Сертификаттау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 12:33, контрольная работа

Краткое описание

Өнім мен қызмет түрлерінің сапасын арттыру, қауіпсіздігіне кепілдік беру тұтынушы үшін объективті қажеттілік болып табылады.
Өндіруші өнімді, қызмет түрлерінің сапасын арттыруға тырысады, өйткені бұл өткізу рыногын кеңейтуге, қосымша пайда табуға әкеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Sertificatsya.docx

— 32.74 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Өнім мен қызмет түрлерінің сапасын арттыру, қауіпсіздігіне кепілдік беру тұтынушы үшін объективті қажеттілік болып табылады.

Өндіруші өнімді, қызмет түрлерінің сапасын арттыруға тырысады, өйткені бұл өткізу рыногын кеңейтуге, қосымша пайда табуға әкеледі.

Сертификаттау – нарықтық қатынастар кезінде өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігіне кепілдік беретін негізгі құрал. Нарыққа өтудің қазақстандық тәжірибесі көрсеткендей, өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен алушы арасындағы қатынастар өзінен өзі қалыптасады деген либералды экономикалық концепциясының негізсіз екенін көрсетеді. Шындығында, нарықтық экономиканың «батыстық моделінде» тұрақты түрде шаруашылықты мемлекеттік реттеудің шамасы мен формаларын арттыру. Мемлекет көбінесе сатушы мен алушы арасындағы қатынастарды реттеуші, кәсіпкерлікті ұйымдастырушы және координациялаушы болып табылады.

Соңғы он жылдықтағы мемлекеттік  реттеудің артуы, өнімнің, технологиялық  процесстің, қызмет түрлерінің қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету әлеуметтік экономикалық қатынастар саласы болады.

Сертификация тұтынушылар  үшін тауар мен қызметтің мемлекеттік реттеу базасы ретінде қызмет етеді. Оның негізгі функциясы адамды және оның мүліктерін және табиғи ортасын қазіргі заманғы ғылыми техникалық дамудың кері әсерінен, ұятсыз өндірушілер мен сатушылардан қорғау болып табылады. Өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігін реттеу жүйесінің бөліктері болып: кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат беру жүйесі, қауіпсіздік және сапа қауіпсіздігі нормативтері, стандарттау, метрология, өнімдерді сынау тәсілдері, заттың сәйкестігін бағалау және растаудың нормативтік құжаттарға сай болуы.

Сертификаттау міндетті экономиканың заңмен реттелетін саласындағы және шаруашылықтың реттелмейтін саласында  болуы мүмкін. Міндетті сертификация қоғам мен азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін тауарлар мен қызмет түрлерінен қорғау үшін дамыған елдердің барлығында қолданылады. Ерікті сертификаттау қазіргі заманғы нарықтық қатынастың айнымас бөлігі, тауар мен қызмет түрлерінің бақталастығын көтеруші роль атқарады.

Сертификаттау ұлттық нарықты  шетелдік келеңсіз конкуренттерден  қорғауды маңызды функция. Сонымен  қатар сертификация халықаралық  экономикалық ынтамақтастықты кеңейтуге  кеңірек әсер етеді. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық стандарттар  мен сертификаттауды жүргізу  процесіндегі айырмашылықтар халықаралық  саудаға қойылған техникалық кедергілерге айналды. Бұл айырмашылықтар ұлттық дәстүрлер нәтижесі немесе шетелдік конкуренттер тауарларын импорттауды  қиындату мақсатында жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сертификаттаудың негізгі түсініктері

«Сертификаттау» сөзі – латын (septifico) тілінен аударғанда куәлік беремін, растаймын дегенді білдіреді және оны латынның certum – рас және facere – жасалды деген сөздерінің қосылысы деуге болады.

Алғаш рет «сертификаттау»  ұғымына анықтама берген Стандарттау  жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) 1982 жылы. ИСО МЭК 2:1982 [6] басшылығында сертификаттау ұғымы былайша берілген: «Сертификаттау сәйкестігі сертификаттың немесе сәйкестік белгісінің көмегімен заттың немесе қызмет түрлерінің белгілі бір стандарттармен немесе нормативтік-техникалық құжаттармен дәлелденуі».

Сертификаттау - бұл өндірістік әрекеттердің, тауарлардың, іс әрекеттердің нәтижесінің сәйкестігін нормативтік талаптармен, осы арқылы үшінші жақ өнім, жұмыс немесе іс-әрекеттер қойылған талаптарға сәйкестігін куәландырады.

Сәйкестікті растау өнімнің, процесстің немесе қызмет түрлерінің белгілі бір сұранысқа сәйкестігіне сенімділік беретін іс-әрекет деп бағалауға болады.

Қазақстан Республикасының  «Тауарлар мен қызмет түрлерін сертификаттау жөніндегі» Заңына сәйкес, біздің елімізде сертификаттау міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Міндетті сертификаттау Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативтік актілерінде қаралған жағдайларда жүргізілетін болғандықтан, оны заңмен реттелетін саладағы сертификаттау деп атайды.

Тиісінше ерікті сертификаттауды  «заңмен реттелмейтін саладағы сертификаттау» деп атайды.

Міндетті сертификаттауға  қатысушылар өнімдер дайындаушылар немесе қызмет көрсетушілер, тапсырыс берушілер, сертификаттау органының өкілі болатын ұйымдар, сынақ лабороториялары есептеледі. Дәл солар нақты нысанды сертификаттау жүргізуде, оның осы жұмыстарының барлық сатыларында тікелей қатысушы болады.

Сертификаттау жөніндегі  заңында өнімдердің нақты түрін  сертификаттау жөніндегі тікелей  қызметі, мемлекеттік басқару органды  құратын, сертификаттау жүйесі шеңберінде жүргізілетіндігі нақты айтылған. Өнімдер мен қызметтерді міндетті сертификаттаудың өзіндік жүйесінің тізімі құрылған. Әрбір осындай жүйе жүйедегі қалыптасқан ережелерге сәйкес, сертификация жүргізетін қатысушылардың жиынтығын құрайды.

Сертификаттау жүйесі жұмысқа қатысушылар, нормативтік база, жүйені басқару жөніндегі шарттар және сертификаттауды жүргізу ережелерінен тұрады. Өнімдердің әрқилы номенклатурасын қамтитын сертификаттаудың үлкен жүйесіне бірнеше кіші жүйелер –бір түрдегі өнімдерді сертификаттау жүйелері кіреді. Бұл жүйелер өнімдердің кейбір түрлеріне қатысты ортақ ережелерді нақтылау қажеттілігі үшін құрылады. Әрбір сертификаттау жүйесінің өзіндік сертификаттау белгісі болады. Сертификаттау жүйелері және оның сәйкестік сертификаты Қазақстан Республикасының Мемстандарттарында тіркеледі.

Сертификаттау жүйесіне сертификаттау  жөніндегі эксперттерді дайындау, ғылыми-әдістемелік орталықтары сияқты жүйеге қызмет ету ұйымдары мен бөлімдері кіру мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасы Мемстандартында тіркелген  атқарушы биліктің меморгандары басқаратын әртүрлі 15-тен астам міндетті сертификаттау жүйелері бар.

Міндетті сертификаттау  жүйесінің арасында уақыты бойынша  алғашқы және ең үлкені болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемстандарты дайындаған сертификаттау жүйесі мен қызметтерді сертификаттау жүйесі, 900-ге жуық аккредиттелген сертификаттау органдары және 2000 мыңға жуық сынақ лабороториялары кіреді. ГОСТ РК сертификаттау жүйесінде шетелдерде 4 сертификаттау органдары және бірнеше сынақ лабороториялары аккредиттелген. Сертификаттаудың бұл органдары және сынақ лабороторияларының болуы Қазақстан Республикасы аумағына шетелден кіргізілетін өнімдерді сертификаттау жұмысын көмектеседі.

ГОСТ РК сертификаттау  жүйесі жылына 5000 мыңға жуық өнімдер мен қызмет түрлеріне сертификат береді.

ГОСТ РК жүйелерін міндетті сертификаттауға қатысушылар функцияларын мысалмен көрсетейік.

Сертификаттау процедурасына  қатысушының тағы бір ерекше айтып  кету керек, эксперт – атқарушы биліктің мемлекеттік органы аттестатталған, жұмыстың бір немесе бірнеше түріне сертификаттау жүргізудегі құқығы бар арнаулы маман. Эксперттің шешімділігі, оның адалдығы мен шынайлығы, сұраныс  берушіге сертификат беру жөніндегі  шешім қабыладуың дұрыстығына әсер етеді.

Эксперттер төмендегі  бағыттар бойынша аттестат алады:

  1. Сертификаттау жүйелері
  2. Сапа жүйесін сертификаттау
  3. Өнімдерді сертификаттау
  4. Өндірісті сертификаттау
  5. Қызмет түрлерін сертификаттау.

 

2. Міндетті және ерікті сертификаттау

Міндетті сертификаттау қоршаған ортаның, өмірдің, денсаулықтың және мүліктің қауіпсіздігін  қамтамасыз етумен  байланысты қызметтерге, өнімдерге  таратылады. Осы тауарларға заңнамалық бекітілген  талаптар ішкі нарықтағы өндірушілермен  және  осы елге тауарларды кіргізген кезде импортерлармен  орындалуы керек.   Қазақсатан Республикасы міндетті  сертификаттауға жататын қызметтер мен өнімдердің номенклатурасы  Мемстандарттың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен регламенттелген және  арнайы  реестрде  бекітілген.  Ол:

- өнім – машина  жасаудың, электротехниканың, медициналық  техниканың тауарлары,  тағам  өнеркәсібінің  және  ауылшаруашылық  өндірісінің тауарлары,   шикізат  салаларының  және  ағаш өңдеудің  тауарлары,  тыныс  алу  органдарын  қорғаудың жеке құралдары, тара, пиротехника  өнімдері, ветериналық биологиялық препараттар;

- қызметтер —  жолаушылар тасымалының, байланыстың,  туристік және экскурсиялық, сауданың, қоғамдық тамақтанудың.

Ерікті сертификаттау  өнімдерге, қызметтерге немесе  процестерге   арналған  стандарт  талаптарын немесе  басқа нормативтік  құжаттар  талаптарын  қатаң  қадағалау  кезінде, яғни, стандарт немесе  нормалар қауіпсіздік  талаптарына  қатысты  емес болып және тауар  өндіруші  үшін  ерікті сипатқа ие болған кезде  жүргізіледі. Ерікті сертификаттауға  қажеттілік  сертификаттау  обьектілерінің  стандарттарға  немесе  басқа  нормаларға  сәйкессіздігі  кезінде  туындайды, өндірушінің  экономикалық қызығушылығын оятады.

Ерікті  сертификаттаудың объектілері :

Өнім – өндірістік-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық тағайындалған  (мысалы, кітаптар мен журналдарды шығару, жиһаз шығару);

Қызметтер - материалдық, материалдық емес, (мысалы, білім беру, сауда, медицина);

Аумақтағы персонал – бақылауды, материалдық құндылықты  бағалауды, сертификаттауды, тұрмыс ықметтерін, білім  беруді және т.б. бұзбайтын.

Кәсіпорын сапасының  жүйелері - ИСО 9000 сериялы стандарттар моделдері бойынша.

Экологиялық басқару  жүйелері - ИСО 14001 моделдері бойынша.

Денсаулықты қорғау және еңбек  қауіпсіздігі  OHSAS 18001 моделдері бойынша.

Ерікті сертификаттау  міндетті  сертификаттауды  алмастыра  алмайды және оның нәтижелері өнім шығаруға тыйым салуға негіз  бола алмайды. Ол бірінші кезекте тұтынушы-сатып  алушы күрестеріне  бағытталған.

Ерікті сертификаттаудың түрлерінің  бірі – кәсіпорынның  сапа  жүйесін ИСО 9000  сериялы  халықаралық стандарт  талаптарына  сәйкестігін сертификаттау.

Өнім, қызмет және сапа жүйесінен  басқа  ерікті  сертификаттауға  персонал  жатады. Персоналды сертификаттау  сол немесе  басқа  қызмет талаптарына  мамандардың  сәйкестігін  бекіту  үшін керек. Сертификаттау  базалық  білімін  алмастырмайды  және  оны  күмәнді  қылмайды.

Өндірістің және қызметтің  қарқынды  дамуы, ақпарат  ағынының  жылдамдауы, технологияның  жаңаруы және нарық  талабы  жылдан-жылға  техника  білімі  деңгейі, бағдарламалық қамтамасыздандыру, норативтік  құжаттар, зияткерлік  деңгейлер  және т.б.  бойынша  жаңа  талаптарға  талпындырады. Заманауи  өнеркәсіп  және  қызмет сфераларына  тез  өзгеретін  талатарына  сәйкес  периодты  түрде  бағалау  қажеттілігі  байқалады. Мамандарға  талаптар  және  сәйкестікті  бағалау  ретін мемлекет емес,  барлық  қызығушы жақтар бекіте  алады.

Персоналды сертификаттауды  аттестаттаумен байланыстыруға  болмайды. Аттестаттау мақсаты – атқаратын  қызметіне сәйкестігін  растау  мақсатында жұмысшылардың біліктілігін  анықтау.

Сертификаттаудың  мақсаты дайындық деңгейін, кәсіби біліктілігін және  маманның  тәжірибесін  бекітілген  талаптарға  сәйкестігін  растау  үшін  бекіту  және   сол немесе  басқа   қызмет  сферасында  нақты  әрекетті  жүзеге  асыру   мүмкіндіктерін  анықтау. Аттестаттауды  жұмыс  беруші (екінші  жақ),  сертификаттауды – сертификаттау  бойынша  орган  жүргізеді (үшінші  жақ).

3. Өнімдерді міндетті сертификаттау жүргізу тәртібі.

Сертификаттау жүргізудің реттілігі.

1. Өтініш білдіруші өзі таңдаған сертификаттау органына жазбалы түрде өтініш жібереді. Өтініште: өтінішші жөнінде, өнімдер және сәйкестігіне сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар, сертификаттау жұмыстарына төлем жөніндегі өтінішші міндеттемесі және қойылған талаптарға сәйкес өнімдер сәйкестігін растайтын белгілі әрекеттер жиынтығы қарастырылған сертификаттау схемасын ұсыну жөніндегі ақпараттар болуы керек.

  Өтінішке мембақылау  органдарының құжаттары, өнімдердің  берілген талаптарға сай екендігін  куәландыратын қаптамалар және  басқа да құжаттар тіркеледі.

2. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтінішшіге өз шешімін жібереді.

Шешіміді сертификаттау  жүргізу шарттары жөнінде: сынақ  лабороторияларының атауы, жұмыс мезгілі, төлем жүргізу тәртібі, сонымен  қатар, сертификаттау схемасы жөнінде  ұсыныс, сертификаттаудың дәлелдемелігін қамтамасыз ету үшін ақпараттар болуы  керек. « ГОСТ РК. Сертификаттау жөнідегі жағдай» сәйкес, сертификаттауға  өз мақсатында пайдалануға жарамды  маркировкасы бар өнімдер жіберіледі.

3. Сынақтан өткізу үшін үлгілерді ереже бойынша сынақ лабороториялары немесе олардың тапсыруымен басқа ұйымдар таңдайды. Кейбір жағдайларда мұнымен сертификаттау органы айналысады.

 Сынақ осы өнімді сертификаттауға қолданылатын нормативтік құжаттарда көрсетілетін сынақ жұмыстарын жүргізуге аккредация алған, сынақ лабороториясында жүргізіледі. Сынақ хаттамаларын өтініш берушіге және сертификаттау органдарына тапсырады. Сынақ конструкциясы мен дайындау технологиясы бірдей болатын тұтынушыға жеткізілген үлгілерде жүргізіледі. Осы сатыда жүргізілетін өнімдерді теңдестіру, оның жалған еместігін растауы керек, яғни маркировкіде көрсетілген атауына және партия номеріне сәйкестігі.

4. Өндіріске баға беру таңдап алынған сертификаттау схемасына байланысты жүргізіледі. Өндіріс жағдайына талдау жасалады, оны сертификаттау немесе сапаны басқару жүйесіне сертификаттау. Өндіріске баға беру әдісі өнімдердің сәкестік сертификатында көрсетіледі.

Информация о работе Сертификаттау негіздері