Азық түлік коспалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Мая 2013 в 19:28, дипломная работа

Краткое описание

Мен өз жұмысымда бүгінгінің тағамы ертеңгі күні денсаулыққа қалай әсер ететінін анықтауға бел будым. Тамақтану мәселесі әр адам үшін актуалды. Тағам индустриясының белсенді дамуы адам ағзасына кері әсер ететін зиянды тағамның көбеюіне әкелді. Осы жерде менің ойыма бір аңыз түседі: «Бірде Насреддинге бір науқас келіп ішінің ауырып тұрғанына шағым айтады. Насреддин одан не жедің деп сұрағанда, науқас түскі асқа не жегенін айтып береді. Насреддин оған көз тамшыларын жазып береді. Түсінбеген науқас іш ауруына көз тамшылары немен көмектеседі деп аң-таң болғанда, Насреддин оған «Келесіде не жеп отырғаныңды көріп отырасың» - деп жауап қайырыпты».
Бүгінде өндірушілердің азық түлік қоспаларын қолднуының бірнеше себептерін бөліп көрсетуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдык жумыс.docx

— 91.49 Кб (Скачать документ)

3) өңделмеген тамақ өнімдерін; пастерленген немесе стерильденген, шоколадты сүтті, қышқылсүтті өнімдерін, хош иістендірілмеген пахтаны; консервіленген, концентрацияланған, қоюландырылған, хош иістендірілмеген сүтті, кілегейлерді өндіру кезінде бояғыштарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Бояуға рұқсат етілмейтін өнімдерден басқа, қолданылуы техникалық құжаттармен регламенттелетін бояғыштарды тамақ өнімдерінің барлық түрлері үшін пайдалануға болады.

Мынадай тамақ өнімдерін:

1) пюрелерді, пасталарды (көкөністерден басқа) қоса алғанда, көкөністерді (зәйтүннен басқа), жемістерді, жас, кептірілген саңырауқұлақтарды, консервіленген саңырауқұлақтарды;

2) жұмыртқалар мен жұмыртқадан жасалған өнімдерді (пасхаға арналған жұмыртқалардың қабығын бояу үшін);

3) басқа ингредиенттер қосылмаған, шикі тартылған етті қоса алғанда, етті, құс етін, жабайы құс етін, балықты, шаян тәрізділерді, тұтас немесе кесек немесе ұсақталып тілінген моллюскаларды;

4) ұнды, жармаларды, бұршақ жармаларын;

5) жеміс және көкөніс шырындарын, пасталарды, пюрелерді;

6) қантты, глюкозаны, фруктозаны (рафинад қантты өндіруде ультрамаринді пайдалануға болады);

7) балды;

8) какао өнімдерін;

9) қуырылған кофені, цикорийді, шайды;

10) дәмдеуіштерді және одан жасалған қоспаларды;

11) ас тұзын, тұзды алмастырғыштарды;

12) үш жасқа дейінгі дені сау және ауыратын балаларға арналған арнайы тамақ өнімдерін;

13) шөлмекке құйылған ауыз суды;

14) сиыр сүтінен жасалған майды, май пастасын (B-каротиннен басқа) өндіру кезінде тиісті техникалық регламенттерде белгіленген белгілі бір бояғыштарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.

Тамақ өнімдерін бояу үшін ең жоғары деңгейі бояғыштардың еритін нысандарына арналған регламенттерге (деңгейлерге) сәйкес келуі тиіс суда ерімейтін лак түріндегі бояғыштарды пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағамдық бояғыштар үшін ең жоғары деңгейлер тамақ өнімінде негізгі бояйтын заттың мазмұнын көрсетеді.

Бояғыш тағамдық қоспаларға мыналар жатпайды:

1) қайта бояу әсері бар тамақ өнімдері (мысалы: жеміс және көкөніс шырындары немесе пюрелер, кофе, какао, шафран, паприка);

2) тамақ өнімдерінің жеуге болмайтын сыртқы бөлігін бояу үшін қолданылатын бояғыштар (ірімшіктер мен шұжықтардың қабықтары, етке таңба басуға, жұмыртқалар мен ірімшіктерді таңбалауға арналған).

Ет өнімдерін өндіру кезінде нитриттер кешенді тамақ өнімдерінің құрамында немесе нитритті-тұзды қоспалардың немесе жұмысқа арналған ерітінділер түрінде ғана оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген сақтандыру шаралары сақтала отырып қолданылуға тиіс.

Тәтті дәм бергіштер (интенсивті) энергетикалық құндылығы төмен тамақ өнімдерінде және медициналық көрсеткіштер бойынша қантты пайдалануды шектеу (немесе пайдаланбау) ұсынылатын адамдарға арналған арнайы диеталық өнімдерде қолданылады.

Медициналық көрсеткіштер бойынша балаларға арналған арнайы өнімдерден басқа, балалар тағамы өнімдерін өндіруде тәтті дәм бергіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Табиғи қант алмастырғыштарды табиғи тәтті дәм бергіштерді және олардың қоспаларын, сондай-ақ басқа да тағамдық ингредиенттермен (толтырғыштармен, еріткіштермен, қантпен, глюкозамен лактозамен және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспалармен) қоспасын пайдалану нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттеледі.

Балалар тағамы өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың қалыпты (ең жоғары) деңгейі пайдалануға дайын (қалпына келтірілген) өнімдерге жатады.

Бес айдан асқан балаларға арналған кейінгі қоспаларды, бір жастағы дені сау балаларды қосымша тамақтандыруға және бір жастан үш жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған, үш жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы диеталық өнімдерді өндіру кезінде "Балаларға арналған, диеталық және емдік-профилактикалық тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентіне сәйкес тағамдық қоспалар қолданылады.

Тамақ өнімдеріне тән табиғи дәмі мен хош иісін күшейту мақсатында және шикізаттың бұзылуына немесе сапасыздығына байланысты тамақ өнімі хош иісінің өзгеруін болдырмау үшін хош иістендіргіштерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Дайындаушы хош иістендіргіштер мен дәмін хош иістендіретін заттардың қолданылу аясы мен ең жоғары мөлшерін, жекелеген тәтті дәм бергіштер мен қантты алмастырғыштардың жаппай үлес салмағын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының келісімі бойынша белгілейді және нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетеді.

Қантты алмастырғыштарды (сорбит, ксилит және басқалар) сату кезінде заттаңбасында «Бір тәулікте 15-20 г астам пайдалану әлсіздену әсерін туындатуы мүмкін» деген ескертпе жазулар, ал құрамында аспартам бар қоспаларды сату кезінде «Құрамында фенилаланин көзі бар» деген ескертпе жазу болуға тиіс.

Дәмін хош иістендіретін заттарды пайдалану және хош иістендіргіштердің құрамы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі, бұл ретте өсімдік шикізатынан жасалған хош иістендіргіштер мен дәмін хош иістендіретін препараттардың құрамына енетін биологиялық белсенді заттардың тамақ өнімдерінің құрамында болуының рұқсат етілген деңгейі регламенттеледі.

Хош иістендіргіштің құрамына дәстүрлі тағамдық шикізаттар (мысалы: шырындар, қант, дәмдеуіштер), толықтырғыштар (еріткіштер немесе тасығыштар), байытқыштар, сергітетін заттар, ащы дәмдер және тағамдық қоспалар қосылуы мүмкін.

Өсімдік шикізатынан жасалған сулы-спиртті тұнбалар мен көмір қышқылды экстрактілер, сондай-ақ жеміс-жидек шырындары (концентрацияланғандарды қоса алғанда), сироптар, шараптар, коньяктар, ликерлар, дәмдеуіштер тағамдық хош иістендіргіштерге жатпайды.

Хош иістендіргіштерді дайындаушы ілеспе құжаттарда мыналарды:

1) техникалық құжаттармен регламенттелетін тағамдық қоспалардан басқа, тағамдық қоспалардың хош иістендіргіштеріне енетін мөлшерлік құрамын;

2) шектеулерге сәйкес биологиялық белсенді заттардың болуын көрсетеді.

Хош иістендіргіштерді халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша бөлшек саудада сатуға рұқсат етіледі.

 

Тағамдық қоспаларды орауға және таңбалауға қойылатын талаптар 

 

Тағамдық қоспаларды орау және таңбалау «Орауға, таңбалауға, заттаңбалауға және оларды дұрыс жазуға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сай болуы тиіс.

Тағамдық қоспаларды орау контаминациялануды (ластануды) азайту үшін, зақымдануды болдырмау және таңбалау үшін барабар қорғанышты қамтамасыз етуге тиіс.

Орау материалдары көрсетілген сақтау және пайдалану жағдайларында тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі мен жарамдылығы үшін уытты және қауіпті болмауға тиіс.

Тағамдық қоспаларды заттаңбасында мынадай қосымша ақпарат көрсетіледі:

1) егер «Е» индексі болса онда тағамдық қоспа қолдануға рұқсат етілген;

2) құрамы, салмақтық мөлшері (көп компонентті тағамдық қоспа үшін);

3) тағамдық қоспаны сақтау және қолдану, қарсы көрсеткіш жөніндегі қысқаша нұсқаулық (ұсыным);

4) хош иістендіргіштер үшін хош иістендіргіштің типі (табиғи, табиғиға ұқсас, жасанды) қосымша көрсетіледі.

Құрамында тағамдық қоспалары бар тамақ өнімдерінің заттаңбаларында қосымша мынадай ақпарат көрсетіледі:

1) тағамдық қоспаның функциялық сыныбы мен оның атауы немесе Е индексі (болған жағдайда), мысалы, «тотығуға қарсы аскорбин қышқылы» немесе «тотығуға қарсы Е300»;

2) аспартамды пайдаланғанда мынадай ескертпе жазу болуға тиіс: «Фенилкетонуриямен ауыратындарға пайдалануға болмайды»;

3) құрамында көп атомды спиртті бар (эритриттен басқа, сорбит, ксилит және басқалар) қантты алмастырғыштар үшін «Бір тәулікте 15-20 г астам пайдалану әлсіздену әсерін туындатуы мүмкін» деген ескертпе жазу болуға тиіс.

Құрамында дәмін хош иістендіретін препараттар бар тамақ өнімдерінің заттаңбаларында «табиғи хош иістендіргіш» деп немесе оның нақты түрі (мысалы: экстрактілер, тұнбалар, эфир майлары, майлы шайырлар және басқалар) көрсетіледі.

Қайта қалпына келтірілген өнімдерді өндіру үшін оларды пайдалану кезінде концентрацияланған өнімдерді алу процесінде бөлінген дәмін хош иістендіретін заттарды заттаңбада көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Тамақ өнімдерінің заттаңбаларында мынадай жағдайларда:

1) егер мұндай тағамдық қоспалар түпкі тамақ өнімінде функционалдық әсер етсе;

2) егер мұндай тамақ өнімдері балаларға арналған және диеталық тағам болса, тағамдық ингредиенттерінің құрамына кіретін тағамдық қоспалар көрсетіледі.

Тамақ өнімдерінің заттаңбаларында қышқылды сүт өнімдері мен ірімшікті өндіру кезінде пайдаланылатын ферментті препараттардан басқа, оларды дайындау кезінде қолданылатын технологиялық қосалқы заттар көрсетілмейді.

Тағамдық қоспаларды дайындаушы заттаңбада (зат белгіде, қосымша қағазында) генетикалық түрлендірілген объектілерден алынған ингредиенттердің пайдаланылғаны туралы мәліметті көрсетеді.

 Қатерді бағалау

Қатерді басқару мақсатында тағамдық қоспаларды дайындаушы:

1) мыналарды:

тағамдық қоспаларды дайындау кезінде ықтимал қауіпті факторларды талдауды;

қауіпті факторлар анықталуы мүмкін өндірістік процестердің қатерін сәйкестендіруді және бағалауды;

қауіпті нүктелерді қадағалау және бақылау рәсімдерін жүргізуді;

2) мыналарды:

қауіпті бақылау нүктелерін тиімді бақылау шараларын;

тамақ өнімінің сапасын басқарудың құжатталған жүйесін әзірлеуді қамтамасыз етеді. 

Сәйкестігін растау

Тағамдық қоспалар сәйкестігін міндетті растауға жатпайды. Олардың қауіпсізідігін растау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі құжаттың болуы болып табылады.

Тағамдық қоспалар техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағамдық қоспаларды өндірушінің (дайындаушының) қалауы бойынша ерікті сертификаттауға жіберілуі мүмкін.  

 

    1. Отандық нарықтағы ең танымал зиянды 10 азық-түлік өнімі 

   Біздің ағзамызға  дұрыс тамақтанудың қаншалықты  қажет екендігін ешкімге түсіндірудің  қажеті жоқ. Кейде, біздің ағзамызға  тамақпен бірге түсетін нәрселер  у болып таблады. Мен, түрлі  зиянды қоспалар туралы айтудамын.  Жалпы, біздің ағзамыз өте тұрақты.  Ол өздігінен түрлі зиянды  заттектерден құтылып отыруға  мүмкіндігі бар. Бірақ осындай  зиянды заттектердің саны тым  артып кеткенде ағзамыздің әлі  келмейді.  Ең біріншіден біздің  ағзамыз үшін шынымен зиянды  тағамдарды қолданудан бас тарту.  Дегенмен, қізргі азамнад дүкендерден  шынайы табиғи, экологиялық таза  азық өнімін табу өте қиын. Ал көптеген азық-түлік өнімдерін импорттайтын біздің елде нарық шетелдің танымал және зиянды тауарларымен шабуылданған. Отандық тұтынушыларды күнделікті қоршап отырған ең танымал және  зиянды азық өнімдерін назарларыңызға ұсынамын:

  1. Сағыздар, тәттілер. Бқл өнімдерді тағам деп айту да қиын, олар толықтай дерлік тағам қоспаларынан тұрады: тәттілендірушілер және қант ауыстырушылары, стабилизаторлар, қойылтқыштар, желе жасауыштары, эумльгаторлар, тотықтырғыштар және тағам бояуыштары. Кәмпиттер, түріне қарай, сағызбен салыстырғанда аз тағам қоспасынан тұрады. Сағыздар мен кәмпиттер өте танымал және кең тараған, әсіресе балалар арасында.
  2. Шұжықтар, шұжық өнімдері, ет фарштары. Бқлар ең зиянды ет тағамдарының бірлері, олар келесідей зиянды қоспалар,а толы: тағам консерванттары, стабилизаторлар, тотықтырғыштар, қойылтқыштар, эмульгаторлар, тағам бояуыштары, хош иістендіргіштер. Сонымен бірге, шұжық және ет өнімдерінің құрамында 80 %-ы трансгенді соя.
  3. Сүрленген ет және балық, жартылай сүр және сүр шұжықтар. Бқл өнімдер зияндылығы бойынша пісірілген ет өнімдерінен асып түседі. Құрамында; консерванттар, қойылтқыштар, эмульгаторлар, тотықтырғыштар, тағам бояуыштары мен хош иістендіргіштер бар.
  4. Йогурт. Жарнаманың арқасында біз йогрутты ең пайдалы сүт тағамы ретінде қабылдаймыз. Дегемен, ол зиянды тағамдар тізіміне енеді. Оның құрамында стабилизатор, қойылтқыш, тотықтырғыш және хош иістендіргіш бар.
  5. Чипсы және «фри» картобы. Олар ең зиянды тағамдар атағына нағыз лайық. Бұл өнімдер стабилизаторлар мен хош иістендіргіштерден тұрады. Ал жылдам тамақтанатын кафелерде даярларанатын фри картобы  бірнеше рет қолданылған майға  жасала береді, ал бұл қатерлі ісіс ауруын арандататын канцерогендердің пайда болуына әкеледі.
  6. Балмұздақ құрамында келесідей зиянды қоспалар бар: тағам бояуыштары, стабилизатор, қойылтқыштар, эмульгаторлар, хош иістендіргіштер.
  7. Сусындар. Ең қауіптілері – алкогольсіз сусындар (Кока-Кола, Спрайт, Пепси және т.б.) , энергетикалық сусындар. Сағыздарды сияқты, оларды да толыққанды азық өнімі деп атау қиын.
  8. Тұздықтар. Көптеген тұздықтардың құрамына енеді: консерванттар,  стабилизаторлар, эумльгаторлар, бояуыштар, хош иістендіргіштер және т.б. енеді.
  9. Кептірілген нан(сухарики) құрамына әдетте түрлі хош иістендіргіштер мен бояуыштар енеді. Олар көз көруін нашарлатуы, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
  10. Шоколад. Қоспасыз шоколда табу үшін қатты тырысу керек. Дүкендерде сатылатын шоколадтардың барлығында стабилизато, қойылтқыш, эмульгатор, консерванттар бар.

    Неге біз осындай  зиянды азық-түлік өнімдерін ұнатамыз  және неге олардан бас тарту  қиын?

Информация о работе Азық түлік коспалары