Маркетинг жоспарлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 12:48, реферат

Краткое описание

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.

Содержание

Негізгі бөлім
Маркетингтегі жоспарлау түрлері
Жоспарлау стратегиялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Маркетинг жоспарлау реферат.docx

— 35.61 Кб (Скачать документ)

IV. Жалпы фирма жағдайын талдау тарауында маркетинг мүмкіндіктері және кездесетін мәселелері анықталады. Бұл тарауда екі сүраққа жауап табу керек: 1. Фирманың қазіргі жағдайы қандай? 2. Ол қандай бағытта өзгеруі мүмкін? Осы сұрақтарға жауап іздеу барысында қоршаған орта зерттелінеді, фирманың мүмкіндіктері, қабілеті бағаланады, бәсекелестермен салыстырғанда мықты және әлсіз жерлері анықталады, фирманың стратегиясына бәсекелестердің жауап қайтару әсерлігі зерттелінеді.

V. Маркетинг стратегиясын дайындау тарауы. Маркетинг стратегиялары мақсатты рынокты тауарға қалай қызықтыруға,оның қажетін қалай қанағаттандыруға және фирманың мақсатына жету үшін маркетинг кешенін қалай қолдануға болатынын анықтайды. Негізінде стратегиялық жоспарлаудың келесі тәсілдері қалыптасқан - тауар/рынок мүмкіндіктері қалыптамасы, "Бостон консалтинг тобы" қалыптамасы, Портер стратегиясының үлгісі.

VI. Тактиканы колдану тарауы. Тактика дегеніміз қабылданған

маркетинг стратегиясын іске асыру үшін орындалатын накты әрекеттерді қамтиды. Тактика шешімдерінде маркетинг әрекеттерін жүзеге асыру уақыты және маркетинг к.ызметіне қажет қаржысы белгіленеді.

 

VII. Нәтижелердің орындалуын бақылау тарауы. Бұл тарауда жоспарланған көрсеткіштер белгілі бір мерзім аралығында қол жеткен нәтижелермен салыстырылады. Ол үшін қаржының жұмсалуы, жұмыс кестесінің орындалуы, тауарды өткізу мәліметтері және шығындар талданылады. Егер жұмыс жоспары орындалмаған болса, фирма оның себептерін анықтап, тиісті шаралар белгілейді. Кейбір жағдайда өткізуге және шығын-дарға теріс әсер ететін факторлар фирмаға тәуелсіз болады. Сондықтан ондай факторларға фирманың әсер етуі қолынан келмейді.Бұл жағдайда жоспарлар қайтадан карастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Америкадағы ірі компанияларының  зерттеу мәліметтеріне қарағанда  олардың үштен көбірек бөлігі жоғарыда аталған немесе соларға ұқсас стратегияларды қолданады екен. Талдап келгенде бұл стратегиялардың бәріне бірдей тән жетістіктері мен кемшіліктері анықталған. Олардың негізгі жетістіктері мыналар болған:

♦  тұтынушыларға қажет  барлық ұйымдар, тауарлар және қызмет түрлерін табуға болады, яғни бұл стратегияларды қолдану нәтижесінде халықтың, фирмалардың мұқтажын барынша толық қанағаттандыруға болады;

♦ әртүрлі стратегиялар ұсынылып, олардың ішінен ыңғайлысы  таңдалып алынуға мүмкіндік ашылады;

♦ мұқтажға сәйкес қойылған мақсаттарға байланысты көрсетілген  қызметтерді және өнімдерді бағалауға  болады;

♦ фирма жұмысын, өнімді   жақсартуға жеткізетін жолдар мен тәсілдерін табуға мүмкіндіктер қалыптасады;

♦  бәсекелестердің әрекеті  мен  ресурстары  бөлініп, пайдалануы айқын көрінеді.

Стратегиялардың негізгі  кемшіліктері мыналар:

♦   оларды қолдану  айтарлыктай қиындыққа соғады;

♦   кейде істің бетіндегі  маңызды факторлар ескерілмей қалып

қояды;

♦ стратегиялық шаруашылық бөлімшелерінің белгілерін және оларды бағалау белгілерін анықтау жағдайы  өзгерістерге

өте сезімтал келеді;

♦  қоршаған ортаның жағдайын толық ескеру ісі ойдағыдай болмайды.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


 Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. 

  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.  
  2. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006.  
  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.   
  4. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  5. С.Н. Нысанбаев, Г.А. Садыханова. Маркетинг негіздері, Алматы,: Қазақ Университеті, 2002 жыл.
  6. С.С. Сатыбалды. Маркетинг нарықтану.
  7. В. Котлер, Маркетинг негіздері, Алматы.: «Жазушы», 1998 жыл

 

 

 

 

 


Информация о работе Маркетинг жоспарлау