Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 10:09, реферат

Краткое описание

Уақыт объективті түрде, біздің санамыздан тыс және әрі одан тәуелсіз түрде бар болады. Оны қабылдау әрі танып білу – нақты уақыттың біздің санамызда бейнелеуі ғана. Уақыттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар:
1. Оның озып өтуі; уақыт қозғалыспен байланысты;
2. Оның қайтымсыздығы;
3. Көрнекі формалардың болмауы, «ол көрінбейді де, естілмейді де».

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері.docx

— 26.76 Кб (Скачать документ)

    Психология мен физиология балаларда «уақыт сезімін дамыту қажеттігін атап айтады (Н.И.Краснагорский т.б.). Уақыт ұзақтығын бағалауға үш фактор ықпал етеді деп көрсетілген: әрекет мазмұны, оған қызығушылық және баланың жасы. Көптеген қызғылықты уақиғаларға толы уақыт мазмұны жағынан да бай да ,әдетте білінбей өте береді және оның ұзақтығына берілетін баға ақиқаттан кемдеу келеді. Және Және керісінше уақыт бір қалыпта өтетін болса, оның мазмұны да жадау болады, «созылыңқы» болып көрінеді және оған берілетін баға да ақиқаттан артықтау келеді. (С.Л.Рубинштейн).

     Бұдан шығатыны  сол, екінші фактор - әрекеттің осы аталған түрінде қызығушылық дәрежесі, уақыт берілетін бағаға, сз жоқ, әсер етеді. Балаға қызықты көрінетін әрекет, тезірек өтеді, оның ұзақтығы байқалмайтын сияқты, нақты ұзақтығына берілетін баға кемиді. Және керісінше, жағымды әсерлер, қоздырмайтын әрекет, ақиқатпен салыстырғанда , ұзақтау болып қабылданады; бала одан құтылғанша асығады. Бір минуттың ұзақтығы туралы баланың түсінігін зерттей келе, ылғи да қайталанатын зертеулерлі олар түсінбейтінін көреміз: «Ең бір минут тыныш отыршы», т.б. Балалар осыншама аз уақыт аралығында не тындыра қойылатынын білмейді, бір минут деген сөзден сенсорлық тәжірбиесі жоқ.Солай бола тұра, өз жұмысының ұзақтығын бағалау қажет және оның қажеттігі айқын. «Балалар, жабыстырып аяқтаңдар, небары бір минутқалды»- деген тәрбиенің ескертуі сабақ түстінде аз естілмейді. Алайда «бір (ек) минут» деген сөздердің мағынасын олар сезбейді, сондықтан түсінілмей қала береді. Кейбір алты- жеті жасар балалар өз әрекеттерін өздері бағаламақ болады, алайда, жоғарыда көрсетілгендей-ақ, олардың берер бағасы субъективті, баланың жұмысқа қызығушылығына оның мазмұнының байлығына және әр түрлілігіне байланысты. Қызығы сол, әр жастағы (бес,алты және жеті жасар) балаларда минут ұзақтығын бағалауда білінерліктей айырмашылық болмайды. Бұдан шығатын қортынды сол, бұл сияқты тоқырау педагогикалық жұмыстың жетіспеушілік салдарынан болады.

     Есте болары  сол, мектепке дейінгі тәрбие  системеларының кейбіреулерінде,  оның ішінде Ю.И. Фаусек те, уақыт сезімін дамыту ісіне  «тыныштық сабақтарына» арнайы  көңіл бөлініп келеді (балаларға  бір минут бойы көздерін жұмып  тыныш отыруды ұсынды, ал тәрбиеші  сағатына қарапбақылап отырады).

     Педагогикалық  эксперимент пен балалар бақшасының көптеген тәрбиешілерінің айтуына қарағанда, балалар сенсорлық тәжірбиемен қатар уақыт ұзақтығын құм сағат арқылы анықтау тәсілдерімен танысқанда оларда 1,5,10,15 минуттық уақыт аралықтарының ұзақтығын ақиқат бағалау қалыптасады екен. Уақытты осындай бағалауды балалар өз әрекеттерінде және қылықтарында бірдей пайдалана бастайды. Балаларда «уақыт сезімі» дами бастайды ,біртіндеп уақытқа деген нұсқау қалыптасады (кешікпеу, айтылған уақытта жату т.б.) Уақытқа деген нұсқау баланың көңілін жұмылдырады, тапсырманы ритммен орындауды қамтамасыз етеді: балалар қажетті материалды шапшаң сұрыптап алып, әдеттегіше теңселіп жүре бермей, бірден жұмысқа кірісіп кетеді. (Т.Д.Рихтерман).

    ЧСонымен ересек  балалар тобында өз әрекетін  уақыт жөнінен реттей білуді  қалыптастыру әбден мүмкін болатындықтан  , оларда «уақыт сезімін» тәрбиелеу  қажет, ол үшін кейбір уақыт  аралықтарына делінген сенсорлық  тәжірбиені уақыт есебімен байланыстыру  керек, сонда сөз, арнаулы приборлар  қолданылады (құм сағат, жарға  ілінетін сағат, қол сағаты).

        «Уақыт  сезімін» дамытумен қатар балаларда уақыттың өтетіндігі ,и қайтымсыздығы және периодтылығы  жайында түсінік қалыптастыру қажет, сонда тәулік бөліктері жайлы (ертеңгілік, күн, кешкілік, түн) тәуліктердің алмасуы ретінде апта күндері жайлы, жыл мезгілдері жайлы ,олардың реті алмасуы т.б. жайлы түсінік беріп отыру крек.

     Бірқатар авторлардың аяқталған зерттеулеріне қарағанда, балалар әр түрлі уақыт түсініктерін және ұғымдарын, олардың қалыптасу жолдарын игере алады екен, бұл методикада ескеріліп отыр (ХІІ тарауды қарауың)  және мұның өзі педагогикалық жұмысты жаңа , биіктеу дәрежеге көтеру мүмкіндік береді.


Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері