Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 12:54, доклад

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Халы0ты0 педагогика.docx

— 24.61 Кб (Скачать документ)

Мектеп оқушыларына  ұлттық тәрбие берудің теориялық  негіздері 

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру  және қазіргі жаңаша ойлау мен  әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі  бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің  біріне айналып отыр.

Ғасырлар сынынан  еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық педагогикасы жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесінде жалпы білім беру саласында, оқу тәрбие үрдісінде тәлім–тәрбиелік мәні зор.

Қазіргі кезде  елімізде ұлттық құндылықтардың қайта  өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдану жасалып отыр»,-деген сөзі осының айғағы.

Бұл мәселе: Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» заңында–«Ұлттық және жалпы адамзатық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім үшін қажетті жағдайлар жасау»-деп көтерілсе, Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті–жылдам өзгертіп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды адамзаттыққа, елжандыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет...»-деп анық айтылған.

Қазіргі уақытта бүкіл оқу–тәрбие жүйесі халықтық педагогикаға негізделіп, қайта құрылып жатқанда, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттау, баланың ауызекі сөйлеу тілін дамытып, олардың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру–әрбір ұстаздың міндеті. Халық педагогикасы–қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы. Сондықтан оқушылардың ой-өрісін, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Ұмыт болған салт-дәстүр халқымызға тән ұлттық асыл қасиеттеріміз қайта жаңғырып жатқан уақытта осы мұраларды педагогикамен ұштастыру басты мақсат. Осы міндеттерді шешудегі мәселелердің қайнар бұлағы, сарқылмас көзі–халықтық педагогика. Халықтық тәлім–тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында. Ұлттық тәрбиенің тағылымы, берері орасан зор. Әсіресе, сабақты түрлендіріп өткізу әр мұғалімнің ізденісіне байланысты болмақ. Негізгі мақсат–білімнің ұлттық жаңа үлгісін жасау және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру. Бүгінгі таңда халық педагогикасына ерекше көңіл бөлу керек. Ата–бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттер бойына дарыту үшін өз сабағымызда мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, аңыз-әңгімелерді жиі мысалға келтіріп, ұлылардың айтқан даналық сөздерін ұрпақ санасына сіңіруді сабақ сайын жүргізіп келеміз. Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидаларымен тәрбиелейді. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп.

Ұлт мәдениеттің  жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері  туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орны зерттеуде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтылған.

Ғасырлар өткен  сайын  ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлер ойлар, тұжырымдамалар өз жалғасын тауып тарихшы, этнограф, педагог-психолог ғалымдардың зерттеулерінде де жан–жақты қарастырылған (Қ.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, А.Сейдімбек, К.Жүкеш, Н.Елікбаев, А.Нысанбаев, Ж.Алтаев, Н.Әлімбай, Б.Байжігітов, К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, Т.Басенов, С.Қасиманов, М.С.Мұқанов, К.Әмірғазин, С.Қалиев, Ж.Ж,Наурызбай, т.б.)

Ұлттық тәрбие жалпы  тәрбие теориясының негізгі саласы, құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан  ұлттық тәрбиенің әдіснамасы мен  ғылыми-әдістемелік мазмұны педагогика ғылымында тәрбие теориясына негізделеді. Қазақстанда тәрбие беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын жетілдіру бойынша Ш.Абдраманның, Қ.Ж.Аганинаның,  Қ.М.Арынғазинның, Е.З.Батталхановтың, А.А.Бейсенбаеваның, А.Байсеркенің, Қ.Қ.Жампейсованың, А.А.Калюжныйдың, Л.К.Керімовтың, А.А.Қалыбекованың, Н.Ә.Мыңжановтың, Қ.Б.Сейталиевтің, т.б. еңбектері ұлттық тәрбиені тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде оқып-үйренуге мүмкіндік берді.

Жоғарыда аталған  ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ  тәрбиесіндегі халықтың құнды ой-пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады және ондағы адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің әдіс-тәсілдері баяндалып, олардың қазіргі жағдайындағы тағылымдық мәні сараланып сипатталады. Бастауыш мектепте ана тілі сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасаған талдау бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа дейін оның оқу–тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетті.  

 

Сонымен бірге  бастауыш мектеп сатысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында жасалынып, қолданысқа енген «Атамекен» (М. Құрсабаев), «Кәусар бұлақ» (З. Ахметова), «Әдеп  әліппесі» (А. Ашайұлы), «Қазақ тәлімінің тарихы» (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев), «Әдеп әліппесі» (Ә.Табылдиев), «Ұлттық дүниетаным» (1-4сыныптар) (А.Құралұлы), «Дәстүр» (Ә.Сәдуақасов) атты тәрбие бағдарламалары зерттеуіміздің тәжірибелік бағыттылығын анықтауға септігін тигізді.

Бұның бәрі біз көріп отырған ана тілі сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жан–жақты шешімі табылымаған мәселе екендігін және тәрбие теориясы мен практикасында бүгінге дейін шешімін таппай отырғандығын айғақтайды.

Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы  болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру барынша дамытуға деген қоғам  қажеттілігі мен педагогикалық  теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арасында қарама-қайшылық айқын көрінеді. Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы пен педагогика ғылымына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-теориялық тұрғыдан шешімін табу менің дипломдық жұмысымның тақырыбын «Халықтық педагогика идеяларын бастауыш мектептің тәрбие процесіне енгізу»-деп алуыма негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте ана тілін оқыту  процесінде ұлттық тәрбие беру мәселесін  ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің  нысаны: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына  ұлттық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.

Зерттеудің  міндеттері:

–жаһандану жағдайында оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;

–бастауыш сынып  оқушыларына ұлттық тәрбие берудің  психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

–бастауыш сынып  оқушыларына ұлттық тәрбие берудің  үлгісін жасау;

–мектептің тұтас  педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау;

–ұсынылып отырған  педагогикалық шарттар жүйесінің  тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеудің  жетекші идеясы. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабақтарында ұлттық тәрбие беру дүние, қоғам жөніндегі түсініктерін ұлғайтды, ой–өрісін, рухани талғамы мен танымын қалыптастырып, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейді, бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау-оқушылардың елжандылығын, халықтық мұра құндылықтарын бағалауы мен тани білу қабілетін арттыруға әсер етеді.

Зерттеудің  әдіснамалық және теориялық негізі. Қоғамдағы және табиғаттағы барлық процестер мен құбылыстардың өзара байланысы мен диалектикалық бірлігі туралы ілім, жалпы таным теориясы, ғылымдағы теория мен тәжірибе, жалпы білім беруді дамыту тұжырымдамасы; ана тілі, ұлттық тәрбие заңдылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер мен теориялар, қазақ халқының мәдени құндылықтар негізіндегі этнопедагогикалық тұжырымдамалары.

Зерттеу әдістері: қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық тәжірибені зерттеп жинақтау, тарихи, ғылыми, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу; мектеп құжаттарын талдау; оқушылардың көркем–шығармашылық жұмыстарын, озық педагогикалық тәжрибелерді зерделеу; педагогикалық эсперимент жүргізу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алынған нәтижелерді математикалық өңдеу. 

 

Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері 

 

1.1 Ұлттық  тәрбие беру–бастауыш мектептің  өзекті мәселелерінің бірі 

 

Қазіргі кезде  білім беру ісінде, жеке тұлғаны  жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру - өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан біздің көтеріп отырған мәселесіміз біріншіден–ұлт, екіншіден–тәрбие мәселесі.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетедi»-деген екен бабаларымыз. Этностың өз iшiндегi ала-құлалық ұлттың, мемлекеттiлiктiң  болашағына қатер туғызбай қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, сонсоң мемлекетiнен айрылудың әкелер қасiретiн–бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күң болатынын осыдан 13 ғасыр бұрын Күлтегiн тасына қашап жазған байырғы түркiлердiң даналығынан көруге болады. Кеңестiк жылдары Күлтегiндей дананың айтқаны басымыздан өткенi рас қой. Ендеше Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы–тарихтың толқынында өзiнiң ұлттық «МЕН» дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр... Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге айналуы қажет»,–деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр». Ұлттық «МЕНДІ» қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері сан алуан екендігі белгілі. Соның ішінде жетекші орынды тәрбие алатынына ешкім күмән тудырмайды. Себебі, тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жеке тұлғаның бойына сіңіру, оның қоршаған ортаға қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру болып табылып, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу мақсатын көздейді. Қазіргі мектептерде ұлттық тәрбие беру мәселесі өз шешімін таппаса, білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар түпкі нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес. Ол үшін ұлттық тәрбие беру барысында басшылыққа алынатын талаптарды анықтап алудың да маңызы зор:

-біріншіден, ұлттық тәрбие  беру Ата Заңымызға, «Білім туралы» Заңыңа қайшы келмеуі керек, яғни нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық кемсіту немесе дәріптеуден алыс тұрған абзал;

-екіншіден,  ұлттық тәрбие бір ұлттың мұратын  ұлықтаумен қоса, басқа ұлттардың  тарихын, дәстүрiн, этникалық ерекшеліктерін  есепке ала отырып, оларға қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ету қажет;

-үшiншiден, ұлттық  тәрбие үздіксіз болу керек.  Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты  ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны  айтпаса да түсiнiктi жайт. Мәселен,  қазiрдiң өзiнде тарихи отанында отырған қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей дей алмаймыз. Бiрiншiлерi үшiн қазақстанның бүгiнi мен ертеңi басты мәселе болса, екiншiлерi жүрген ортасында қазақ болып қалу қамын көбiрек ойлайды. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осынау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат. [1]

Қазақстан Респубилкасы өз алдына дербес мемлекет ретінде  егемендігін алғаннан кейін елімізде ұлттық рухани мұраларымызға бет  бұрып, соның негізінде тәрбие беруге көңіл қойыла бастады. Осы тұрғыдан ұлттық тәрбие атауын өздерiнiң докторлық диссертацияларында Қ.Бөлеев пен К.Оразбекова пайдаланып, жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді дайындаудың теориясы мен тәжірибесін зерттеді.

Қ.Бөлеевтің айтуынша: «.. ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. Өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық тәрбие–жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан этнопедагогиканың саласы..»,–деп, анықталады.

Ғалымның ойынша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi–болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.

К.Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие–болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: «..ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi–өлеңге, өлеңi–өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды..»,-деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттыј идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi.


Информация о работе Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері