Туристік маркетингтің дамуын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:44, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кезде, өкінішке орай, туризмде маркетингке көп көңіл бөлінбейді, Қазақстан және дамыған еуропа рыногында да көңіл бөлмейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс практикасына сүйене отырып, іс-әрекет жасайды. Теория мен практика, маркетингтік зерттеу және маркетингтік жоспарлау арасындағы қарама-қайшылық болашақта шешіледі деген көзқарас бар. Курстық жұмыстың өзектілігі ҚР-да туристік маркетингтің даму жағдайына, туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану деңгейіне талдау жасау, зерттеу болып табылады. Өйткені ҚР-да туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану халықаралық деңгейден едәуір артта қалған. Бұған көптеген факторлармен қатар маркетинг қағидаларын жеткілікті түрде қолданбау да әсерін тигізіп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая маркетинг.doc

— 470.50 Кб (Скачать документ)

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны[10]

 

     Сонымен, қорытындылай айтсақ, туристік маркетинг пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыратын, баға белгілеуді жүзеге асыратын және оны тұтынушыға ұсынуды және өткізуді қамтамасыз ететін процесс болып табылады. Туристік маркетингтің қолданылуы 1950 жылдардан бастау алады. Алғашқы кезеңде ол туристік қызметтерге сұранысты өсіру үшін қолданылса, кейінірек оның қызметі рыноктың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және барынша жақсы қажеттіліктермен қамтамасыз ету болып табылды. Туристік маркетингтің, сонымен қоса, экономикалық құбылыс ретінде қағидалары, қызметтері, мазмұны және шарттары сипатталады. Туристік маркетинг тәжірибеде қолданушылардың шығармашылық бағытын және кез келген кездескен мәселе, тәжірибелік тапсырманың стандарттық емес шешімін талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          1.2.Туристік маркетингтің ерекшелігі

 

 

     Маркетингтің қызмет көрсету саласындағы ерекшеліктері қызметтің материалдық өнімнен айырмашылығымен анықталады.

                                                                                                                       Кесте 1

 

            Материалды өнімдерден қызмет көрсетудің айырмашылығы

 

Қызмет көрсетудің ерекше сипаттамалары

Қызмет көрсетудің мазмұны

Қызметтер материалды емес, сондықтан сезілмейді

Тауарлармен салыстырғанда  қызмет көрсетуді сатып алғанға  дейін көзбен көруге, татып көруге және ұстап көруге болмайды

Қызметтерді сақтауға болмайтындығы

Тауарларға  қарағанда қызметтерді қайта  сату мақсатымен сақтауға, қоймаға қоюға және тасымалдауға келмейді

Қызметтердің  өз қайнар көзінен бөлінбеуі

Қызметтерді өндіру және тұтыну ұсынушыдан бөлінбей, бір  жерде өтеді

Қызмет сапасының  тұрақсыздығы

Қызмет көрсетуді  бір адам жүзеге асырса да, қызмет сапасы әр түрлі болуы мүмкін

Меншік құқығын  басқаға бере алмауы

Тауармен салыстырғанда  олар қайта сатылмайды


 

     Қызмет көрсету маркетингісінде қызметтің сезілмейтіндігі арқылы оның материалдық еместігі шешуші мәнге ие. Тұтынушы сатып алу процесінде әлдебір көзге көрінбейтін, сезілмейтін қызметті сатып алады. Мысалы, қызметтің көзге көрінбейтіндігі сатып алғанға дейін оны көруге, байқап көруге, дәмін татуға, иіскеуге болмайтындығымен түсіндіріледі.

     Тауармен  салыстырғанда, қызметтер қайта  сату мақсатымен сақтауға, қоймаға қоюға және тасымалдауға келмейді. Қызмет дәл уақытында қолданылмаған жағдайда жарамсыз болып қалады.

     Қызмет  көрсету сипаттамасының бірі  – олардың қайнар көздерінен  бөлінбейтіндігі. Қызметтің қайнар  көзі адам немесе техника болуы мүмкін.

     Қоймада  сақталып, өткізудің әр түрлі  жолымен жеткізілетін тауарлармен  салыстырғанда, қызметтер бір  мезгілде тұтынылады, сондықтан  да олардың меншік құқығын  басқаға беруге және қайта  сатуға болмайды[11, 398-399 б.].

     Туристік маркетингтің ерекшелігі, ең алдымен, турөнім, сонымен қатар туристік қызметтерді тұтынушылар және өндірушілердің айрықша белгілерінің ерекшелігімен анықталады.

     Турөнім дегеніміз Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымында қабылданған туристік қызмет туралы заңына сәйкес – саяхат барысында туристік қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын туристік қызметтер жиынтығы.

 


                                           Туристік өнім




     Тур                       Қосымша туристік                                Тауарлар

                                  экскурсиялық қызметтер

 

Сурет 2. Туристік өнімнің құрылымы

     

     Туристердің туристік өнімнің әрбір элементі бойынша шығындарының құрылымы: тур – 50%, қосымша қызметтер - 30%, тауарлар - 20%.

      Тур дегеніміз туристік өнімнің негізгі бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің өнімі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге клиентке біртұтас беріледі.

     Тауарлар туристік  өнімнің материалды бөлігінен  тұрады. Олар: туристік карталар  мен қала жоспары, буклеттер, кәдесыйлар, туристік құрал-жабдықтар және т.б.

     Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер жолдама немесе ваучердің құнына кірмейді. Оларға жататындар: телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастау, қосымша тамақтану, ойын-сауық және т.б.

    Туристік өнімнің жалпы қызметтер сипаттамасымен қатар өзіндік ерекшеліктері де бар. Мысалға:

  1. Туристік өнімге сұраныс табыс пен баға деңгейіне икемдігі өте жоғары және  саяси, әлеуметтік жағдайларға қатты байланысты болады. Осы себептен, маркетингтік тәуекел де жоғары болады, өнімді алға жылжыту үрдісінде де үлкен кедергілер пайда болады;
  2. Сұраныс маусымдық ауытқуынан қаптап кету феномені пайда болды. Осы феноменнің әсерінен туристік зоналар ұсынатын қызмет түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, «күн-теңіз» факторы бойынша – Қырым, Кипр, Түркия, Болгария курорттары; «демалыс-емделу» факторы бойынша – Карловы Вары, Есентуки, Сарыағаш; «спорт» факторы бойынша – тау шаңғы курорттары;
  3. Туристік өнімнің ұсынысы икемсіз өндіріспен ерекшеленеді. Туристік ұйымдардың басым көпшілігі сұраныс өзгерісіне жауапты әрекеттене алмайды. Қонақ үй, демалыс базасы маусым соңына қарай басқа аймаққа көшіріле алмайды. Ұсыныстың икемсіздігі ерекше білінеді, себебі турқызметтерге сұраныс маусымдық ауытқулары мен күтпеген сыртқы өзгерістерге өте қатты тәуелді.
  4. Туристік өнім кәсіпорынның бірнеше құрамдастарының күшімен жасалады. Олардың әр қайсысы жұмыс істеудің өзіндік ерекше тәсілдері, арнайы қажеттіліктері және коммерциялық мақсаттары бар. Өнімнің көпш<span class="dash0411_0435_0437_0020_0438_043d_0442_0435_0440_0432_0430_043b_0430__Char" style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; font-size: 14pt; text-decoration

Информация о работе Туристік маркетингтің дамуын