Лизингтің негізгі түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 13:01, курсовая работа

Краткое описание

Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизингтик операциялары жане олардын негизги кезендери.docx

— 43.52 Кб (Скачать документ)

Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады. 

        1. Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

 Жедел  лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

 

 

 

 

Лизингтік операциялар есебі және негізгі кезеңдері

    

       Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

     Лизинг берушінің лизинг затын  сатушыдан алу және лизинг  келісімінің шартына сәйкес жолдау:

  • Негізгі құралды алу:

Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал – жабдықтар»

Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».

  • Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

  Лизинг  затын лизинг келісімшарттарына  сәйкес, лизинг алушыға уақытша

ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

   Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі»

   Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі  құрал – жабдықтар».

     Ай сайын айдың соңғы жұмыс  күнінен кешіктірмей лизинг беруші  лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

   Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер»

        1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер»

   Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы  лизингі бойынша сыйақы алуға  байланысты кірістер»

         4420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі бойынша сыйақы алуға  байланысты кірістер».

     Егер лизинг алушы өз қаржысы  есебінен және лизинг берушінің  жазбаша келісімімен лизинг затына  зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы  алдындағы бұл жақсартудың құнын  өтеу бойынша лизинг келісімінің  әрекет ету мерзімі аяқталғанда  өз міндеттемелерін мойындайды.

   Бұл  кезде келесі бухглтерлік жазба  жасалады:

   Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге  шығыстар»

   Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге  кредиторлар».

     Лизинг келісімімен қаралған  төлемдерді мерзімінде алғанда  лизинг беруші келесі бухгалтерлік  өткізбелерді жүзеге асырады:

     а) Лизинг бойынша қосылған сыйақыны  өтеу бойынша:

   Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

   Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер»

         1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер».

     ә) Лизинг затын алу, жеткізу және  оны лизинг келісімін жасау  кезіндегі баға бойынша лизинг  лизинг келісіміне сәйкес мақсатында  қолдану үшін жұмыс жағдайында  келген шығындар мен басқа  да кез келген шығындарды қапына  келтіру бойынша:

   Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

   Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Лизинг алушы сыйақы бойынша  төлемдерді, сондай – ақ қаржылық  лизинг бойынша негізгі борыш  сомасы кешіктірілгенде, келесі  бухгалтерлік өткізбе құрылады:

     а) Есептен сыйақы сомасына:

     Дт 1731 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

           1741 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  мерзімі өткен сыйақылар»

     Кт 1730 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша есептелген кірістер»

          1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер».

     ә) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша  басқа банктердің мерзімі өткен  берешегі»

            1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің  мерзімі өткен берешегі»

     Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы  лизингі»

           1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     б) Негізгі борыш сомасы бойынша  Ұлттық банктің нрмативтік –  құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын  мжбүрлі шығын сомасына:

     Дт 5452 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі  шығындарға) ақша бөлу»

        5455 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

     Кт 1339 «Басқа банктерге банктерге  берілген қарыздар және қаржы  лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

           1439 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)».

     Есептелген сыйақы мен негізгі  борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде  көрсетілмесе) лизинг беруші айып  өсімақы және тұрақсыздық сомасын  есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге  дебиторлар»

     Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

     Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған  төлемдер қайтарылғанда, келесі  бухгалтерлік жазба жасалады:

     а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық  сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге  дебиторлар».

     ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1731 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

           1741 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  мерзімі өткен сыйақылар».

     б) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша  басқа банктердің мерзімі өткен  берешегі»

            1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің  мерзімі өткен берешегі».

     в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі  шығындар сомасына:

     Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге  берілген қарыздар және қаржы  лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

           1439 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

     Кт 5452 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі  шығындарға) ақша бөлу»

          5455 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».

     Лизинг келісімінің әрекет ету  мерзімі аяқталған соң лизинг  заты лизинг шартының келісіміне  сәйкес лизинг алушыдан лизинг  берушіге қайтарылады:

     а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг беруші аталған  лизинг затын қабылдау - өткізу  акті бойынша қабылдайды және  қажет болса оны одан әрі  қолдану бойынша жүйеден тыс  есепке кірістейді;

     ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг  берушіде келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

           1653 «Компьютерлік қондырғылар»

           1654 «Басқа да негізгі құралдар»

           1655 «Қаржылық лизингке алынған  негізгі құрал – жабдықтар»

           1658 «Көліктік құралдар»

     Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы  лизингі»

           1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Егер лизинг келісімінің шарты  бойынша лизинг заты қайтарылмаса  және аталған лизинг заты тоық  амортизацияланбаса, онда лизинг  алушымен лизинг берушіге қалдық  құнды қалпына келтіруі лизинг  келісімшартымен реттеледі.

     Лизинг алушының меншікті қаржысы  есебінен жүргізген жақсарту  құнын қалпына келтіру кезінде,изинг  берушімен келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша  өзге кредиторлар»

     Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары».

     Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар  есебінен қаржылық лизинг бойынша  негізгі борыш сомасын лизинг  алушы өтеу кезінде келесі  бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

     а) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге  берілген қарыздар және қаржы  лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

            1439 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

     Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша  басқа банктердің мерзімі өткен  берешегі»

            1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің  мерзімі өткен берешегі»;

     Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы  лизингі»

          1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Сол кезекте кіріс 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».

     ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына:

     Дт 4305 «Басқа банктерге банктерге  берілген қаржы лизингі бойынша  сыйақы алуға байланысты кірістер»

            4420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі сыйақы алуға байланысты  кірістер»

     Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған  қарыздары мен қаржылық лизингтері  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

           1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары  мен қаржылық лизингтері бойынша  мерзімі өткен сыйақылар».

     б) Айып, өсімақы және тұрақсыздық  сомасына:

     Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».

     ә) Сыйақы сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

Информация о работе Лизингтің негізгі түрлері