Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 07:44, курсовая работа
Қазіргі кезде, өкінішке орай, туризмде маркетингке көп көңіл бөлінбейді, Қазақстан және дамыған еуропа рыногында да көңіл бөлмейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс практикасына сүйене отырып, іс-әрекет жасайды. Теория мен практика, маркетингтік зерттеу және маркетингтік жоспарлау арасындағы қарама-қайшылық болашақта шешіледі деген көзқарас бар. Курстық жұмыстың өзектілігі ҚР-да туристік маркетингтің даму жағдайына, туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану деңгейіне талдау жасау, зерттеу болып табылады. Өйткені ҚР-да туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану халықаралық деңгейден едәуір артта қалған. Бұған көптеген факторлармен қатар маркетинг қағидаларын жеткілікті түрде қолданбау да әсерін тигізіп отыр.
Кіріспе
Туризм – бұл экономиканың маңызды секторы. Әлемнің барлық дамыған елдері оның дамуына бұрыннан қызығушылық танытуда. Әлемдік экономикада туризм мұнай өндірумен ғана бәсекеге түсетін жетекші алдыңғы қатарлы орынға шықты. Ол көптеген дамыған және дамушы елдер үшін валюталық түсімдердің қайнар көзі болып табылады.
Қазіргі кезде, өкінішке орай, туризмде маркетингке көп көңіл бөлінбейді, Қазақстан және дамыған еуропа рыногында да көңіл бөлмейді. Туризм саласында кәсіпкерлер өз тәжірибелеріне және жұмыс практикасына сүйене отырып, іс-әрекет жасайды. Теория мен практика, маркетингтік зерттеу және маркетингтік жоспарлау арасындағы қарама-қайшылық болашақта шешіледі деген көзқарас бар. Курстық жұмыстың өзектілігі ҚР-да туристік маркетингтің даму жағдайына, туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану деңгейіне талдау жасау, зерттеу болып табылады. Өйткені ҚР-да туристік кәсіпорындарда маркетингті қолдану халықаралық деңгейден едәуір артта қалған. Бұған көптеген факторлармен қатар маркетинг қағидаларын жеткілікті түрде қолданбау да әсерін тигізіп отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты ҚР-дағы туристік маркетингтің дамуын зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
Объектісі – «Яссауи» туристік фирмасы болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан құралған.
1.1. Туристік маркетингтің түсінігі
Туристік маркетинг – бұл туристік тауарлар мен қызметтерді жоспарлап және дайындайтын, оларды сататын, жылжытатын, оларға сұраныс пен бағаны анықтайтын қызмет түрі. Бұл қызмет туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруда тауарлар мен қызметтерді максимальды пайда табу мақсатында өндірушіден тұтынушыға қарай жылжытуға көмектеседі. Туристік маркетингтің сипаттамасы туристік өнімнің ерекше және айрықша сипаттамасымен, сонымен қатар туристік тауарлар мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың ерекшеліктерімен анықталады[1].
Туристік маркетинг тарихына көз жүгіртсек, туристік салада маркетинг термині өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қолданылған. Маркетингтің алғаш пайда болған өндірістік тұжырымдамасы туристік кәсіпорындарда осы жылдары кең қолданыла бастады. Дәл осы кезеңде туристік қызметтерге сұраныс сәйкесінше ұсыныс көлемін де өсірді. Сондықтан, туристік қызметтердің рынокта өткізілуі тұтынушылардың талаптарына толық жауап бермесе де тез жүрді. Туристік фирмалардың барлығы дерлік өткізу жағы қиындық тудырмайтын бірдей өнімдер ұсынды. Рынокта бәсекелестік болмады. Нәтижесінде тұтынушыға не ұсынылса, соны тұтынуға мәжбүр болды. Туристік фирмалардың бар назары өзінің қызметтерін рынокта жайғастырудың ішкі мүмкіндіктеріне ауды. Туристік маркетинг туристік қызметтерге сұранысты өсіру үшін қолданылды.
60-жылдардың басында туристік рынокта сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістердің алғашқы белгілері пайда болды. Бәсекелестік күшейе бастады. Бұл жағдайда фирмалар енді өз қызметтерінің өткізу мәселесіне назар аудара бастады.
70-жылдардың ортасында туризм саласында сатып алу рыногы қалыптасты. Бұл қызмет туристік кәсіпорындарға өткізу қызметіне қатысты ешқандай кепілдік бермеді. Бәсекелестік саладағы жетістікті қалыптастыру үшін алдымен рынокты жан-жақты зерттеп, кейін нарық талаптарына сәйкес қызметтерді ұсыну қажет болды. Сондықтан туристік кәсіпорындар тек қана рынок талаптарымен шектеліп қоймай, тұтынушылардың да талаптарын ескерді. Бұл этап туристік маркетингтің тұжырымдамасы ретінде сипатталды, яғни бұл тұжырымдама бойынша ұйым мақсатының жетістігінің кепілі рыноктың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және барынша жақсы қажеттіліктермен қамтамасыз ету болып табылды[2].
Туристік маркетинг – бұл турөнімді өткізу және турларды ұйымдастыруға, туристік рыноктағы сұранысқа, сондай-ақ сату көлемін кеңейту үшін рынокқа белсенді әсер етуге бейімделген басқарудың кешенді тәсілі[3, 123 б.]. Осы орайда, «туризмдегі маркетинг» – пайда алу мақсатында туристік өнімді қалыптастыруды, баға белгілеуді, жылжытуды, өткізуді, турларды ұйымдастыруды басқарудың нарықтағы сұранысқа бейімделген, бәсекелік артықшылықтарын жоғарылатуға мүмкіндік беретін туристік қызмет әзірлеп, ұсынуға бағытталған үдеріс[4]. Ал Х. Криппендорф берген анықтамада, «туристік маркетинг – туристік кәсіпорындар қызметінің, сонымен қатар туризм жеке және мемлекеттік саясаттың жүйелілік өзгеруі және координация». Мұндай өзгерістердің мақсаты пайда табу мүмкіндігін ескере отырып, белгілі бір тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделеді[5, 66-67 б.].
Жалпы туристік маркетингтің көптеген анықтамалары бар. Соның бірі француз ғалымдары Р. Ланкар мен Р. Оллье берген анықтама: «Туристік маркетинг – бұл алға қойған мәселелерді зерттеу, талдау және шешу үшін таңдалған негізгі әдістер мен тәсілдер сериясы. Бастысы, бұл әдістер мен тәсілдер қайда бағытталуы керек, - туристік қызметтегі жария және жасырын қажеттіліктерді ескеруге мүмкіндік беретін адамдардың қажеттіліктерін психологиялық және әлеуметтік факторлар тұрғысынан толық қанағаттандыру мүмкіндігін жүзеге асыруға , сонымен қатар қаржылық көзқарас тұрғысынан туристік ұйымдардың (кәсіпорын, бюро немесе ассоциация) іс-әрекетін неғұрлым рационалды түрде жүргізу тәсілдерін анықтауға бағытталады. Бұл типтегі қажеттіліктер кәсіпкерлік топ, түрлі миссиялар және ұйымдарда кездесетін демалыс мотивімен (көңіл көтеру, денсаулық сақтау, оқу, дін және спорт) не болмаса басқа да мотивтермен анықталуы мүмкін»[6,22 б.].
Сонымен
қатар, туристік маркетинг –
бұл бәсекелестерге қарағанда
рыноктағы сұраныспен
Бұл
анықтама кеңірек
Біріншіден, маркетинг – бұл жеке іс-әрекет емес, бұл қызметтер жүйесі. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жету үшін бірігетін туристік кәсіпорындар іс-әрекетінің жалғасуы. Яғни, маркетинг – бұл тек қана жарнама мен қызметтерді сату немесе қызметтерді жай ғана дайындау емес. Бұл маркетинг тұжырымдамасымен сәйкес келетін барлық функциялар мен іс-әрекеттерді біріктіретін жүйе. Берілген жағдай маркетингті коммерциялық жұмыстан ерекшелейді. Егер коммерциялық қызметтің мақсаты сатуды белсенді жүргізу үшін барлық күш пен құралдарды қолдану болып табылса, маркетингтің мақсаты тұтынушылардың сұранысына сәйкес қызметтерді өндіру мен өткізудің өзара байланысты процесі болып табылады.
Екіншіден,
маркетинг бір ғана іс-
Үшіншіден,
туристік кәсіпорындардың ішінд
Төртіншіден,
маркетинг шын мәнінде фирма
ұсынатын қызметтерді
Бесіншіден,
маркетинг тұтынушылардың
Алтыншыдан,
маркетинг табысты ұлғайту
Туристік маркетинг экономикалық құбылыс ретінде өзінің дамуы үшін бірнеше шарттарды ұсынады:
Алдыңғы екі шарт маркетинг тұжырымдамасын қолдану қажеттілігін және мүмкіндігін анықтайды. Кейінгі екі шарт туризм саласындағы негізгі кәсіпкерлік қызметтің буыны болып табылатын нақты туристік кәсіпорындарға маркетинг тұжырымдамасын өткізуді нақтылайды.
Сонымен
қатар, туристік маркетинг
Туристік маркетинг қызметі келесілерді қамтиды:
немесе алыс аймақтар мен елдер потенциалын зерттеу;
зерттеу;
иеленушілердің коммуникативті байланыстарын орнықтыру;
жоспарлау, кейін турдағы материалдық қамсыздандыру кешенін және
тұтыну орындарының жекелеген құрамдастарын қамсыздандыру кешенін
иеленушілермен келісімдік қатынастар негізінде турөнімді қалыптастыру;
Сонымен
қатар, Дүниежүзілік Туристік
Ұйым туристік маркетингтің үш
негізгі қызметін бөліп
Тұтынушылармен байланыс орнату қызметінің негізгі мақсаты демалыс орындары мен онда көрсетілетін қызметтерді, қонақжайлылықты тұтынушылардың қалауына сәйкестендіру болып табылады.
Даму
қызметі өнімді өткізу үшін
жаңа мүмкіндіктерді
Бақылау
қызметі рыноктағы тауарды
Туристік маркетинг қызметі туристерден басқа, турагенттерге, қоғамдық туристік ұйымдарға, туризмді ұйымдастыратын мемлекеттік органдарға бағытталады. Туристік маркетинг аясының жалпы құрамдас элементтеріне мемлекет, жергілікті басқару органдары, ұлттық және жергілікті туристік ұйымдар мен кәсіпорындар жатады[9].
Туризмдегі маркетингтің мәнін, қызметін талдай келе оның мазмұнын бөліп көрсетуге болады (cурет 1)