Сертификаттау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 12:33, контрольная работа

Краткое описание

Өнім мен қызмет түрлерінің сапасын арттыру, қауіпсіздігіне кепілдік беру тұтынушы үшін объективті қажеттілік болып табылады.
Өндіруші өнімді, қызмет түрлерінің сапасын арттыруға тырысады, өйткені бұл өткізу рыногын кеңейтуге, қосымша пайда табуға әкеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sertificatsya.docx

— 32.74 Кб (Скачать документ)

5. Сынақ нәтижелерін талдау және сертификаттау органдарына келіп түскен сынақ хаттамалары және басқа құжаттар негізінде өндіріске баға беру өнімдердің қалыптасқан талаптарға сәйкестігі жөніндегі сарапшы қорытындысымен аяқталады.

Сарапшы қорытындысы – басты құжат, оның негізінде сертификаттау органы сәйкестік сертификатын беру жөнінде шешім қабылдайды.

Оң шешілгенде сертификат рәсімделеді, онда берудің негізі және тіркеу нөмірі, онсыз жарамсыз көрсетіледі. Қауіпсіздік саласында ерекше талап қойылатын өнімдер түрлеріне зиянсыздығын және басқа да сапалық көрсеткішін дәлелдейтін, гигиеналық, ветеринарлық және басқа да арнаулы ссертификаттары болған жағдайда сертификат беріледі. Сертификат сәйкестігінің міндетті құрамдас бөлігі өрттен қауіпсіздік сертификаты болып табылады.

Сертификатын мерзімін сертификаттау  органы белгілейді, бірақ 3 жылдан артық емес. Ереже бойынша сертификаттаудың 5 немесе 6 схемасы қолданылған сертификаттар схемасы қолданылған сертификаттар 3 жылдық мерзімге ие болады.

Өнімнің сертификатталған жөніндегі  ақпарат тауардың техникалық және ілеспе құжаттарында болады.

  6. Серификат және сәйкестік белгісіне лицензия алған дайындаушы сертификатталған өнімдерді осы жүйеде қабылданған сәйкестік белгісімен маркировкілеуге құқы бар.

ГОСТ РК жүйесіндегі міндетті сертификаттаудағы сәйкестік белгісі  5 суретте көрсетілген.

Жүйенің сәйкестік белгісі  сертификаттау органының келісімімен  қабылданған екі әріптен және екі саннан тұратын, сандық-әріптік  коды (0000) бар РСТ аббревиатурасы.

Ескерту: Ерікті сертификаттау  кезінде бланкіде сәйкестік белгісі болмайды, ал «Сертификаттың барлық аумақта заңдық күші бар» деген жазумен алмастырылады. Сәйкестік белгісі затқа және қорапқа, ілеспе және техникалық құжаттарға қойылады.

  7. Инспекциялық бақылау  сертификатталған өнімдерге, егер  сертификаттау схемасында көрсетілсе, сертификаттық және сәйкестік  белгісін қолдану лицензиясының  барлық мерзімінде жүргізіледі.  Бақылау формасы – мезгілдік және жоспардан тыс тексерулер, өндірілген өнімдер, сертификатпен расталған талаптарды қанағаттандырып келе жатқандығын дәлелдеу үшін үлгілерді сынақтан өткізу арқылы жүргізіледі.

Инспекциялық бақылау  нәтижелері актілермен рәсімделеді, ол сертификаттау органдарында сақталады. Сертификаттау органдарында сақталады. Сертификаттау органдары бақылау  нәтижесімен сертификатты және сәйкестік  белгісін пайдалану лицензиясын тоқтатуға немесе күшін жоюға құқы бар.

 

4.Ерікті сертификатты тағайындау және айырмашылық     

ерекшеліктері

Ерікті сертификаттау  «сертификаттау жөніндегі» Қазақстан  Респупбликасы заңында айырмашылық  ерекшеліктері қаралған ерікті сертификаттау  нысандарында ғылыми техникалық, ауыл шаруашылық, қнер кәсіптік өнімдер, әлеуметтік тұрмыстық бағыттағы өнімдер, құрылыс  нысандары, өндіріс сапасы жүйесінің  жұмыстары, қызмет түрлері, басқада  ұйымдастыру және ақпараттық жүйелер, сонымен қатар құжатпен белгіленген, осы талаптардың сақталуын тексеретін талаптар мен әдістері бар басқа  да сертификаттау жатады.

Ерікті сертификаттаудың керектігін былай түсіндіруге болады, ереже бойынша ерікті міндетті сертификаттау, өнімдердің қауіпсіздік параметріне  жүргізіледі, ол тұтынушыларды сапа көрсеткішінің басқа да түрлері қызықтырады, сонымен қатар жарнамада берілген немесе ілеспе құжаттарындағыөнімдер сәйкестігінің кепілдігі. Қазіргі кезде өнімдердің көпшілігін белгісіз, беделі жоқ өндірушілер ұсынады.

Өндіруші үшін өнімдерін  сертификаттауды белгілі ұйымдар  жүргізсе, сол өнімдердің сатылу мүмкіндігі молая түседі. Ерікті сертификаттау  өнімнің бәсекелестігін жоғарылатады, сауда айналымы процесін жеделдетеді және сол арқылы тұтынушының да, дайындаушының да көңілінен шығатын тиімді нарықтық құрал ретінде көрінеді.

Ерікті сертификаттау  – сертификаттау жүргізу ережелері мен процедураларына қатаң заңдық шектеулер қойылатын түрі. 

Ерікті сертификаттауды қолданудың кең тараған жері сыртқы нарық болып табылады. 

Ішкі нарықта оған сұраныс  төменірек, бірақ кейбір салаларда  көптеген қызығушылық бар.

Биліктің жергілікті органдары  өнімдермен қызметтерді ерікті сертификаттауға  ұмтылады, мысалы белгілі бір қызметке лицензия беру.

Өнімдер, жұмыс және қызметтермен қатар ерікті жүйелердің аясында, сапа жүйесі мен өндірістің халықаралық  стандарттарға сәйкестігіне сертификаттау  жүргізіледі. 

Біздің елімізде қазіргі  кезде әр түрлі өнім түрлерінің тұтынушылық  қасиетіне тиесілі  90–нан астам  ерікті сертификаттау жүйесі қызмет атқарады. Өнімдердің бір немесе бірнеше  функциялық қасиетін растайтын ерікті сертификаттау жүйелері бар. Мысалдар үшінші кестеде келтірілген.

Қазақстан Республикасы ерікті сертификаттаудың ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.

 

5. Ерікті сертификаттауды ұйымдастыру тәртібі және жүргізу

тәртібі

Ерікті сертификаттауды  ерікті сертификаттау жүйесіне кіретін, осы жүйені және сәйкестік белгісін дайындаған және сертификаттау саласындағы  атқарушы биліктің арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органында тіркелінген, кез келген заңды тұлға құрған орган жүргізе алады.

Ерікті сертификаттау  қатысушысына, иелік формасына байланыссыз, ерікті сертификаттау ережелеріне  орындайтын кез келген заңды тұлға  жатады. Жүйенің құрамында ерікті сертификаттау жүйесінің басшылық органы қаралған.

Ерікті сертификаттау  жүйесінің басшылық органы жүйені заңды  тұлға ретінде өз атына тіркеуді қамтамасыз етеді және ерікті сертификаттау  жүйесіне басшылық жасайды.

Басшылық органның міндетіне  бірыңғай техникалық саясат жүргізу, ерікті сертификаттау органдарына басшылық және оның қызметін үйлестіру кіреді. Сонымен қатар басшылық орган  жүйедегі ерікті сертификаттауға қатысушылар мен нысандарының реестрін жүргізеді.

Міндетті сертификаттау  үшін заңмен қаралған арнаулы жауапкершілік  шаралары ерікті сертификаттауға қолданылмайды.

Ерікті сертификаттау  жүйесі мемлекеттік тіркеуден өткен  саласында сертификаттау жүргізудің тәртібі мен ережелері ұқсас  жағдайларда жүргізіледі.

Ерікті сертификаттау  міндетті сертификаттау жүйесінде  де жүргізілуі мүмкін, егер бұл міндетті сертификаттау жүйесінің ережелерінде қаралса және бұл жүйеде белгіленген  тәртіпте тіркелген ерікті сертификаттаудың сәйкестік белгісі болса.

Тауарлардың (жұмыс, қызмет түрлері) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында міндетті сертификаттау  қарастырылған.

Міндетті сертификаттауға  жататындар:

- Заңдық актілерде, мемлекеттік стандарттарда тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне бағытталған талаптар және қоршаған ортаны және де тұтынушылардың мүліктеріне зияны тигізбеу шаралары;

- Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған құралдар.

Міндетті сертификаттаудан өткізілгендігі туралы мәліметі жоқ  тауарлар, соның ішінде импорттық  тауарлар да кіреді және сәйкестік  белгісімен маркаланбаған тауарларды сатуға рұқсат берілмейді. Сертификаттаудың және сәйкестік белгісінің болуына  сатушы жауапты.

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының  «Өнімдер мен қызмет түрлерін сертификаттау  туралы» Заңында жаңа түзетулер  енгізілгеннен кейін, тауарларды, өнімдерді  міндетті және ерікті сертификаттаудың құқықтық негізін қалыптастырады және сертификаттауға қатысушылардың жауапкершілігін, құқығы мен міндеттерін айқындайды.

Өнімдерді сертификаттау  Заңда айтылғандай – бұл сәйкестікті растау әрекетін, ол арқылы дайындаушы мен (сатушы, орындаушы) тұтынушыға (алушы) бағынышсыз ұйым жазбалай, өнімнің берілген талаптарға сәйкес екендігін куәландырады.

Қазақстан Республикасындағы  сертификаттау ерікті және міндетті түрінде болуы мүмкін. Міндетті  – сертификаттау өнімдердің қауіпсіздігін мемлекеттік органдар арқылы бақылау. Ерікті – сертификаттау өнімдердің конкуренттігін көтеруге әсер етеді. Сертификаттаусаласындағы қатынастар осы заңмен және осыған сәйкес шығарылған Қазақстан Респуликасының заң актілерімен реттелді. Басқаша айтқанда, сертификаттау саласындағы құқықтық реттеу, мемлекеттік органдар билігінің қолында және осы заңға сәйкес жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Версак В. Н. «Сертификаттауды одан әрі жетілдіру мәселелері: шешу жолдар // стандарттар және сапа», 1997

2. Крылова Г. Д. «Стандарттаудың,  сертификаттаудың, метрологияның негізі»  Юнити, 1998

3. Кураков Л. П. «Метрология. Стандарттау. Сертификаттау» Стандарттарбаспасы, 1998

4. Лифиц И. М. «Стандарттау, сертификаттау, метрология негіздері»    Юрайт, 1995

5. Ряполов А. Ф. «Сертификаттау. Әдістер және тәжірибе» Стандарттар баспасы, 1987

6. Сергеев А.Н., Латышев  М. В. «Сертификаттау. Оқуқұралы»  Логос, 1999

7. Баубеков С.Ж. «Стандарттау, сертификаттау және метрология»          Эверо, 2011

8. Байөміров М. Е., Тимбаев А. Б., Салықбаева Ж. Қ. «Стандарттау және метрология негізінде өнімдер мен қызмет түрлерін сертификаттау»   Эверо, 2011

 

 

 

 


Информация о работе Сертификаттау негіздері