Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:34, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10

2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында

2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы................................................................19

2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау....................................................................................................28


2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................40

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шағын-және-орта-кәсіпкерлікті-қолдау-инфрақұрылымы.doc

— 840.00 Кб (Скачать документ)

        Персоналдың орташа тізімдік  саны 2003 жылы 786 адам, 2004 жылы 843 адам, ал ауытқу 57 адамға тең болды.

        2004 жылда 1 персоналдың еңбек өнімділігі  -243619,62 теңгеге кеміді. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнен түскен табыспен тікелей байланысты.

        1 персоналдың орташа айлық жалақысына келсек, 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда ол 2985,68908 теңгеге көбейді. Жалақының көбеюіне жұмысшылар санының көбеюі, табыстың өсуі, жұмысшылардың мамандану деңгейінің жоғарылауы, еңбек өнімділігінің жоғарылауы әсер етеді.

        Еңбек ақы қоры 1 персоналдың орташа айлық жалақысына және персоналдың санына байланысты болады. 2004 жылы 1 персоналдың орташа айлық жалақысы  2985,68908 теңгеге көбейгендіктен, еңбек ақы қоры да  46284983 теңгеге көбейді.

        2003 жыл мен 2004 жылды салыстырсақ,  негізгі қорлардың орташа жылдық  құны  895843 теңгеге өсті. Ол айналым қорларының орташа жылдық құнына, қор қайтарымдылығына, қор сыйымдылығына, қормен жабдықталуына, өткізілген өнімнен түскен табысқа, жалпы табысқа және табыстың өзге де көздеріне байланысты.

        Қор қайтарымдылық 2003 жылы  4,392969997 теңге, ал 2004 жылы 4,391142583 теңге болды. Демек, ауытқу -0,0018274 тең.  Бұл дегеніміз қордың толығымен қайтарылмағанын, керісінше, оның -0,0018274 кемігенін көрсетеді. Ол өнімді өткізуден түскен табысқа, жалпы табысқа, өткізілген өнімнің өзіндік құнына, негізгі қорлардың орташа жылдық құнына байланысты болып келеді.

        Қор сыйымдылық  2003 жылы 0,227636428 теңгені, 2004 жылы 0,227731161

теңгені құрады. Ауытқу 9,4733E-05 тең.  Демек, белгілі бір өнім өндіруге немесе жұмысты орындауға қолданылған қорлар шығыны өтелді деген сөз. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен табыс көздерінің (таза табыс, жалпы табыс, өнімді өткізуден түсетін табыс және т.б.) ықпалы зор.

        Өткен жылға қарағанда 2004 жылы  қормен жабдықталу -49,824493 мың теңгеге кеміді. Көрсеткіш негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өсуіне, алайда, жұмысшылар санының артуына байланысты кеміп тұр. Сонымен қатар, қормен жабдықталуға  өткізілген өнімнен түскен табыстың, таза табыстың, негізгі қызметтен түскен  табыстың өсу мөлшері әсерін тигізеді.

        1 жұмысшының өнім өндіруінің  мөлшері 2003 жылы 2613,611907 мың теңге болса, 2004 жылы 2393,738228 мың теңгені құрады, яғни -219,87368 мың теңгеге ауытқып отыр. Оның кемуіне жұмысшылар санының көбеюі, өткізілген өнімнен түскен табыс мөлшерінің өсуі себеп болды.  

        2004 жылды 2003 жылмен салыстырсақ,  1 персоналға шаққандағы орташа жылдық шығарым -243,61962 мың теңгеге төмендеп отыр. Өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі мен персоналдың орташа тізімдік санының ұлғаюы 1 персоналға шаққандаға орташа жылдық шығарымның ұлғаюын кері ықпалын тигізді.

        Жоғарыда берілген мәліметтерге (8-кестеде берілген техника-экономикалық көрсеткіштерге) сүйене отырып, «Қазпочта» АҚ-ның жалпы экономикалық тиімділігіне талдау жүргіздік.

 

  

 

 

 

2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау

 

 

Болашаққа бағытталған  даму бағдарламалары мен стртегиялары Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру барысында орындалатын және нәтижелерін берген жұмыс көлемі. Қоғам аталмыш стратегияға тығыз байланысты. Себебі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың динамикалық дамуға және елдің бәсеке қабілетін дамытуда маңызды орынға ие. Проект шеңберінде корпаративтік ақпараттық жүйеге ядро жүйелі жұмыс принцпі енгізіледі. Ядролық жүйе клиентке және есеп беруге кассалық есеп негізінде енгізілген. Осыдан басқа есеп айырысу жүйесіне өзгеріс енгізілген. Бұл есеп айырысу жұйесінің қалай іске асқанын ішкі құрылымдық сипатта және сыртқы қоғам операциясын бақылауға мүмкіндік береді. Бірінші біржылдықта келесі модульдер сарапталған «Негізгі құралдар», «Әкімшілік шаруашылық қызмет», Қазіргі уақытта жаңа модуль «Бағалы қағаздар». Бұл модуль бағалы қағаздармен күнделікті келісімшарт  жасауға өз үлесін қосады және де өз қызметінің шырқау шегіне жеткен «Жеке бизнес» модулі. Бұл модуль құрамына келесі мақсаттарды жатқызамыз. «Депозиттер», «Тұрғын халықтан төлемдер қабылдау», «Почталық аударымдар». Қазақстан Республикасының почта-сақтау жүйесінде 2005-2010 жылдары жүргізілген жұмыстар: осы бағдарламаның  іске асыру негізінде 2005 ж мемлекеттік оператор жағынан 1356 РОS- терминал, 16 банкомат сатып алынып орнатылған және 230 карточка жұмысшылар үшін шығарылған. АҚ «Казпочтада» инкассация және ақша аудару механизмі жоқ. Тек қана РОS-терминал және банкомат арқылы қолма қол ақша айырысу жүргізіледі .

           2006 жылы 800 карточка және 60 банкомат, 1356-РОS  рминал жұмыс жасауда, сондай-ақ  Bonus Plus, Petrol Plus, Magic Cash карточкаларына жаңа мүмкіндіктер ойластырылуда.

АҚ « Казпочта» кредит беру үшін, келесі банктерде агенттік қызмет атқарады. АҚ «Альянс Банк», АҚ «Homeкредит», АҚ «Техака Ванк». Осы қоғам арқылы «Альянс Банк» қалданыс кредитін берген адамдар саны 192,0 мың. адам . Ал кредит көлемі 38,9 млрд. тенге. АҚ «HomeКредит»үшін 47 мың адам, ал қаржы көлемі 5,6 млрд. тенге. «Техака Ванк» үшін 1,2 мың. адам , кредиттің жалпы соммасы 139,5 млн.тенге. 2006 жылдан бастап ЖШС «Проста кредит» серіктестігінің кредиттік операцияларын жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының Предсидатель агенттігінің бұйрығына сәйкес «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен тексеру» 12.05.2006 жылы №001 бұйрығына сәйкес АҚ «Казпочтаға» трансферттік-агенттік қызмеммі іске асыруға лицензия берген . АҚ «RG Securites» және Ақ «Казкоммерц Секьюритиз» трансферттік қызмет басқарушы компаниялармен келісімшарт белгіленген. Есеп беретін уақытта қоғам филиалдарында 45 интернетке шығатын пунктер орнатылған.

 2006 жылы қалалық және ауылдық жерлерде РОS-терминалдар мен банкоматтар орнату арқылы почталық төлем карточкалардың жүйесін енгізу жобасы жалғастырылады. Төлем карточкалардың кейінгі дамуы жалақылық несие, ақша аударымдары, салықтар мен коммуналдық төлемдерді төлеу сияқты қосымша қызметтердің автоматты түрде қосылуын ұйғарады, сонымен қатар ауылды жерлерде тұратын зейнеткерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне зейнетақыларын  уақытылы есептелуіне және кез-келген уақытта ақшаны алуға мүмкіндік беретін болады . Мемлекеттің барлық аймағын қамтитын кең таралған филиалдық желінің бар болуы почта желісі қосылудың артық жері болып отыр және күрделі қаржыландыруды керек етпейді. Біздің келесі жобамыз басымдылық почтаны әуежол көлігіне аудару  жолымен логистиканы жетілдіруімен байланысты. Осыған орай, қазіргі уақытта жүк тасымалдау ағынын қамту жағынан халықаралық әуемаршруттары зерттелуде. Біздің мемлекетіміздің тиімді геоорналасуы және шығысеуропалық, орта азиялық, Қытай мемлекеттерінің почта инфрақұрылымын ұштастыру мүмкіндігімен бұл саладағы  бизнестің табыстылығы кепілденеді. Бұл тауаларды почтамен қайта жіберу нарығында орнын жоғалтпауға мүмкіндік береді.

 «Казпочта» АҚ EMS Кооперативтің Типтік келісіміне көпжақты негізде қосылу құқысына ие болады. Қазақстанның почта әкімшілігі келісімге қол қою арқылы келісімнің барлық шарттарын орындауға байланысты өзіне міндеттеме алды. 2006 жылы наурыз айында халықаралық EMS жөнелтімдердің  айырбасы бойынша көпжақты Типтік келісім ДПО EMS Кооперативімен қабылданып бекітілді. IPS Light халықаралық қадағалау бақылау жүйесі бойынша «Казпочта» АҚ толық өндіріс сатысына өткізілді, яғни IPS Light жүйесін қолданатын барлық почта әкімшіліктерімен EMS жөнелтімдері бойынша деректермен алмасуға мүмкіндік туғызады.

  Еліміздің барлық азаматтарын почта  бөлімшелер желілердің негізіндегі қаржы рыногының дамуына тарту үшін Қазақстанның облыс орталықтарында әр түрлі қаржы институттары және олардың клиенттері арасында бағалы қағаздар нарығында қолданыстағы құжаттарды қабылдау-табыстауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздарды сату-сатып алу пунктері ашылатын болады. Солардың ішінде директ-маркетинг мақсаттары үшін орталықтандырылған авторизендірілген жеке және заңды тұлғалардың деректер базасының құру бұл жеке Интернет-банкингті қалыптастыруға, почта байланысының көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік бере алатын автоматтандырылған логистикалық жүйені ерекше атап өтуге блады.   

 

 

 

4-сурет     «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылымы      

 

 

 «Қазпочта» акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрлері:    

  1. Пошталық қызметтер 

 

 «Қазпочта»  АҚ кең ауқымда пошталық қызмет көрсетуді  жүзеге асырады:

    • жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жөнелту мен жеткізу;
    • ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу мен жеткізу;
    • EMS-Kazpost шабармандық қызметі;
    • мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу мен бөлшек сауда арқылы сату;
    • арнайы байланыс қызметі;
    • филателия;
    • аралас электронды пошта (пошталық жеделхат).

 

  1. Қаржылық қызметтер:

 

 Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы қарастыратын операцияларды жүзеге асыру лицензиясы, сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шотын басқару құқығымен брокерлік-дилерлік қызмет ету және трансфер-агенттік қызмет лицензияларына сәйкес "Қазпочта" АҚ кең ауқымда қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

      • депозиттер;
      • заңды тұлғалар  жеке тұлғаларға банктік шот ашу және жүргізу;
      • ақша аударымдары;
      • банкноттар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;
      • бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да төлемдерді төлеу;
      • зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер төлеу;
      • салық  және басқа да төлемдерді қабылдау;  
      • коммуналдық төлемдерді қабылдау;
      • төлем карточкалары қызметін көрсету; 
      • валютаны сату, сатып алу операциялары бойынша (Қазақстан Республикасы валютасы, еркін конверттелетін және жұмсақ валюталар);
      • қолма-қол шетел валютасымен байланысты айырбас операцияларын ақшаны клиентке жеткізуге дейін ұйымдастыру;
      • рынокқа ақша тарту мен орналастыру;
      • құнды қағаздарды номиналды ұстау мен брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет крсету;
      • трансфер-агенттік қызметтер.

 

  1. Агенттік қызметтер:

 

 «Қазпочта»  АҚ кең ауқымда агенттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

    • "ОТТО" каталогтары бойынша тауарларға тапсырыс беру;  
    • «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ -мен әріптестік;
    • директ Майл –тікелей пошталық жарнама қызметі; 
    • зейнетақы жинақтаушы қорлар мен сақтандыру компанияларымен жұмыс;
    • күнделікті сұраныс тауарлары мен лотерея  билеттерін сату.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет. Почталық қызметтің 2005-2007 ж.ж.өсу динамикасы (млн. тенге)

 

«Қазпочта» акционерлік  қоғамының  халықаралық ынтымақтастығы мен шет елдік әріптестік қызметі туралы айтар болсақ. Әлеуетті компания мәртебесін алу қазақстандық пошта операторының өз беделін халықаралық деңгейде едәуір көтеруге септігін тигізді. «Қазпочта» АҚ әлемдік пошта қоғамдастығында сенімді әрі жауапты әріптес ретінде лайықты орын алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы пошта әкімшіліктерімен өзара тиімді әріптестікке қол жеткізген. Осылай 2006 жылдың маусымында халықаралық пошта жөнелтімдерінің сақталуын жетілдіру мен тасымал көлемін арттыру мәселелері жөнінде Германия пошташылары және «Люфтганза» әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өткен. Халықаралық пошта қызметі сапасының нормативтері туралы Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен келісімдерге қол қойылған. Қыркүйек айында Қытаймен екіжақты әріптестік пен өзара әрекет ету мәселелері туралы келіссөздер өтіп, Монғолия, Словакия, Корея пошта әкімшіліктерімен әріптестік жөнінде шарттар мен меморандумға қол қойылған. Финляндия поштасы және Канада пошта әкімшілігімен пошта жүйесін, пошталық, қаржылық, агенттік қызметтерді, ақпараттық логистиканы дамыту саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі келіссөздер қызу жүргізілуде. Қазпочта Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен жасалған екіжақты келісімдер негізінде ДПО-ның Халықаралық бюросы жүргізіп жатқан пошталық жөнелтімдердің нақты өту мерзімдерін тексеру жұмыстарына ат салысуда. Қазіргі кезде Ресеймен сапа нормативтері жөнінде келісімге келу жұмыстары жүргізілуде. 2006 жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейінгі аралықта ДПО ХБ-ның ұдайы бақылау жұмыстары шеңберінде Венгрия пошта әкімшілігімен тиісті ұйғарымға қол жеткізіліп, авиа-жазбаша хат-хабарлардың өту мерзімін бақылау тексерістерін жүргізіледі. Қоғам өкілдері Берн қаласында (Швейцария) өткен Дүниежүзілік пошта одағының Поштаны пайдалану кеңесінің сессиясына, PostEurope (ДПО аймақтық одағы, Киев қаласы, Украина) пленарлық мәжілісіне, Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссияларының мәжілістеріне қатысқан. Сонымен қатар Қазпочта ТМД-дағы Ресей мен Германияда өзінің өкілдігі бар бірден-бір оператор. Алматыда қазақстандық-эстондық «Электронпост.kz» кәсіпорнының жаңа офисі ашылған.                   Алматыда «Электронпост.kz» қазақ-эстон бірлескен кәсіпорнының Эстония Республикасының тәуелсіздігінің 90 жылдығына орайластырылған жаңа офисінің салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл 2006 жылы жүзеге асырылған «Қазпочта» АҚ мен «Eesti Elektronpost» АҚ ұйымдастырған халықаралық жоба болып табылады. Бірлескен кәсіпорынды (БК) құруға Қазақстан рыногында ақпараттық логистика саласында баспа жұмыстарынан бастап, алушыға жеткізуге дейінгі барлық қызметтер кешенін көрсететін кәсіпорынның жоқтығы себеп болды. «Электронпост.kz» кәсіпорнының негізгі қызметі басып шығару, конверттеу мен Қазақстан Республикасы аумағында пошта жөнелтімдерін жөнелту болып табылады. Бұған қоса БК мұрағаттау, мәліметтерді басқару, электронды және тікелей маркетинг қызметтерін де көрсетеді. Бірлескен кәсіпорын тез арада дамып жетілуде. Кәсіпорынның бір жарым жылдық жұмысы – ақпараттық логистикалық қызметтерге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Бүгінгі күні кәсіпорынның клиенттері қатарында Қазақстанның ең ірі зейнетақы қорлары, бірқатар коммерциялық банктер, мемлекет экономикасының түрлі саласында жұмыс істейтін сауда үйлері мен компаниялар бар. 2008 жылдың қаңтарынан бастап кәсіпорын 6 миллион беттен астам ақпаратты басып шығарып конверттерге салды.  Кәсіпорын өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, өз қызмет аясын белсенді түрде кеңейте отырып, жедел сандық басып шығару қызметтерін көрсетуге ерекше көңіл аударуда. «Электронпост.kz» өз қызметінде осы заманға сай технологияларды қолдануда. Компанияның жаңа офисінде «Xerox» компаниясының түрлі түсті сандық басып шығару жүйесімен қоса ең үздік сандық басып шығару машинасы орнатылған. Соңғы жылдары Қазақстанда баспасөз, сандық басып шығару, қағаз өнімдерін тұтыну нарығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Осыған байланысты компания жетекшілері бұл бизнесте «Электронпост.kz» кәсіпорнының келешегі зор деп еспетеуде.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары