Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Июня 2013 в 15:23, реферат
Тасымалкөлігініңнегізгіміндеттері - өзуақытындаауылшаруашылығын, халықшаруашылығынжәнетұрғындардытасымалдауқажеттілігіментолығыменсапалықанағаттандыру, жұмыстыңбарыншаэкономикалықтиімділігінарттыру.Автомобиль - күрделімашына, механизмдерменжүйелержиынынантұрады. Олардыңконструкциясыәртүрліболуымүмкін. Дегенменкөпшілікавтомобильдернегізгімеханиздерменконструкциясыменжұмысістеуқағидаларыбірдейболыпкеледі. Сондай-ақавтомобильдіқұрастырусхемасындадаортақтықболадыжәнеололардыңқызметіменмеханизмдердіңорналасуынабайланысты.
Кіріспе.
Қолданылған әдебиеттер. 23
Кіріспе
Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - өз уақытында ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру.Автомобиль - күрделі машына, механизмдер мен жүйелер жиынынан тұрады. Олардың конструкциясы әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдер негізгі механиздермен конструкциясымен жұмыс істеу қағидалары бірдей болып келеді. Сондай-ақ автомобильді құрастыру схемасында да ортақтық болады және ол олардың қызметі мен механизмдердің орналасуына байланысты.
Әрбір автомобильде үш негізгі бөлігін алуға болады:
1) кузов,
2) двигатель,
3) шасси.
Кузов – таситын жүкті орналастыруға арналған. Жүк автокөліктерінің кузовы жүкке арналған платформадан(жүк кузовы) және жүргізуші кабинасынан тұрады.Двигатель - жанармай жанған кездегі бөлінетін жылу қуатын механикалық қуатқа айналдырады. Мұндай қуатты айналдыру қорытындысында двигательдің мін білігінің айналуын келтіреді, ол негізінде двигательдің айналдыру моменті бір қатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі.Көпшілік автомобильдерде поршенді - карбюраторлы немесе дизелді двигатель қолданылады.Шасси мынадай бөлшектерді, механизмдермен жүйелерді біріктіреді: трансмиссия, көтергіш жүйе, белдік, аспалар, дөңгелектер, рульдік басқару және көтергіш жүйелер.Жүк автомобильдерінің ішінен Камаз-740 автомобилін қарастырайық.Камаз тәрізді үлкен жүк машиналары алыс қашықтықтарға әртүрлі жүктерді жеткізуге арналған. Ол үлкен үнемділігімен, пайдалану сенімділігімен, жүргізушінің жұмыс орнының жайлылығымен ерекшеленеді.Жүк машиналарының ішіндегі Камаз автомобилінің бұл артықшылығы оны бірінші орынға итермелейді. Камаз автомобильдерін жаппай өндіру және халық өндірісіне пайдалану1976 жылы басталды. Дизельді 8 цилиндрлі, төрт тактілі Камаз автомобильдерінің қозғалтқышы сығу арқылы от алады және олардың V-кейіпті орналасқан цилиндрлерінің құлау бұрышы 90°-қа тең.Камаз-740 автомобилінің үлкен қуаттылығымен, сенімділігімен, қолдану аймағының кеңдігімен ерекшеленеді:
-кремнилі-алюминий қорытпадан құйылған жоғарғы компрессорлы сақина қосымша шойынмен бекітілген;
-поршен сақинасының бүйір беті хромды-молибденмен жабылған;
-индукциялы шыныққан иінді білік азотталған немесе бекітілген;
-негізгі және шатунды подшипниктерде құрыш-қолалы үш қабатты жұқа бүйірлі жапсырмалары бар;
-жабық салқындату жүйесі
бәсең қататын салқындатқыш
-майды, жанар майды және ауаны сүзгіден өткізетін жоғарғы эффектілі қағаз сүзгі элементтері;
-цилиндр гильзасы көлемді-
-25°С-дағы қоршаған ауаның қарама-қарсы температурасында қозғалтқыштың сенімді жіберілуін қамтамасыз ететін ауаны қыздыратын электрофакельді құрылғы;
Автомобиль агрегаттарының тозу заңдылығымен интенсивтілігін зерттеу процессі кезінде алынған автомобиль транспорттарының техникалық пайдалану портативін түзету қолданыстағы әдісті жетілдіруге мүмкіндік берді.
Құрылысы, жұмыс істеу технологиясы және ақаулары
Жүргізу бөлігі. Жүріс дөңгелектері автомобильді жол бетімен байланыстыратын торап болып табылады. Жүргізу бөлігі рама, белдік ілгіші, дөңгелек қозғалтқышынан тұрады. Рама автомобильдің негізгі бөлігі болып табылады. Ол қозғалтқышты, трансмиссия агрегаттарын, жүріс бөлігін, қосымша және арнаулы құрылғыларын, басқару органдарының механизмдерін сонымен бірге кабинамен кузовты бекіту және орнату үшін арналған. Камаз-740 автомобильдерінде лонжеронды клепанды рама қолданылады.Дөңгелек қозғалтқышы жер бетімен ілініс күшінің пайда болуын және автомобильді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Дөңгелек шинасы бірқалыпсыз жолдардағы және кедергілерді жою кезіндегі динамикалық жүктемені азайтады. Дөңгелек қозғалтқышы жетекші және жетектегі дөңгелек болып екіге бөлінеді. Жетекші дөңгелек қозғалтқыштан трансмиссия арқылы тарту күшіне өтетін автомобиль қозғалысын қамтамасыз ете отырып жарқабақтау моментін өзгетеді. Жетектегі дөңгелек автомобиль қозғалған кезде автомобиль рамасынан итергіш күш әсерінен айналады. Жетекші және жетектегі басқарушы дөңгелек автомобиль қозғалысын басқаруды рульдік басқару көмегімен қамтамасыз етеді.Аспа жатықтық жүрісті жақсартуға, ұзақ жолдарда жүргізушінің тез шаршап қалмау мүмкіндігін және тасымалданатын жүктің бүлінбеуін қамтамасыз етеді. Ол раманың белдікпен тығыз байланысын іске асыратын, дүмпу мен соғуды жұмсартуды қамтамасыз ететін құрылғыларды және рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моменттер берілісін ұсынады. Аспа серпімді, бағыттаушы және өшіруші құрылғылардан тұрады.Аспаның серпімді құрылғысы вертикаль күштердің басты кейіптегі шартты әсрінен болатын динамикалық жүктемені азайтуға қызмет етеді. Аспаның серпімді құрылғысы дөңгелек бірқалыпсыз жолдармен жүрген кезде дөңгелектен автомобиль кузовына түсетін соғу жүктемесін айтарлықтай жұмсартып, өзі деформацияланады. Серпімді құрылғы жұмысының нәтижесінде автомобиль рамасының ауысуын азайтады және жатықтық жүрісін жақсартады. Камаз-740 автомобилдерінде серпімді құрылғы ретінде маталл қаңылтыр рессорлар қолданылады.Аспаның бағыттаушы құрылғысы автомобиль рамасына қатысты серпімді құрылғының деформациясы кезіндегі дөгелектің ауысу сипаттамасын анықтайды және сонымен бірге рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моментті (тежеу күші, тарту күші, жанама күші және олардың моменттері) береді.
Камаз-740 автомобиліндегі бағыттаушы құрылғы лар функциясын рессорлар, рычагтар, теңгергіштер орындайды.Өшіру құрылғылар аспаның серпімді құрылғысы әсерінен автомобиль кузовында пайда болатын тербелісті тез өшіруге арналған. Өшіруші құрылғылардың жоқтығы автомобильдің бірқалыпсыз жолдардағы үлкен жылдамдықпен қозғалысы тербеліс резонансына әкеліп соғуы мүмкін.
Тербелістің өшуі рама тербелісінің механикалық энергияға айналуына әкеліп соғады. Серпімді құрылғы детальдарының үйкелісі тербелістің өшуін қамтамасыз етеді. Дегенмен қаңылтыр рессорлар арасындағы үйкеліс төсемнің вертикал тербелісінің кинетикалық энергиясының елеусіз мөлшерін жылуға айналдырады. Сондықтан тербелісті өшіру үшін арнайы құрылғылар жартылай ашық, ағысы шектеулі тесік арқылы өтетін тұтқыр сұйықтың ішкі үйкеліс жұмысына негізделген амортизаторлар қолданылады.Белдік автомобиль дөңгелектерін аспа детальдары арқылы рамамен байланыстыратын торап. Белдік жетекші және жетектегі болып екіге бөлінеді. Екеуіде басқарушы да, басқарушы емес те бола алады. Жетекші белдік өзімен бірге араласатын басты беріліс, дифференциал, жарты ось деп аталатын трансмиссия деталдары мен саңылауларынан тұратын бос денелі балканы ұсынады. Басқарушы белдік ағысты екітаңбалы (жетектегі белдік) немесе құбырлы (жетекші белдік) балка түрінде орындайды және аяқ жағында дөңгелек цапфасы белдікпен шарнирлі байланыста болады. Автомобиль қозғалысының бағыты белдікке қатысты цапф бұрылысымен өзгереді. Камаз автомобилінің рамасы екі лонжеронды және алты көлденең балкадан тұрады. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші көлденең балка дөңгелек ағысты болады. Алдыңғы және артқы буфер және алтыншы көлденең балка алмалы-салмалы.Бак аспасының бекіткішінің орнына лонжерон күшейткіштері орнатылған. Іліністі-тартқыш құрылғы арнайы көлденең затқа бекітіледі. Алдыңғы буферде буксерлі ілмектер болтпен бекітілген.
Жүргізуші белдік механизімінің маңыздылығы
Әрбір жүргізуші белдікте дөңгелек аралық дифференциал және басты беріліс құрастырылады. Камаз – 740 автокөлігінің орта жетекші белдігінде дөгелек аралық дифференциал орнатылған.Автомобильдің басты берілісі двигательден өтетін айналдырушы моменттің тұрақты өзгерісіне және оны жетекші белдікке тіке бұрышпен беруге арналған.Айналдырушы моменттін үнемі өзгеріп отыруы басты берілістің беріліс санымен сипатталады.Камаз – 740 автомобильдерінде басты берілістің ұсынысына тәуелді беріліс саны 5,43; 5,94; 6,53; 7,22. тең болады.Камаз – 740 автомобильдерінде екі тісті пар, спираль тісті екі конустық шестерня және екі қисық тісті цилиндрлі шестернясы бар екі еселенген басты беріліс қолданылады. бұндай схема басты беріліс картерінің үстінде үлкен беріліс санын алуға мүмкіндік береді.Жетекші белдік картерінде орналасқан дифференциал дөңгелек аралық деп аталады. Ол айналдырушы моментті бірқалыпсыз жолдарда дұрыс орналастыруға арналған.Камаз - 740 автомобильдерінде әрбір жетекші белдікте конустық симметриялы дифференциал орнатылған. Ол ортаңғы және артқы белдіктің басты берілісінің жетекші білігіне әртүрлі жиілікпен айналуына сонымен бірге бұл белдіктегі дөңгелектерге де әртүрлі жиілікпен айналуына мүмкіндік береді. Камаз – 740 автомобилінің осы аралық дифференциалы конустық, симметриялы, байланыстырғыш. Дифференциалды байланыс жетекші дөңгелек деталдарының теңдігін барлайды, шинаның тозуын азайтады, автомобильді басқаруды жақсартады. Дегенмен тайғақ жолдарда ол автомобильдің жүрісін өзгертеді. Бұндай жағдайда дифференциал блокка түседі және жетекші белдіктің жетекші білігінің басты берілісін қатаң байланыстырады және бірдей жиілікпен айналады. Осыдан кейінжетекші дөңгелектің тұрып қалуы азаяды және автомобильдің өткізгіштігі жақсарады.
Дөңгелек қозғалтқышының құрылысы
Камаз-740 автомобилінің дөңгелек
қозғалтқышының жалпы транспорттық
тағайындауына алдыңғы
Камаз-740 автомоблінің аспа құрылысы
Автомобиль аспасы рессорлы,
тәуелді, телескопиялық
Жүргізуші мост механизімінің маңыздылығы
Әрбір жүргізуші мостында дөңгелек аралық дифференциал және басты берілісі жасалады. Камаз-740 автомобилінің орта жүргізуші белдіктің ось аралық дифференциал орнатылған.
Жетекші белдік ақаулары және оны жөндеу әдістері. Жетекші белдіктің 1-кестеде көрсетілгендей ақаулары болуы мүмкін.
1-кесте
Ақаудың ішкі белгілері |
Ақау себептерінің міндері және бөлшектер түйіндері |
Жою тәсілдері | |
1. |
Автомобильді орнынан қатты қозғаған кездегі жетекші белдіктегі тықыл |
Конустық шестерняның тозуы, конустық шестерня ілінісіндегі саңылау үлкейген |
Подшипник стакан фланцының астындағы кажетті мөлшердегі төсемдер мөлшерін азайту керек, |
2. |
Автомобиль 30-60 км/сағ жылдамдықпен жүрген кездегі үлкен шу |
Байланысу өкшелігі жетектегі шестерня кең тістер бөлігінің тарабына қарай жылжыған |
өкшеліктегі шестерня ілінісінің байланысын реттеу керек. |
3. |
Автомобильді тежеген кездегі прицептегі үлкен шу |
Жетектегі конустық шестерняның байланыс өкшелігі жіңішке тістер жағына қарай ығысқан |
Жоғарыдағыдай |
4. |
Автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз соғысу |
Шекті тозу немесе шестернялар бүлінген Подшипниктердің шекті тозуы |
Шестерняларды ауыстыру керек Подшипниктерді ауыстыру және шестерня ілінісін реттеу керек |
5. |
Іліністі қосқанда және берілісті ауыстырып қосқанда лықылды (пульсирующий) шу |
Байланыс өкшелігі тістер шыңында орналасқан |
Байланыс өкшелігіндегі шестерня ілінісін реттеу керек |
6. |
Майлағыштардың сальниктер немесе қақпақтар резъемы арқылы ағуы |
Сальниктердің тозуы |
Сальниктерді ауыстырып, қақпақты бекітетін болттарды тарту керек |
Майды құйып алғанна кейін жетекші белдік келесі бөліктерге бөлінеді: басты беріліс, жетекші конустіқ шестерня, дөгелек аралық дифференциал, жетектегі конустық шестерня, осьаралық дифференциал (орталық белдіктегі). Дөңгелек аралық дифференциал подшипниктерінің қақпағы картермен бірге өңделгеннен кейін олар бірін – бірі ауыстыра алмайды, сондықтан олардың комплектісін бұзу мүмкін емес.Жетекші белдікте автомобильді пайдалану процессі кезінде ақаудың келесі түрлері болуы мүмкін: автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз шу, автомобильді 30-60 км/сағ жылдамдықпен қозғаған кездегі үлкен шу, автомобильді тежеген кездегі шу, басты беріліс картерінен майдың ағуы.Автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз шу дифференциал ақауын көрсетеді. Басты берілістегі үздіксіз тықыл подшипниктердің бүлінгендігін көрсетеді. Камаз-740 автомобилінің алдыңғы белдігіндегі бұндай құбылыс алдыңғы дөңгелек жетегіндегі жұдырықша топса детальдары бөлшектерінің бүлінуімен байланысты. Автомобильдің жоғарғы жылдамдықпен қозғалысы кезіндегі басты берілістегі үздіксіз соққы әдетте подшипник шестернясының күшті тозуымен немесе картердегі майдың жеткіліксіздімен байланысты.Басты берілістегі ақауларды шудың көмегімен келесі әдісті пайдаланып анықтауға болады. Автомобильдерді жол бойымен 80 км/сағ жылдамдықпен күштеп тартады, содан кейін отынның берілуін азайтып жылдамдықты баяулатады. Қандай режимде максимумға жетіп және шудың жоғалуын анықтайды. Содан кейін автомобильді 80 км/сағ дейін күштеп тартып, сосын тоқтағанға дейін беріліс қорабында бейтарап қалыпта домалатып қозғалтады.Бірінші сынауда байқалған шу, екінші сында байқалмаса ол басты берілістегі, дифференциалдағы немесе жетекші белдік подшипнигіндегі ақауды білдіреді.Егер тоқтап тұрған автомобиль қозғалтқышын жіберіп және оған әртүрлі айналу жиілігінде жұмыс жасауға мүмкіндік берген кезде шу байқалмаса, онда ақаудың негізгі көзі жетекші белдік редукторының деталдары болып табылады.Жетекші белдіктің басты беріліс дифференциалының ақаулары және оларды жою жолдары 2 - кесте көрсетілген.