысы жыл сайын денсаулықты қорғаудың маңызды мәселесін талқылайтын мүше мемлекеттердің өкілдері қатысатын Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясы түрінде ұйымдастырылған. Ассамблеялар арасында 30 мемлекет өкілін қосатын (олардың ішінде - 5 тұрақты мүшелері: АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, және Қытай) Атқарушы комитет негізгі жүйесін құрайды. ДДСҰ талқылау мен кеңес беруге техникалық, ғылыми және ақпараттық мәліметтерді дайындайтын, эксперттер кеңесінің отырыстарын ұйымдастыратын көптеген танымал мамандарды тартады. ДДСҰ-ның баспалық қызметі Бас директордың қызметі туралы есептемесін, статистикалық мәліметтерді, комитеттермен кеңестердің құжаттарын, сонымен қатар Ассамблеяның, атқарушы комитеттің есептемелерін, қарар және шешімдер жинағын қосатыны белгілі. Бұдан басқа ДДСҰ-ның «Бюллетень ВОЗ», «Хроника ВОЗ», «Международный форум здравоохранения», «Здоровье мира», «Ежегодник мировой санитарной статистики», монография сериялары және техникалық баяндамалары шығарылады. Ресми ағылшын және француз тілдері болып табылады, жұмысшы(көрсетілгеннен басқа) - орыс, испан, араб, қытай, неміс тілдері болып саналады.
ДДСҰ-ның әрекеті 5-7 жыл ортақ бағдарламаға сай жүзеге асады, жоспарлау 2 жылға жүргізіледі. Қазіргі таңда басым бағыттар болып мыналар саналады:
ДДСҰ көптеген маңызды мәселерді шешеді.ДДСҰ-ның бастамасы бойынша және ұлттық денсаулық сақтау жүйелерінің қолдауымен шешек ауруын жою науқаны жүргізілді, соның ішінде елеулі нәтижеге жеткендері таралуы 2 есе азайған безгек ауруы( соңғы жағдай 1981 жылы тіркелген), 6 инфекциялық ауруларға қарсы иммундау бағдарламасы, АИВ анықтау және онымен күресу ұйымы, көптеген мемлекеттерде анықтамалық-ақпараттық орталықтарды құру, алғашқы медицина-санитарлық көмек қызметтерін, медициналық мектептерді, оқу курстарын құру және т.б. жатады. ДДСҰ-ның негізгі көздеген мақсаты - мем лекеттерге консультативті, экспертті және техникалық көмек, мемлекеттерді денсаулықты қорғаудың негізгі проблемасын шешуде өзіне өзі көмектесе аларлықтай, қажетті мәліметтер беру. Қазіргі кезде ДДСҰ ұлттық денсалық сақтау жүйесінің айрықша маңызды бағыттарын анықтады: АИВ/ЖИТБ, туберкулез, безгек, жүктіліктің қауіпсіз өтуіне жәрдемдесу - ана мен бала денсаулығы, жасөспірімдер денмсаулығы, психикалық денсаулық, созылмалы аурулар.
ДДСҰ-ның қаржыландырылуы
Ресми сайтқа сәйкес 2006-2007 жылдары ДДСҰ-ның бюджетінің жалпы сомасы шамамен 3,3 миллиард АҚШ долларын құраған. Оның ішінде 28 % -- ДДСҰ-ның мүше мемлекеттерінің тұраөты төлемдері, ал 72 % -- ДДСҰ-ның мүше мемлекеттерінің ерікті жарнасы, БҰҰ төлемдері, үкіметаралық және үкіметаралық емес ұйымдардың, қорлардың, жергілікті басқарушы органдардың, жеке сектор мен пайыздан түсім.