Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:34, курсовая работа
Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады.
Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10
2. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыруда Қазпочта АҚ – ның мысалында
2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы................................................................19
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау....................................................................................................28
2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары ..34
3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................40
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
EMS «Таңертеңгі 10» 10 бағыт бойынша және 4 бағыт бойынша «12-ге дейін жеткізу» қызмет түрлерін көрсету аясы кеңейтілді.
2006 жылдың қазанында Алматыда қазақстандық-эстондық бірлескен кәсіпорын «Электронпост.kz» ашылды. Ол ақпараттық логистика қызметін, соның ішінде пошталық жөнелтімдерді басып шығару мен конверттеуді қамтиды.
«Siemens» компаниясының көліктік-сұрыптаушы логистикасымен танысу мақсатында Будапешт қаласы (Венгрия) мен Констанце қаласында (Германия) келіссөздер өтті. Компанияның тәжірибесі біздің республикада Алматы және Астана қалаларында сұрыптау орталықтарын салу кезінде қолданылмақ. Компанияда қолданыстағы өндірістік қорларға ерекше назар аударылады. 2006 жылы пошта-жинақтау инфрақұрылымын дамытуға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өндірістік объектілердің жан-жақты қамтылуына, жеке желінің компьютерлендірілуіне, пошта жабдықтары мен көлік паркінің жаңаруына септігін тигізді. 2006 жылы ұзақ мерзімді салалық бағдарлама аясында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Біріншіден пошта байланыс бөлімшелерін күрделі жөндеуден өткізу жобасы. Бюджеттік инвестициялар есебінен 2007 жылы 111 жаңа ауылдық пошта байланысы бөлімшелері салынып, бүкіл республика бойынша қалалық пошта байланысы бөлімшелері күрделі жөндеуден өтті. Барлық пошта байланысы бөлімшелерінің ішкі жабдықталуы да қазіргі заманғы критерийлерге сай келеді – жиһаз, электронды құрал-жабдықтар, компьютерлік техника, пошталық-кассалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін қызмет түрлері аясы кеңейтіліп, мыңнан астам жұмыс орны жасалынды. Тағы бір маңызды жоба – Қазпочта жүйесі арқылы электронды сауда мүмкіндіктерін дамыту. Бұл мәні зор тапсырманы «Самұрық» мемлекеттік холдингі коллегиясының мәжілісінде «Қазпочта» АҚ басшылығына ҚР Премьер министрі К. Мәсімов жүктеген еді. Жобаны орындау шеңберінде «Қазпочта» АҚ 2007 жылдың тамызында электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыстарын бастады. Оны ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді екіге бөлу – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді негізде «бизнес – бизнес» ұстанымы бойынша көрсетілетін қызметтер мен тауарлар және қысқа мерзімді «жеке тұлға – тұтынушы» ұстанымына негізделген жеке тұлғалармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Бұл механизм қорғалған қызметтер мен тауарларды сату жүйесін құруға мүмкіндік бере отырып, «сатушы – сатып алушы» қарым-қатынастары үрдісін жеңілдетеді.
Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік тапсырманы орындау болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие. Электронды алаңды енгізу үшін барлық ауылдық байланыс бөлімшелерін интернеттендіру бағдарламасы құрастырылды. Интернет сауда республика халқына қарапайым дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды үйге жеткізумен алуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге кететін уақытты үнемдейді. Осыған байланысты Қазпочта негізінде электронды сауда алаңын құру ең ұтымды шешім болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Интернет жүйесіне қосылу 45 қоғамдық пункттері ашылды, байланыс бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етілді.
Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде «бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда. «Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады. Қоғамның бүгінгі күнгі стратегиясы – көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады. 2007 жылдың желтоқсанында «Қазпочта» АҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компания басқару жүйесінің халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесі екенін растайды.
Қоғамның техника-экономиялық көрсеткіштеріне талдау жасасақ. Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, әсер ететін нақты факторларды анықтау қажет. Фактор деп экономикалық, өндірістік және өзге де қызмет нәтижесіне әсер ететін үрдістерді қозғаушы күш. Басқаша айтсақ өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар. Факторлардың болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелестікті арттыруға ие болу және олар қаншалықты пайдалылығына байланысты болады.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мынадай факторларға байланысты:
Ресей ғалымдарының бір тобы негізгі факторларға келесі көрсеткіштерді жатқызады:
Қаржылық тұрақтылығы – табыстың шығынан тұрақты түрде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу процессін үздіксіз болуына жағдай жасайды. Содан қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылық негізгі бөлігі болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайын, құылымын, қарыздық капиталды тарту деңгейі осы қарызға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды.
Кәсіпорының қаржылық
тұрақтылығын бірқатар
Кәсіпорынның іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі, оның өз капиталын қаншалықты пайдаланғандығын көрсететін бірқатар айналымдылық көрсеткіштерімен сипатталады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық криитерилер жүйесінің көмегімен анықталады. Сапалық көреткіштеріне өткізу нарығының кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік репутациясы, оның бәсеке қабілеттілігі, тұрақты сатып алушылар мен жабдықтаушылардың болуымен сипатталады. Бұл критерилерді сол саладағы немесе бизнестегі қызмет ететін бәсекелестердің параметрлерімен салыстыру қажет.
Кәсіпорынның рентабельдігін бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сиптттамасын Рентабельдік бойынша сипаттауға болады. Кәсіпорынның қызмет тиімділігін бағалау кезінде табыстың абсолютті көрсеткіштері, оның қаншалықты тиімді жұмыс істеп тұрғанын толық сипаттай алмайды. Содан салыстырмалы көрсеткіштер ретінде рентабельділік көрсеткіштерін есептеу қажет. Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды, яғни капитал немесе қаражаттың шығынға қатынасы пайызтүрінде өлшенеді. Олардың ішінде негізгілер ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады :
Абсолютті өнімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға :
8 - кесте – «Қазпочта» АҚ Алматы почтаснабының 2006-2007 жж. негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Негізгі көрсеткіштері |
өлшем бірлігі |
2006 жыл |
2007 жыл |
Ауытқулар | |
(+;-) |
% | |||||
1 |
Өткізілген өнімнен түскен табыс |
тг |
2869745874 |
2872485874 |
2740000 |
100,1 |
2 |
Өткізілген өнімнің өзіндік құны |
тг |
2556871387 |
2559820188 |
2948801 |
100,1 |
3 |
Жалпы табыс |
тг |
312874487 |
312665686 |
-208801 |
99,9 |
4 |
Кезең шығындары |
тг |
302581131 |
302043450 |
-537681 |
99,8 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
тг |
10293356 |
10622236 |
328880 |
103,2 |
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
тг |
3894274 |
4061774 |
167500 |
104,3 |
7 |
Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс |
тг |
14187630 |
14684010 |
496380 |
103,5 |
8 |
Таза табыс |
тг |
7416736 |
7919102 |
502366 |
106,8 |
9 |
Өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығын |
тг |
0.99 |
0.99 |
0 |
100 |
10 |
Өнімнің рентабельділігі |
% |
0,2 |
0,3 |
0,1 |
- |
11 |
Сату рентабельділігі |
% |
0,3 |
0,3 |
0 |
- |
12 |
Өндіріс рентабельділігі |
% |
1,1 |
1,2 |
0,1 |
- |
13 |
Жұмысшылар саны |
адам |
1098 |
1200 |
102 |
109,3 |
14 |
Персоналдың орташа тізімдік саны |
адам |
786 |
843 |
57 |
107,3 |
15 |
1 персоналдың еңбек өнімділігі |
тг |
3651076,2 |
3407456,6 |
-243619,6 |
93,3 |
16 |
Еңбек ақы қоры |
тг |
221758900 |
268043883 |
46284983 |
120,9 |
17 |
1 персоналдың орташа айлық жалақысы |
тг |
23511,3 |
26497,02 |
2985,7 |
112,7 |
18 |
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны |
тг |
653258701 |
654154544 |
895843 |
100,1 |
19 |
Қор қайтарымдылығы |
тг |
4,4 |
4,4 |
-0,001 |
99,9 |
20 |
Қор сыйымдылығы |
тг |
0,227636428 |
0,227731161 |
9,47 |
100 |
21 |
Қормен жабдықталу |
мың тг |
594,9532796 |
545,1287867 |
-49,824493 |
91,6 |
22 |
1 жұмысшының өнім өндіруі |
мың тг |
2613,611907 |
2393,738228 |
-219,87368 |
91,6 |
23 |
1 персоналға шаққандағы орташа жылдық шығарым |
мың тг |
3651,076176 |
3407,456553 |
-243,61962 |
93,3 |
2004 жылы кезең шығындары -537681,0 теңгеге қысқарды. Кезең шығындарының төмендеуіне жалпы және әкімшілік шығындардың, пайыздарды төлеу шығындарының, сату бойынша шығындардың төмендеуі әсер етті.
Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2003 жылға қарағанда 2004 жылы 328880 теңгеге өсті. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен түсетін табыс соншалықты жоғары болады.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 167500 теңгені құрайды. Ол материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан түскен, яғни кәсіпорынның негізгі қызметімен тікелей байланысты емес операциялардан түскен табыстардың болмауымен байланысты.
Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың 496380 теңгеге дейін өсуіне негізгі қызметтен түскен табыс пен негізгі емес қызметтен түскен табыстың ықпалы тиді.
Таза табыстың көлемі 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 502366,0 теңгеге жоғарылады. Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың және негізгі қызметтен түскен табыс көлемінің өсуі, ал кезең шығындарының кемуі таза табыстың артуына оңтайлы әсерін тигізді.
2004 жылды алдыңғы жылмен
2004 жылы өнімнің
Сату рентабельділігі 2003 жылға қарағанда 2004 жылы 0,01724237 пайызға (%) өсті. Бұл көрсеткішке таза табыс пен өткізілген өнімнен түскен табыс мөлшерінің жоғарылауы, өткізілген өнімнің өзіндік құны, кезең шығындарының азаюы әсерін тигізді.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда өндіріс рентабельділігі 2004 жылы 0,15585295 пайызға (%) артып отыр. Таза табыстың өсуі, негізгі қорлардың орташа жылдық құны, негізгі қызметтен түскен табыстың артуы мен кезең шығындарының төмендеуі бұған негізгі себеп болды.
2004 жылы жұмысшылар саны 102 адамға көбейді. Олардың жұмысқа тұруына әр түрлі себептер әсер етеді. Жалақы деңгейі мен фабрика жұмысшыларының жұмыстан кетуі және түрлі операцияларды орындау үшін жаңа еңбек қолына деген сұраныстың артуы солардың бірі.
Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары