Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 18:00, лекция
Ал тағайындау есебіндегі сұраныс пен ұсыныстың ролін атқарып тұрған сандар бүтін сандар болғандықтан есеп шешімі де бүтін сан болады. Сондықтан есепті MS Excel арқылы шығарғанда нәтиежесі бөлшек сан болады деп қорықпай шығара беруге болады (бульдік айнымалылар қолданған дұрыс). Тағы да айта кететін жайт, егер әртүрлі себептермен кей тағайындау мүмкін болмаса, онда оның тарифін өте үлкен сан қылып өзгертіп есепті шығара беруге болады. Мысал. Бір кәсіпкердің қалада тамақ өнімдерін сататын алты нүктесі (киоск, дүкен т.с.с.) бар болсын. Келесі жұмыс күніне оның жұмысқа шығатын бес сатушысы бар болсын (бір сатушы санитарлық кітапшасын толтырып үлгере алмағандықтан жұмысқа жіберілмей отыр).