Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 15:04, доклад

Краткое описание

Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты төмендегі қызметтер түрлерін:
• барлық азаматтардың бірдей мүмкіндікте сапалы білім алуын;
• Қазақстан Республикасында білім кеңістігінің бірдейлігін;
• білім алушының шамадан көп жүктемеден, олардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтауын қорғауды;
• білім беру бағдарламаларының жалпы білім берудің әр сатысындағы сабақтастығын, кәсіптік білім алу мүмкіндігін;
• білім алушының әлеуметтік қорғалуын;
• педагогтардың әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция-2.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

ЛЕКЦИЯ №2. МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2.1. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

 

Білім берудің жалпы мақсаттарын, оның ішінде мектепте жалпы білім берудің мақсаттарын, өзінің заңды қоры негізінде педагогикалық саясатының жалпы принциптерін қалыптастыратын мемлекет анықтап белгілейді. Бұл бағытта алдымен білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары тұруы, адам өмірі мен денсаулығы, жеке тұлғаның  еркін дамуы, азаматтық тәрбие және отанға деген сүйіспеншілік бірінші орында тұрады. Білім берудің мақсаты: жанұя, қоғам және мемлекет алдындағы жауапкершілікті ұғынатын, Конституцияны, заңды, басқа азаматтардың бостандығын және құқығын құрметтейтін, адамдар, халықтар, әртүрлі нәсілдік, ұлттық, этникалық, діни, әлеуметтік топтар арасында өзара түсіністікке бейімделген, дербес, еркін, мәдениетті, өнегелі жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындығын педагог мамандар басты назарда ұстайды.

Жалпы орта білім беретін оқу орындарының басты міндеттері мынандай негізде құрылады:

  • оқушылардың қоғамдық және өндірістік қажеттіліктерін анықтайтын білім  жүйесін меңгеруін қамтамасыз ету;
  • ғылыми дүниетанымдық, саяси, экономикалық, құқықтық мәденииетті, гуманистік құндылықтарды және өз бетімен білімді саналы толықтыруды, шығармашылық ойлауды қамтамасыз ету;
  • халықтың ұлттық–мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, физиологиялық және моральдық дені сау ұрпақ тәрбиелеу;
  • жастардың саналы азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, адамгершілікті сезіне білуге дағдыландыру, демократиялық өзін-өзі басқаруға  қатысуға, өз ісіне  жауапкершілікпен қарауға ұмтылдыру;

Қазіргі кезде орта мектеп жалпы білім берудің, дамудың және жан-жақты даму заңдылықтарының негізін қалайтын, әрбір жеткіншектің алғашқы кәсіби дайындығын, үзідіксіз білім алуға бейімделуін және таңдаған мамандығын меңгеруін қамтамасыз ететін мәдени орын болып табылады .

Жоғарыда  келтірілген жобалық нәтижелер, мектептің оқу-тәрбиелік іс-әрекетінің нәтижесін жалпы орта білім беру жүйесінің алдына қойылатын талаптарды,  мектептегі білім беру жүйесінің алдында қойылатын белгілі  негізгі үш топқа,яғни білім беру және дамыту мақсатына; практикалық мақсатқа; тәрбиелік мақсатқа бөлуге мүмкіндігін береді.

Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың ғылымдар жүйесіндегі,  қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.

 

Информатиканы оқытудың білім беру және дамыту мақсаты бұл әрбір оқушыларға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы орнықты білім беру, сонымен бірге түрлендіру процестері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану және осы негізде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық процестердің  мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу. Мектеп курсында информатиканы оқып-үйрену, онда оқылатын басқа ғылымдардың негізін баянды және саналы меңгеруге,  сондай-ақ, осы ғылым саласынан оқушыларды негізгі біліктілік пен дағдылармен қаруландыруға арналған. Информатика саласынан білімді меңгеру, сәйкесінше біліктілік пен дағдыларды алуға, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті болатын оқушылардың саналы дамуына, шығармашылық қабілеттіліктері мен ойлауының дамуына әсер етеді.

Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы информатика курсының практикалық мақсаты бұл оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектеп бітіргеннен кейін еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру. Бұл мектептегі информатиканың курсы баланың ішкі жан  дүниесін байытатын және ақылын дамытатын информатиканың негізгі ұғымдарымен  таныстырып қана қоймай, оқушыны компьютерде жұмыс істеуге және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін үйретуге,  яғни практикалық бағытталғандығын көрсетеді.

Информатика курсының кәсіби  мақсаттарында оқушыларға ЭЕМ-мен тікелей байланысты мамандықтар туралы және мектепте ЭЕМ-ді пайдалануға сүйенетін әртүрлі ғылымдар туралы мәлімет берілуі тиіс. Информатиканы  оқытудың практикалық  мақсаты істің өндірістік бағытымен қатар, жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға және басқа да ақпараттық, коммуникациялық технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға дайындауды да қарастырады.

Мектеп информатика курсының тәрбиелік мақсаты ең алдымен оқушыға есептеуіш техника мен ақпараттық технология құралдарының қоғам мен өркениеттің тұтастай дамуындағы ролі мен мүмкіншіліктеріне түсінік беретін қуатты дүниетанымдық ықпалмен қамтамасыз етіледі. Мектеп информатика курсының оқушылардың ғылыми танымына қосатын үлесі ақпарат туралы түсінікті ғылымның негізі үш ұғымы, яғни қазіргі дүниенің ғылыми көрінісін құрудың негізінде жататын зат,  энергия және ақпарат ұғымдары арқылы қалыптастырумен анықталады. Сонымен қатар информатиканы жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мәдениеті және өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау,  іс-әрекетінің алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты жалпы тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Информатиканы оқып-үйрену, сондай-ақ оқушылардан олардың ақыл-ой еңбегі мен жігерін,  ықыласын,  саналы әрекетін қажет ететін алгоритмдер мен бағдарламаларды құра білуі және  олардың ЭЕМ-де жүзеге асырылуын табандылықпен, мақсаттылықпен,  шығармашылық белсенділікпен орындауы және жеке жауапкершілік пен еңбек сүйгіштік,  тәртіптілік, ойлау шыншылдығы, өзінің көзқарасы мен пікірін дәлелдеу сияқты жеке тұлғалық қасиеттердің дамуына мүмкіншілік туғызу болады. Мектеп информатика пәнінде  нақтылыққа, іс-әрекет пен ойлаудың дәлдігіне ерекше мән беріледі,  себебі ойлаудың, баяндауды және сипаттаудың дәл болуы – компьютермен жұмыс істеудегі негізгі маңызды компонент болып табылады. Оқушыны кейде есепті қалай шығару керектігі туралы тапқырлыққа алып келудің қиын екендігі белгілі. Информатика курсында мәселе тек тапқырлықта ғана емес, оның орындаушы ЭЕМ үшін алгоритмін дәл,  әрі нақты жүзеге асыруда, осы алгоритмде қағаз бетінде өте дұрыс, дәл жазуда немесе қатесіз пернетақтадан енгізуде болып отыр. Жаңа курсты оқып-үйренуде оқушыларда, әрбір дәлсіздік, олқылық, босаңсу, шұбалаңқылық және т.б. ерсі көзқарастар бірте-бірте қалыптасуы мүмкін. Бұл жеке тұлғалық маңызды қасиеттер информатиканы оқып-үйренуде өдігінен қалыптаспайды. Бұл жерде мұғалімнің тынымсыз еңбегі қажет болады.

Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірде-біреуі жеке түрде орындалмайды, олар бір-бірімен мықты байланыста жүзеге асырылады. Оқушыларға осы саладан жалпы білім алуын қамтамасыз етпей, сол сияқты оқу мазмұнының қолданбалы, практикалық қырларын елемей информатика пәнінің тәрбиелік нәтижесін алуға болмайды.

Мектепте информатика саласынан білім берудің жалпы мақсаттары өзінің жалпы дидактикалық мәнісінде көмескі болып қалатын үш негізгі мақсаттар сияқты оқу процесіне қойылғанда оқытудың нақты мақсаттарына айналады. Осы жерде информатика пәнін оқытудың нақты мақсаттарын тұжырымдаудың оңай мәселе еместігіне көз жеткіземіз.

Мұндай жағдай тек мектеп информатикасына қатысты емес, сондықтан оған дәлелді түсіндіру бар. Мақсат түсінігінің жалпы философиялық түсіндірмесіне көңіл аударайық: «Мақсат – іс-әрекет нәтижесінің ойша, саналы болжамы. Мақсат тікелей себепші ретінде адамның іс-әрекетінің бағытын реттеп отырады. Мақсаттың мазмұны іс-әрекеттің объективті заңдарынан, субъектінің және қолданылатын құралдардың нақты мүмкіндіктерінен тәуелді болады». Саналы өнім ретінде мақсат өздігінен қозғалу мүмкіндігіне,  динамикасына ие,  себебі, құбылмалы әлеммен қарым-қатынаста және өзі өзгеріп отыратын іс-әрекеттегі адамның танымынан туындайды. Осы айтылғандардан,  мақсат пайда болу жағынан объективті бола тұра,  субъективті болып табылады. Латындардың, “екі адам бір ғана нәрсені айтып тұрса,  ол бір ғана нәрсе емес”- деп айтуы тегін емес. Бұрынғылардың ақылдылығы мен көрегенділігі біркелкі ұғымдарды жиі пайдаланатын,  осы ұғымдарға мағыналы өзгеріске ие мазмұн беретін қазіргі педагог-информатиктердің пікірлерінде ашық көрініс тауып келеді.

Сонымен информатика саласынан мектепте білім берудің мақсаттары неден басталады және олардың қалыптасуына не әсер етеді?

Мектептегі информатика пәнінің нақты мақсаттары ең алдымен информатика ғылымы қоғамның осы даму кезеңіндегі іргелі негізін талдауға,  оның басқа ғылымдар арасындағы орны мен роліне сүйенуі қажет болады. Бұл жерде ең алдымен информатика ғылымының іргелі негіздері қалыптасу және даму күйінде қалып отыр, бұл осы күнге дейін жалғасып отырған пікірталастар негізінде оларды бірмәнді емес бағалауға алып келіп отыр. Мектеп пәндерін оқытудың нақты мақсаттарының қалыптасуы, сонымен бірге білім беру парадигмасының дамуына әсер етеді,  атап айтқанда жалпы орта білім беру стандартына ыңғайларды қалыптастыру және нақтылау, бұдан өз кезегінде әртүрлі ашық субъективті көзқарастар мен пікірлердің қарама-қайшылығы туындайды.

Сонымен қатар, тек қана саналы, ғылыми негізделген мақсатты таңдау, информатиканы оқытудың алдында тұрған міндеттердің орындалуын жүзеге асыру және оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалану негізінде оқу материалын (оқыту мазмұнын) құрастыру мүмкіндігін береді. Информатика саласынан жалпы мектептік білім беру мақсатының эволюциясы мен біртіндеп жетілуін мектеп пәнінің алғашқы нұсқасы ИЕТН–нен бастап ретпен қарастыру мақсатқа сай келеді.

 

 

3.2. Мектеп курсындағы “Информатика және есептеуіш техника негіздері” пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы түсінігі

 

Мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізудің стратегиялық мақсаты мектепке енгізілген жаңа оқу курсының алғашқы бағдарламаларында жарияланғанындай «... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» еліміздегі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің маңызды факторы ретінде қарастырылған. Бұл адам іс-әрекетінің әр түрлі саласында компьютермен тікелей, үздіксіз жұмыс істейтіндердің санының күрт өсуіне алып келетін дербес компьютерлердің кеңінен таралуымен түсіндіріледі. 

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің негізгі мақсаты:

  • есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері мен әдістерін және есеп шығару үшін компьютерді қолданудың қарапайым шеберлігін қалыптастыру;
  • оқушыларды ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдық өндірістегі ролімен және есептеуіш техниканың даму болашығымен таныстыру.

«Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізу жаратылыстану пәндерін сапалы деңгейде оқып үйрену үшін алғы шарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндігі оқуыдң көрнекілігін неғұрлым оңай меңгеруге әкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едәуір кеңейтеді, олардың өз бетімен оқу әрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.

Орта оқу орындарында информатиканы оқытудың нақты мақсатының негізгі сипаттамасы ретінде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің бірінші бағдарламасында оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген. Компьютерлік сауаттылық ұғымы мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін енгізумен бірге қалыптасып, бірден мектеп дидактиканың жаңа ұғымдарының қатарына қосылды. Оқушылардың компьютерлік сауаттылық талаптарын қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ жасалынған, алайда жүйеленген мазмұндамаларда компьютерлік сауаттылықтың компоненттері мектепке «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнін оқытудың алғашқы әдістемелік башылығының мұғалімдерге арналған нұсқасында жазылған. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының мазмұнын құрайтын компоненттер келесідей топтарға бөлінген:

  • ЭЕМ-ге арналған алгоритмдерді сипаттаудың түрі ретінде бағдарлама, алгоритм ұғымы, оның құрылымы, алгоритмді жазу әдістері мен тәсілдері, бағдарламалау тілдерінің бірінде бағдарламалау негіздері;
  • ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;
  • ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу принциптері;
  • өндірісте және адамзат іс-әрекетінің басқа салаларындағы компьютердің ролі және қолданылуы.

Айтылған компоненттерді талдау компьютерлік сауаттылық (КС) ұғымының пайда болуы, оқушылардың алгоритмдік мәдениеті (АМ) ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің ролі сияқты «машиналық» компоненттерді қосу арқылы кеңею нәтижесінде пайда болатындығын көрсетеді. Бұл компьютерлік сауаттылық ұғымының алгоритмдік мәдениет ұғымымен байланысы жаңа курстың бағдарламасына берілген түсініктемеде анық көрсетілді, ол курстың міндеттерінің бірі «сегізжылдық мектептің алгебра курсының алгоритмдік бағытын аяқтау және жүйелеу» және ИЕТН курсының алғашқы әдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауларда «оқушылардың алгоритмдік мәдениетінің компоненттерін қалыптастыру компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды». Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз:

 

 

 

АМ à КС

 

Төменде «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің алғашқы бағдарламасы, оқушыларға арналған байқау оқу құралдары мен мұғалімдер үшін әдістемелік құралдар пайда болғаннан соң мамандар мен педагогтардың жиналысында талқыланған «компьютерлік сауаттылық» ұғымына берілген толықтырулар келтірілген.

1. Компьютермен «сұхбаттасу» икемділігі. Компьютермен «пайдаланушы деңгейінде» қарым-қатынас жасау – бұл компьютерді жұмысқа дайындау, оны іске қосу және сөндіру шеберлігі, дисплеймен жұмыс істеу шеберлігі, яғни пернетақтамен жұмысты меңгеру, сандар мен айнымалыларды енгізу алу, енгізілген мәліметтерді түзету, бағдарламаны енгізу, іске қосу және түзету болып табылады. Бұған оқушылардың мәтіндік және графикалық редакторлармен, электрондық кестелермен, әр түрлі ойын бағдарламалары сияқты қарапайым сервистік бағдарламалармен жұмыс істеу сонымен қатар, компьютермен сұхбаттық режимде жұмыс істеу сияқты  дағдылары мен икемділіктері жатуы мүмкін. Бұл бағытта білім, біліктілік және дағды - өз ерекшеліктеріне байланысты төменгі сыныптарға, мектепке дейінгі жастағы балаларға да пайдалы болуы мүмкін.

2. Компьютер үшін қарапайым бағдарламалар құру. Жалпы орта білім беретін мектептердің мақсаты бағдарламалаушылар дайындау болып табылмайды, сондықтан, ЭЕМ үшін бағдарламалаудың негізгі принциптерін түсіну жалпы білім беру жүйесіне кіруі тиіс.

Бұл процестің жүзеге асырылуы бірте-бірте және ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Дербес бағдарламалар жазудың, әсіресе тармақталу мен цилдерді ұйымдастыруға енетін оқушылардың алғашқы икемділіктері, бағдарламалауға дейінгі қарапайым және көрнекілік құралдардан тұратын алгоритмдік мәдениеттің компоненттеріне негізделеді. Білім берудің жоғары сатыларында пәнді тереңдетіп оқыту мақсатында бірнеше бағдарламалау тілдерімен таныстыруға болады. Бұл деңгейде, дегенмен, бағдарлама жазылатын тілді таңдаудың қажеттілігіне қарағанда бағдарламалаудың негізіне жататын алгоритмдерді құра білу үшін қажетті білім, біліктілік және дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді.

Информация о работе Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері