Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 16:21, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты, мемлекеттік басқару жүйесін толық жетілдіру проблемасын зерттеу - стратегиялық мақсаттардың орындалуының табысты факторларының бірі болып табылады.
Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;

Содержание

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
2
1
АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4
1.1
Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде
4
1.2
Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)

8
1.3
Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі
14
1.4
Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл
19
2
АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
24
2.1
Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары
24
2.2
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
27
ҚОРЫТЫНДЫ
35
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аймакты баскару.doc

— 273.50 Кб (Скачать документ)

Бесінші белгі нақты  жүйеде шешім өңдіруде тәжірибе жасау  мүмкінсіздігімен сипатталады. Техникалық жүйеден айырмашылығында, аймақтық басқару жүйесінде барлықғы адаммен байланысты, оның назарымен, көзқарасымен. Сондықтан бесінші белгі ғылыми стандарттарға жетуге ұмтылуда:

- тексеру - процедуралардың және әдістердің негізінде алынған нәтижелер басқаларымен қайта алына алады ;

- айқындық - есеп-қисаптарды, алғы шарттарды, тексерілген деректер, сын, контраргументерді қолдану ;

- объективтлік - қорытынды  адамдардан, абырой немесе жеке  назардан тәуелсіз.3,4,5

Жүйе мақсаты - бұл  объекті және оның параметрлерінің  болашақтағы жай-күйі . Мақсат жүйе жұмысының нәтижелілігін бағалау критериі болғандықтан, анық және дәл мақсаттар бар болуында әрбір жеке адам өз жетістіктерін ұғынады және қанағаттандыру алады .

Бір жүйеде әр алуан мақсаттар  бола алады . Кез-келген жүйе күрделірек бір жүйенің бөлімі екені белгілі. Соның өзінде бір ішкі жүйе әр түрлі жүйелердің бөлімі болуы мүмкін . Мысалы , «жұмыс бастылық бағдарламасы» ішкі жүйесі « еңбек нарығы » жүйесінің бөлімі болып келеді, сол сияқты «аймақтық даму бағдарламалары», немесе « аз және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының »бөлімі де болуы мүмкін. Бірақ бұл жүйелердің мақсаттары әр түрлі болғандықтан, сондықтан да ішкі жүйелердің мақсаттары әр түрлі.

Күрделі жүйелерде бір-бірін  толықтырмайтын көптеген мақсаттар  бола алады . Бұл дегеніміз, бір мақсатқа жетуге ұмтылу басқасын жүзеге асыру мүмкіншілігін кемітеді . Мысалы , экономикалық аймақтың мақсаттары бола алады :

- белгілі бір әл-ауқаттылыққа  жету;

- қоршаған ортаны сақтау;

- аймақ аралық жеткізу  жоспарларын орындау; 

- өнеркәсіптік - инновациялық  даму бағдарламалары шегінде  өнеркәсіпті жаңарту;

- ядросыз аймаққа айналу;

- қорғаныс бұтақтарының  конверсиясы және т.б.

Бұл мақсаттарды бағалай  және салыстыра отырып, зерттеушіге  негізгі, бүгінгі күн проблемаларын  айқындайтын біреуін ерекшелеу  қажет.

Ішкі жүйелердің алдыңғы  деңгей мақсаттары ішкі жүйелердің келесі деңгей мақсаттарын ескертеді. Жалпы мақсат бірнеше жергілікті , жеке мақсаттармен айқындалады . Мысалы , « халықтың өмір деңгейі жоғарылауы » мақсатын келесідей жазуға болады :- материалдық қамтамасыздық - әлеуметтік сфераларды инвестициялау- тұрғын үйлер салу және инвестициялық өндіріс тауарларын жасау - өнімді ұйымдастыру және үй шаруашылықтарын тұрмыстық техникамен жабдықтау . Басқа вариант та мүмкін : материалдық қамтамасыздық – зерттеулер өткізу және экологиялық тазалардың азық-түлік өндірісіне қаражат бөлу – азық-түлік индустриясын сапалы жаңа деңгейде жасау. Біздің жағдайымызда аймақтық даму мақсаттарын анықтауда келесі процедураларды жүзеге асыруға ұсынылады:

1) Негізгі ақпарат  талдауы. Ол үшін нұсқаулық  құжаттар туралы, үкімет қаулылары , әртүрлі бағдарламалары, статистикалық материал басқа да мәлімет жиналады . Концепциялар және болжаулар маңызды мағынаға ие .

2) Сценарий жазу. Ақпарат  талдауы нәтижесінде жүйенің  келешек жай-күйі туралы ұсынулар  реттеу кезең туады, сценарий жазу . Сценарий екі элементтен тұру тиісті: бар тенденцияларды суреттеу, келешек жай-күйді суреттеу (қазіргі заман жай-күйі үлгісі , келешек жай-күйі үлгісі).

Қазіргі заман жай-күйі үлгісіне кіреді : проблеманы, сыртқы және ішкі шарттарды , негативтік және позитивтік тенденцияларды , даулы жағдайларды , сандық мінездемелерді сапалы суреттеу. Келешек жай-күй үлгісіне кіреді: қол жеткен тенденцияларды ескере бар жай-күйді сақтау, жүйенің (ішкі жүйелердің) экспонентпен, шиыршықтының қисық, немесе революцияшыл жолмен дамуы.

Жұмыстағы тенденцияларда көптеген белгілер толығымен ашылмағанын  ескере кеткен жөн . Бұл тенденциялар 10-15 жылға жалғақанда , онда бүгін  көрінетін кішкене сәйкессіздіктер  болашақта үлкен сәйкессіздікке айналуы, ірі проблемалар туғызуы  мүмкін . Сондықтан ақпаратты зерттеу зерттейтін объекті күй-жайы жақсару мүмкіншіліктері қаншалықты үлкен екенін айқындауға рұқсат етеді .

Қорытындылай келе, аймақтық проблемалардың зерттеуінде жүйелік  талдауды қолдану зерттеуші инструментарийын кеңейтеді, реалистілік дәрежесін және өңделетін аймақтық экономиканы басқару үлгілерінің барабарлығын жоғарылатады, экономикалық кеңістік құруда жаңа мүмкіншіліктер ашады.3,4,5

 

 

2 АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

2.1 Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары

 

Елбасы басқару  жүйесі мәселесі бойынша өзінің 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бірлескен басқару негізінде  мемлекеттік басқарудың сапалы да жаңа моделінің нәтижелілігін, қоғамға  есеп беру мен айқындылықты көздейтін жүйеге енуіміз керек. Біз мемлекеттік холдингтердің мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, мемлекеттік–жеке серіктестік негізінде дамудың инфрақұрылымдық механизмін қалыптастырумыз қажет» деді.

Тәуекел факторларының  арасында жетекші венчурлық бизнеске – мемлекеттің қолдауы, бизнес-идея, күтілетін кіріс, менеджмент - әлемдік тәжірибеде  бірінші кезекке менеджмент жобаларының деңгейін қояды. Елдердің инновациялық дамудың  талдауы ғылымның жаңашылдығына, инженерлік ғылымға назар аудару керектігін көрсетеді. Компаниялардың дамуы мен жемісті жұмыс істеуіне ұйымдастырушылық, яғни, менеджментті дамытуды қолға алу қажет. Ол ең алдымен мақсаттылықты, келісімді, технологиялық және құқықтық-экономикалық білімдердің жоғары деңгейін, тәуекелге бара алу мүмкіндігін басқаруды қамтамасыз ету керек.  Қазақстанда менеджмент мемлекеттік басқаруда, банк саласында жемісін көріп жатыр. Ал бірлескен сектор, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау салалары туралы оны айтуға болмайды. Бірақ елдегі басқару жүйесіндегі көпке ортақ кемшілік болып бұрынғыдай кеңес үкіметі кезіндегі  мысалы, қаржылық-шаруашылық қызмет секілді бағаланып-талдау жұмыстары жүргізілмейді. Қаржылық шығындар жаман менеджменттің салдары. Қазір мысалы көптеген бюджеттік ұйымдарға енгізілген сапалы менеджмент жүйесі, жүйедегі уәжді немесе басқа да факторларға мүлдем назар аудармау салдарынан формалды сипатта жүр. Елбасы басқару жүйесінің мұндай өрескел кемшілігін сынға алды.

Заманауи  менеджментті әрі қарай дамытуға, компаниялардың әлеуметтілігін нығайту  үшін ұйымдар мен жекелеген жұмысшылардың арасында өзара әрекет ұстанымы ерекше орын алады.   Бұл іске бизнес өздерінің өзімшілдігінен жеткілікті назар аудармай отыр. Тіпті бірлескен үлгідегі ұйымдарда,  қоғамда бірлескен рух, бірлескен мәдениет  оң құбылыс ретінде қалыптасқан. Жылдам басқару мен капитал мүддесінен қарағанда дұрыс. Бұл жерде талдау басқа кеңістікте  - бірлескен ұйымның мүддесі ұжымның барлық мүшелерінің мүдделерімен сәйкестігі қаншалықты екендігіне негізделеді. Әлеуметтік тұрғыда бірлескен басқару бұрыннан орталықтандырылған өктем басшылықпен шектелген топ адамдар ретінде қалыптасқан. Мұндай ескі бірлесу әр түрлі белгілер мен мақсаттарға байланысты, мысалы кәсібилікке т.б. бірлескен ұстаным бойынша бұрында отбасылар, тектер т.б. ұйымдастырылған, қазір бұл бизнес, саяси партиялар, кәсіподақтар т.б. бизнестің бірлескен ұйымдары қазіргі жағдайда монополия арқылы ақпарат жүзеге асады, осылайша ішкі бәсекелестікті басқарып отырады. Бірлескен басқарудың басқа да маңызды ресурстардың тапшылығы мен биліктің иерархиясы осы үкіметтің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бірлескен менеджмент – бүгінгі таңда бұл меншікті басқарудың  ең тиімді құқықтық-экономикалық механизмі.  Қазіргі кездегі әлемдік  шаруашылық жүйеде  трансұлттық  компаниялар (ТҰК) ерекше орын алады. ТҰК еңбекті бөліп берудің халықаралық тиімді әрі маңызды құралы болып келеді, ал жекелеген елдердің экономикалық жетістіктері, соның ішінде Қазақстанның еңбекті бөліп беруі  көп жағдайда ТҰК қадағалайтын әлемдік технологиялық тізімде нешінші орын алатынымызда болады. 

Бірлескен басқарудың жұмысы салалық, салааралық және трансұлттық  білім берудің нарықтық белсенділігін  пайдалану мен жетістіктерге  жетуге, интеграциялық-сервистік жүйені құруға бағытталған.

Қазақстанда бір-бірінен көлемімен, меншік  құрылымымен, ұйымның типімен және басқарудың жағдайымен ерекшеленетін 100-ден астам бірлескен ірі бірлестіктер қалыптасқан. Бұлар алдымен мынадай бірлестіктер: ұлттық және мемлекеттік компаниялар, мемлекетпен бекітіліп-жеке жобалар бойынша меншіктендірген акционерлік компаниялар, жеке бірлескен басқарулар мен Қазақстандық ТҰК бөлімшелері. Қазақстанның оннан астам бірлескен басқарулары шын мәнінде экономиканың  нақты секторында төлем қабілетін реттейді: Қазмұнайгаз, КЕГОК, «Метал-Стил», Қазақмыс, Қазмырыш, Қазақстан Аллюминийі, Өскемен титан-магний комбинаты, ТҰҚ Қазхром т. б. Қаржылық сектордың ішіндегі ұлттық бірлестіктердің арасындағы көшбасшылар «Казкоммерцбанк», Халықтық жинақтау банкі мен     ТуранАлем Банктерді атау керек.

Бірлескен басқару  жүйесін сипаттайтын негізгі белгілер деп мыналарды атауға болады: меншікті басқарудың қатысушылары, бірлестік жұмысының ашықтығы, акциялардың концентрациясы, банктердің бірлестіктің акцияларын иемдену құқығы, мемлекеттің бірлескен құрылыста қатысу деңгейі, бірлестікті дамытудың  негізгі ұлттық идеясы, бірлестіктің негізін қалаушылар, акционерлер арасындағы консенсус деңгейі, менеджмент пен жұмысшылардың арасындағы байланыс, акционерлер тарапынан менеджмент жұмысының деңгейі, бірлестіктердің стратегиялық мақсаттарға жақын болуы, нарықтық қордың бірлестіктің жұмысына ықпалы т. б.

Меншікті  бірлескен басқарудың қатысушысы болып  акционерлер, менеджерлер, банктер, кәсіподақтар, мемлекет және басқалары бола алады.  Акционерлер ғана қатысса бір  басқа. Егер мемлекет меншікті басқарудың басқа да қатысушыларымен тең дәрежеде компанияның активтеріне ие болса, онда бұл бірлескен басқарудың басқа жүйесі болады. Бірлескен басқару жұмысының ашықтығын оның негізгі белгісі болып табылады.

Қазақстандық  бірлестіктердің талдауы тиімсіз  меншіктік құрылымды, бірлескен басқарудың өзі әлсіз екенін, инвестициялық мүмкіндіктердің шектеулі екендігін көрсетеді. Акционерлер мен менеджменттің арасында мүдделердің шиеленісіп бара жатқаны бәсекеге қабілетті компанияның басқару мен интеллектуалдық ресурстарының жоғалуына әкеліп соқтырады. Қалыптасудың бастапқы кезеңінде бірлескен басқару құрылымдарының нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіз болу салдарынан екінші деңгейлі банктердің экономиканың нақты сектордың активтерін сатып алуға мүмкіндік берді. 

Ұлттық іскерлік идеологияның, корпоративтік нормалар мен құндылықтардың  болмауынан, оларды олигархтарды байыту құралына айналдырды. Бұл талдау  бірлескен басқару басқа салалардағы менеджментті жүзеге асыруда, мысалы, мемлекеттік басқаруда –стратегиялық немесе шұғыл шешімдердің қабылдаудағы нарықтың немесе транс акция қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бюджеттік ұйымдардың сәтсіздікке ұшырауының негізгі себептері менеджменттің төмен деңгейі мен қызметкерлер құрамын басқарудың ғылымға негізделмеген әдістері, бірінші басшылардың табысты ең маңызды құрал деп қарамауында. Дамушы елдер экономикасының дамуын зерттеуде кезінде олар да менеджмент факторын жете бағаламағандық кезеңінен өткен. Сонымен Қазақстандағы басқару жүйесін дамытудың негізгі шаралары Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы талаптарға сәйкес «Қазақстан өзінің дамуында жаңа беталыс табалдырығында тұр: Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясын»:

-меншік иесі  және менеджмент табысының жетекші факторы ретіндегі бірінші басшысы екенін мемлекеттің мойындауы;

-ұйымның бірінші  басшысы лауазымына орналасқан  кезде менеджменттің теориясы  мен практикасына біліктілік  минимумды енгізуі;

-ұйымдастырушылық  аудитке аудит менеджмент бөлімін  аудио жүйесін енгізуі;

-Қазақстандағы  бірлескен басқару мен менеджментті  дамытудағы мәселелерді зерттеу  бойынша мемлекеттік гранттар  бөлуі;

-жаңа нарыққа  шығуға мүмкіндік беретін ұтымды  аса ірі бизнестермен мемлекеттік  серіктестікті күшейту;

-елдің транснационалдық  компаниялар үдерісіне әлемдік технологиялық тізімде еңбекті бөліп берудің халықаралық қатынасқа шығуға      көмектесуі;

-елдегі компаниялардың  бірлескен басқару жағдайын тыңғылықты  зерттеу үшін және салыстырмалы  талдау жұмыстарын жүргізуді  қалыптастыруы;

-корпорацияның нормативтік-құқықтық база жұмысын, акционерлер құрылымын, ашықтың деңгейін, екінші деңгейлі банктердің акцияларға иемдену құқығы, мемлекеттің әлеуметтік серіктестігі, еңбек пен корпорация, бірлескен басқарудың стратегиялық мақсаттарын дамытуы т.б. деп есептеуге болады.

Сонымен менеджмент саласындағы мәселелерді талдай келе, бірлескен басқарудың бәсекеге қабілетті болып дамуға және Қазақстан  экономикасы мен оның бәсекеге қабілетті  елу елдің қатарына енуіне талпыныс жасайды.

 

 

 

 

2.2 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

 

Тиімсіз мемлекеттік  кәсіпорындарға, сондай-ақ  мемлекеттің  қатысуымен кәсіпорындарға жүргізілген  талдау келесі жайттардың бетін ашты.

Мемлекеттік меншік жайына келсек. 2005 жылдың қорытындысы  бойынша жұмыс істеп тұрған  республикалық мемлекеттік меншіктің  515 кәсіпорнының 41-і шығынға жол берген. Оның ішінде 22 кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласында, атап айтсақ, тәжірибе шаруашылықтары (10), ауылшарушылығының ғылыми-өндірістік орталықтары, су шарушылығы жүйесі қызметі саласындағы кәсіпорындар. 2005 жылғы аталған көрсеткіштерді 2004 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштермен салыстыра келе, 2004 жылы ауыл шаруашылығы саласында шығынға жол берген 6 кәсіпорын болғандығы, яғни 16 кәсіпорынға немесе 3,5 есеге өсу байқалады. Түзеу мекемелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін тауар (жұмыс, қызмет көрсету) өндіру бойынша шаруашылық қызметін жүзеге асыру саласында 2005 жылдың қорытындысы бойынша 5 республикалық мемлекеттік кәсіпорын шығынға ұшыраған. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі қызмет көрсету саласында (білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт т.б) өз қызметін жүзеге асырады. 2004 жылдың қорытындысы бойынша білім беру, трактор жасау, инновациялық қызмет, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық машиналарын сынақтан өткізу, логистика, электрэнергетика, банк қызметі, энергетика саласындағы зерттеулермен айналысатын, тиімсіз деп танылған мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 12.

Информация о работе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар