Қошақанды қайрау - - санамақтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 09:15, реферат

Краткое описание

Қызыл-жасыл даланы
Кезгін келсе шамалы,
Татқың келсе басқа дәм,
Қошақаным, бас қадам

Прикрепленные файлы: 1 файл

ребус.doc

— 115.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Қалмау үшін ашығып 
Қысқы азығын кеш қамдап, 
Қамбасына тасыды 
БІР,  
ЕКІ, 
ҮШ, 
ТӨРТ, 
БЕС жаңғақ. 
 
Ұйқыдан ол асылы 
Көрген емес кеш өріп. 
Бүгін тағы тасыды 
БІР,  
ЕКІ, 
ҮШ, 
ТӨРТ, 
БЕС өрік. 
 
Ал, ал ... 
Біздің Қанат па? 
Қайта-қайта есінеп, 
Алды ескерту сабқта 
БІР,  
ЕКІ, 
ҮШ, 
ТӨРТ, 
БЕС рет.

Көрсетілімі: 824 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 21.03.2012 | Хабарлама (2)


 

ҚОШАҚАНДЫ ҚАЙРАУ - - САНАМАҚТАР

Қызыл-жасыл даланы 
Кезгін келсе шамалы, 
Татқың келсе басқа дәм, 
Қошақаным, бас қадам 
 
Оңға қарай БІР атта –  
Бас қоясың бұлаққа. 
Солға қарай БІР атта – 
Тойындасың құрыққа. 
 
БІР, 
ЕКІ, 
ҮШ, 
ТӨРТ атта, 
Жүгір, 
    Секір,  
        жортақта. 
Тамақ өзі келмейді 
үйден шықпас қорқаққа.

Көрсетілімі: 573 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 21.03.2012 | Хабарлама (0)


 

ТОРҒАЙ  МЕН МЫСЫҚ - - САНАМАҚТАР

Жем шоқыған  торғайға 
Көзі бірден түсіп, 
Деп: 
«Бұл әдемі ас болмай ма?» 
Қадам басты мысық. 
    Бір ... 
        Екі ... 
            Үш ... 
- Торғай,  
    Торғай, 
            ұш!

Көрсетілімі: 610 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 21.03.2012 | Хабарлама (0)


 

БІР, БЕТІҢ ӨТЕ КІР. - - САНАМАҚТАР

Бір, 
Бетің өте кір. 
Екі, 
Бейбасқа жекі 
Үш, 
Ұмтыл алға түс. 
Төрт, 
Беске оқу - серт. 
Бес, 
Белестерден желдей ес.  
Алты, 
Антты бұзбау - ата салты.  
Жеті, 
Қойдың семіз еті. 
Сегіз, 
Қоздасын қой егіз. 
Тоғыз, 
Арам айуан - доңыз. 
Он, 
Торқадан артық тон.

Көрсетілімі: 586 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

БІР ДЕГЕНІМ - БЕЛІН, - - САНАМАҚТАР

Бір дегенім - белін,  
Екі дегенім- егін,  
Үш дегенім - үкі,  
Төрт дегенім - төл,  
Бес дегенім - бекіре,  
Алты дегенім - адам,  
Жеті дегенім - жеміс,  
Сегіз дегенім - сең,  
Тоғыз дегенім - тоң,  
Он дегенім - оң,  
Он бір болады одан соң.

Көрсетілімі: 683 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

1. Б-ДАН  БАСТАЛАДЫ - БИЕ ДЕ, - - САНАМАҚТАР

1.    Б-дан басталады - бие де, 
2.    Е-ден басталады - егін де, 
3.    Ү-ден басталады - үлек те, 
4.    Т-дан басталады - төбе де, 
5.    Б-дан басталады - бесік те, 
6.    А-дан басталады - атан да, 
7.    Ж- дан басталады - жент де, 
8.    С-дан басталады - сең де, 
9.    Т-дан басталады - тон да,  
10.   О-дан басталады - оқу да, 
Он бір ойға тоқу да керек.

Көрсетілімі: 439 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

БІР ҮЙДЕ ОН БАЛАМЫЗ, - - САНАМАҚТАР

Бір үйде он баламыз,  
Бір-бір жастан арамыз. 
Бір жастағы - Біржан  
Екідегіміз - Елжан  
Үштегіміз — Үсен  
Төрттегіміз - Төкен 
Бестегіміз - Бекен  
Алтыдағымыз - Арқан  
Жетідегіміз - Жетен  
Сегіздегіміз - Сөкен 
Тоғыздағымыз - Тойтан  
Ондағымыз- Ойқан 
Жастарымызды қосыңыз,  
Қосындысы қанша осының?

Көрсетілімі: 492 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

ОН - ОТАНЫҢ АРДАҚТЫ, - - САНАМАҚТАР

Он - Отаның ардақты,  
Ол - қорғаның салмақты.  
Сені ақылды болар деп,  
Бар тілегін арнапты.

Көрсетілімі: 325 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

ТОҒЫЗ - ТОРҒЫН ТОҒАЙЫҢ, - - САНАМАҚТАР

Тоғыз - торғын тоғайың,  
Бауыр, туыс, ағайын.  
Ұстаздарың, достарың,  
Шаттық толы маңайың.

Көрсетілімі: 292 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

СЕГІЗ - ДЕГЕН САЛТАНАТ, - - САНАМАҚТАР

Сегіз - деген  салтанат,  
Ел жиналар анталап.  
Тәуелсіздік тойы бар,  
Сайыс құрар бар талант.

Көрсетілімі: 289 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

ЖЕТІ - ТУҒАН ЖЕРІМІЗ, - - САНАМАҚТАР

Жеті - туған  жеріміз,  
Біз - туған жер төліміз.  
Жиі барсақ ауылға,  
Тола түсер кеміміз.

Көрсетілімі: 312 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

АЛТЫ - АСАУ АРҒЫМАҚ, - - САНАМАҚТАР

Алты - асау арғымақ,  
Мінсең шабар арқырап.  
Қиялдайды сондайды,  
Бәйге сүйгіш әркім-ақ.

Көрсетілімі: 360 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

БЕС - ҚОЛЫҢДА БЕС САУСАҚ, - - САНАМАҚТАР

Бес - қолыңда  бес саусақ,  
Іске даяр тұр самсап.  
Тас қамалды бұзамыз,  
Жұдырықтай бір болсақ.

Көрсетілімі: 1081 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

ТӨРТ - АТАҚТЫ ТӨРТ ТҮЛІК, - - САНАМАҚТАР

Төрт - атақты төрт түлік,  
Төрт түлікке тоқшылық.  
Жылқы, сиыр, қой, ешкі,  
Өсір бәрін көп қылып.

Көрсетілімі: 733 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (1)


 

ҮШ  ДЕГЕНІҢ - ҮЙ, - - САНАМАҚТАР

Үш дегенің - үй,  
Үйсіз оңбас күй.  
Үй - туған ел бөлшегі,  
Соны еске түй.

Көрсетілімі: 217 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

ЕКІ ДЕГЕНІМ - ЕЛІМ, - - САНАМАҚТАР

Екі дегенім - елім,  
Атамекен жерім.  
Ол - өзен, көл,кең дала,  
Ол - тауларым менің.

Көрсетілімі: 268 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

БІЗДЕР  САНАЙ БІЛЕМІЗ, - - САНАМАҚТАР

Біздер санай  білеміз,  
Білмегенге күлеміз.  
Біреу, екеу, үш, төрт деп,  
Бес, алты... деп жүреміз.

Көрсетілімі: 240 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

ОНҒА  ДЕЙІН САНАЙЫҚ! - - САНАМАҚТАР

Қолға қалам  алайын,  
Қанша сан бар жазайық.  
Қарап тұрмай, сандарды  
Қайта-қайта санайық.

О

Дөңгелекке  ұқсайды,  
Доп сияқты, ұшпайды.  
Досым нөлді О дейді,  
Десем «бұл нөл», ұқпайды.


Біздің үйде бір тауық,  
Бір жұмыртқа жүр тауып.  
Бір сиыр бар қорада,  
Бәтіш тәтем жүр сауып.


Екі аяқпен жүремін,  
Екі көзбен көремін.  
Екі қолым бар менің,  
Екеу құлақ, білемін.


Үйімде бар үш қалам, 
Үшеуін де ұштағам. 
Үш досымды салдым мен,  
Үш балыққа ұқсаған.


Төрт дөңгелек арбада,  
Төрт аяқ бар малда да...  
Тауыса алмай бидайды,  
Төрт тышқан жүр қамбада.


«Бестік» деген бағаны,  
Бақыт күнде алады.  
Бәрі жақсы көреді,  
«Беске» оқыған баланы.


«Алақай!» дер келді күн,  
Алтыдамын мен бүгін.  
Алты жасқа келмекші,  
Алғы аптада енді кім?!


Жеті саны киелі,  
Жұрттың бәрі біледі.  
Жеті жасқа жеткендер,  
Жығылмай-ақ жүреді.


Сен де, мен де баламыз,  
Сегіз санын саламыз.  
Сегіз деген екі төрт,  
Сегіз жаста ағамыз.


Тоғыз жасқа келгенім - 
Тоғыз жылды көргенім.  
Тоғыз жаста тәнті еткен,  
Талабымды көр менің!

10 
Он жыл, он жас - он деген,  
Он жас кіші ол менен.  
Онды жаза аламыз,  
Он - тұрған бір нөл менен.

 

 

Көрсетілімі: 466 | Қосты: Kz_ref_Mara | Қосылды: 08.06.2011 | Хабарлама (0)


 

1-20 21-35


Информация о работе Қошақанды қайрау - - санамақтар