Рим цифрларының қолданылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:55, статья

Краткое описание

Рим цифрлары– сандарды белгілеу үшін қолданылатын таңбалау жүйесінің дәстүрлі аты. Рим сандары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Рим сандары — таңбалау жүйесінің сандарды белгілеу үшін қолданылатын дәстүрлі атауы. Б.з.б. 500-жылдар шамасында этрускілерде пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған. Рим Цифрлары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Кез келген натурал сан осы цифрларды қайталау арқылы жазылады. Егер бұл жағдайда үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда олар өзара қосылады (қосу принципі), ал егер кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан алынады (азайту принципі).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Рим цифрларының қолданылуы.docx

— 21.10 Кб (Скачать документ)

Рим цифрларының  қолданылуы

 

Рим цифрлары– сандарды белгілеу үшін қолданылатын таңбалау жүйесінің дәстүрлі аты. Рим сандары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Рим сандары — таңбалау жүйесінің сандарды белгілеу үшін қолданылатын дәстүрлі атауы. Б.з.б. 500-жылдар шамасында этрускілерде пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған. Рим Цифрлары жүйесі ондық разрядтар мен олардың жартысы үшін айрықша таңбалар енгізуге негізделген: Кез келген натурал сан осы цифрларды қайталау арқылы жазылады. Егер бұл жағдайда үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда олар өзара қосылады (қосу принципі), ал егер кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан алынады (азайту принципі). Соңғы ереже бір цифрды төрт рет қайталап жазбау үшін қолданылады. Мысалы: VІІ=5+2=7, ІX=10–1=9, XІV=10+(5—1)=14, XXL= =50—10—10=30, XXXІІІ=10 +10+10+1+1+1=33, т.б. Р. ц. арқылы жазылған көптаңбалы цифрларға арифмет. амалдар қолдану өте қолайсыз. Қазір Рим  цифрлары көп қолданылмайды. Мысалы:

MMXIII

"2013" рим цифры бойынша жазылуы





 
 Рим цифрларының аталулары:

1

I

лат. unus

5

V

лат. quinque

10

X

лат. decem

50

L

лат. quinquaginta

100

C

лат. centum

500

D

лат. quingenti

1000

M

лат. mille


 

Мына рим цифлары бәрімізге  де мәлім:

                   I      V      X      L      C         D         M

                  1      5      10     50    100     500      1000

Бұл жеті таңбаның кейбіреулері әріптер ретінде де пайдаланылады.Римдіктер  М әрпімен мың санын белгілеген.Мысалы,38784 саны былай жазылатын:XXXVIIImDCCLXXXIV.

Рим цифрларымен сьездердің, тоқсандардың, конференциялардың, ғасырлардың, тараулардың, мерейтойлардың сандары белгіленеді. Рим цифрларын басу құралдарында ресімдегенде латын әріптері қолданылады. Бұл жағдайда рим цифрлары ондық разрядты білдіретін төрт белгіден (I-бір, X-он, C-жүз, M-мың) және олардың жартысын білдіретін үш белгіден (V-бес, L-елу, D-бес жүз) тұрады.

I- 1

II- 2                             XX-20                         LXV-65              CC-200

III- 3                            XXV-25                                                  CCC-300

IV- 4                            XXX-30                      LXX-70              CD-400

V- 5                             XXXV-35                   LXXV-75            D-500

VI- 6                                                                                          DC-600

VII -7                           XL- 40                        LXXX-80            DCC-700

VIII –8                         XLV-45                      LXXXV-85         DCCC-800

IX –9                            L-50                           XC-90                  CM-900

X –10                           LV-55                         XCV-95               M-1000

XI –11                                                             C-100                   MD-1500

XV –15                        LX-60                         CL-150                MM-2000

Рим цифрларының үстіне қойылған сызықша ол санның мәнін мың есе көбейтеді.

V- 5000               MV-40000         D-5000 000                   M-1000 00

Біздің ондық системамызға қарағанда рим системасы қолайсыз болған: сан ұзақ-ұзақ шұбалыңқы  жазылатын, көбейту және бөлу амалдарын  орындауға болмайтын.Барлық амалды ойша орындау керек болатын.Тіпті  санды  атап айту үшін ауызша қосу не шегеру керек-ті, өйткені сол жеті рим цифрларының әрқайсысы қайда  тұрса да бір ғана санды білдіретін.Мысалы, VI санында да, IV санында да V тек бес бірлікті білдіретін. Ал осы күнгі жазбаша нумерацияда цифрдың мәні тек оның түріне, кескініне байланысты болмайды, оның басқа цифрлар арасындағы алып тұрған орнына, жағдайына, позициясына да байланысты болады. Мысалы, 15 санында 5 цифры 5 бірлікті білдіреді, ал 53 санында сол 5 цифрі 5 ондықты, яғни елу бірлікті білдіреді.Міне сондықтан да біздің нумерация позициялық нумерация деп аталады.Қазіргі цифрларымыз сияқты, бұл система да , шамалап айтқанда, бұдан 1500 жыл бұрын пайда болған. Алайда бұл – Үнді цифрлары әуел бастан-ақ қазіргідей болған еді деген сөз емес.Халықтан халыққа ауыса отырып, әуелгі үнді цифрлары сан ғасырлар бойы әлденеше рет өзгере келе қазіргі түріне түскен. Арабтар үнділердің цифрларын және позициялық ондық системасын қабылдаған, ал европалықтар оларды арабтардан үйренген.Сондықтан біздің цифрларымызды айыру үшін өзгеше, араб цифрлары деп атайтын болды.

Посткеңестік елдерде Рим цифрларымен ғасырларды, мыңжылдықтарды, монархтардың реттік атауын, көп томдық кітаптардың реттік нөмірін, кейбір маңызды шаралардың реттік нөмірлерін, химиялық элементтердің валенттілігін көрсету үшін, сондай-ақ қол сағаттар мен ілмелі сағаттарда уақытты көрсету үшін пайдаланылады. Дегенмен әлемдік қауымдастықта бұл таңбалар қолданыстан қалып бара жатқандай. Мәселен, әлемдік ісқағаздар жүргізу тәртібінде, әсіресе бизнес саласындағы іс-қағаздарда Рим цифрларына неғұрлым аз жүгінуге немесе мүлде пайдаланбауға кеңес беріледі. Бизнес ісқағаздарын былай қойғанда Батыс елдерінің ғалымдары өздерінің публицистикалық ғылыми мақалаларында ғасырларды араб таңбаларымен көрсететін болды. Оның үстіне бұл таңбалар латын әліпбиін пайдаланбайтын халықтар үшін компьютерлік терілімде қолайсыздық тудырады. Еуропа елдерінде әрқалай, кейбірі Рим таңбаларына әлі де басымдық беріп жатса, ендігі біреулерінде «Рим цифрлары» деген ұғым мүлде жоқ екен (мәселен Финляндияда).


Информация о работе Рим цифрларының қолданылуы