Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:52, курсовая работа
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі.
Мұндағы: Ү — табыс сомасы, TR — трансферттер;
N — мемлекеттік қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесі;
Т — салық
С — тұтыну.
Мемлекеттің қор жинағы Sg төмендегідей бейнеленген.
Sg = (Т - TR - N) - G (7)
Sg>0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg<0 болса, онда бюджет тапшылығы болады.
BD = - Sg (8)
Sr = IM - X немесе Sr = -NX
S = Sp + Sg + Sr = (Y + TR + N - T) - C + (T - TR - N) --G + (-NX) = Y - C - G - NX; S = I
Қорыта айтқанда:
1)ЖҰӨ-де елдің барлық азаматтарының табысы, яғни елдің өндіріс тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығыны көлемі де керсетіледі.
2) Атаулы ЖҰӨ көлемінде тауарлар мен қызметтер құны ағымды бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көлемінде тұрақты бағамен өлшенеді. Сол себепті нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер санының жоғарылауы нәтижесінде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндірілген өнім саны мен бағаның жоғарылауынан да жоғарылай береді.
3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік және таза экспорт.
4) Тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қарапайым тұтынушы тұтынатын белгілі бір тауар мен қызметтер жиынының баға деңгейін керсетеді. ЖҰӨ дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ көлемінің қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгейін сипаттайды.