Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 20:27, реферат
Сурдопсихология- психологияның бір тармағы, есту қызметінде бұзылуы бар балалардың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді.Есту қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық ықпал жасаудың тиімді жолдары мен әдістері, психологиялық жағынан негіздеуінен, интеграциялы оқыту мен саңырау балаларды қоғамға енгізудің психологиялық мәселелерін зерттеумен айналысады. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі мәселелерддің бірі-тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы.Сондықтанда келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды тудырмауға тырысу керек.
Негізгі бөлім
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны ерекше
Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді
Кемістігі бар балалар үшін, табиғатта жасалатын серуендеудің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Кафедра: Гигиена-1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Арнайы
балалар мекемелеріндегі
Орындаған:Тогусбаева А.
Тобы: 415 ҚДС
Қабылдаған: Нуралиева Г. Н.
Шымкент 2013ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған.Дамуында ауытқуы бар балалар ерте кезден анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Комитеті , ерте сәбилік жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуына, алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем беру пунктерінде скрининг жасау міндеті болды.
Есту қабілеті бұзылған балалардың
мінез-құлық ерекшеліктері мен
психологиясы алғаш рет ХІХ ғасырдың
орта шенінде зерттеле бастады.20 жылдары
Л.С.Выготскийдің басшылығымен арнайы
психологиялық мәселелер жүйелі
түрде қарастырылды.
Сурдопсихология- психологияның
бір тармағы, есту қызметінде бұзылуы
бар балалардың психикалық даму заңдылықтарын
зерттейді.Есту қабілеті бұзылған балаларға
педагогикалық ықпал жасаудың тиімді
жолдары мен әдістері, психологиялық
жағынан негіздеуінен, интеграциялы
оқыту мен саңырау балаларды
қоғамға енгізудің
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны ерекше
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен
қоғам құрылысының
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, оның дербес әрекеттері ерекше маңызды, мұндай оқушылар тек мұғалімнің нұсқауы және олардың бақылауы мен әрекет жасаған кезде, ең алдымен тіл алғыштыққа үйретеді.
Арнайы мектептерде оқытылатын
естімейтін және нашар еститін оқушылардың
сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен
үнемі қатынасып отыруы нәтижесінде
баланың адамгершілігі
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабақта көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті. Яғни, арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін балалардың даму психикасының кейбір жақтары өзіндік формада қалыптасады. Сол себептен есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту зақымдықтарын ескере отырып құру қажет.
Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді
Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.
Жанұя ортасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, бала да тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді, өседі.
Тәрбиешілер, ең алдымен, өзі үлгі болатындай етіп, өз-өзін тәрбиелеуі керек. Әр баламен жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу тәрбиешінің ғанибетті ісі.
Тәрбиешілер табиғи болуы қажет, олардың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүние танымы, өмірді танып білуінен басталады. Әр тәрбиешінің бойында, естімейтін және нашар еститін балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі, елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, өмірдің әр қырының жағымды үлгі-өнегесі болуы қажет.
Eсту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқан қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор.
Естімейтін және нашар еститін рухани байлықтарды әртүрлі қабылдайды. Осының салдарынан психикалық даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамдағы қарым-қатынасты игеру балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы мәдениетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланысты. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы естімейтін балалардың негізгі іс-әрекеті- ойын.Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша « Ойын арқылы іс-әрекет пайда болып, адамгершілік артады.»
Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды. Естімейтін және нашар еститін балалар ойын әрекеттерінде қоғамдық өміріндегі формаларымен және қоршаған ортамен танысады.
Арнайы мектептің сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойындардың да тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жағдайда, кемістігі бар балалардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші фактор болып табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен араласып,ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне көмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды. Міне, осы жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниеттік қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады
Программаларда, әдістемелік құралдарда мұғалім назарын бәрінен де бұрын, дидактикалық міндеттерді: балалар дың ой-өрісін кеңейту, олардың өздерін қоршаған әлем туралы түсінігі мен білімін, табиғаттың өзара байланысты және өзара сабақтас құбылыстарды білу туралы білімін байыту танымдық мүдделерін дамыту міндеттерін шешуге бағыттайды.
Кемістігі бар балалар үшін, табиғатта жасалатын серуендеудің маңызы
Табиғаттану бойынша серуендеу, оқушыларға өздерін қоршаған аймақтың жер бедерімен, өсімдіктерімен таныстырып, зерттеуді, оның ерекшеліктерін анықтауды мақсат етеді. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды тәрбиелеуде табиғатты қорғау, оған мейлінше ұқыптылықпен қарау керектігі туралы әңгімелесуі керек, әдетте, табиғатты қорғау дегенді қолдан отырғызылған жасыл ағаштарды кеспей, қамқорлық жасау туралы мәселемен ғана тірейді. Дұрысы, бұл мәселеге әлдеқайда кеңірек қарау керек. Табиғатқа серуендеу кезінде балалар, мыса...лы кемістігі және көзі жабылып қалған бұлақтарға кездесуі мүмкін. Мұндай бұлақтардың көзін ашып, қоқыстан тазарту- әркімнің міндеті.
Табиғатпен араласу- балаларда мейірімділік, қайырымдылық, сезімталдық қасиеттерін тәрбиелеудің тамаша мектебі. Кімде-кім бала кезінде табиғатқа немқұрайлы қарап, оның сұлулығын көре алмай, хайуандарға табиғаттағы әлсіз тіршілік иесі ретінде қарап, қамқорлық жасауды үйренбесе, кейін ондай балалардың адамгершілік мейірім күту қиын, өйткені, қайырымдылықтың жақын адамға деген нышаны адамға бала кезінен егіледі ғой.
Әсіресе, есту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқан қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жалпы және негізгі мақсаты- естімейтін және нашар еститін оқушыларды жан-жақты дамытып, өз бетімен өмір сүруін және еңбек етуіне даярлық жасау. Бұл міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау, есту кемістігі бар балалардың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек. Арнайы мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларды шешу үшін есту мүшесі зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы мектеп бағдарламасына сүйене отырып қолданады. Мектептің жалпы және басты мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды өз бетімен өмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:
-Күн тәртібін орындау.
-Жекелеген қатынас
-Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
-Жүйелі қадағалау.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқитын оқушылар тез шаршағыш болып келеді және де тілдері дамымаған, сөздері дамымаған, сөз қоры өте аз, дыбыс шығарулары дұрыс емес, айтқан сөздері түсініксіз болады.
Қоршаған ортаның сөздерін ұғынуға қиналады. Естімейтін және нашар еститін баланы коллективтің рухында тәрбиелеу, оның өз тәртібіне, жеке басының жауапкершілігіне тәрбиелеуді, барлық оқу міндеттерін орындауды талап етеді Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп тәрбиешісінің алатын орны ерекше.
Қорытынды
Осындай мүмкіндігі шектеулі, көмектесуге зәру жандарға оның ішінде балаларға жақсылық жасап, қолдан келгенше көмек көрсетіп, оларғада білім сапасын қалыптастыруымыз керек,Осындай естімейтін және нашар еститін балаларға арналған тәрбиенің мазмұны ерекше. Бұл тәрбиенің басты мақсаты- әлеуметтік сарыны кемтар балалардың кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп дайындау біздің міндетіміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1
« История сурдопедагогики» А.
2
« Обучение и воспитание
3 «Методы воспитания, обучения, изучения глухонемых детей иподростков» под.ред. П.П.Почапина и Ф.А.Рау Москва 1931 г.
4
« Специальная дошкольная
5
«Дошкольное воспитание
Информация о работе Арнайы балалар мекемелеріндегі денсаулығы нашар балалардың күн тәртібі