Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 05:39, реферат
1. Макроорта.
2. Микроорта.
3. Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыру.
Бұл аудиторияларды Ф. Котлер 3 топқа бөліп көрсетеді.
Қайырымды аудитория – фирмаға деген ықыласы оң және демеушілердің қолдауына ие болған топ.
Ізделетін аудитория – фирмаға қажет аудитория, мысалы, оған БАҚ жатады.
Жағымсыз аудитория – фирма қызметін жақтырмайтындар, олар, бойкот топтары мен тұтынушылар қоғамын құрады.
Байланыс
аудиториялары мынадай
Микроортада өндірістік-ресурстық потенциал мен корпоративтік мәдениет маңызды рөлге ие болады. Корпоративтік мәдениет дегеніміз құндылықтар мен әдет-ғұрыптың, қызмет нормаларының бірыңғай жүйесі мен жұмыс ортасының икемділігі, қызметкерлердің келіс-келбеті, басқару стилі және ресми емес байланыстар деңгейі. Оған вербальді және вербальді емес коммуникация, кәсіптік біліктілік, өзара қарым-қатынастар мәдениеті мен әдебі, көмекші шара қолдану мен ынталандырудың қалыптасқан формасы, жұмыс кестесі мен киім киюдің фирмалық үлгісі, кеңсе мен құжаттама безендірілуі, дәстүрлер мен мерекелік рәсімдер кіреді.
Маркетинг теориясында бақыланатын және бақыланбайтын факторлар түсінігі бар. Бақыланатын факторларға фирма немесе оның маркетингтік мамандары арқылы басқарылатын факторлар жатады. Макроортаның барлық факторлары және микроорта факторларының бір бөлігі бақыланбайтын факторларға жатады. Сарапшылар бизнесте фирма жағынан факторлардың тек 20 %-ын бақылауға болады, ал қалған 80%-ы бақыланбайды деп айтады. Соңғысы маркетингтің макроорта факторларынан тұрады. Кәсіпорын міндеті – өзгеріске бейім макро және микроортаның факторларын өз пайдасына шешуге бұрып, ал өзгеріске түспейтін факторларға өз қызметін икемдеуі қажет.
Осылайша фирманың нарықтағы қызметі оның стратегиясы мен тактикасын, формалары мен әдістерін анықтайтын әр түрлі макро- және микроорта факторларының әсерінен қалыптасады.
Өз стратегияларын жүзеге асыруда компанияда қажет дағды мен шеберлік болмаса ресурстар босқа
Маркетингтің
ұйымдастыру қызметі –
Функционалдық ұйым. Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда қолданылады. Бұл қағида еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген (5-сурет).
Басқарылатын
үрдістердің мамандануы, кадрлар
құзіретінің нақты түрде
Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын кәсіпорындарға тән.
Функционалдық құрылым қағидасы маркетингтік ұйымдастырудың барлық басқа формалары үшін негіз болып табылады.
Функционалдық ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:
Кәсiпорындағы маркетингтi функционалдық ұйымдастырудың кемшiлiктерi:
Маркетингтi тауарлық ұйымдастыру. Маркетингтiк құрылымның бұл түрiн қолдану өндiрiс пен өткiзудiң арнайы шарттарын талап ететiн өнiм ассортиментi мен өткiзу көлемi үлкен кәсiпорындар үшiн тиiмдi. Тауарлық ұйымдастыруда маркетинг бөлiмi тауар немесе тауар топтары бойынша құрылады. Тауар жөнiндегi менеджер тауардың әр түрi бойынша барлық маркетинг кешенiн үйлестiрiп, туындаған мәселелердi өз уақытында шешедi. Тауарлық ұйымдастыру функционалдық ұйымдастыруға қарағанда, үлкен шығындарды талап етедi. Сондықтан да ұйымдастырудың бұл формасы әр тауардың сату көлемi жұмыс барысында кездесетiн ұқсастықтардың шығындарын ақтайтын дамыған елдердегi iрi диверсификацияланған компанияларда таралған. Ұйымдастырудың мұндай түрiнде барлық тауарларға (мысалы, корпоративтiк стратегия) қатысты жалпы функциялар басқарудың жоғары эшалондарында жүргізіледі (6-сурет).
Маркетингтiң тауарлық ұйымдастыру формасының артықшылықтары:
Маркетингтің тауарлық ұйымдастыруының кемшіліктері:
Маркетинг қызметiн ұйымдастырудың нарықтық үлгiсi әр түрлi
нарықта тұтынушылардың қалауы бiрдей
емес, ал
тауарлар арнайы қызметтi талап ету жағдайында
қолданылады. Бұл формада маркетинг қызметi
тұтынушылар типi немесе
нарық сегментiне байланысты ұйымдастырылады.
Нарық сала ретiнде және бiртектi тұтынушылар
сегментi түрiнде де болады. Мысалы, дербес
компьютерлер жеке тұтынушыларға, өнеркәсiптiк
кәсiпорындарға, мемлекеттiк мекемелер
сияқты бірнеше нарық сегменттерінде
сатылуы мүмкін.
Маркетинг қызметiн ұйымдастырудың нарықтық үлгiсi маркетинг қызметiнiң тауарлық бейiмделу жүйесiне ұқсас. Нарықпен жұмыс жасайтын менеджер өткiзу мен басқа да iс-әрекеттер бойынша жылдық және келешектегі жоспарларды дайындауға жауап бередi. Оның негiзгi артықшылығы – фирманың маркетингтiк әрекетi нарық сегменттерiнiң ерекшелiктерiне байланысты құрылады.
Маркетингтi нарықтық ұйымдастырудың артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Маркетингтi географиялық принцип бойынша ұйымдастыру. Iрi компаниялар кеңейтiлген нарыққа өнiм шығарғанда (ұлттық немесе халықаралық нарыққа) маркетинг қызметi географиялық принцип бойынша ұйымдастырылады. Мұндай құрылымдарды тауарға әр түрлі талап қоятын аймақтарда үлкен өткізу ауданы бар кәсіпорындар қолданады. Оны өткiзудi басқаратын басты және оған бағынатын аймақтық басқармалар құру арқылы ұйымдастыруға болады.
Маркетингтi ұйымдастырудың бұл түрi бiр аймақтағы тұтынушылар қажеттiлiгі басқа бiр аймақтағы тұтынушылар қажеттiлiгінен ерекшеленген жағдайда тиiмдi болып саналады. Сонымен қатар ол аймақтық нарықта өткiзу тәжiрибесiн тиiмдi жүзеге асыруға және тұтынушы қажеттiлiгiн аз шығынмен қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. Мұндай ұйымдастырудың негiзгi басымдылықтары – шығындардың аз болуы және өз тұтынушыларымен байланыстың жақсы болуы.
Ал кемшiлiктерi: қызметтердің қайталануы мен оларды үйлестіру проблемалары.
Маркетингтi ұйымдастырудың аралас түрі. Көптеген кәсiпорындар өзiнiң маркетинг бөлiмiн аралас түрде құрады. Бұл жағдайда функционалды-тауарлық, функционалды-нарықтық, тауарлы-нарықтық және функционалды-тауарлы-нарықтық сияқты маркетингті ұйымдастырудың аралас принципі қолданылады. Оларға сәйкес маркетинг қызметiн құру қағидалары негiз болады.
Маркетингтi матрицалық ұйымдастыру.
Матрицалық құрылымның мысалы ретiнде маркетингтiк бағдарламаны және функционалды ұйымды немесе менеджмент-жобасы мен өнiм бойынша басқаруды айтуға болады.
Матрицаның
әрбiр бөлiгi екi бөлiктен тұрады Маркетингтi
матрицалық ұйымдастырудың басты артықшылығы
– ақпараттың шоғырлануы есебiнен
қызметтiң өте жақсы
Ал кемшiлiктерiне орындаушы жауапкершiлiгiнiң төмендеуі, құзыретке байланысты дау-тартыстар, тәртіпсіздіктер болуы жатады.
Кәсiпорынға қажет маркетингтi ұйымдастыру формаларын дұрыс таңдау оның тиiмдi жұмыс iстеуiнiң алғы шарты болып табылады.
Ұйымдық құрылым формасын таңдағанда, кәсiпорын мынадай қағидаларды ескеруi қажет:
Маркетинг саласындағы iрi мамандардың бiрi П. Друкер «Маркетинг маманын өндiрiс циклiнiң соңына емес, басына қою керек, маркетинг бизнестiң әр кезеңiне бірігіп, кірігуі қажет» деп айтты.
Кәсiпорында жаңа тауарды шығарудан бастап, тұтынушыға өткiзуге дейiнгi барлық маркетинг кешенiнiң функцияларын орындайтын кәсiпорынның маркетингтi басқару құрылымын құру қажет. Бұл құрылым қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағытталып, ары қарай қарыштап дамуына жағдай жасауы қажет.