Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 16:21, курсовая работа

Краткое описание

Осыған байланысты, мемлекеттік басқару жүйесін толық жетілдіру проблемасын зерттеу - стратегиялық мақсаттардың орындалуының табысты факторларының бірі болып табылады.
Республиканың экономикалық ғылымы нақтылы бір облыс, аудан және қаланың шаруашылығының дамуымен байланысты құбылыстар мен процестерді зерттеуі тиіс. Бұл бірқатар жағдайлармен ескеріледі:
-тотальдік жүйе кезеңінде орталықтандырылған басқару жағынан республика облыстарының назарлары толық дерлік еленбеді;
-қашанда бір күшті болған салалық басқарудың қирауы болды;
-республика экономикасында өндірістің ерекше шарттарымен сипатталатын шаруашылық бірліктердің біркелкі сапалы топтары жоғала бастады;

Содержание

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
2
1
АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
4
1.1
Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде
4
1.2
Аймақтық басқарудың маңызы, мақсаттары, принциптері және орталықсыздандыру (децентрализация)

8
1.3
Аймақтық экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі
14
1.4
Аймақтық экономиканы басқарудағы жүйелік тәсіл
19
2
АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
24
2.1
Қазақстан Республикасында бірлескен басқаруды дамыту проблемалары
24
2.2
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
27
ҚОРЫТЫНДЫ
35
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Аймакты баскару.doc

— 273.50 Кб (Скачать документ)

Серіктік принципі тіке қатты иерархиялық  қоса бағынудан кетуді болжайды. Ол объектілердің мінез-құлық ережелерін және аймақтық басқару субъектілерінің заң бойынша тең серіктіктер әрекеттестіктері ретінде әрекетін көрсетеді.

Субсидия принципі қаражат қорларын алдын ала айқындалған мақсатқа бөлуде болады. Ол аймақтық басқаруда  қаражаттық қорлардың қайта бөлу механизмдарының құруы арқылы аймақ халқына ең аз мемлекеттік әлеуметтік стандарттардың қамтамасыз ету мақсаттарында, сонымен қатар ең аз қаражаттық қамтамасыздықтың іске асыру үшін жүзеге асырылады.

Мобильділік және адаптивтілік принципінің  құрылымы болып аймақтық басқару жүйесінің сыртқы орта өзгертулерін сергек сезінуі қабілеттілігі болып келеді. Бұл принцип басқару субъектілеріне нарықтың жылдам алмасатын шарттарына бейімделуге мүмкіндік беретін аймақтық менеджменттің функционал және ұйымдық құрылымдарының тұрақты трансформациясы арқылы байқалады.

Бөлінген хабардарлық принципі (функциялардың шек қою принципінен  айырмашылығында) аймақтық басқару  сфераларының аралығындағы функциялардың  дифференцациясында емес, олардың ішінде. Сондай принциппен федералды, аймақтық және муниципальдық басқару субъектілерінің функциялардың қайта бөлуін жүзеге асырады, сонымен қатар әрбір функцияның орындалуын қорлық қамтамасыз етуін.

Басқарудың  əр түрлi деңгейiнiң рөлiн, жауапкершiлiгiн  жəне өкiлеттiгiн ой елегiнен қайта өткiзу жəне өзгерту ретiнде орталықсыздандыру үкiмет қызметiнiң тиiмдiлiгiне қол жеткiзу əдiстерiнiң бiрi болып табылады. Еуропа жəне ТМД елдерiндегi реформалардың тəжiрибесi орталықсыздандырудың экономиканы жəне қоғамды демократияландыру мен өзгерту процесiнде маңызды рөл атқаратынын көрсеттi. Бұл өзiнiң мəнiн дұрыс түсiнудi, iс-қимылдың салиқалылығы мен сарабдалдығын талап ететiн күрделi процесс, өйткенi ол қоғам өмiрiнiң: саяси, құқықтық, əлеуметтiк, əкiмшiлiк, экономикалық жəне мəдени əр түрлi қырларын қозғайды.

Орталықсыздандыру нақты  жүзеге асырылған елдердiң тəжiрибесi оның артықшылықтары саяси да, сонымен  бiрге экономикалық та сипатқа ие екендiгiн көрсетiп отыр.

        Орталықсыздандыру азаматтардың билiктегi өз өкiлдерiн жақсы бiлуiне мүмкiндiк бередi, өз кезегiнде олар өз сайлаушыларының проблемаларымен жəне қажеттерiмен жақсы танысады жəне тиiсiнше, саяси шешiмдердi талдап жасауға жəне iске асыруға неғұрлым белсендi ықпал етедi. Жергiлiктi деңгейде жаңа элитаның пайда болуына мүмкiндiктер жасалады, ол елдiң саяси өмiрiне қатысу үшiн қажет демократиялық саяси дағдылар мен функцияларды игере алады.

        Орталықсыздандыру билiк органдарының  жергiлiктi қажеттiктер мен проблемаларға сергек қарауын арттыруға ықпал етедi. Қызметтер ұсыну мен инфрақұрылымды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi орталықсыздандырылған кезде жергiлiктi органдар кiрiстер мен шығыстардың ара қатынасын жақсы бағалайды, сондай-ақ бюджеттiк шектеулер шеңберiнде халықтың қажетiне неғұрлым икемдi үн қосатын  болады.

       Орталықсыздандыру үкiметтiң жəне орталық мемлекеттiк органдардың жұмыс тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi, өйткенi бұл оларды жергіліктi  сипаттағы мiндеттердi шешуден босатады жəне назарды ел дамуының стратегиялық мəселелерiне шоғырландыруға, республикалық деңгейде əр түрлi бағдарламаларды мұқият жоспарлау мен ұйымдастыруға мүмкiндiк жасайды.

Жергiлiктi жерлерде таңдау процесiн дамыту тұтас алғанда  халықтың саяси белсендiлiгiн одан əрi демократияландыруға жəне арттыруға түрткi болады.

Экономикалық  тұрғыда орталықсыздандыру мемлекеттiк  ресурстарды  неғұрлым ұтымды пайдалануға  мүмкiндiк бередi.

       Қазақстан тəуелсiздiгiнiң алғашқы  жылдары орын алған мемлекеттiк  билiктi күштi орталықтандыру

өзiн ақтады, өйткенi мемлекет құру, елдiң егемендiгiн  нығайту, аумақтық тұтастықты сақтау басым мiндеттер болды. Орташа мерзiмдi перспективада билiктi тым орталықтандыру тiптi таяу көршiлерден стратегиялық жағынан артта қалу қаупiн туындата отырып, елдiң дамуын тежейтiн болады.

        Əлемдiк экономиканың ғаламдану,  мемлекеттiк басқару жүйелерiнiң  демократиялану процестерi орталықсыздандыру саясатын əзiрлеудi жеделдетудi талап етедi. Əлемдегi орталықсыздандырудың сан алуан модельдерiн, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттiк басқарудың нақты болмыстары мен дəстүрлерiн ескере отырып, өзiндiк орталықсыздандыру стратегиямызды талдап жасау қажет.

 

Күштi жақтар

        Реформаны жүзеге асыру үшiн  қажеттi iшкi ресурстардың болуы. Жергiлiктi басқару институтының болуы. Республикада əр түрлi деңгейде басқарудың оңтайлы модельдерiн iздестiру жүргiзiлуде. Белгiлi бiр функциялардың, өкiлеттiктердiң, қаржылық жауапкершiлiктердiң орталық Үкiметтен мемлекеттiк билiктiң одан төмен тұрған деңгейлерiне берiлуi жүзеге асырылуда. Əкiмдердiң тiптi дамыған елдерде қабылданған нормалардан бiрсыпыра асып түсетiн кеңiнен жария етiлген өкiлеттiктерi жауапкершiлiктiң қазiргi көлемiмен салыстырғанда нақты өкiлеттiктiң жай-күйiне талдау жасау қажеттiгiн көрсетедi.

 

Əлсiз  жақтар

Жергiлiктi басқару органдарының басшыларын тағайындаудың қазiргi жүйесi олардың халыққа есептiлiгi мен бақылаулы болуын қамтамасыз етпейдi.

       Өз араларындағы функциялар мен өкiлеттiктердiң айқын ажыратылмауы салдарынан билiктiң əр түрлi деңгейлерiнiң арасында жауапкершiлiктi бiр-бiрiне арту мен тартыстар. Жергiлiктi өкiлдi органдардың əлсiздiгi жəне олардың жергiлiктi атқарушы органдарға тəуелдiлiгi. Жергiлiктi жерлерде жəне аймақтық əкiмшiлiктерде орталық органдардың функцияларының қайталануы.

                                         

 

Мүмкiндiктер

        Қоғамның тұтас алғанда мемлекеттiк басқару жүйесi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiн мемлекеттiк басқару негiздерiн демократияландыруға қарай реформалау қажеттiгiне түсiнiстiкпен қарауы.

        Əлемдегi орталықсыздандыру процесiнiң қазiргi мол тəжiрибесiн зерделеу ортақ үрдiстер мен заңдылықтарды анықтауға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасынан  мемлекеттiк басқару жүйесiн демократияландыруды  талап ететiн əлемдiк экономиканың ғаламдану үрдiсi.

                                          

Қатерлер

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес мəселелерi назар  аударуды талап етедi. Бұған қоса, аймақтардың басшыларының сайланбалылығына асығыс түрде көшуге жол беруге болмайды, өйткенi тiптi сепаратистiк үрдiстердiң туындауына дейiн дерлiк саяси тұрақсыздық, ұлтаралық егес туындау қатерi бар. Аймақтардың əр түрлi экономикалық əлеуетiне байланысты ойластырылмаған бюджеттiк орталықсыздандырудың да терiс əсерi болуы жəне аймақтардың əлеуметтiк қызметтермен бiркелкi қамтамасыз етiлмеуiне алып келуi мүмкiн.

                                          СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР

Нарықтық экономика  құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк  басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз жəне басқару органдарының жұмысын бақылаусыз əдiлеттi нарықтық бəсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес.

Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi жəне экономикалық, əлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.

Сонымен бiрге  орталықсыздандыру процесi орталық  мемлекеттiк органдардың рөлiн  төмендеудi бiлдiрмейдi, олар мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары үшiн жауапты болып қала бередi жəне жергiлiктi билiк органдарының қызметiн заңнамалық актiлер мен бюджетаралық трансферттер жүйесi арқылы

реттейдi.

Қазақстандағы орталықсыздандырудың негiзгi мiндеттерi:

- билiктiң əр  түрлi деңгейлерiнiң арасындағы қызмет, функциялар жəне жауапкершiлiк салаларын айқын шектеу;

- жергiлiктi мемлекеттiк  басқарудың пəрмендi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау;

- демократиялық  мемлекеттiң iргетасы ретiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу.

 

 

1.3 Аймақтық  экономиканы басқару әдістерінің мінездемесі

 

Аймақтық басқару әдістері (менеджменттің) аймақтың нарық шаруашылығы жүйесімен ескертілген. Аймақтық басқару әдістері астарында аймақтың шаруашылық етуші субъектілеріне әсер етуші құралдар жиынтығын түсіну керек. Аймақтық басқару әдістерінің топтастыруына келесі әдістер кіреді:

- әкімшілік (ұйымдастырушылық - басқарушылық);

- экономикалық;

- әлеуметтік – психологиялық;

- тәрбиелеушілік және  т.б.

Басқару қызметі ақылменен  әкімшілік әдістерді қолданусыз болмайды (оларды жиі ұйымдастырушылық - әкімшілік немесе ұйымдастырушылық - басқарушылық деп атайды). Олардың көмегімен тұрақты байланыстар және арақатынастар, басқару аппараты бөлімшелерінің, бөлек қызметкерлердің құқықтарын және жауаптылығын ескеретін жайлар түріндегі басқарудың негізгі жүйелері қалыптасады.

Әкімшілік әдістер бастықтардың, меншік иелерінің өз қарамағындағыларына  тура әсер ету жолымен іске асады. Ол жасалған келісім-шарттар, әкімшілік  бұйрықтар арқылы, әртүрлі жайлар, ережелер, нормативтер және басқа  құжаттар, қарамағындағы адамдардың ұйымдық қызметін реттейтін, олардың тиісті тәртіп және жауаптылықты қамтамасыз етуші айқын жұмысы негізінде жүзеге аса алады. Әкімшілік әдістердің қолдану масштабтары басқарушы орган мақсаттарымен, өндіріс ұйымдару деңгейімен, шешім қабылдаушы қызметкерлердің мамандығы және мәдениетімен анықталады. Параметрлер неғұрлым толық келтірілсе, соғұрлым әкімшілік араласуға қажеттілік азырақ.

Экономикалық басқару  әдістерінде қажеттілік артуы заңды. Себебі, жеке кәсіпкерлік дамуы шарттарында  халықтың артып бара жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарының күрделі жиынтығын әрқашан нұсқаулық әсер арқылы шешу мүмкін емес. Экономикалық әдістердің мәні тұтынушы және қызметкерлердің экономикалық назарларына баға, еңбек ақы төлеу, несие, пайда, салықтардың және жұмыстың нәтижелі механизмын жасауға мүмкіндік беретін басқа экономикалық рычагтар арқылы әсер ету. Экономикалық әдістер басқарушы қызметкерлердің қабылданған шешімдерге жауаптылығын ескеретін, қызметкерлердің қойылған мақсаттарды арнайы бұйрықсыз ынталы жүзеге асыруына түрткі болушы стимулдарды қолдануға негізделеді.

Экономикалық басқару  әдістерінің ерекшеліктері мынада:

- қорлармен маневр жасауға мүмкіндік беруші жалпы ережелерге негізделеді;

- өндірушілерге және тұтынушыларға жанама әсер көрсетеді, арақатынас жүйесі арқылы ұжым және бөлек қызметкерлердің назарларын ескереді;

- барлық деңгейлерде оған бір уақытта қабылданушы шешімге және зардаптарына жауаптылық қойғанда кәсіпорын дербестігін болжайды;

- орындаушыларды баламалық  шешімдерді дайындауға және олардан ұжым назарына ең лайықтыларын таңдауға түрткі болады.

Қазіргі заманда экономика  территориялық дамудың дифференцияциаланған проблемасымен сипатталады , сол  себепті мемлекетке аймақтардың  дамуында теңдікті қамтамасыз ету үшін, проблемалы аумақтардың сүйеуіне, аймақтық бәсекені жөнге салуға, әлеуметтік - экономикалық дифференцация тегістеуіне іс-әрекеттер өңдеу қажет. Осы проблема ел үшін жеткілікті ұзақ уақыт сипатталады, бірақ қазіргі уақытта Қазақстанның экономикалық дамуына нәтижелі аймақтық реформалар өткізуге рұқсат етеді.

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау негізінде жататын  маңызды ұғымдарды қарастырайық.

экономикалық проблемаларды  жою, басу, жұмсарту мақсаттарына бағытталған  басқару органдарымен өзара байланысты бағдарламалық жүйелер өңдіру және өткізу (қатысушыларды, орындаушыларды тартумен) арқылы шешу тәсілі болып табылады.

Бағдарламалық - мақсаттық  жоспарлауға және басқаруға келесі мінездемелер тән:

- мәселенің шешімін  табу үшін жету керек мақсаттарды  айқын көру және жүйеге келтіру, оларды «мақсаттар ағашы» түрінде ұсыну;

- жүйелік ұйымдастырушы  мақсаттар жиынтығынан мақсатты  жүзеге асыру әрекеті, оларды  өткізу проблеманың әлсіреуіне  немесе алынуына әкелетін шаралар  жүйесіне көшу;

- берілген мерзімде  бағдарламалық шаралардың жүзеге асыруына арналған құралдарды, қорларды және қорлардың түсу көзін құру;

- басқарудың ұйымдастырушылық - экономикалық механизмдарын айқындалған іс-әрекетті орындаумен, олардың орындалуын басқару органдарының жағынан бақылау және қамтамасыз етумен іске қосу.

Бағдарламалық - мақсаттық  әдіс формуласын ең қысқа түрде «мақсаттар - жолдар - құралдар – орындалуды ұйымдастыру» логикалық тізім түрінде ұсынуға  болады.

Қазіргі уақытта аймақ  бастықтарының көпшілігі өз аумағының  экономикалық даму стратегияларын өңдеу қажеттілігін түсінуіне келді. Әдетте, аймақтың әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасын бастап жасаушы әкімшілік болып табылады, ал бағдарламаны таныстырушы құжат құрылымы мемлекет деңгейіне лайықты құжаттардың құрылымымен сәйкес келеді. Аймақтық бағдарламаның мақсаттары экономиканың ірі бағыттары мен бұтақтарына мақсат болып декомпозицияланады, олардың орындалуы аймақ әкімшілігінің сәйкес құрылымдық бөлімшелеріне жүктеледі. Соның өзінде тек екі субъекті ғана назарға қабылданады: әкімшілік және мемлекеттің өзі. Бағдарлама мақсаттары жиірек әкімшілік хабардарлық деңгейінен асып кетеді, бірақ, олар мемлекет деңгейінде іске асырылуы мүмкін. Бірақ бір факт еленбейді - заңға сүйінген мемлекетте шаруашылық етуші субъекті ретіндегі мемлекеттің хабардарлық деңгейіне де шек қойылған. Сонымен қатар, көп жағдайда бар бағдарламалар аймақтық әкімшіліктің ұсынулары олардың болашақ туралы көзқарасын қайтарады. Жоғарғы деңгейден қосымша қорлар алу үмітінде өз мақсаттарын өкімет органдарының мақсаттарымен сәйкестендіреді. Бұл жағдайлар осы құжаттың пайда болуына әкелді. Негізгі мақсаттары 1 суретте келтірілген.

Информация о работе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар