Геометриядағы пирамида

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 07:43, реферат

Краткое описание

Ғылыми жобаның мақсаты: Пирамида жайлы білу және қызықты материалдар жинап, зерттеу.
Міндеттері:
Геометриялық пирамида туралы мәлімет алу.
Пирамиданың шығу тарихына шолу жасау.
Пирамиданың өмірдегі қолданысына тоқталу.
Пирамиданың керемет қасиетін зерттеу, зерделеу.

Содержание

І. Кіріспе.
Геометриядағы пирамида
ІІ. Негізгі бөлім
Пирамида тарихы.
Тұрмыстық пирамидалар
Зерттеулер
Астанадаға пирамида
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

І.docx

— 84.89 Кб (Скачать документ)

       Пирамиданың таңғажайып құпия  сырға толылығы, оның қуыстарының,  бөлмелерінің құпиясын ашқан  ғалымдардың, зерттеушілердің,   археологтардың бірінен соң бірінің  еш себепсіз көз жұмғандығы. Әлде  бұл олардың пирамида ішіндегі  аруақтардың мазасын алғандығынан  ба, ол бір ғана Аллаһ Тағалаға  мәлім жағдай... Жалпы, бұл орайда  пирамида астындағы Тутанхамон  бейітінен шыққан тұмарлардың  бірінде: «Мен шөл даланың шақыруы  бойынша бейітті қорлағандардың  жанын жаһаннамаға жіберетіннің  нақ өзімін. Мен Тутанхамон бейітін  қорғап тұратынның нақ өзімін»  деп жазылғаны біздің ойымызды  растап, көп сырды аңғартқандай. Тағы бір еске алатын жағдай, құрылыста пирамида жүйесін пайдаланған  коптар (Египеттің ежелгі жұртын  коптар деп атаған. Арабтарды  ежелгі египеттіктердің ұрпағы  деп санау – қателік) мен  Майя халқы не себепті із-түссіз  жоғалып кетті, ол да әлі  күнге дейін белгісіз құбылыс,  тарихи тылсым оқиға... 
    Қытай пирамидасының құпиясы неде?

1945 жылы көктем  айында американдық әскери ұшқыш  Джеймс Гауссман Орталық Қытайдың  Циянь шаһарына жақын жердегі   Кин-Линь-Сян тауының үстінен  ұшып бара жатып, тау аңғарларының  ішінен керемет бір құрылысты  көріп қалды. Ұшқыш ойланбастан  ғажайып ғимаратты суретке түсіріп  алды. Бірақ ол дәл сол кезде  адамзат үшінбелгісіз болып келген  құпия пирамиданы тапқанын білген  жоқ. Пирамиданың биіктігі 300 метр, ені 500 метр еді. Бұл дегеніміз, бүгінгі күні тамсанып жүрген Мысыр пирамидаларының ең үлкені Ұлы ғимарат саналатын Хеопстен екі есе үлкен. Алайда Джеймс Гауссман түсірген сурет Американың әскери мұрағатында кенеттен із-түзсіз   жоғалып кетті. Қолды болды ма. Қайда кетті, ешкім білмейді. Мұны «пирамиданың құпиялығын сақтау үшін қытайлардың өзі ұрлап алды» деген болжам бар. Қытай билігі мен археологтары «ондай ежелгі құрылыстар біздің аумақта жоқ, болған емес» деп қанша жалтарса да, тағы бір жаңазеландиялық ұшқыш Брюс Кати әлгі құпия пирамидаларды 1960 жылы тағы кездестірді.  Ол өткен ғасырдың басында осы аймақта болған екі австриялық саудагердің күнделігін тапқан. Күнделікте саудагерлер Қытайдың Шэнси өлкесінде алып пирамидаларды көргенін жазып қалдырыпты. Жазбаларға қарап отырып Брюс Кати бір емес, тұтас пирамидалар  қалашығын жасап шықты. Пирамидалардың саны 17 екен.. Тұтас қала деуге болады. Бұл қай кезде тұрғызылды, қандай мақсатта? Бұл жағы - құпия, белгісіз. Және шетелдіктердің ол жаққа баруына тыйым салынған. Дегенмен, бұл өңірге 1994 жылы наурыз айында Гартфинг Хаусдорф деген австриялық саяхатшының жолы түсті. Ол бұл аймақтан  ірі алты пирамида бар екенін байқаған. Сол жылы тағы да осы өңірге келген  Хартвинг  жасырын түрде бейнетаспаға 18 минуттық фильм түсіріп алды. Үйге келіп бейнетаспаны қайта көріп, сарапқа салған ол 2000 шаршы шақырым жерде жүзге тарта пирамида бар екенін көріп таң-тамаша болды.Жалпы, ескі қытай аңызына қарағанда, бұл пирамидаларды бөгде планетадан келгендер тұрғызған көрінеді. Сондай-ақ бұл нысандар  бұдан 5000 мың жыл бұрын тұрғызылған деген дерек бар. Сол кезде осы аймақтың императорлары өздерін «көктен темір айдаһар мініп түскен тіршілік иелерінің үрім-бұтағымыз» деп жұртқа айтып отырған. Онымен қоймай, олар «темір айдаһар мінгендер тағы да айналып соғады» деген ойда болған. Ертеде тұрғызылған  бұл ғимараттар нені білдіреді? Жүздеген пирамиданың биіктігі- 25-100 метр. Көлемі де сондай. Тек Цзя Линь өзенінің жағасындағы пирамида ғана ең үлкен. Оның үлкендігі басында айтып кеткендей, Хеопстен екі есе ірі. Оны қытайлар «Ұлы Ақ пирамида» дейді. Бір қызығы, қытай пирамидалары Мексика мен Гватемалдағы пирамидалардың сыңары секілді, өте ұқсас. Сонда оларды да салған «аспан ұлдары» ма екен? Рас, Қытай пирамидаларының құпиясы Мысыр пирамидаларынан кем емес. Сыры әлі ашылған жоқ. Қытай өкіметі ол өлкені жабық аудан ретінде қарастырып отыр. Айтар уәжі: « ол жерде жер серігін ұшыратын әуежай бар. Сондықтан бөгде адамдардың ол алқапқа баруына болмайды» деседі. «Ол пирамидаларды қазып неге зерттемеске?» деген сауалға,  қытайлықтар «бұл болашақ ұрпақтың несібесі, солардың үлесіне қалдырдық» деп қысқа-нұсқа жауап береді. Неге қазір емес, неге болашақта? Оның не құпиясы бар?Зерттеу жұмыстары жүріп жатқандықтан болар.

Тұрмыстағы  пирамидалар 
   Таңғажайып құпия мен қасиетке толы пирамидаға ұқсас ғибадатхана тұғыры, космологиялық құрылыстар Орталық және Оңтүстік Америка жерінде біздің заманымыздың 1 мыңжылдығында салынса, енді ондай сәулет өнерінің тамаша ескерткіші Қазақстанның Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында шаңырақ көтеріп, ол  Бейбітшілік және келісім сарайына айналды. Небәрі 14 айдың ішінде салынып біткен бұл пирамиданың биіктігі 25 қабатты үйге тең. Пирамиданың жер астындағы көрінбейтін қабатының биіктігі 13 метр болса, жер бетінен үшкіл биігіне дейінгі аралық 62 метр, сонда барлығы – 75 метр. Бұл ғимаратқа кіргендегі холл мен опера залы алдыңғы 13 метрде орналасса, сегіз қабат сарайдағы барлық бөлмелердің жалпы көлемі 29 мың шаршы метр.  
   Пирамиданың сыртқы бетіне 900 шаршы метр әйнек, құрылыс жұмысына 14 мың 800 тонна цемент, 3800 тонна арматура, 52 шаршы метр опалубка, 6500 шаршы метр арнайы өңделген үшқырлы гранит, 2700 шаршы метр тот баспайтын арнайы болаттан жасалған панель плиталары, ішіндегі жұмыстарға 12000 шаршы метр гранит, 10000 шаршы метрлік керамикалық плиталар, 6000 шаршы метр төсеніш кілем, 3000 шаршы метр паркет пайдаланылған.    Пирамида авторы – сәулетші Лорд Норман Фостер. Ол 1935 жылы Манчестер қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Осы қаладағы университеттің архитектура және құрылыс факультетін аяқтап, 1961 жылы Йель университетінің аспиранттық стипендиясын жеңіп алған Норман Фостер 1967 жылы «Фостер Ассошиейтс» компаниясының негізін қаласып, ол осы жылдар ішінде Трафальгар алаңын, Британ музейін, Берлин Рейхстагіндегі жаңа парламентті, Гонконгтың «Чех Лап Кок» әуежайын, «Гонконг және Шанхай банкін», Франкфурттегі банк ғимараттарын және тағы да басқа құрылыстарды жобалайды. Сол үшін 400 арнайы жүлделер мен алғыстар алып, 65 халықаралық және ұлттық байқаулардың жеңімпазы атанады. Норман Фостерге 1990 жылы «рыцарь» (сері), 1999 жылы ұлыбританиялықтар ұлықтайтын «лорд» атақтары берілген.

      Астана қаласындағы  Бейбітшілік  және Келісім сарайына айналған  бұл пирамида ғимараты идеясының  түп авторы – Қазақ елінің  басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  Қазір Бейбітшілік және келісім  сарайында бай акустикаға негізделген  1500 орындық опера залы мен маңызды  келісімдерге қол қойылатын аспалы  зал, мұражай, көрме залы,  кітапхана,  барлық  дәстүрлі  дін өкілдерінің  кеңселері жұмыс істейді. Әлемдік  және дәстүрлі дін лидерлерінің  съездері өткізіліп жүрген зал  Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар  Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі отырыстарының  залы үлгісінде жобаланған.  «Бейбітшілік  пен келісім Сарайы» түрлі  мәдени іс-шаралар,  көрмелер,  Қазақстан Халқы Ассамблеясының, әлемдік және дәстүрлі діндер  көшбасшыларының съезін өткізу  үшін көп мақсатты ғимарат  етіп салынған. 

Өскемен қаласындағы  пирамида  «Диагностикалық орталықта» және «Балапан» балабақшасында .

3. Зерттеулер.





 Француз ғалымы Антуан Бови Египеттегі Хеопс пирамидасында өліп қалған мысықтың сасымағанын көріп таңданыпты.  Ол мұның сырын білгісі келіп қолдан пирамида жасайды да, ішіне ет салып, екі күннен кейін қараса, әлгі ет сасымастан, еш бүлінбей кеуіп қалыпты.   Одан кейін пирамидамен шұғылданатын  ресейлік  маман  Александр Голод  22 метрлік пирамида салып, үстіндегі ғарышпен арадағы ионды тіреуіштің күшін есептейді. Сонда пирамидадағы ионды тіреуіштің күші дүние жүзіндегі бүкіл электро-станциялардан шығып жатқан энергиядан да мықты болған. Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қасиеті бар. Елуінші жылдардың аяғында әуелі чех өнерпазы К.Дрбал, одан кейін басқа да ғалымдар «Пирамиданың әрекет - әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдайлардың бетін ашқанды. Соның бір шоғыры мынандай:                                                                                                                      -   ерітпе кофе пирамиданың астында біраз тұрса, табиғи кофе тәрізді дәмі шығады,                                                                                                                                                                             -  арзан сигареттер хош иістеніп, ең бағалы сигареттерден ажырағыссыз болып шығады,                                                                                                               -  балық, ет, жұмыртқа сияқты өнімдер бұзылмай, тек қатып, семіп қалады,                     -  су борсымайды, сүт көпке дейін ашымайды, сыр көгермейді,                                                                -   пирамида астында су құйып тұрса, қиып салған гүл отыз екі күнге дейін солмайды,                                                                                                                                                         -  кір, тот басқан зергерлік заттар өз-өзінен тазарады,                                              -   «пирамида» суымен жуса шаштағы ақ кетеді.                                                         -   күніне ең болмаса он бес минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп, тыңайып қалады.  Пирамида мұндай керемет қасиетке не себепті ие болып отыр? Бұл әлі күнге дейін жұмбақ сыры ашылмаған құпия.     Шымкенттегі Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Мұсатіллә Тоқанов зерттеген. Бірде мен де пирамиданы өзімнің ғылыми жұмысыма пайдаланып көргім келді.  Өзім  үнемі асыл тұқымды малдардың, өсімдіктердің тұқымдарын сақтау жұмыстарымен шұғылданғанмын. Өйткені ол біздің  ауыл шаруашылығы үшін маңызды».                                                                                                            М.Тоқанов бір күні ағаштан, темірден, текстолиттен көлемі 76 сантиметрлік үш түрлі пирамида құрастырыпты. Бірінші бес ыдысқа қошқардың ұрығын салып, үш ыдыстағысын үш пирамидаға, төртіншісін тоңазытқышқа, бесіншісін үстелдің үстіне қояды. Сөйтіп, олардың қайсысы қанша сағатқа дейін тірі тұратынын арнайы микроскоппен бақылаған. Зерттеу жұмысы барысында ұрықтардың үстелдің үстінде тұрғаны 1,5 сағат, тоңазытқыштағысы 8 сағат, темір пирамидадағысы 18 сағат, ағаш пирамидадағысы 42 сағат, текстолит пирамидадағысы 79 сағат тірі тұрыпты. Бұл – ғалым білген пирамида артықшылықтарының бірі ғана. М.Тоқанов бұл ашқан жаңалығына патент алып қойыпты.      «Замананың» таяуда шыққан нөмірінде «Магниттелген тұқым көл-көсір өнім береді» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда Шымкенттегі Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Мұсатіллә Тоқанов дәнді дақылдардың тұқымын электромагниттік өңдеуден өткізсе, өнімді екі есе көп беретінін дәлелдегені туралы жазған. Енді М.Тоқанов пирамида үлгісінде жасалған заттардың дәнді дақыл тұқымдары мен мал ұрықтарын сақтауға да орасан зор пайдасы барын анықтапты.

     «Мен бір рет Мәскеуге бардым, – дейді М.Тоқанов. – Сол кезде Мәскеу жанынан 22 метрлік пирамида соққан Александр Голодқа жолықтым. Ол тұрғызған пирамиданың қасында Селигер деген өзен бар екен. Александр Голод сол пирамиданы тұрғызбас бұрын әлгі өзеннің лас болғанын, ал пирамида тұрғызғалы оның таза болып ағып, пирамида орналасқан жердің айналасында бұлақтар пайда болып, «Қызыл кітапқа» енгізілген өсімдіктер шыққанын айтты. Ал өзге ғалымдардың дәлелдегені – пирамида өзі орналасқан жердегі дауылдың, жер сілкінісінің, басқа да апаттардың қуатын азайтады екен. Ол адамдарға келетін вирустардың белсенділігін төмендетіп, әлсіз вирустарды жоқ етеді. Әрі пирамида салынған маңайдағы адамдардың да мінез-құлқы жақсы қалыпта болады. Мұны ғалымдар түрме мен мектептердің қастарына да пирамида салып зерттеген. Пирамида тұрғызылып болғаннан кейін жарты жыл көлемінде мектеп пен түрмедегі түрлі жанжалдасу мен жұқпалы аурулар саны күрт кеміген».  Қысқасы, пирамиданың қасиеті көп көрінеді. Ғалым сол себептен қаламызда пирамида жобасымен достық және келісім сарайы салынуы қажеттігін айтады. «Тіпті үйіңізде, кабинетіңізде кішкене пирамида үлгісіндегі заттар жасап қойсаңыз өзіңіз үшін пайдалы, – дейді М.Тоқанов.  Бұл сіздің мінезіңізге, өзгелермен арадағы байланыста бірсыдырғы болуыңызға көмектеседі. Пирамиданың ішінде заттардың сапасы неге мұнша ұзақ сақталатынын ғалымдар толық дәлелдеп болмаған. Тек олар пирамиданың ішіне салынған кей дәрілер мен тағамдардың сапасының артатынын байқапты. Қаласаңыз, пирамиданың ішіне банкамен су сақтап қойып, ертеңіне сол сумен бет жуып жүрсеңіз, беттегі әжімдердің кемуіне, аз болса, оны кетіруге әсер етеді. Әрі солай сақтаған суды ішіп жүрсе, денсаулыққа шипасы бар».                                                                                                                                                                                    Қысқасы, пирамиданың біз біле бермейтін пайдасы өте көп екен.        

  • Волтьметрмен жалғанған кез келген батареяны пирамиданың астына қойғанда, ол өз зарядын 314 милливольтке дейін көбейтеді екен.
  • Ұстараның өтпей қалған жүзі 1 жұма жатқаннан кейін өткір болатыны
  • Сүт пен еттің бөлме температурасында ұстаса , бұзылмайтыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды 

        Ғажайып пирамиданы салдырған қандай күш?  Әрине, осындай идеяны ең алдымен өмірге әкелген адамның  өз рухы екені талассыз. Ал адамның рухында мәңгілікке деген құштарлық бар. Ол – адамға Жаратушыдан берілген. Мәңгі дүниенің бар екендігінің нышаны осыдан білінеді. Яғни өтпелі мынау дүниені емес, ақырсыз ақирет  дүниесін адам өз рухынан тануына жол ашылған. Алайда адамдар мәңгілікті бұ дүниеден іздеген.  «Өлместің суы», «Қорқыттың көрі», «Самұрық құс»…осыдан шыққан. Перғауын секілді жарты әлемді билегендер де жанталасып, мәңгі жоғалып кетпеудің амалын іздеген. Бірақ осындай рухтың иесі болған мәртебелі перғауындар  өзіне рух  дарытқан  Ұлы иесін тани алған ба? 

Рас, оны  тани алғанда, мәңгілікке қалудың амалын бұл дүниеден шарқ ұрып іздемес еді. Жаны шығып кеткен мәйітін мумиялатып әуреге түспес еді…           4 мың жыл адамзат тарихы үшін ұзақ көрінгенмен, замана үшін қас қағым  сәттей ғана. Әрі асқар шыңдай тас пирамиданың шын мәнінде перғауынның жанымен де, рухымен де еш қатысы жоқ.  Асылында, ол тас ескерткіш мәңгілікті аңсаудың рәмізі болып қана қалған. Олай болса, мәңгілікті фәни дүниеден табам деу – адасушылық. Әлемнің патшасы, мейлі көшенің қайыршысы болсын, иманға келмесе, мәңгілікке деген арманын қанағаттандыра алмайды. Бақи дүниеге сенбеген соң, мәңгіліктің де мәні жоқ. Ал баяғыда салынып, бізге жеткен бұл пирамидалардан біз адам өмірінің де, дүниенің де өтпелі екендігін пайымдайтын ғибрат алсақ дейміз.                                                                                                     Бұл жобада пирамиданың алатын орны геометрияда ғана емес, тұрмыс-тіршілікте де қолданылатынын көрсету зерттелген.  Әлі зерттелмеген тылсым қасиеттерінің бар екендігі. «Пирамида жайлы не білесіз?» , оның өмірдегі қолданысы,  тылсым қасиеті туралы сауалнамалар жүргізгенде 150 адамның көпшілігі Астанадағы пирамиданы және геометриядағы фигура деп жауап берсе, Египедтегі әлемнің жеті кереметтінің бірі деп -20сы, тылсым қасиеті жөнінде 5-і біледі екен. Ал, неліктен  пирамида тәрізді ғимараттар салынғанын туралы «әсемдік» үшін, адамға әсер ететін қасиеті бар шығар деген жауаптар болды. Өзім жасаған зерттеуіме сүйенсем,  себілген тұқымның 10-12 күнде  пирамиданың астында болса 7-8 күнде өніп шығады. Пирамидада тұрған судың да жұмсақ қасиетке ие болатынын байқадым.Пирамиданың таңғажайып қасиетіне көзіңізді жеткізгіңіз келсе,  акриль материалынан жасалған пирамиға қиярдың дәнін сеуіп зерттеу жүргізуіңге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  «Геометрия»  11 сынып оқулығы 

2. Интернеттен материалдар

3. Рассен Эш « Әлемнің  ұлы  кереметтері »

4.   Джованна  Маджи, Паола Джамбоне «Весь Египет»

5.  Жан-Филипп Лауэр   «Загадки египедских пирамид»

6. Ионина Н.А. Москва, 1999 «Пирамида  Хеопса на Викисладе»

7. Әбдуали Төлебаев «Өнер өрісі»

8. Бас редакторы: Бүркітбай Аяған « Қазақстан ұлттық энциклопедиясы»

                              

 

 

 


Информация о работе Геометриядағы пирамида