Қазақстан Республикасында жұқпалы аурулардың алдын алу жүйесі негізгі үш бағыттағы алдын алу және індетке қарсы шаралар кешенін қараст

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 10:04, реферат

Краткое описание

БЦЖ вакцинасы нәрестеге перзентханада өмірінің 1-4 күні жасалады, екпе кабинетінде баланың көзінше және жазбаша келісуі болғанда жасалады. Нәрестеге екпені енгізгеннен кейін иммунитет бірден пайда болмайды, бұл үшін шамамен 4-6 апта қажет. Сондықтан осы мерзімде баланы туберкулез жұқтырудан мұқият қорғау қажет. Егер нәресте туберкулезді науқаспен тығыз байланыста болса, онда туберкулезді бактерияны жұқтыру бала өмірінің бірінші аптасында болуы мүмкін, яғни оның организмінде иммунитет пайда болғанға дейін. Сондықтан нәресте бірінші 8 апта бойы туберкулез науқастарынан оңашалануы қажет, егер олар отбасында болса.

Прикрепленные файлы: 1 файл

егу.docx

— 1.63 Мб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасында жұқпалы  аурулардың алдын алу жүйесі негізгі  үш бағыттағы алдын алу және індетке  қарсы шаралар кешенін қарастырады:  
1. оқшаулау, инфекция көзін залалсыздандыру немесе жою 
2. қоздырғыштардың таралу жолы мен берілу механизмдерін жою 
3. алдын алу жолдары мен жұқпалы ауруларға тұрғындардың 
қабылдамаушылығын құру 

 

 

 

Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеттілігі індетке тән алдын алу препараттарын (вакциналарын) қолдану және химиялық препараттарды пайдалану арқылы атқарылады.  
Емдеу профилактикалық және санитарлы-эпидемиологиялық денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерінің күнделікті жұмысында тұрғындардың әртүрлі континенттері арасында, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында алдын ала егуді ұйымдастыру және жүргізуге көп көңіл бөлінеді. 
Иммунопрофилактиканы жүзеге асыру кезінде ата-аналар медициналық қызметкерлерінің нұсқауын орындауға және алдын ала егуге келіспейтін жағдайда нотариальды жазбаша түрде бас тартуға міндетті. 
Вакцинопрофилактика саясатты жалпы қоғам және жеке тұлға мүддесін қорғайды. 
Біздің елімізде түзу де ғылыми негізделген егу жұмысын ұйымдастыру жүйесі құрылған. Оның негізінде: белсенді иммунизацияға тәуелді балаларды тіркеу; ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес егуді төменнен жоғары қарай принципі бойынша жоспарлау; бірыңғайланған тіркеу мен есеп беру; бір препаратпен егетін вакцинация мен ревакцинация арасындағы интервалдарды және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы егілетін препараттарды қолданғанда, арасындағы интервалдарды және иммунизация мерзімін қатаң сақтау; белсенді иммунизация жүргізуге қойылған медициналық қарсы көрсеткіштерді қатаң сақтау; міндетті түрде егу алдында медициналық қарау және егуден кейінгі денсаулық жағдайын бақылау; препараттарды сақтау мен қолдану шарттарын және вакцинациялау техникасын қатаң сақтау; емдеу-алдын алу мекемелерін иммунобиологиялық препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету және балаларды егу жұмысын ақысыз өткізу. 
Жоспарлы түрде алдынала егу, балаларға-туберкулезге, «В» вирусты гепатитіне, көкжөтелге, күлге,сіреспеге, салға, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, пневмококс инсфекциясына.

Егу жұмыстарын жоспарлауды  және жүргізуді учаскелік дәрігер педиатрға жүктеу керек, ол өзінің учаскесінде әрбір балаға уақытылы егу жүгізуге толық жауап беруі және де егу жұмысын жүргізу педиатрдың қызметін бағалау негізін критерийден қаралуы қажет. Осындай жағдайда учаскелік дәрігер өз учаскесіндегі егу жасалатын балалардың тізімін күнделікті бақылайды және егу жоспарына қарай кейінірек вакцинациялау үшін уақытша қарсы көрсеткіштері бар балалардың арасында сауықтыру жұмысын дер кезінде жүргізеді. 
Емханада қызмет көрсететін учаскіде тұратын жаңа туған сәбилерге, балаларға 063 «Алдын-ала егулер картасы толтырылады» 
Жұқпалы аурулардан иммунды әдіспен сақтану үшін қолданылатын препараттар 3 топқа бөлінеді: 
1.белсенді (активті) иммунитет қоздырушылар-вакциналар мен анатоксиндер; 2. енжар (пассивті) иммунитет тұрғызушылар- иммундыглобулиндер; 3. микроб жұққан организмінде қоздырғыштың өсіп-өнуін тоқтататындар-интерферон жатады. 
Микроорганизмдерден антигендер қандай тәсілмен бөлініп алуына байланысты вакциналар бірнеше түрлерге бөлінеді тірі, инактивацияланған (өлі), химиялық.

Профилактикалық препараттар организмге келесі әдістермен енгізілуі: теріүстілік (туляремия,оба), терішілік (БЦЖ), терастына, бұлшықетішілік (АКДС), интерназальді, пероральді. Вакциналарды тасымалдайтын құрылғылар, сөмкелер, яғни термоконтейнерлер бар. Вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш, мұздатқыш камерасы бар. 
Егу жасалмас бұрын педиатр баланы қарайды, қарау кезінде баланың денсаулығын және иммунизация жасау керек па,соны анықтайды. Егуге медициналық қарсы көрсеткіштер арнайы бөлімде жазылған, онда әртүрлі бактериялық препараттардың қолдану ережелері бар және қандай ауруға қолданылады. Егер сау, иммунизацияға қарсы көрсеткіштер болмаса, дәрігер арнайы баланың саулығын жазып, егу бөлмесіне жібереді. 
Ұзақ қарсы көрсеткіштері бар балаларға жасайтын егуді дәрігерлер кеңесі иммунологиялық комиссия құрып шешеді. Оның құрамына бас дәрігердің орынбасары , бөлім меңгерушілері , иммунолог кіреді. Анамнезінде әр түрлі ауруы бар балаларды, «қауіптілік топқа» жатқызады. 
Олар қосымша тексерулерді қажет етеді. Мынадай «қауіптілік топ» бар. 
1. жүйке жүйенің зақымдануы (перинатальды энцефалопатия) 
2. реактивті аллергиялық өзгерістер 
3. жиі ұзақ ауралар 
4. бұрын-соңғы жасалған егуге патологиялық реакция 
Егулерді арнайы дайындықтан өткен орта медицина қызметкерлері жүргізеді. 
Құрметті ата-аналар! 
Балаларыныңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамауларыңызды өтінемін. Уақытында егуді қабылдаңыздар, көп аурудан сақтайды. 
Ақтау балалар емханасы 
балалар дәрігері- Чараякова Рая Копеновна

Туберкулез – жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауа арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Ал микроб таратушы – негізінен туберкулездің ашық түрімен ауыратын адам.

1882 жылы неміс ғалымы Роберт  Кох науқастың қақырығын микроскоппен  зерттеу арқылы тапқан туберкулез  таяқшасы физикалық және химиялық  әрекеттерге өте төзімді. Әсіресе,  салқын жерде, кепкен жағдайда, шаң-тозаңда 2 айға дейін, кітаптардың беттерінде 3 айға дейін және қараңғы ылғалды жерлерде жақсы сақталады. Бірақ сода ерітіндісін қосып қайнатқанда және күн сәулесінде тез өледі. Туберкулез таяқшасын өлтіру үшін арнайы дезинфекциялық ерітінділер пайдаланылады. Науқаспен қарым-қатынас тек отбасында ғана емес, жұмыс орнында, қонақта және күтпеген жағдайда да болуы мүмкін.

Туберкулез ауруы адам ағзасының  әр түрлі органдарын зақымдайды. Яғни өкпе, қолқа, сүйе-буын, бүйрек және жыныс органдарының туберкулезі бар. Сондай-ақ, лимфа жолдарына, көз, май қабығына да зиян келтіруі мүмкін. Ең жиі кездесетін түрі – өкпе туберкулезі.

Бұл аурумен ауырған науқас ең алдымен  балаларға өте қауіпті. Балаларды аман сақтап калу үшін алдын ала туберкулезге қарсы ектіру қажет. Алғаш рет нәрестені туберкулезге қарсы (БЦЖ) вакцинамен әйелдер босанатын үйде егеді, одан кейін 7 жаста қайталап егеді. Осындай алдын алу сақтық шараларының нәтижесінде балалар туберкулезбен сирек ауырады, ал ауыра қалса, сырқаттары жеңіл өтеді.

Вакцинаны қайталап егетін балаларды  арнаулы ревакцинация туберкулиндік  сынамасы (одан әрі Манту сынамасы) көмегімен іріктеп алады. Манту сынамасы күмәнді немесе теріс болған балалар туберкулезге қарсы қайта егіледі. Ал манту сынамасы «оң» болған балалар жан-жақты тексеруден өтеді, оларға жыл бойы ерекше бақылау қойылып, алдын алу шұғыл емдеу шаралары жүргізіледі (2 немесе 3 ай бойы).

Балалар арасында, әсіресе, «қауіпті»  топтағы балаларға манту сынамасы жылына 1 рет қойылады. Қауіпті топқа әлеуметтік жағдайы нашар отбасындағы, яғни әке-шешесі ішімдік ішетін, нашақор және тұрақты мекен-жайы жоқ балалар, жиі ауыратын немесе суыққа қарсы ем алса да 3 апта бойы жөтел кетпейтін балалар; шекті лимфа түйіндерінің 4 топтан жоғары үлкен балалар, сондай-ақ гормондық препарат қабылдайтын балалар мен нәресте кезінде туберкулезге қарсы егілмеген (БЦЖ) балалар жатады. Бұл қауіпті топтағы балаларға манту сынамасы қойылғанан кейін, қорытындысына байланысты қажетті шаралар жүргізіледі.

Еденге және жерге түскен қақырық, түкірік кепкеннен кейін шаңмен араласып, ауаға көтеріледі. Осындай ауаны жұтқан адам туберкулезбен ауырып қалуы мүмкін. Сондықтан туберкулезбен ауырып қалмау үшін жалпы тазалықты сақтаған жөн. Бөлмені жиі-жиі желдетіп алу, тамақ ішер алдында қолды міндетті түрде сабындап жуу, ыдыс-аяқтың, киім-кешектің тазалығын сақтаған жөн.

Туберкулез таяқшасы ағзаға онайлықпен ене алмайды. Бұған себеп мұрын қуысы кілегей қабықтан тұрады. Осы қабықтан үнемі кілегей бөлініп, шаң-тозаңды ұстап қалады. Ал осы мұрын қуысында орналасқан талшықтар сырттан кірген шаң-тозаңды кері итеріп шығарады. Алайда туберкулез таяқшасының бір бөлігі ағзаға өтіп кетеді, сөйтіп қан және лимфа арқылы ағзаға таралып, басқа органдарға қонады.

Осы кезде ағзада қорғаныс жүйесі (иммунитет) жұмыс істей бастайды, яғни арнайы клетка – фагоциттер микробтарды  жұтып, бөлшектер бөліп жібереді. Қан мен лимфада да антитела бөлініп, микробтарды әлсіретеді.

Туберкулез таяқшасы енген жерде түйін пайда болады, түйіннің айналасында тканьнің жасушалары қоршап тұрады. Көп жағдайда адам ағзасы жеңіп шығады, яғни туберкулез таяқшасы түйіннің ішінде қалып, әлсірейді, сөйтіп бірте-бірте тыртыққа (айналып) ауысып, кейде қатып қалады.

Инфекция жұқтырған адамның  бәрі туберкулезбен ауыра бермейді. 5-10 пайызы ғана ауырып қалуы мүмкін. Үнемі жартылай аш жүретін адамдар, темекі шегетін, ішімдік, есірткі пайдаланатын адамдар басқаларға қарағанда туберкулезді жиі де, жылдам жұқтырып алады, яғни ол адамдардың туберкулезге қарсы күші аз.

Ауру малдың сүтін, етін пайдаланған  кезде де туберкулез жұқтыруға болады. Қайнатылмаған сүт-ет, жұмыртқа тағамдарын, әсіресе, тексерілуден өтпеген малдың етін, сүтін пайдалануға болмайды.

Туберкулез ауруының негізгі  белгілері:  2 апта бойы жөтелдің кетпеуі ( салқынға қарсы ем алса да), кеуде сүйектерінің ауруы, қан-ірің аралас қақырық тастау, тез шаршау, әлсіздене беру, тамаққа тәбеті тартпау, жүдеу, әсіресе, түнге қарай дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, ауа жетпеу.

Туберкулез ауруын дер кезінде  анықтап, уақытында ем алған жағдайда,

ДОТС бағдарламасы бойынша 6 ай ішінде жазылады, ал асқынған түріне 9-13 ай уақыт бойы ем жүргізіледі. Ем алу кезінде үзіліс жасауға болмайды, егерде үзіліс жасалса, ауру созылмалы түріне ұласады. Бұл адамның отбасы үшін өте қауіпті, әсіресе, балалар ағзасы тез қабылдайды.

Егер туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір адам емделмесе, ол жылына 10-15 адамға осы ауруды жұқтырады.

Жадыңызда жүрсін! Өкпе туберкулезі ауруын мезгілінде табу үшін 15 жастан бастап жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтіп тұру қажет.

 

Дифтерия- шырышты қабықтар зақымданып, оларда ақшыл-сұрғылт қабықшалардың пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы-  дифтерия таяқшасы (1884 жылы Леффлермен ашылған) Сыртқы ортада өте тұрақты-ойыншықтарда, ыдыс-аяқта, көрпе-жастықта көпке дейін сақталады. Өте улы экзотоксин бөліп шығарады.

Эпидемиологиясы:

1.Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы адам.

2.Аурудың таралу  жолдары- ауа-сілекей және қарым-қатынас.

3.Төзімділік (сезімталдық- 3-7 жасқа дейінгі балалар

4.Иммунитет-тұрақты,

5.Маусымдылық- күз.

Патогенезі: Дифтерия таяқшасы ауыз қуысының көздің, мұрынның шырышты қабықтары және тері арқылы еніп, сол жерде өсіп-өнеді, бөлінгең экзотоксиндері ұлпалардың некрозын тудырады, фибринді қабықша пайда болады.

Жіктелуі:   1.Ауыз қуысының дифтериясы

2. Мұрын қуысының дифтериясы.

3.Жұтқыншақ дифтериясы

4.Көз дифтериясы.

5. Құлақ дифтериясы.

6. Жыныс мүшелерінің дифтериясы.

7. Тері дифтериясы.

8. ЖТБ-ның кіндік дифтериясы.

   Клиникалық  белгілері:

Инкубациялық кезеңі 2-10 күн. Егілмеген балаларда ауыр өтеді.

Ауыз қуысының дифтериясының 3 түрі бар:

Топталған түрі- алғашқы күндері пайда болған қабықшалар жұқа, тор тәріздес, бірнеше күннен соң қалыңдап ақшыл түсті, шпательмен немесе тампонмен сүрткенде алынбайтын қабықшаларға айналады. Қабықшалар тек қана бадамша безінің аймағында ғана орналасады. Аралды түрінде қабықшалардың көлемі 3-4 мм, шеттері айқын, бірнеше болуы мүмкін. Қабыршақты түрінде қабықшалар бадамша безін түгел жауып тұрады. Бала мазасыз, жалпы жағдайы аса өзгермеген, тері түсі бозарған, тәбеті төмендеген, жұтынғанда ауырсыну белгілі бар.

Жайылған түрі- қабықшалар жұмсақ таңдайдың, кіші тілдің үстіне жайылған. Бадамша бездері ісінген және қызарған, аздап улану белгілері пайда болады.

Токсикалық түрі-балада улану белгілері айқын, ауыз қуысының және мойынның тері астының ісінуі пайда болады.Лимфа түйіндері үлкейеді. Бірінші күннен дене қызуы 39-41 С, бала әлсіз, басы қатты ауырады, тері түсі боз, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, жүрек тондары нашар естіледі, тахикардия, жүректің шекарасы ұлғайған, қан қысымы төмендейді. Баланың іші ауырып, жиі құсады. Мойын клетчаткасының ісінуінің 3 дәрежесі бар: І дәрежесінде-ісіну мойынның жартысына дейін. ІІ дәрежесінде-ісіну бұғанаға дейін.ІІІ дәрежесінде-ісіну 2-3-ші қабырғаларға жетеді. Лимфа түйіндерінің үлкендігі кейде тауық жұмыртқасындай.

Нағыз круп – дыбыс желбезектері астының ұлпалары ісініп, тыныс саңлауы тарылады. Улану белгілері орташа. Баланың жалпы жағдайы тыныс жолдарының бітелу дәрежесіне байланысты:

  1. катаральды түрінде-дене қызуы 37,5-38 С, ауру баяу басталады, алғашында дауысы қарлығады,  сонан соң сирек «ит үрген тәрізді» жөтел пайда болады. 2-3 күнге созылады.
  2. Стенозды түрінде-дауысы мүлдем жоғалады, жөтелі дыбыссыз, улану белгілері өсіп, гипоксия дамиды. 2-3 күнге созылады.
  3. Асфиксиялық түрінде-бала мзасыз, цианоз, тахикардия, жүрек тондары өте нашар естіледі, терісі ылғалды. Кейде ұйқышыл, қоршаған ортаға енжар. Пульсі жіп тәріздес, тыныс алуы сирек, қан қысымы төмен, бұлшық еттерінің құрысып-тырысуы мүмкін. Брадикардия дамып жүрегі мүлдем тоқтауы мүмкін.

Асқынулары: инфекциялық-токсикалық шок, миокардит, токсикалық нефроз, перифериялық парездер мен параличтер.

Диагноз қою:

1 Эпид. Анамнез.

2.Клиникалық белгілері.

     3.Лабораториялық  зерттеулер-бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық.

Емі:

  1. Ауруханаға жатқызып төсек режимін тағайындау, ұйқысын ұзарту.
  2. Диета-жасына сай, жақсы қорытылатын сұйық тағамдар.
  3. Негізгі ем-дифтерияға қарсы антитоксинді сарысуды Безредко тәсілімен егу: әуелі тері ішіне сарысудың 1:100 ерітіндісін 0,1 мл мөлшерінде енгізу, 20 минуттан соң тері астына 0,1 мл таза сарысуды енгізу, 30 минуттан кейін сарысу дозасы бұлшық етке түгел егіледі. Сарысудың дозасы аурудың дәрежесіне байланысты.
  4. Детоксикалық ем.
  5. Симптомдық ем.
  6. Витаминдер комплексі.
  7. Гармондар.
  8. Антибактериальдық ем.
  9. Дифтерияның ауыр түрінде-интубация немесе трхеостомия.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жұқпалы аурулардың алдын алу жүйесі негізгі үш бағыттағы алдын алу және індетке қарсы шаралар кешенін қараст