Жобалаудағы иерархия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2014 в 17:22, реферат

Краткое описание

Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты, ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.
Қазіргі таңда жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады. Жоба дегеніміз қойылған мақсатқа жетудің әдістері бола алады.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Жобалаудағы иерархия
2.2 Жобалауға бейімделген қызметті басқару
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат жоба.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

 

 

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Жобалаудағы иерархия

2.2 Жобалауға бейімделген қызметті басқару

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты, ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.

 Қазіргі таңда жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады. Жоба дегеніміз қойылған мақсатқа жетудің әдістері бола алады. Жоба дегеніміз нақты тәртібі, шығындары бар нақты мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылатын үйлескен іс-әрекеттердің жиынтығы бола алады.

        Ал жобалаудағы иерархия жобаны басқарушыға тікелей қол астындағы қызметкерлердің  жоғарыдан төмен , яғни қызметтің атақ, дәреже, лауазымына сай бағынышты орналасу тәртібі бойынша жоба басшысына тікелей бағына отырып, онда келісілген шарттардың бұлжытпай орындалуы және жобаның іске асуы болып табылады.

          Жоба басшысы  және де қызметкерлері құрауыштары бағыныштылығына қарай сараланған, олардың    арасындағы байланыс белгілі бір ережелерге сәйкес жүзеге асырылу мақсатындағы сипаттамалы құрылыммен қамтылады. Жобалау барысында түрлі  компоненттер мен кіші компоненттер бойынша іс-шаралардың орындалуын үндестіру және үйлестіру, әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін Жобаның тиісті бағыттары бойынша мүдделі жақтар мен серіктес консалтингтік компаниялар қатысуымен үйлестіруші кеңестер өткізіліп жатады.

Кез-келген жобалар үшін келесі белгілер ортақ болады: 1 – олар нақты мақсаттарға жетуге бағытталған, 2 – оларды жүзеге асыру үшін өзара байланысты іс -  әрекеттердің кешенін орындау қажет, 3 – олардың нақты басы және соңы бар, яғни олардың ұзақтылығы уақыт бойында шектелген, 4 – олардың әрқайсысы бірегей және қайталанбас. Бірнеше рет орындалатын типтік жобалардың өзі нақты шарттарға байланысты талап етеді. Бұл қатынаста да олар бірегей болып табылады.

Жобалауға бейімделген қызметті басқару - өз мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асыру есебінен жетеді. Сондықтан осындай ұйымдарда жобаларды басқару жүйесі стратегиялық басқарудың жалпы жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.Оның өзіне тән ерекшеліктері: ұйым мақсатымен тығыз байланыстығы, болашаққа бейімділігі мен сыртқы орта факторының жаңры дәрежедегі белсенділігі болып табылады.Жобаларды басқарудың қазіргі әдістемесі жобадағы иерархиямен ерекшеленеді және түрлі елдерде, салаларда және қызметтің түрлерінде сәтті қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Жобалаудағы иерархия

        Иерархия термині негізінен кең мағынаға ие. Жалпы алып қарастыратын болсақ ол бірнеше кең көлемде түсініктерді қарастырады:

І.Иерархия —

  1. бүтін, тұтас нәрсенің бөлім, бөлшектерінің жоғарыдан төмен орналасу тәртібі;
  2. қызметтің атақ, дәреже, лауазымына сай бағынышты орналасу тәртібі.

        “Иерархия” терминін 5 ғасырдың 2-жартысында Дионисий Псевдо-Ареопагит “Аспан иерархиясы туралы”, “Шіркеу иерархиясы туралы” деген трактаттарында қолданған және 19 ғасырға дейін  христиан  шіркеуінің  ұйымдасуын сипаттау үшін қолданылған.

Ғылымға 19 ғасырдың 2-жартысынан еніп, қоғамдағы билік құрылымын, 20 ғасырдан бастап барлық жүйелі нысандарды бейнелеу үшін қолданылады.

II. Иерархия (Hierarchy) —

  1. жұмысы жағынан жоғары тұрушы байланыстардың қандай да бір жиынтығы;
  2. орталықтандырылған жүйелердегі басқару принципі;

      3.құрауыштары бағыныштылығына қарай сараланған, олардың    арасындағы байланыс белгілі бір ережелерге сәйкес жүзеге асырылу мақсатындағы сипаттамалы құрылым.

III.Иерархия — таксондар жүйесінің және жалпы күрделі геожүйенің ішіндегі құрылымдық қатынастар мен бағыныстар.

IV. Иерархия –

1. бөліктерді немесе элементтерді  жоғарыдан төменге қарай орналастыру;

2. қызметтік атақты лауазымды  бағыныштылық ретімен орналастыру.

         Иерархиялық жүйе - әрбір деңгейдегі басқару шешімдерінін көп деңгейлі және қатал субординацияланған көлемімен сипатталатын ұйымдастыру құрылымы.

Ғылымдар иерархиясы - ғылым туралы пікір, ең бірінші рет Конт ұсынған болатын. Оған сәйкес түрлі ғылымдар белгілі бір ретпен пайда болады және оның әрқайсысы Иерархияда өзінен кейін тұрғанға тәуелді, бірақ сипаты жағынан өзгеше болып табылады.

Жобадағы иерархия қазіргі технологиясының қалыптасуы мен дамуының тарихы шамамен жарты ғасырға созылған. Өткен ғасырдың 50 – ші жылдардың соңында  “Дюпон” (АҚШ) фирмасында ауыспалы жол әдісі  -  АЖӘ   (Critical Path Method- CPM) жасалды, ол ЭЕМ көмегімен осы фирманың зауыттарын модернизациялау бойынша жұмыстардың күрделі кешендерін орындаудың жоспарларын бақылауға мүмкіндік береді. Сол уақытта “Локхид” компаниясының мамандарымен бағдарламаларды талдау мен бағалау әдісі  – ПЕРТ (Program Evolution and Review Technique - PERT)  жасалды, оның көмегімен  “Поларис ” ракеталық жүйесінің жобасы сәтті жүзеге асырылды. Осыдан кейін бұл әдістерді АҚШ пен әлемдік басқа ірі өнеркәсіптік және құрылыс компаниялары жобалаудағы иерархияны қолдана бастады. Бірақ есептеу машиналарының жоғары құны жобаны басқарудың жаңа және тиімді технологиясының таралуын шектеді.

Иерархия- мәдениеттануда әр сатыда тұрған түрлі мәдениетті көрсететін теориялық бағыт. Бұл жүйе, теориялық бағыт бойынша, мәдениеттанушылар белгілі бір мәдениетті маңызды, құнды, болашақта дамуға бейім деп бағалайды. Екінші бір мәдениет құндылығы, маңызы жағынан төмендеу, өз құндылығын жоя бастаған деп бағаланады. Бұл көзқарасқа қарсы тқрар концепция — эгалитаризм (мәдениет тендігі).

Жобадағы иерархияның тиімділігі  80–ші жылдардың ортасында түпкілікті өзгерді, осы кезде персоналды компьютерлер пайда болды, олар арзандылығы мен пайдаланудағы қарапайымдылығының арқасында көптеген компаниялар мен ондағы мамандарға қолайлы болды. Компьютерлік техниканың осындай артықшылықтарының көмегімен түрлі масштабтар мен күрделіліктегі жобаларды басқару мәселелерін шешу мүмкін болды.

        Сонымен жобалаудағы иерархия жобаны басқарушыға тікелеу қол астындағы қызметкерлердің  жоғарыдан төмен , яғни қызметтің атақ, дәреже, лауазымына сай бағынышты орналасу тәртібі бойынша жоба басшысына тікелей бағына отырып ,онда келісілген шарттардың бұлжытпай орындалуы және жобаның іске асуы болып табылады.

Жобалаудағы иерархия жобадағы қызхметкерлердің жұмысы жағынан жоғары тұрушы байланыстардың жүзеге асыру болып табылады, Жобалаудағы иерархия орталықтандырылған жүйелердегі басқару принципі негізінде жүзеге асады.

          Жоба басшысы  және де қызметкерлері құрауыштары бағыныштылығына қарай сараланған, олардың    арасындағы байланыс белгілі бір ережелерге сәйкес жүзеге асырылу мақсатындағы сипаттамалы құрылыммен қамтылады. Жобалау барысында түрлі  компоненттер мен кіші компоненттер бойынша іс-шаралардың орындалуын үндестіру және үйлестіру, әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін Жобаның тиісті бағыттары бойынша мүдделі жақтар мен серіктес консалтингтік компаниялар қатысуымен үйлестіруші кеңестер өткізіліп жатады.

Сөйтіп, жобадағы иерархия – корпорация, шіркеу, түрме, не болмаса аурухана болсын, әр ұйымға тән процесс. Басқарушының жұмысы қажеттілігін анықтауда, одан кейін іс жүзінде асырылғанын қадағалау. Өзі өзекті мақсаттарға жетуге қажетті бірлескен күш жігерінің жұмсауына жауап береді, бүкіл ұйым жұмысы ұтымды болатындай етіп үйлестіріледі. Бұдан басқа, басқарушы өнімділікті арттырып, онда ол жоғары мәртебелі қараушы болып табылады және оған өзіне шамадан көп ақы төленуін мойындау керек. Бұл көзқарас біздің назарымызды басқарушы менеджер іс жүзінде не істейтіндігіне аударатындықтан басқарушы жұмысын тым қарапайым жібереді. Менеджердің күнделікті жұмысының сипаттамасы келесі түрде болуы мүмкін:

- ол өзінің жеке басы карьерасымен  байланысты жоспарлар жүзеге  асыра отырып, жұмыс істейді оларға  қол жеткізу құралы ретінде  фирманың оның талаптарын қанағаттандыра  отырып пайдаланады.

- ол өзінің тікелей басшының  айқын тұжырымдалған не демеуімен білдірілген тілектеріне дейін ілтипатқа алады.

- ол үнемі жұмысшы тиімді  атқару үшін басқа бөлімдердің  шені жағынан өзімен тең ортақ  өзі тәуелді және оған тәуелді  адаммен келісім жүргізеді.

- негізгі персонал және қызмет  көрсету топтарымен жақсы қарым – қатынаста болады, өйткені кейде көмекші құрамындағы қызметкерлер жоғары басшыларға жол салып кіреді.

- жұмыста өзіне бөлінген ортада  елеулі роль атқаратынын тұлғалар  мен соттың сұранымдарына өтініш  талаптарына, олардың мейірбандылығын  сақтау үшін не ең болмағанда өшіктіріп алмасу үшін жауап береді.

Жобаларды жүзеге асы  ру сапалы, тиімді болуы үшін, белгісіз уақытқа созылмауы үшін және аса көп ақша қаражаттарын салуды талап етпеуі үшін, олардың сапасына қойылатын талаптарды есепке алу арқылы басқарылуы қажет және нақты уақыттық шектеулерге, қорлық шектеулерге және лимиттерге сай келуі қажет.

 Жобаларды басқарудың осы және басқа да күрделі мәселелерін шешу сәйкес әдістемелік және құралдық қамсыздандыруда талап етті. Сондықтан менеджменттің теориясы мен тәжірибесінде жобаларды басқару деген басты бағыт пайда болды, ол бүгінгі күні барлық қаржылық жүйесі дамыған елдерде кеңінен таралған.

Жобадағы иерархия жобаны немесе жобаларды басқаруға қабылданған әдісіне, оның масштабы, күрделілігі мен басқа факторлаға тәуелді түрлі жауапкершілікті алады. Көбінесе қолданылатын синонимдері – “жобаны (жобаларды) басқару”, “жоба (жобалар) менеджменті”, “жоба – менеджмент”. Сонымен қатар жобалық менеджмент жайлы басқару ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі бағыты деп те айтуға болады. Одан басқа жобаларды қаржыландыруды басқарушылық мәдениеттің немесе кәсіби қызметтің ерекше саласы деп қарастыруға болады, бұл түрлі жобаларды  - ғылыми, білім, өндірістік, әлеуметтік, мәдени, әскери және т.б., жасап шығару мен жүзеге асырумен байланысты.

           Түрлі   компоненттер мен кіші компоненттер бойынша іс-шаралардың орындалуын үндестіру және үйлестіру, әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін Жобаның тиісті бағыттары бойынша мүдделі жақтар мен серіктес консалтингтік компаниялар қатысуымен үйлестіруші кеңестер өткізіліп жатады.

          Жоба бойынша іс-шараларды орындау мониторингі Басқару панелін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2.2 Жобалауға бейімделген  қызметті басқару.

Жобалауға бейімделген қызметті басқару - өз мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асыру есебінен жетеді. Сондықтан осындай ұйымдарда жобаларды басқару жүйесі стратегиялық басқарудың жалпы жүйесінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады.Оның өзіне тән ерекшеліктері: ұйым мақсатымен тығыз байланыстығы, болашаққа бейімділігі мен сыртқы орта факторының жоңары дәрежедегі белгісіздігі.

           Стратегиялық  басқару жүйесінде қабылданатын  шешімдер толығымен ұйымға да, оның жеке бөлімшелеріне де әсерін тигізеді. Стратегиялық шешімдер  категорияларына келесілер енді: Жақсартылған немесе жаңа өнімдер, тауарлар, қызметтер немесе үрдістерді  жасап шығару; құрал-жабдықты сатып алу және орналастыру; жаңа нарықтарды айқындау және игеру; өткізудің жаңа каналдарын  табу; кәсіпорынның реинжинирингі; ұйымдық құрылымды өзгерту; стратегиялық серіктестік, қосылу мен бір ұйымның басқа ұйымға енуі; компания капиталының құрылымын қайта ұйымдастыру; сапаны басқару жүйесін құру; өндірістен өнімнің жеке түрлерін алып тастау; персоналды оқыту және т.б.

           Жобалауға бейімделген қызметті басқару жүйесі  мен жобаны басқару жүйесі бір-бірімен  өзара әрекет ете отырып,  кәсіпорынның қалыпты стратегиялық әрекет етуі мен дамуына негіз болады.  Ұйымның таңдалған стратегиясы, жүзеге асыруға қабылданған жобалар ,сонымен қатар стратегиялар ұйымның стратегиялық мақсатына жету үшін «жұмыс істеуі» қажет.

            Жоба стратегиясы оның өмірлік циклының басында жасалынады және бейнеленеді.Оған келесі негізгі элементтер кіреді: жоба мақсатымен оның демеушілерін нақты тұжырымдау; осы мақсаттарға қалай  жету керектігі жайлы ақпарат;  қоршаған орта проблемалары мен оларды шешеу стратегиясы; жоба сапасының саясатымен  мен оны жүзеге асыру стратегиясы; жобаның қауісіздік саясаты; меншік иесі мен үшінші тұлғалардың рөлі; жобаның қаржылық  және экономикалық мақсаттары; оның қаржылық стратегиясы;  сақтандыру проблемалары мен оларды шешеу  стратегиясы; техникалық стратегиямен мен саясат; жоба дизайнын  жасап шығару философиясы; жобаны бөлу құрылымы мен оның жұмыстарын бөле құрылымы; бақылау нәтижелерінің графигі мен  басқарудың түрлі деңгейлерінде қорытынды жасау  графигі; тәуелді басқару стратегиясы; келісім-шарттар мен  жеткізу жұмыстарының стратегиясы; логистика саясаты; жұмысқа жалдау саясаты  мен өндірістік қатынастар стрстегиясы; коммуникациялық (сыртқы және ішкі) саясат; ақпараттық технологиялар саясаты.

           Осы  элементтердің тізімі, жобаны орындаудың  бастапқы кезеңінде шешуді талап ететін стратегиылық сипаттағы мәселелердің аса көптігін сиппаттайды.

           Жобаны  жүзеге асыруда алдында қабылданған  стратегияға қажетті түзетулер  енгізіле алады. Бұл түзетулер  тек жоба менеджері  немесе  басқарушының рұқсатымен  орындала  алады.

           Жобаны стратегиялық басқарудың  құраушылары: болашақты көру, миссия, стратегиялық мақсаттар, стратегиялар, тактикалық мақсаттар мен мәселелер. Стратегияны жүзеге асыру кезінде ұйымдастыру дизайны, жеке және ұжымдық рөлдер,басқару стилі, ккөмекші жүйелер,ұйымдық қорлардың мәні ерекше.

Информация о работе Жобалаудағы иерархия