Бактероидтар туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 23:11, реферат

Краткое описание

Зерттеулерге келетін болсақ аурудың көп бөлігін стафилакокк туғызып қана қоймай сонымен қатар грамм теріс басқа да микроорганизмдер туғызатыны белгілі болды. Солардың ішінде: ішек таяқшалары, протей, Klebsiella және басқалары. Олар көбіне іріңді жараларда, соқырішек кезінде организмге еніп, ағзаны зақымдайды. Сол себептен қабыну кезінде анаэробты микроорганизмдер өзге орталарда дами алмайды, тірі организмде қабыну процессі кезінде өз тіршілігін жалғастырады. Сондықтан анаэробтарға қарсы арнайы транспорттық орталар қолданылады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
 Бактероидтар туралы түсінік
 Анаэробты қоздырғыштар
 Сіреспе ауруы туралы мәлімет
 Газды гангрена және ботулизм
ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

4.docx

— 35.31 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

    • Бактероидтар туралы түсінік
    • Анаэробты қоздырғыштар
    • Сіреспе ауруы туралы мәлімет
    • Газды гангрена және ботулизм

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Соңғы уақытта беттің және мойынның қабыну ауруларға шалдығуының этиологиясының шартты-патогендік микроорганизмдер жұқтырушы болып табылады. Олардың арасында ең жиі бактероид және фузобактерии кездеседі. Бактероидтар -  адамның бір қалыпты микрофлорасының негізгі өкілдері. Олар грамотеріс таяқшалардың өкілі болып табылып, өлшемі 0,5 ден 3 мкм дейін кездеседі. Фузобактериоз - облигаттық анаэробтық грамотеріс бактериялар болып табылады.

           Зерттеулерге келетін болсақ аурудың көп бөлігін стафилакокк туғызып қана қоймай сонымен қатар грамм теріс басқа да микроорганизмдер туғызатыны белгілі болды. Солардың ішінде: ішек таяқшалары, протей, Klebsiella және басқалары. Олар көбіне іріңді жараларда, соқырішек кезінде организмге еніп, ағзаны зақымдайды. Сол себептен қабыну кезінде анаэробты микроорганизмдер өзге орталарда дами алмайды, тірі организмде қабыну процессі кезінде өз тіршілігін жалғастырады. Сондықтан анаэробтарға қарсы арнайы транспорттық орталар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Бактероидтар -  адамның бір қалыпты микрофлорасының негізгі өкілдері. Адамның иммундық қорғаныш жүйесі төмендегенде, қабыну процессі кезінде, іріңді жаралар кезінеде анаэробты микроорганизмдер көбейеді. Қазіргі уақытта бактероидардың 20-дан астам түрі кездеседі. Олардың көбі патологияға ұшыраған науқастардың организмінен алынады. Ең көп таралған  меланиногеникус және фрагилис болып табылады. Іріңді жара инфекциясы жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Жергілікті ірінді инфекцияға абцесс, флегмона, тілме қабынуы және т.б. жатады. Жалпы іріңді инфекция кезінде қоздырғыштар қанға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, оны сепсис деп атайды. Бұл жағдайда сырқаттың жағдайы нашарлайды – ыстығы 39-40 градусқа дейін қөтеріледі, жүрегінің жұмысы мен демі бұзылады, қанның құрамы өзгереді, тері қанағыш келеді, бауыр және көкбауыр қабынады, емдемесе сырқат өліп кетуі мұмкін. Емдеуі: антибиотиктер, сульфаниламидтер, жылу басу, физиотерапия, ауыр жағдайда – қан, плазма құю. Ірің түзелген кезде хирургиялық жолмен емдеу.

                Бактерондтар туралы сұрақтар әлі дұрыс шешілген жоқ. Бактероидтар 1г нәжіс құрамында 107-1011 мөлшерінде болады. Бұл грам теріс таяқшалар,қатал анаэробты қозғалатын және қозғалмайтын,ұсақ колониялар түзетін, қоректік ортаға талғампаз. Олар адам ішегінде үнемі тіршілік етеді,олардын саны басқа да СКМО -лар сияқты жоғарлауы мүмкін. 
 
     СКМО сияқты бактероидтардың артықшылығы: 

1.Бактеройдтар көп олар үлкен  көлемде сыртқы ортаға бөлініп  отырады.

2.Олардың сыңарлары болмайды.

3.Сыртқы ортада көбеймейді.

4.Ішек таяқшалары сияқты емес, сыртқы ортада тез тіршілігін  жояды, сондықтан жаңа фекальдік  ластаушылардың көрсеткіші болып  табылады.

 
             Бірақ оларды өсіруде қиындықтар  туындайды,сондықтан арнайы қоректік  орталар және ерекше дақылдандыру  жағдайын жасау қажет.

             Ауыз қуысы көптеген микроорганизмдердің  негізгі кіретін жолы негіздік  реакция, тамақ қалдықтары және  термостатта температура, осының  бәрі олардың дамуына ықпал  жасайды. Көптеп кездесетіндері: стрептококктар, стафилококктар, нейссериялар, вейлонеллалар, фузобактериялар,  бактероидтар, лактобацилдер, спириллалар,  вибриондар және дрожждар. 

             Стафилакокк қоздырушысы болып  табылатын бірнеше аурулар тобы  бар, мысалы:

флегмона (көне грекше: φλεγμονή — қабыну) — дәнекер тінде болатын қабыну. Флегмона адамда, көбінесе, тері астындағы, алақан, табан, мойын, жамбас қуысында, т.б. жерлерде орналасқан майлы және дәнекер тіндерді зақымдайды. Флегмонаның бітеу жарадан айырмашылығы іріңді қабынудың басқа аймақтардан (тіндерден) шектейтін анық шекарасы болмайды.   

             Аурудың қоздырғыштарына: стафилококк, стрептококк, анаэробты және іріңді микробтар, ішек таяқшалары жатады. Микробтар тіндерге әр түрлі жарақаттардың салдарынан зақымданған тері, кілегей қабаттары арқылы немесе бітеу жара, көршиқан, шиқан, т.б. аурулардың іріңді ошақтарынан қан арқылы енеді. Флегмония диабет, витамин жетіспеушілік, организмнің әр түрлі себептерден әлсіреуі сияқты жағдайлардан жиі дамиды. Қабыну процесінің барысына қарай Флегмона: серозды, іріңді, т.б. түрлерге бөлінеді. Аурудың жалпы белгілері: қабыну ошағы пайда болған жер ісініп, дене қызуы көтеріледі. Ауырған жердің терісі қызарады, бірақ бір ерекшелігі, оның қалыпты тіндерден бөлініп, нақ көзге көрінетін анық шекарасы байқалмайды. Ауру үдеген сайын науқастың дене қызуы жоғарылап, басы ауырады, ұйқысы қашып, асқа тәбеті болмайды. Флегмонаны дер кезінде емдемесе, ол адам өміріне өте қауіпті. Егер ауру асқынып кетсе, организмде сепсистің дамуына әкеледі. Бет, мойын аймағындағы Флегмона асқынып кетсе миға зақым келуі мүмкін. Саусақтардағы Флегмонаның ауыр түрінен саусақтар бүгіліп-жазылу қимылын жоғалтады. Флегмонаны емдегенде негізінен хирург. операция жасалынады. Ауру асқынбаған жағдайда қабынған жерге әуелі суық, одан кейін жылу басады, антибиотиктер береді.

 

            Анаэробты қоздырғыштар өте қауіпті асқынулардың бірі, көбінесе қол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында сонымен қатар алғашқы жараны сапасыз емдеуді жүргізген жағдайда пайда болады. Алғашқы көрінісі жарақаттанғаннан кейін бірнеше сағаттан, бірнеше күннің арасында болуы мүмкін. Аяқ-қол (көбінесе аяқ) ісінеді, тіндер өлуі өршиді, жалпы жағдайы нашарлайды: токсинмен ағзаның улану белгілері пайда болады. Дер кезінде көмек көрсетпесе (көбінесе зақымданған аяқтың бөлігн амплутациялау) өлім қауіпі туады. Процес басталуынан және ағзаның өлуіне дейін өте тез (сағаттар), жедел (тәуліктер) және баяу ағымда (бірнеше күннен аптаға дейін) дамиды.

Гангренаны бактерияның клостридий түрі шақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал споралары қайнатқанда да өлмейді. Жарада оттегі түспегенде дамиды.

             Анаэробты қоздырғыштарға (инфекцияларға) сіреспе, газды гангрена және ботулизм жатады.олар жаралар инфекцияланғанда және организмнін басқа да зақымдалуларында жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы бөлімде жан-жақты айтылады.

            Сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) – сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен бұлшық еттердің сіресуімен асфекция дамуы мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру.

             Аурудың маңызы ауыр клиникалықағымына, өлім деңгейінің  жоғарылығына, кең таралғандығына, инфекцияның сапрозоонозды (инфекция көзінің көптүрлілігі) сипатына байланысты.

             Этиологиясы. Сіреспе қоздырғышы - Clostridium tetani Bacillaceae  туысына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Аэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойы сақталады. Анэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті цормаға айналады. Вегетативті формадағы қоздырғыштар грам оң боялады, қоғалады (талшықтары арқылы). О- және Н – антигендік топтармен сипатталады, Н- антигеніне байланысты 10 серологиялық варианттарға бөлінеді.

               Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, кілегей қабаты арқылы сіңіріле алмайды.Сіреспе эндотоксині 3 бөліктен құралған:тетаноспазмин, тетаногемализин және ұсақ молекулалық бөлік.

              Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өледі.

              Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3-6 сағатта жойылаы.

              Инфекция көзі. Шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер,құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан-ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетативті формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді . осы құбылысқа қарай сіреспені сапроантрозоонозды инфекцияларға жатқызуға болады. Ауру адам қауіпсіз.

               Қоздырғыштың берілу механизмі – жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының клегей қабаты арқылы да өтуі мүмкін. Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медицинада,өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсікпен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң ластанған әр түрлі тұрмыс эаттары, хирургиялық, акушерлік құралдар.

            Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 6-14 күн.

            Эпидемиялық процестің сипаты. Сіреспе кең таралған ауру. әсіресе субтропикалық, тропикалық аймақтар жаппай иммундауға дейін эпидемиялық ошақтар болады. Ауру негізінен жылдың жыллы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Бүкіл ауруға шалдыққандардың 90% дейіні ауыл тұрғындары. Балалар ересектерге қарағанда 2,5 есеге дейін жиі ауырады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді.

             Сіреспенің патогенезі мен клиникалық көрінісі. Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетативтің формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Потологиялық процесс  осы экзотоксиннің әсерінен дамиды.

              Процестің өліммен аяқталуы 35-40% дейін жетеді.

Сіреспе клиникасына сыртқы тітіркендірулердің әсерінен әуелі шайнау еттерінің  сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкі (ауызбен  күлу) пайда болуымен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуіненомыртқа  жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық  «бағана тәрізді жағдайға» түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске  қарай  Гиппократ «Tetanus» деп  ұсынған.

Жаңа туған нәрестелер сіреспе  болғанда сору етінің сіресуінен еме  алмайды. Бетінде қиналу белгісі  пайда болады. Қаңқа бұлшық еттерінің  сіресуінен «тарбақ-қа» тәрізді  болып жатады. жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді.

             Емдеу принциптері. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты, сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Ем экзотоксинді нейтралдаушы сіреспе сарысуымен, иммуноглобулинмен жүргізіледі. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу, сіресуге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалынады.

             Лабораториялық диагностикасы клиникоэпидемиологиялық маңызды ша-ра болып табылмайды. Күнделікті қолданыс үшін жолға қойылған тәсілдері жоқ. Қоздырғышты бөлу үшін анаэробты жағдай жасалып, қынап, құрсақ, жарақат материалдары себіледі. Қаннан экзотоксин бөлінбейді. Өсіндідегі экзотоксин  сіреспе иммуноглобинімен жанама гамагглютинация реакциясын қою арқылы анықталады.

             Профилактикасы. Арнамалы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау,дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Сіреспеде антимикробты иммунитет  қалыптаспайды.

             Сіреспеге қарсы жедел иммундау ҚР ДСМ 15.10.97 ж. №526 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жедел иммундау АС-анатоксинмен сіреспеге қарсы адам иммуноглобулинімен (ПСЧИ) және тазартылған сіреспеге қарсы жылқы сарысуымен жасалынады. Препаратты таңдау, оның дозасы жарақаттанушының иммундық статусына байланысты жүргізіледі (схема бойынша).

             Газды гангрена (грек.-gangraina, жегі жара син.-анаэробты жарақат инфекциясы)- сапронозды анаэробты, қоздырғыштары жанасу механизмі арқылы берілетін, ауру жалпы интоксикациямен жергілікті ісікпен газ түзілумен, некрозданумен сипатталатын жұқпалы ауру.

              Аурудың маңызы ауру ағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, қоздырғыштарының табиғатта кең таралғандығына байланысты.

               Этиологиясы. Қоздырғыштар Clostridium тустығына жататын спора түзуші бактериялар. Газды гангрена көп жағдайда жарақаттың C. pertringens, C. novgi, C. septicum, одан гөрі сирегірек C. Histolyticum, C. lifermentans, C. ramosum, C. sporogens, C. fallax, C. sordelli  түрлерімен ластануына байланысты дамиды. Ең кең таралған С. pertingens ( лат.pertingono, бұзу, жару) А,В,Е,І токсиндерін түзу қабілетіне қарай алты сероварианттарға (А,В,С,D,E,F) бөлінеді. Адамда аура туғызатын негізінен А типі. Ауру газды гангрена (жарақаттанғандарда) немесе тағамдық токсиконфекция түрінде дамиды.

Газды гангренаның дамуы токсиндермен байланысты. Споралар қайнатқанда бірнеше  минутта жойылады. Вегетативті формалары  әдетте қолданылатын дезенфектанттармен жойылады.

             Инфекция көзі. Клостридиялардың резервуары шөп қоректі жануарлар, адам. Споралар топрақта және онымен ластанған кез-келген объектілерде сақталады.

Инкубациялық кезең бірнеше  сағаттан 5 күнге дейін созылады.

             Қоздырғыштардың берілуі: сіреспе қоздырғышы тәрізді жарақатты газды гангрена қоздырғышы да әр түрлі факторлардың (жарақат, күйік, үсік) әсерінен зақымдалып езілген, жыртылған тері арқылы енеді.жарқат орны ластанумен қатар терең тесіліп, онда қалта тәрізді өзек болуы керек. Қоздырғыштар жарақатқа топырақпен шаңмен түседі. Асептика ережелері сақталмаған жағдайда медициналық мекемелерде де залалдану болу мүмкін. Қоздырғыш жарақатқа абиотикалық ортадан спора түрінде түседі.

Информация о работе Бактероидтар туралы түсінік