Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 20:08, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерде оқушылардың танымдық әрекеттері мен математикалық ой өрісін дамытуда сабақта қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдердің тигізетін әсерін анықтау, оны сабақта тиімді түрде пайдалану жолдарын көрсетуді көздедім.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау;
- Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланып оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- оқушылардың танымдық белсенділігінжәне математикалық ой-өрісін дамытуда ойынның атқаратын қызметін анықтау;
- бастауыш мектепте математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың психолого-педагогикалық негізін анықтау;

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс матем 2.docx

— 173.10 Кб (Скачать документ)

 

 

 

1.2. Бастауышты сыныптарда инновациялық технологияларды пайдалану жолдары.

Білім беру саласының дербестігін  жақсарту, білім беру ісін басқаруды  демократияландыру еліміздің мектептерінде  оқытудың белсенді және инно-вациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқытуда  жаңашыл әдісті қолдану оқушы  үшін де, мұғалімге де шығармашы- лықпен жұмыс ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар», «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге  оқып-үйренуге жетелейді. [13,59]

«Инновация» сөзі латынның («жаңашылдық», «өзгеріс»)  деген  ұғымдары-на сәйкес келеді. Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеу-лерінде  атап көрсетті. Олар Р.А Дюсупова,А.М  Саранов және басқада ғалымдар еңбегінде. Бұл үшін ең бастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалып-тастыру керек. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс-әрекеттерді төрт бөлікке  жіктеуге болады:

-  әдіснамалық, 

-  пәндік-теориялық,

-  әдістемелік,

- технологиялық. 

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың  бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер:

- ізгілікті философия,

- философия ғылымы,

- ғылым әдіснамасы,

- педагогика әдіснамасы,

- әдіснамадағы жаңа білімдер  жиынтығы.

Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар:

- мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі;

- педагогика, психология, дидактика, педагогикалық инноватика бойынша жаңа білімдері.

Үшінші әдістемелік бөліктеріне мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын, сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.

Төртінші технологиялық бөлігі мұғалімнің өз пәні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі, меңгеруі және оны өз тәжірибесінде қолдануы жатады.

Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік  технологияларды білуі, меңгеруі, пайдалануы да кіреді. Мұғалімнің инновациялық даярлығын  қалыптастырудың теориялық мазмұны  біртұтас педагогикалық үрдісті  ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу, педагогикалық рефлексия  мен өзіндік рефлексияны жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін  ашуды, үйренуді мақсат етеді.

А.М.Саранов «Инновациялық  білім беру жүйесін дамытудың  теориялық негіздері» атты еңбегінде  «инновациялық процесс – жаңаны құру, тарату және қолдануға бағытталған  процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану  идеяларынан туындайды» - деп атап көрсетеді. Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады. Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынандай кезеңдері анықталған: [13,245]

1. Жаңа ұғымды ашу, бұл  жаңа идея немесе жаңалықтың  тұжырымдамасының пайда болу  кезеңі, ғылыми іргелі немесе  қолданбалы зерттеулердің нәтижесі;

2. Жаңаны ендіру, жасап  шығу, яғни нақты материалдық  немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;

3. Жаңаны тәжірибеде қолдану  кезеңінде жаңа ұсынысты алып, өңдеп, толықтырып, тұрақты, нақты  тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу;

4. Жаңаны тарату кезеңі;

5. Жаңаны нақты бір  аумақта сынақтан өткізу кезеңі, осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады. Осы кезеңде бұдан да тиімді балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады;

6. Жаңа сипаттағы өзгерісті  талдап, ендіруге байланысты, бұрынғы  қалыптасқан процесті пайдалану  аясы біртіндеп азая түседі. 
Жаңашыл жүйеге, үрдіске, құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы.

Бүгінгі таңдағы, бастауыш сыныптағы  пәндер дүниетану, ана тілі, әдебиет  сабақтарына: топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері, оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.

Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері:

- «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым», т.б;

- «дөңгелек үстел», «брифинг»,  «презентация», «аукцион», т.б;

- кино, теледидар, бейнетаспа  сабақтары, т.б;

- пікір-сайыс сабағы, проблемалық іздену сабақтары,  интеллектуалды ойлау сабағы т.б;

Оқытудың ең көп таралған формасы - шағын топтармен жұмыс  істеу.Оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері  мұғалімнің мақсатын - оқушыларды бірлескен  танымдық белсенді танымдық қызметке қатыстырудың қажеттігін анықтайды.

Топтардағы жұмыс үш технологиялық  қайталаумен сипатталады.

Бірінші оқыту проблемасын жолға қою және оған кірісу, яғни жұмыс процесін ұйымдастыру.  Сол арқылы оқушылардың оқуға белсенділігі артады.

Оқушылардың ішкі мақсаттарының  алғашқы міндеттері жүзеге асырылады.

Екінші туындаған мақсатты орнықтыру үшін дербес іс әрекеттің нақты өрісі ұсынылады. Оқушылар шығармашылық ықшам топтарға бөлінеді де, шағын топтардағы қарым қатынас арқылы өзінің ішкі мақсатын іске асырып мұғалім көтерген оқу проблемасын сезінеді,  іздегенін анықтайды,оны шешу үшін бірлескен қызмет тәсілдерін әзірлейді,   мақсатын жүзеге асырады.

 

Үшінші жалпы талқылау. Ол бірлескен педагогикалық қызметті келесікезеңі ретінде қажет,  оның процесінде педагог өзінің оқу проблемасыншешудің ақиқатын дәлелдеуге топтарды жұмылдырады. [7,67]

Әр топ өз позициясын басқа  топтардың алдында жариялап,  белсенді түрде қорғап шығады. 

Тараптардың дәлелдерінің  негізділігі  бойынша  пікірсайыста, кейде әр түрлі,  қарама-қайшы  көзқарастар туындайды, тексеріледі.

Негізделген дәлелдердің  талап етуі бойынша педагог оқушыларды оқыту проблемасының дұрыс шешіміне алып келеді.

Мұғалім оқушыны бағалайтын өлшемдерді әзірлеуі керек. Егер оқушы  өзінің жұмыстарының мақсаты қандай екенін және ол жұмыстардың қалай  бағаланатынын білсе,  онда бұған мақсаттылық пен дайындалып, тапсырманы орындауға мүмкіндік туғызар еді.

Мұғалімдер жаттығуларды жиі-жиі және тұрақты пайдалануға  болады. Бірақ бұл ретте баға қоймай, оны балалардың білімін тексеруге  мүмкіндігі мол сабақтардың үлесіне  қалдыра алады.

Олар үшін жаттығулар дегеніміз - балаларды дамыту тәсілі , ұжымда, топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігі,  сөйлеуді,  аналитикалық қабілеттерді жетілдіру мүмкіндігі.

Сонымен бірге оқыту процесін түрлендіріп,  оны жандандыратын бір проблеманы шеше отырып,  сондай-ақ  жаттығулар кезінде балалар көрсеткен білімдер мен икемділікті бағалаудан бас тартып,  мұғалім басқа бір проблемаға тап болуы мүмкін. 

Балалар «ойнауға» дағдыланып, оқытудың «ойынсыз» формаларын ықылассыз  қарсы алады,  ал өздерінің жұмыстары  бағаланбаса,  жаттығулар кезінде  мұғалімнің нұсқаулары мен тапсырмаларын  орындаудың  міндетті емес екені  туралы проблема пайда болады.

Сондықтан белгілі бір  жаттығуды бағалаудың белгілі бір  формасын тапқан дұрыс.

 

Қазіргі заманғы білім  беру жүйесінің басты қайшылығы -  тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі  шектеулі мүмкіндіктері арасында. 

Бұл қарама-қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан  жан-жақты дамыған тұлға)  бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті. Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. (Ә-қосымшада берілген)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.Математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Қазіргі қоғамымызда болып  жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге  құштарлығын арттыру, өздігінен  ойлау қабілетін жандандыру, еңбек  етуге баулу, жауапкершілік сезімін  қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.

Жаңа талаптарға сай көптеген этнопедагогикалық элементтерін қолданып оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп  оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге  деген қызығушылығын арттыруға  мүмкіндік береді. Әрбір тарау  бойынша деңгейлік тапсырмалар  –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені  ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім  сапасын қамтамасыз етеді.

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда «Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәнінен берілетін білім мазмұны маңызды орын алады.

 Қазақстан Республикасының   «Білім туралы» заңында  «Білім  беру жүйесінің басты міндеті  – ұлттық және жалпы азаматтық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері негізінде жеке  адамды қалыптастыруға және кәсіби  шыңдауға бағытталған білім алу  үшін қажетті жағдайлар жасау,  оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге шығу» деп, білім  беру жүйесін одан әрі дамыту  міндеттері көзделеді.[1,10]

  Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету  мен меңгеру барысы және адамды  өмір мен еңбекке бейімді етіп  даярлаудың негізгі құралы –  оқыту. Оқыту барысының нәтижесінде  білім беру мен тәрбие мақсаттары  жүзеге асырылады. Түрлі оқу  орындарындағы оқыту – білім  берудің басты жолы, сол сияқты  оқу отбасында, ондірісте, жұмыста  т.б. күнделікті адамның тіршілік  және қызмет барысындағы жағдайларды  іске асып отырады. 

Оқытудың мазмұны мен  сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді.

Оқудың мақсаты мен  мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері  мен әдістері адамзат қоғамының  даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың  сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық  идеяларға сай өзгеріп отырады.

Білім беру саласындағы болып  жатқан өзгерістер соңғы жылдары  педагогикалық білім алатын болашақ  мамандарға, олардың кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын  талаптар күрделі де сан-салалы болып  отыр.

Себебі бастауыш сынып  мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын  тұлға. Мемлекеттік білім стандартында бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби жан-жақты теориялық және практикалық білім мен дағдыларды, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер негіздері өнерпаздық қабілеттерді, оқыту мен ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын, іскерлік машықтарын жан-жақты меңгерту көзделген.

«Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні болашақ мұғалімдерге математиканы табысты оқытып-үйретуге, оқушыларды бастауыш математика курсы  ұғымдарының негізгі мектепте қолданылу  мүмкіндіктерін көре білуге қажет болатын  даярлықты қамтамасыз етеді. [15,29]

«Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәні бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі  арнаулы пән ретінде өткен  ғысырдың ХХ-сыншы жылдары жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде қалыптаса бастады.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне  кәсіби теориялық білім педагогика, психология, әдістеме ғылымдарын оқытумен бірге бастауыш сыныптардағы негізгі  пәндер – қазақ (орыс) тілі, математика, ана тілі, бейнелеу өнері, дүние тану, музыка т.б. ғылымдардың негіздерін меңгерту арқылы да белгілі.

Осы тұрғыда бастауыш сыныпта  берілетін математикалық білім  мазмұны мен оқушылардың дайындықтарының  міндетті деңгейіне қойылатын талаптар басты назарға алынады.

Мектептің бастауыш сатысында  берілетін математикалық білім  мазмұны қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру, сандар нумерациясы, алгебра элементтері, геометрия  элементтері, шамалар және оның өлшем  бірліктері деп аталатын бөлімдерден  тұрады.

Әрбір мұғалім математика пәнінде оқушыларды терең ойлай  білуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету мақсатын қояды.

Бұл мақсатты орындау, яғни оқушылардың білім, білік, дағдысын, өзіндік танымын қалыптастыру –  нақты ұйымдастырылған кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын күрделі үрдіс.

Жалпыға міндетті  орта білім  стандарттарында (жалпы бастауыш білім) білім объектісі ретінде  –  білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірибесінде  білім объектісі ретінде  - оқыту  нәтижесі алынған. Осыған орай білім  мазмұнын жаңарту мен оқытудың инновациялық әдістерін өндіру бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Білім сапасы оның төрт сипатын (білім – құндылық, білім - жүйе, білім  – процесс, білім – нәтиже) біртұтас қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже ретіндегі сипатына мән берумен  тікелей байланысты.

«Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер  білім мазмұнының жетекші компоненттері  және білім, түсіну, қолдану, жоғарғы  сипаттағы біліктер деп аталатын категориялар арқылы бейнелеген оқу  материалдарын меңгеру деңгейлерін  ескере отырып анықталады. [5,52]

Мұнда басты есте болатын  нәрсе – оқушылардың математикалық  мәдениетін көтеру, математиканы оқып- үйренуге ынталандыру, нақты дағдыларды бекіту.

 

Бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша оқылатын «Математиканың бастауыш курсының негіздері» пәнінің білім мазмұнын қысқаша кесте түрінде көрсетейік:

Тараудың аты

Берілетін теориялық білім  мазмұны

11

Жалпы  ұғымдар

Жиын ұғымы, жиындардың берілу тәсілдері, Эйлер дөңгелектері, жиындарға  қолданылатын амалдар 

22

Теріс емес бүтін сандар жиыны 

Натурал сан  нөл ұғымдары. Теріс емес бүтін сандар мен оларға қолданылатын амалдар, қасиеттері.

33

Есеп және оны шығару

Жай және құрама есептер. Есепті шешу тәсілдері мен әдістері.

44

Алгебра элементтері

Өрнектер (санды және құрамында  әрпі бар өрнектер), теңдік, санды  теңдік және санды теңсіздік, теңдеу және оны шешу тәсілдері, теңдеулер  жүйесі, теңсіздіктер жүйесі.

55

Геометрия элементтері 

Қарапайым геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері. Қарапайым геометриялық салу есептері. Геометриялық мазмұнды есептерді шығару. Көпжақтар туралы Эйлер теоремасы. Көпжақ және оның түрлері. Геометриялық фигуралардың ауданы мен  көлемін есептеу.

66

Шамалар және оларды өлшеу

Шамалар (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, жылдамдық, баға) және өлшем бірліктері, олардың арасындағы байланыс, шамаларға  қолданылатын арифметикалық амалдар.


Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды  өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен  жол ашуда.

Осы қарастырылған мәселелер  реті болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың математикалық білімін  тереңдете және кеңейте түсуімен байланысты шығармашылық ізденісін  қамтамасыз етеді. Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік  жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау  әдістемелік құрал мазмұнын құрайды. (Б-қосымшада сабақ жоспары берілген)

2.2. Оқушының қызметін және белсенділігін арттыру негізінде ойын технологияларын пайдалану.

Сабақ – мұғалімнің ізденісінің  нәтижесі. Күнделікті сабақтағы бір  сарындылық оқу – оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан  сабақты ыңғайына қарай  түрлендіріп өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. Оқушылардың пәнге  қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақты жаңа тәсілмен өткізу болып есептеледі.

Математика сабағында  ойын элементтерін  пайдалану  оқушылардың  ой-өрісін, танымдық белсенділігін  арттырады. Оқушыларды тапқырлыққа  баулып, зейінін, ойлау қабілетін  дамытып, білім-танымын кеңейтеді.

Оқушылардың математика пәніне қызығушылығына, еркін шығармашылығына, өздерінің ізденушілігіне математикалық  ойындардың тигізетін үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті мен  сапасын ынталандырып, әр тарауды  оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, ойын сабақтарды пысықтау сабақтарында қолдану тиімді. [3,68]

Оқушылардың  танымдық ой  белсенділін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа  баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген  материалды үнемі қайталап отыруды  әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа  деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.

Ойын сабақ оқушылардың  логикалық ой-өрісін, сана-сезімін  дамытуда, олардың әр түрлі шамалар  мен бірліктердің, терминдер мен  заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің  атын есте сақтауға көмектеседі. Ең бастысы  ойындар оқушылардың көңілін  өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады.

Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын – ол адамдардың арасындағы әлеуметтік арақатынас, практикалық білімдері және қызметі». [8,102]

Бүгінгі күні мемлекетіміздің  өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістердеңгейіне  көтеруді талап етіп отыр.

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының  алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға  көшу сияқты мәселелер орындаушылардан  шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап  етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын  күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының  қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.

Сонда ғана мектептерден өз өміріне  өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше  өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар  тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс  шешімдер қабылдай алуға, практикалық  әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы  үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.

Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді.

Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің  мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі  мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын  бастауыш мектептің орны ерекше.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың  жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте  ертеден зерттеліп келеді.

Шығармашылық әлемдік мәдениеттің  барлық дәуіріндегі ойшылдардың  назарында болғандығын «шығармашылық  теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. [10,43]

Бұл әрекеттер өзінің логикалық  шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының  негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет»  ұғымының мәнін терең түсініп  алуды қажет етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға  жағдай жасайтын жеке еркешеліктері  дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.

Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады.

Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет  салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық  қабілеті басым балаларда ойлау  операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда  нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады.

Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен  ерекшеленеді.

Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы.

Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында  әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін  дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар  музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі  түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

  1. Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
  2. Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні  этимологиясы «шығару», «ойлап табу»  дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.

Философиялық сөздікте «шығармашылық  қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».[5,56]

Шығармашылық — өтекүрделіпсихологиялық процесс. Оліс-әрекеттіңтүріболғандықтан тек адамғағанатән.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері  екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат  баласының осы кезге дейінгі  жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің  айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді.

Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі  бастауыш сынып оқушыларының кез  келгені шығармашылық тапсырмалар  шешуді табыспен меңгере алады. Тек  ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер  ұйымдастырушылық қажет.

Осыған орай, ғалымдар жүргізілген  тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда  берілген тапсырмалардан басқа өздігінен  бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны  жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны  іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына  түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық  ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты  жүргізіліп отырылуы біз көтеріп  отырған мәселені нәтижелі ететіні  нақтыланды.

Шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет.

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының  алдындағы үлкен мақсат: өмірдің  барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Өмірдегі сан алуан қиындықты  шеше білу тек шығармашыл адамның  қолынан келеді.

Шығармашыл адамның бойында  батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық  сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды  анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық  болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін  дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс.

Олар:

  1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
  3. Ойлау мүмкіндігінен жоғары деңгейіне жету;
  4. Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне  жағдай туғызу дегеніміз – оқушы  ойлай білуге үйрету екені сөзсіз.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Оқушылардың математикаға деген, жалпы оқу процесіне деген қызығушылығын нығайту үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы, оқытудың жалпы әдіс тәсілдерін қолдануы керек екені анық. Сондай-ақ оқу тәрбие негіздерінің бірі – инновациялық технологиялар.

Мектеп жасындағы балалардың  таным ынтасын қалыптастырудың  ерекше маңызы бар. Оқу процесінде балалар  түрлі заттардың, құбылыстардың  мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға  терең үңіліп, алған теориялық  білімдерін практикада еркін қолдана  білуге үйренеді. Оқушылардың таным  белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

Бастауыш  мектептерде математика сабағы басқа сабақтарға қарағанда күрделі пән есебінде оқытылады. Сондықтан да оны оқыту жолы да басқа пәндергеқарағанда  басқаша.  Математика сабағында деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық есептер, ойын элементтерін  пайдалану  оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады.

Оқушыларды тапқырлыққа  баулып, зейінін, ойлау қабілетін  дамытып, білім-танымын кеңейтеді. Оқушылардың  математика пәніне қызығушылығына, еркін  шығармашылығына, өздерінің ізденушілігіне математикалық ойындардың тигізетін  үлесі зор. Ең бастысы оқушының ой-ниеті  мен сапасын ынталандырып, әр тарауды  оқып аяқтаған соң, сабақтан тыс ойын сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Әсіресе, бұл әдіс-тәсілдерді пысықтау сабақтарында қолдану тиімді.

Оқушылардың  танымдық ой  белсенділін қалыптастыруда дәстүрден тыс сабақтарды өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылық ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.

Әсіресе ойын сабақтары ұйымдастырылуы жағынан жеңіл, өткізілуі жағынан  оқушыларға қызықты болады. Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.

Оқушылардың танымдық белсенділігін  ойын арқылы арттыру мақсатында, халық  ойынының қазақ тілі сабақтарында пайдалану  оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл  байлығын, сөздің дәл мағынасын бағдарлай  білу қасиеттерін жетілдіреді.

Қорыта айтқанда бастауыш сыныптарда математика сабақтарын өткізу мұғалім тарапынан әдістемелік шеберлікті, үлкен фантазияны талап етеді. Осындай әдістемелік барлық талаптарға сай ұйымдастырылған сабақ жақсы нәтиже береді. Түрлі технология элементтері араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың математиканы білуге деген құмарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді.


 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Қазақстан Республикасының «Білім  туралы» Заңы 2007ж.

2.Айқынбаева Г.Қ. «Қазақстандағы мектепке оқушыларды даярлау мәселелері: Педагогика» 2006 № 4.

3.Базаралиева Ғ.Т. «Мектепке дейінгі бастауыш білім беру мазмұнының ерекшеліктері» Білім – Образование 2007 №2.

4. Бантова М. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы. М,1978.

5. Бейсенбаева К. «Бастауыш мектеп: әдістемелік журнал» 2004, № 8.

6.В. Беспалько. «Педагогика и прогрессивное технологий обучения» .М,1995.

7.Кенжебеков Б.Т. «Педагогика» Қарағанды, 2005. 57-59 беттер.

8.Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту,Мектеп,1991.-№ 5. 3-10 -бет

9.Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б.Педагогика, Алматы 2000. 123-125, беттер

10.ҚР білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

11. Құрманалина.С.Қ., « Математиканы бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» Орал 2001.

12.Нұржігітова Г. «Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу – әдістемелік құрал» А, 2008.

13.СармановЕ.,СапаровС.«Сабақта жаңа технологияларды қолдану». Ш,2006

14.С.И.Тессен Основы педагогики Мектеп, 1995.

15.Типтік оқу бағдарламасы. Математиканың бастауыш курсының негіздері. Алматы, 2006.

16.Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. 1-4сыныптар.– Алматы, 2008ж.

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША - А

Шығармашылықсабақтыңерекшеліктері.

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты:

  1. Мұғалім үшін: жаңа метериалды беру;
  2. Оқушы үшін: жаңа білімді меңгеу;

Сабақ мақсаты:

1) Мұғалім үшін: оқушылардың жаңа  нәтижеге бағытталған іс-әрекетін  ұйымдастыру;

Сабақтағы іс-әрекет түрі:

  1. Мұғалім үшін: жаңа материалды түсіндіру;
  2. Оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау;

Сабақтағы іс-әрекет түрі:

  1. Мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
  2. Оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау;

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге  міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас – кітапта  баяндалған идеяға негізделген бір  көзқарас

Сабақ тақырыбына көзқарас – мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы


 

 

 

 

 

ҚОСЫМША - Ә

Шығармашылық іс-әрекет нәтижесі

 

Шульте кестесі.

Мақсаты: Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыру.

  1. Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.
  2. Кему ретімен атау.
  3. Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.
  4. Цифрларды кезектесіп санау; 1, 3, 5, 7...(жұптасып) 2, 4, 6, 8...
  5. Топпен жұмыс істеу. 1-5 тура санау және кері 6-10 санау.

 

5

14

12

23

2

16

25

7

24

13

11

3

20

4

18

8

10

19

22

1

21

15

9

17

6


 

 

 

 

 

«Кім алғыр?» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың байқағыштығын дамыту.

Мұнда, пішіндері мен орналасуыңғайынақарайартықүшфигураны (басты) табу. Артық үш фигураның  оң құлағыүшбұрыш, ал солқұлағы «Сопақша»  пішінді. (жауап 1, 6, 8 ).

 

 

«Суретте барлығы неше үшбұрыш бар?» ойыны.

Мақсаты: үшбұрышты басқа  фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.


 

«Ойлан, тап» ойыны

 Мақсаты: оқушылардыңамалтаңбаларынтағайындайбілудағдыларындамытатүсу.

 4 3


Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы нешше сағат 

Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.

 

Сиқырлы үшбұрыштағы бос  орынды толтыр.

Мақсаты: Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША  Б

Тақырыбы:  Әр түрлі есептерді  шығару

Мақсаты: 1) Дамыта оқыту технологиясының  элементтерін қолдана отырып, балалардың өз беттерінше жұмыс істеуге, қорытынды  жасай білуге, дағдыландыру, шығармашылық ойларын өсіру;

2) Сабақтың мазмұнын ойынмен  ұштастыра отырып, оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын, танымдық  белсенділігін арттыру, күрделі  логикалық тапсырмалар орындата  отырып, ақыл-ойын, математикалық ой-өрістерін  кеңейту; 

3) Оқушыларды тәртіптілікке,  ұжымшылдыққа, жауапкершіліке, өзін-өзі  бағалауға, өзіне және өзгеге  сыни көзбен қарауға тәрбиелеу.

Типі: білім, әскерлік, дағдыларын дамыту сабағы

 Түрі: дәртүрлі емес (ойын  сабағы)

 Әдісі: индукция, жаттығу,  ой-толғаныс, топтастыру, мәселелік,  эвристикалық.

Көрнекілігі: кестелер, қима қағаздар

Кезеңдері

Өту барысы

 Ұйымдастыру кезеңі

Арифметикалық диктант

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабаққа дайындық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ.

«Мерген атқыштар»

 

 

 

 

 

Деформацияланған  есептер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эстафеталық тізбек

 

 

 

Фокусник 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық  тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзесеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Танграм»

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шыңдық па?»

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

Қорытынды

Оқушылармен амандасып, өзімді таныстыру. Жаңа сабақты бастауға психологиялық  ахуал жасау.

  1. І-Қосылғышы – 685, ІІ-қосылғышы – 15, қосындының мәні - ?

685+15=□       685+15=700

  1. азайғыш - ?; азайтқыш – 264; айырманың мәні – 100

□ - 264=100            364 - 264=100

3) І-көбейткіш – 2; ІІ-көбейткіш  - ?; көбейтіндінің мәні – 18

2 * □=18           2 * 9=18

4) бөлінгіш – 36; бөлгіш  – 4; бөліндінің мәні - ?

36:4=□     36:4=9

Ой толғау:

  1. арифметикалық амалдарды ата.
  2. Көбейту мен қосуға кері амалдарды ата.
  3. 0-ге қалай көбейтеміз?
  4. 1-ге қалай көбейтеміз?
  5. 0-ді натурал санға бөлгенде неше болады?
  6. 1:0  неше болады?
  7. Геометриялық фигураларды ата.
  8. Төртбұрыштың туыстарын ата.
  9. Төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  10. Ені 5 см, үзындығы 2 см төртбұрыш берілген. Оның периметрі неше тең?

Мысалдардан жауапқа қарай  жебе атамыз.

2*4+8

 

18

17+18-9

 

16

3*5+3

 

26

3*9+47

 

25

2*6+13

 

64


  1. 18: □ +65=67

Бұл есепті шешу үшін мәнінен  басына қарай кері есептейміз. Ол үшін бірінші не істейміз?

67-ден 65-ті азайтамыз.  Сонда 18-бен белгісіз санның  бөліндісінің мәні шығады.

67 - 65=2        18: □=2

Ал енді бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз.

18:2=9           18:9+65=67

6·3+□=23        18+□=23     

23 - 18=5           6 * 3+5=23

8·2- □:3=1316-□:3=13

16 – 13=□:3 3=□: 3

3 * 3=98 * 2 – 9:3=13

Үш қатар бойынша есептері жазылған қима қағаздар таратылады.

8*2=16+7=23-19=4:4=1*15=15:5=3+16=19

8*1=8-4=4+15=19-17=2*24=48:12=4*3=12

8*3=24+5=29-17=12:6=2*15=30-8=22:11=2

Менің болашақ мамандығым – мұғалім. Сонымен қатар мен  фокусникпін. Бірден беске дейінгі  бір сан ойлап дәптерлеріңе жазыңдар. Осы санға одан кейінгі тұратын  санды қосыңдар. Шыққан мәніне тоғызды  қос. Шыққан мәнін екіге бөліңдер. Одан шыққан мәнінен ойлаған санды  ал. Жауабы: 5 шығады.

Кім фокусник болып көреді?

Көгала бірнеше қаздар және қойлар жайылып жүр. Олардың бастарының саны 11, ал аяқтарының саны 30. Қозылар  мен қаздар нешеу?

Қаздар   а       2       2а 30 

Қойлар  11-а  4       (11-а)*4 

2а+(11-а)*4=30

2а+44-4а=30

44-30=4а-2а

14=2а

а=7

Малшы 70 сиырымен жүрді. Одан сұрайды: «Сенде барлығы неше мал  бар?», - деп. Сонда ол былай дейді: «Қазір мен сиырларымның үштен бір  бөлігінің үштен екі бөлігімен  келіп тұрмын». Сонда малыда барлығы  неше сиыр бар?

                             ?

70

70:2=35     35*3=105       105*3=315

Берілген шаршының бөліктерін шешуі бойынша орналастырғанда  қоян шығады.

  1. 2:2             2) 6:3

3) 41-38         4)12:3

  1. 32-27  6)74-68  
  2. 7)43-36

Тақтада нүктелер берілген осы нүктелерді сызықтармен қосу арқылы әр түрлі фигура жасау керек.

Мен балаларға Ш және Ж  әріптері жазылған таяқшалар таратамын. Ал олар айтылған мәлімет шыңдық болса, Ш әріпін, ал еген жалған болса, Ж  әріпін көтереді.

  1. Екі сағат 90 минуттан көп. Ш.
  2. 2 дм 200 см-ге тең. Ж.
  3. 3 кг 5 кір тас 5 кг 3 кіртастан ауыр. Ж.
  4. 0 саны барлық натурал саннан кіші. Ш.
  5. 7-мен 9-дың көбейтіндісі 56-ға тең.Ж

Балалар мен айттым ғой  сендерге өзімнің фокусник екенімді. Ал қазір мен мына қорапшаның ішінен сиқыр жасап, бір нәрсе алып шығамын. (Корапшаның ішіндегі жүлдызшалармен балаларды бағалап өтемін)

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Бүгінгі сабақта  біз не істедік? Сендерге сабақ ұнады  ма? Сабақ аяқталды.


Дәстүрлі сабақтың нәтижесі


Инновациялық технологиялар  пайдаланылып өткізілген сабақтар

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршеннен шығармашылық қабілет талап етпес бұрын, оны  соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейге көтеруге болады.

Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық технологияларды  қолдану оқушыларға сапалы білім  беру құралы болып табылады. Жаңа әдіс-тәсілдер мұғалім алдына қойған дидактикалық міндеттерін шешуге көмектеседі; оқушылардың  танымдық қызығушылықтарын, өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады. Сондықтан математика сабақтарында әртүрлі инновациялық технология әдіс-тәсілдерін өзара ұштастырып қолдану тиімді болып табылады.

 


Информация о работе Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер