Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 19:37, доклад
Қазіргі кезде көкірегімде жүретін сұрақ «Еркіндікті пайдаланудың нәтижесіне сыни көзбен қарап, оны дұрыс бағалай білеміз бе?». Шынымен-ақ әлі де мұғалімдер мен мектеп басшыларының ішінде дәстүрлі сабақ түрлерін «дұрыс», «жоғары деңгейде өтті» деп бағалайтындар көптеп кездеседі. Олар, Джон Дьюи айтқандай, сынып бөлмесіндегі парталар қатарында орнаған әскери тәртіп пен арнайы рұқсат арқылы орындалатын қимыл оқушының еркіндігін тежеп, оның дамуына кедергі жасайтынына сенбейді. Осы пікірді қолдай келе, оны дәлелдеу үшін мен жаңаша оқыту принципіне негізделген және дәстүрлі сабақтарды бір-бірімен салыстырар едім.
ЖАҢАЛЫҚҚА ҚАРАЙ БАТЫЛ ҚАДАМ НЕМЕСЕ МАТЕМАТИКАНЫ ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ
Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Оның оқушының жүрегіне жол тауып, педагогикалық шеберліктің қыр-сырын меңгеріп, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары болуы керек.
Қазіргі кезде көкірегімде жүретін сұрақ «Еркіндікті пайдаланудың нәтижесіне сыни көзбен қарап, оны дұрыс бағалай білеміз бе?». Шынымен-ақ әлі де мұғалімдер мен мектеп басшыларының ішінде дәстүрлі сабақ түрлерін «дұрыс», «жоғары деңгейде өтті» деп бағалайтындар көптеп кездеседі. Олар, Джон Дьюи айтқандай, сынып бөлмесіндегі парталар қатарында орнаған әскери тәртіп пен арнайы рұқсат арқылы орындалатын қимыл оқушының еркіндігін тежеп, оның дамуына кедергі жасайтынына сенбейді. Осы пікірді қолдай келе, оны дәлелдеу үшін мен жаңаша оқыту принципіне негізделген және дәстүрлі сабақтарды бір-бірімен салыстырар едім.
Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл - ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Сондықтан
жалпы білім беру саласының
алдына қойылған осы
Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады.
Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі – математикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.
Математикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Математикалық ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс.
Білім
беру процесінде оқытудың
Танымдық - диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, математикалық ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сәйкес термин - сөздермен, символдармен жүйелі түрде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу керектігін, оқушылардың математикалық ұғыммен білімдерді саналы және белсенді меңгерулерін басқару мүмкіндігін ескере отырып, ұғымдарды қалыптастырудың төмендегі ғылыми - әдістемелік деңгейі көрсетілген.
Қазіргі таңда
Кембридж университетінің
• Жаңа тәсілдердің бірі Lesson Study-ді тиімді қолдану сабақтың нәтижелілігіне сендірді;
• Өзімдегі өзгерістерді санамалап айта аламын: балаларға бұрынғыдай ұрыспаймын, орынсыз қатты басқарудың қажетсіздігін түсіндім,балаға сенім білдірдім, топта жұмысты еркін бөлісуге жағдай жасай алдым; сабаққа дайындалу уақытымды кеңейттім, тапсырманы топтарға, балаға қабілет, дарынына қарай бөлуді үйрендім;
• Таңғалдырғаны: бұрын сабаққа енжар қарайтын балалар бір топқа жиылғанда, өз ішінен бір топбасшы еріксіз алға ұмтылып шығады екен; топтағы талқылау барысында бұрын ортаға шығуға ұмтылмайтын балалар постер қорғауға, жарнама жасауға батылдық танытты.
Информация о работе Жаңалыққа қарай батыл қадам немесе математиканы үйретудің тиімді жолдары туралы