Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 20:24, реферат
Ботулизм - көбінде өлімге әкеліп, соғатын тағамнан улану. Бұл ауру тағам құрамында асқазан сөліне төзімді улы токсиннің болуымен маңызды. Ботулизм термині өзінің атын латын сөзі «botulus» - тан бастау алады, себебі бұрынғы кезде осы тағамнан улану көбінде шұжықпен байланысты болған. Қоздырғыш анаэробты жағдайда тіршілік етеді, яғни өмір сүру ортасында оттегі болмауы керек. Микроорганизм бөліп шығаратын токсин эпидемиологиялық маңызды болып табылады, айта кету керек, бірақ, тағамның дәмі, сыртқы түрі ешбір өзгеріске ұшырамайды, тек өте сирек кездестін белгі - газ бөлінуіне байланысты қақпақтың көтерілуі («бомбаж»). Ағзаға түскен токсиндер жүйке жасушаларына барып тұрып қалғаннан соң, ағзадан бөлініп шықпайды, бұл тыныс алу және жүректің жұмысының жеткіліксіздігінен өлімге әкеліп соғады.
Ботулизм - көбінде өлімге әкеліп, соғатын тағамнан улану. Бұл ауру тағам құрамында асқазан сөліне төзімді улы токсиннің болуымен маңызды. Ботулизм термині өзінің атын латын сөзі «botulus» - тан бастау алады, себебі бұрынғы кезде осы тағамнан улану көбінде шұжықпен байланысты болған. Қоздырғыш анаэробты жағдайда тіршілік етеді, яғни өмір сүру ортасында оттегі болмауы керек. Микроорганизм бөліп шығаратын токсин эпидемиологиялық маңызды болып табылады, айта кету керек, бірақ, тағамның дәмі, сыртқы түрі ешбір өзгеріске ұшырамайды, тек өте сирек кездестін белгі - газ бөлінуіне байланысты қақпақтың көтерілуі («бомбаж»). Ағзаға түскен токсиндер жүйке жасушаларына барып тұрып қалғаннан соң, ағзадан бөлініп шықпайды, бұл тыныс алу және жүректің жұмысының жеткіліксіздігінен өлімге әкеліп соғады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын гастроэнтерит симптомдары жатады (жүректің айнуы, құсу, бас ауру), бара – бара бұл ботулизм ауруына тән жүйке жүйесінің жұмысының бұзылу белгілеріне ауысады (көз еттерінің жансыздануы, қарашығының үлкейуі, заттарды екеуден көру - диплопия, жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, сөйлеудің афонияға дейін бұзылуы, жұту және шайнау актілерінің бұзылуы және т.б.).
Ботулизмнің алдын алу мақсатында облыс халқының назарын келесі мәселелерге аударғымыз келеді:
Ботулизм ауруы ботулизм таяқшаларымен зақымдалған тағамдардың әсерінен туындайды. Ботулотоксиннің ауру қоздырғышы топырақта ұзақ сақталады, жазғы маусымда көбейіп, өсіп суыққа оңайлықпен өлмейді, топырақта қоздырғыш 10 жылдай сақталады. Ботулизм жер шарының кез-келген аймағында кездеседі, алайда көбіне консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтар арасында көптеп кездеседі.
Ботулотоксиннің ауру қоздырғышы топырақта ұзақ сақталады, жазғы маусымда көбейіп, өсіп суыққа оңайлықпен өлмейді, топырақта қоздырғыш 10 жылдай сақталады. Ботулизм жер шарының кез-келген аймағында кездеседі, алайда көбіне консервіленген өнімдерді көп қолданатын халықтар арасында көптеп кездеседі.
Барлық ауылшаруашылық өнімдері топырақпен, мал қиларымен ластанып, ботулизм қоздырғышымен зақымданып, сол арқылы адамның тамақтан улануы мүмкін. Адам ботулизм қоздырғышымен токсинмен уланған тағам түрін пайдаланғанда ғана ауырады. Ботулизм қоздырғышы консервіленген өнімдерде, әсіресе үй жағдайында қолдан жапқан банкілер термиялық өңдеуден толық өтпеген жағдайда тез көбейеді. Ботулизм адамнан адамға жұқпайды. Ботулизм қозырғышы өте улы, егер адам ботулизм уымен зақымданған тамақты жұтпай, тек аузына алса да улануы мүмкін. У тез адамның асқазаны мен ішегі арқылы қанға түсіп, сосын миды улайды. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 сағаттан 1-2 күнге дейін созылады.
Ботулотоксинмен уланғанда адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін, бұл көз нервісі жүйесінің зақымдануына байланысты болады. Онан соң жұтыну қиындап, мойны, дене бұлшық еттері әлсіреп, іш қатады, ауыр демалады, мұның соңы өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
Сондықтанда тамақтан уланудың «ботулизмнің» алдын-алу үшін базарлардан, сауда дүкендерінен сапасы белгісіз, сапасын куәландыратын құжатсыз сатылып жатқан үй жағдайында консервіленген тамақ өнімдерін сатып аларда үлкен көңіл бөлінуі керек. Үйде қолдан консервілеу, қақтау, сүрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде, шикі заттың тасымалдануы, сақталынуы, санитарлық-гигиеналық, термиялық өңдеу ережесінің сақталуы, қатаң қадағалануы тиіс.
Құрметті тұрғындар, үй жағдайында консервіленіп дайындалған тағамдар Сіздің денсаулығыңызға зиян келтіретіні туралы естен шығармағаныңыз жөн.