Жобалаудағы иерархия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 17:22, реферат

Краткое описание

Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты, ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.
Қазіргі таңда жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады. Жоба дегеніміз қойылған мақсатқа жетудің әдістері бола алады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жобалаудағы иерархия
2.2 Жобалауға бейімделген қызметті басқару
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат жоба.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)

          Стратегиялық  жоспарлау мен жобаны іріленген  үлгілеудің  басты құралдары - оның  стратегиялық жоспары мен негізгі  кезеңдері бойынша жоспар.

           Стратегиялық жоспар немесе жобаның  мастер-жоспары  -  компанияның стратегиялық мүддесіндегі жобаны жүзеге асыратын негізгі кезеңдерінің  тізімі бар құжат. Сонымен қатар бұл жоспарда жобаны жүзеге асырудың жетістіктері мен түсімдері, оның стратегиясын  жүзеге асыруды  қамтамасыз ететін шаралар, оған қажетті қорлар мен шығындар бейнеленеді.

           Негізгі кезеңдер бойынша жоспарда жоба қорлары бойынша бақыланатын шетеулер, сонымен қатар оның негізгі кезеңдері- жобаның басталуы  мен аяқталу күні, белгіленген келіссөздер, кездесулер, көрмелер, келісім-шарттар мен қорларды жеткізудің мерзімдері, климаттық мезгілдердің басталуы бейнеленген.

          Негізгі  кезеңдер бойынша жоспардың көмегімен  жобаны орындаудың тәптіштелген  күнтізбелік жоспары  жасалынады  және орындаушыларға жұмыс тапсырмалары  құрылады.

          Негізгі кезеңді айқындау жобаның орындалуын тиімді ағымдық бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

           Жобалық  командалардың стратегиялық ықыласы стратегиялық басқарудың картасы сияқты көрнекті құралды пайдалану арқылы жасалынады және жүзеге асырылады. Олардың көмегімен кәсіпорын дамуының  жалпы жолы белгіленеді, сәйкес стратегиялар таңдалады жәнет қойылған мақсаттарға жету немесе өзгертуінің үрдісін бағалау үшін бақылау нүктелері тағайындалады. Стратегиялық карталардың құрауыштары: болашақты айқындау, бәсекелестікті бағалау, ұйымның күшті және әлсіз жақтары, салыстырмалы талдау, орындаудың стратегиялық стандарттары, білімнің түрлі саласындағы хабардарлық, болашақ жайлы көріністі іздеу, қызығушылық білдірген жақтармен өзара әрекеттестік, нарық қажеттіліктері, өнімдерді, қызметтер мен үрдістерді жетілдіру, кері байланыс.

          Жобалық  командалардың белсенді жұмысы  компанияның ұйымдастырушылық мәдениетінде  өз ізін қалдырды да, былай  айтқанда триггерлі әсер пайда  болады. Басқарудың дәстүрлік бюрократтық  құрылымдары икемді және жетілгендерге ауыстырылады. Дербес бөлімшелер көбірек ықылас  білдіреді және бір-бірімен  жақсырақ әрекет етеді, сонымен қатар клиенттермен, жеткізушілермен, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен жақсырақ әрекет етеді. Ескірген идеяларды жаңамен алмастыру тенденциясы пайда болады, өзгерістерге кедергі әлсірейді, ұжымның игілігіне айналатын кәсіби білімдер жинақталады, персоналдың  шығармашылық және инновациялық белсенділігі күшейеді. Компанияның  жобалары сәтті жүзеге асырылған сайын,  оның бәсекелік  артықшылығы күшейеді.

    Егер ұйым іс- әрекеті  көптеген мүмкін жобалардан нақтысын  жүзеге асырумен байланысты болса, тиімді жобалардан  негізделгенін  таңдау үшін жобаларды ранжирлеу  мәселесін шешеу қажет. Мұнда  жобаны бағалаудың түрлі  критерилері пайдаланыла алады. Негізінде мұнда келесі көрсеткіштер қолданылды: жоба шығындары, күтілетін пайда, инвестицияны қайтару мерзімдері, олардың тиімділігі және т.б. Сонымен қатар жобалардың бизнеске әсерінің дәрежесі, компеанияның  қабылданған  стратегиясына сәйкестігі, тәуекел дәрежесі және т.б. есепке алынады.

    Таңдалған критерилердің  жиынтығын  есепке ала отырып, олар бойынша жобаларды бағалаудың  сәйкес шкаласы,  бағалаудың сәйкес принцптері мен таңдалған критерилерінің  коэффициенттері жасалынады.

      Осының негізінде  жобаларды ранжирлеу  жолымен  оларды  шоғырланған бағалау жүзеге  асырылады. Осындай түрде ұйымның  стратегиясын орындауға  таңдалған жобалар арқылы тиімді жүзеге  асыру қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі таңда басқару бұл ғылым әрі фирманың адам және материалдық ресурстарынмен тиімді жұмыс істеу арқылы ойластырылған ұйым мақсаттарына жету өнері.

        Сонымен жобалаудағы иерархия жобаны басқарушыға тікелей қол астындағы қызметкерлердің  жоғарыдан төмен , яғни қызметтің атақ, дәреже, лауазымына сай бағынышты орналасу тәртібі бойынша жоба басшысына тікелей бағына отырып ,онда келісілген шарттардың бұлжытпай орындалуы және жобаның іске асуы болып табылады.

        Жобадағы иерархияда жоба басшысының негізгі жұмыс жасаудағы міндеттері келесідей болған жағдайда жобадағы иерархия сәтті жүзеге асады:

- ол өзінің жеке басы карьерасымен  байланысты жоспарлар жүзеге  асыра отырып, жұмыс істейді оларға  қол жеткізу құралы ретінде  фирманың оның талаптарын қанағаттандыра отырып пайдаланады.

- ол өзінің тікелей басшының  айқын тұжырымдалған не демеуімен  білдірілген тілектеріне дейін  ілтипатқа алады.

- ол үнемі жұмысшы тиімді атқару үшін басқа бөлімдердің шені жағынан өзімен тең ортақ өзі тәуелді және оған тәуелді адаммен келісім жүргізеді.

- негізгі персонал және қызмет  көрсету топтарымен жақсы қарым  – қатынаста болады, өйткені кейде  көмекші құрамындағы қызметкерлер  жоғары басшыларға жол салып  кіреді.

- жұмыста өзіне бөлінген ортада  елеулі роль атқаратынын тұлғалар мен соттың сұранымдарына өтініш талаптарына, олардың мейірбандылығын сақтау үшін не ең болмағанда өшіктіріп алмасу үшін жауап береді

- ол бос тұру жәнеүзілісті  мейілінше азайту үшін және  басшылық тарапынан артық назар  аудартпау үшін бөлімге келіп түскен, оның ішінде пайда болған және сыртқа берілетін жұмысшыларды қадағалайды.

Жобалауға бейімделген қызметті басқару - өз мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асыру есебінен жетеді. Сондықтан осындай ұйымдарда жобаларды басқару жүйесі стратегиялық басқарудың жалпы жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.Оның өзіне тән ерекшеліктері: ұйым мақсатымен тығыз байланыстығы, болашаққа бейімділігі мен сыртқы орта факторының жоғары дәрежедегі белсенділігі.

Жобалық басқарудың объектісі – қойылған мақсатқа  жету немесе  нақты мәселені шешуге  бағытталған  өзара байланысқан  және өзара келісілген жұмыстардың жоба-кешені  болып табылады. Ал осы кешенді орындау уақыт бойынша  шектелген және нақты қаржылық  материялды және  еңбек қорларын жұмсаумен байланысты болады.

Қорыта айтқанда, жобалауға бейімделген қызметті басқару түрлі жобаларды стратегиялық басқарудың жалпы жүйесі арқылы жүзеге асыру болып табылады. Ал  жобадағы иерархия - әрбір деңгейдегі басқару шешімдерінің көп деңгейлі және қатал субординацияланған көлемімен сипатталатын ұйымдастыру құрылымы. Осы иерархиялық ұйымдастыруды қолдану арқылы жобалауға бейімделген қызмет басқарылса, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге болады деп қорытындылаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Менеджмент негіздері\Ахметов К.Ғ, Сағындықов Е.Н, Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А ,Жұмабаев Ж.Ж-Ақтөбе-Орал,2005-519б.

2. Основы менеджмента.Учебное пособие.Под ред.Радугина А.А. –М.Центр-1997

3. Жүнісов  Б.А., Мамбетов У.Е , Байжомартов Ү.С. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы,изд РИК.1994.

4. Джексон Грейсон мл, К.О. Делл.Американский менеджмент на пороге XXI века,-М, Экономика ,1991

5. «Жалпы экономикалық теория»  Шеденов Ө.К. Ақтобе 2004

6. «Менеджмент» лекциялар курсы  Бердалиев К. Алматы 2005

7. «Әлем экономикасы» оқулық С.Сахариев Алматы 2003

8. Шапиро В.Д. и др. Управление проектами. СПб.: ДваТри, 2006

9. Волков И.М., Грачева М.В. Проектный анализ: Учебник для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2002

10. Разу М.Л. и др. Управление программами и проектами: 17-модульная программа для менеджеров “Управление развитием организации”. “ИНФРА – М”, 2007

11. Вратенков С. Управление проектами по стандарту PMBoK Guide 2000, www. projectbbureau.ru.

12. Мазур И.И., Шапиро В.Д., Ольдерогге Н.Г. Управление проектами – М.: Омега-Л, 2004. – с. 664

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Кафедрасы: Кәсіптік оқыту

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Жобалауға бейімделген қызметті басқару.

Жобадағы иерархия.

 

 

 

 

 

                                                       Орындаған: Чагирова Ш.Т

                                                                                            1 курс магистранты

                                                                              Кәсіптік оқыту

 

                                                                          Тексерген: Тажигулова Ж.Ж

 

 

 

 

 

Алматы 2014

 

 

 

 

 


Информация о работе Жобалаудағы иерархия