Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 23:11, реферат
Зерттеулерге келетін болсақ аурудың көп бөлігін стафилакокк туғызып қана қоймай сонымен қатар грамм теріс басқа да микроорганизмдер туғызатыны белгілі болды. Солардың ішінде: ішек таяқшалары, протей, Klebsiella және басқалары. Олар көбіне іріңді жараларда, соқырішек кезінде организмге еніп, ағзаны зақымдайды. Сол себептен қабыну кезінде анаэробты микроорганизмдер өзге орталарда дами алмайды, тірі организмде қабыну процессі кезінде өз тіршілігін жалғастырады. Сондықтан анаэробтарға қарсы арнайы транспорттық орталар қолданылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бактероидтар туралы түсінік
Анаэробты қоздырғыштар
Сіреспе ауруы туралы мәлімет
Газды гангрена және ботулизм
ІІІ. Қорытынды
Аурудың патогенезі мен клиникалық көрінісі. Жарақатқа түскен клостридиялар газ түзе отырып жарақатталған тінде некроз туғызуыүшін ол жерде қоздырғыштардың көбеюіне жағдай жасалуы керек.
Жергілікті инфекциялық процес әуелі ісіну, сосын тіндердің ферменттермен токсиндердің әсерінен некроздануымен жүреді. Организмнің аса күшті бактерия токсиндерімен некрозданған тінмен улануы қатар жүреді.
Емдеу принциптері: жарақатты сапалы алғашқы хирургиялық өңдеу, поливалентті газды гангренаға қарсы сарысу енгізу, анаэробты флораға әсер етуші антибактериалды препараттар, жергілікті анаэробты инфекцияға қарсы ем жүргізу.
Лабораториялық диагностикасы. Аурудың лабораториялық диагностикасы шешуші роль атқармайды. Себебі жарақаттан алынған материалдан клостридияларды ңбөлінуі, инфекцияның анаэробты екенінің, олардың табиғатта кең таралуына байланысты дәлелі бола алмайды. Бактериологиялық зеріттеу үшін жарақат тіні, ісік сұйықтығы, топырақ, дәке т.б. алынады. Микробиология-лық зеріттеу клостридияларды бөлумен идентификациялауға бағытталған.
Профилактикасы. Ең алғашқы, нәтижелі профилактикалық шара жарақатты хирургиялық өңдеу. Газды гангрена дамуы мүмкіндігіне күдік туған жағдайда поливалентті антитоксикалық сарысу енгізу. Сонымен қатар арнамалы бактериофаг, антибиотиктер, антитоксикалық иммунитет үшін анатоксин қолданылуы мүмкін.анатоксин сіреспе анатоксині сияқты нәтиже бермейді, сондықтан жие қолданылмайды.
Ботулизм (барлық Европа халықтарының тілінде ботулизм) - тағамдық токсиконфекция тобына жататын, нәжісауыз механизмімен берілетін, ботулоток-синнің синапстардан қозудың өтуін тежеуіне байланысты көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттердің парез, параличімен сипатталатын ауру.
Аурудың маңызы ақырының науқастың өмірі үшін аса қолайсыздығына (өліммен аяқталу 20%-дан 70%-ңа дейін жетеді) қоздырғыштың табиғатта кең таралуына, спора түзуіне орай, абиотикалық ортада ұзақ сақталуына, тұрмыстық жағдайындағы тағамды консервілеудің, ыстаудың, тұздаудың кең қолданылуына орай эпидемиологиялық бақылаудың қиындықтарына байланысты.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы клостридиялар тұқымдасына жататын СІ. Botulinum (лат. botulus –шұжық, botulism- шұжық уымен улану). Қоздырғышты 1896 жылы Голландияда Э. Ван Эрменгем ашқан.
CI. botulinum ірі (4,4-8,6 х 0,3 мкм),ұштары доғал келген, әлсіз қозғалатын, грам оң боялатын, тек анаэробты жағдайда ғана өсетін таяқшалар. Спора түзеді. Түр 7 серологиялық варианттарға бөлінеді: A,B,C1,C2,D,E,F,G.
Барлық сероварлар анаэробты жағдайда, негізінен абиотикалқ ортада, 35-40°С температурада экзотоксин түзеді. Экзотоксин – нейротоксин мен гемагглю-тининнен тұратын улы, кешенді қосылыс. Токсин қайнатқан кезде (100°С) 20 минутта ыдырап, нейтралданады.
Ботулотоксин ең күшті биологиялық у, оның кристалданған түрінің 1 граммы милиондаған адамды өлтіруге жеткілікті(биологиялық қару түрінде). Токсин тек асқазан - ішек жолдары арқылы түскенде ғана улы әсер етеді.
Қоздырғыштың көзі және табиғаттағы резервуары сиыр, шошқа, жылқы, тауық, қоян, егеуқұйрық сияқты үй және жабайы жануарлар, балық, су құстары. Ауру адам эпидемиологиялық қауіпсіз. Жануарлардың тасмалдаушылығы кейде өмір бойына созылуы мүмкін.
Инкубациялық кезең орташа 4-6 сағат. Бұл кезең 2 сағаттан 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Кезеңнің ұзақтығы залалдау дозасына байланысты. Алғашқы 24-36 сағаттың ішінде қандағы консентрациясы ең жоғарғы деңгейіне жетеді.
Берілу механизмі - нәжіс-ауыз. Берілу жолы - алиментарлы (тағам жолы). Берілу факторлары ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саң-ырауқұлақ, ет, балық консервілері, шұжық.топырақта немесе жануарлар нәжісі-мен ластанған кез-келген тағам түрінде CI. botulinum споралары болуы мүмкін. Бірақ тек анаэробты жағдайда сақталып, сақталу температурасы 35°С деңгейінде болса ғана экзотоксин түзіліп, ауру дамиды.
Тағамдық уланудан өзге ботулизм қоздырғышы түскен анаэробиоз жағдайы жасалған жарақатта да ботулизм дамуы мүмкін.
Эпидемиялық процестің көрінісі. Ботулизм спородиялы немесе топталып ауруға шалдығу түріне көрінеді. Үй тағамдық консервілеу дәстүрге айналған елдерде кездеседң.
Ботулотоксинге адамдардың сезімталдығы жоғары. Қазақ халқы ет тағамдар-ын тұздап, кептіріп, ыстап сақтайды, сондықтан анаэробиоз жағдайы көп туында-майды. Қазақстандағы қала тұрғындары арасында көкөніс, саңырауқұлақ консер-вілерін үйден дайындау (әсіресе орыс, кәріс т.б. ұлт өкілдері арасында) тарал-ған.Осыған байланысты ауруға шалдығу споройдиялық түрде тіркеліп отырады.
Аурудың потогенезі мен негізгі клиникалық белгілері. Ботулизм токсикоинфекция тәрізді өтеді. Ботулотоксин асқазан –ішек жолдарынан қанға тез сіңіріледі. Инфекциялық процеске тән процестер болмайды. Ботулотоксин орталық жүйке жүйесіне әсер етіп нейроциттердегі синапстарда импульс тасмалдаушы ацетилохиннің бөлінуін тоқтатады. Сөйтіп, көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттерде қозу мен жиырылу тоқтайды, яғни парез, паралич дамиды. Ауру мионеврологиялық симптомдармен көрініс береді, әр түрлі ағым варианттарымен басталады (гастроэнтериттік, «көз» варианты, жедел тыныс жетіспеушілік), қай вариант болса да қалыпты температурада, ақыл-естің бұзылуынсыз өтеді. Аурудың ауыр ағымында сырқат 3-4 сағатта тыныс, жүрек параличінен өледі. Өліммен аяқталу 85% дейін жетеді. Дер кезінде көп валентті антитоксиндік сарысу енгізу өлімді 15-20% дейін төмендетеді.
Емдеу принциптері. Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейі сәйкес сары су енгізіледі. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер қолданылады.
Лабораториялық диагностикасы. Лабораториялық зеріттеу ботулотоксинді, оның типін анықтау және CI. botulinumді табу мақсатында жүргізіледі. Бактериологиялық зеріттеу үшін күдікті тағам, аурудан нәжіс, құсық, шайынды алынады. Ботулотоксин, оның типі биологиялық сынама жасау арқылы анықталады. Сынама ақ тышқандарға жүргізіледі. Олардың әр қайсысына сынама алдында антитоксикалық сарысудың әр түрлері енгізіледі. Содан кейін аурудың зәрін немесе қанын тышқандарға жібереді. Антитоксикалық сары су типі сәйкес келген тышқан тірі қалады.
Профилактикасы. Ботулизмнің алдын алу шаралары тағамды өңдеу, тасмалдау, сақтау барысында санитарлық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше технологиялық, сонитарлық назарда консервілеу, кәсіпорын-дарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақлау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұрыс жұмыс істеуі т.б. ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі- тасмалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Балық өнімдерін өндіру, кәсіпорындары балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау керек.
Қорытынды
Инфекцияның дамуында 3 түрлі факторлар өзара әрекеттеседі: патогендік микроорганизмдер, ауруға шалдыққыш микроорганизм және сыртқы орта, өзара әрекеттесуі болады. Ауруды туғызу үшін микроорганизмдер патогендік және вируленттік қасиетті оларды ауру қоздырушы ретінде көрсетеді.
Патогендік-эволюциялық әрекетін арқасында
микроорганизмдердің генитекалық белгілері
арқылы ауру туғызатын айтады. Патогендік
микроорганизмде микроорганизм тіршілік
ету үшін көптеген генитикалық ферменттермен
структуралармен айқындалады. Газды гангрена
қоздырғышы адам ішегінде тіршілік етеді,
жарақаттанған, әсіресе язвалық жарақатқа
түссе өлімге алып келеді. Патогендік
тек кейбір микроорганизм мен адам ағзасы
арасында немесе микроорганизм және белгілі
бір иесі арасында болады.
Вируленттік-микроорганизмдер патогенді
өзінің негізгі иесінде мөлшері. Вируленттік
жеке микроорганизм ішіндегі ауыспалы
штамы. Әр түрлі аурулар туғызу қасиеттілігі
бар. Патогендік және вируленттік микроорганизмдері
сыртқы ортаға тіршілік ету барысында
улы токсиндер, ферменттер бөледі, клетканың
мембраналық қабығын бұзып, ұлпаларға
өтіп, клетканың структурасын бұзады.
Патогенді микробтар вируленттігі ауытқып
отырады. Ағзадан бөлініп алған вирулентті
микроб, жасанды ортада лабараторияда
өсіргендігіне қарағанда қауіпті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Б.А. Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы,
Медициналық микробиология,
2. Ә. Есенқұлов, Қазақ Энциклопедиясы(медициналық), 9 том
3. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті «Жалпы микробиология» Алматы 2008 ж.
4. Интернет желісі