Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:52, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика — бұл объективті ақпараттың қайнар көзі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жалпы макроэкон-қ көрсеткіштер.doc

— 644.50 Кб (Скачать документ)

 

          Көптеген өндіріс тауарлары бірнеше кезеңдерден өтеді: бір фирмада шикізат аралық тауарға айналады, содан кейін басқа фирмаға дайын өнім өндіру үшін сатылады. Біз осындай тауарларды ЖҰӨ есебінде қалай есептеуіміз керек? Айталық, фермер бірнеше кг етті Мак Дональдс фирмасына 0,50 долларға сатады. Содан кейін Мак Дональдс елге 1,50 долл. тұратын гамбургер сатады. Осы жағдайда ЖҰӨ-ді есептегенде, еттің және гамбургердің бағасы 2 долл. көлемінде деп есептеу керек пе немесе тек гамбургерді 1,50 долл. деп алу керек пе?

        ЖҰӨ-ге тек соңғы өнімнің бағасы ғана кіреді. Сондықтан гамбургердің бағасы ЖҰӨ-ң бөлігі болып табылады, ал еттің бағасы енгізілмейді. ЖҰӨ тек 1,5 долл-ға көтеріледі. Мұның себебі; аралық өнімнің бағасы соңғы өнімнің бағасына кіргізіліп қойылған. Фирманың қосымша қосқан құны өндірілген өнімнің құнының фирманың аралық өнімге, өзі жасаған құнынан алып тастағандағы айырмасына тең. Гамбургермен байланысты жағдайда фермер қосқан құн 50 центке тең (бұл жағдайда фермер аралық өнімді иемденбейді, ал Мак Дональдстің қосқан құны (1,50—0,50 долл.), яғни 1,00 долл.-ға тең. Жалпы қосылған құн 0,50 долл.+1,00 долл., яғни 1,50 долл. тең болады. Экономика үшін жалпы қосымша құн сомасы барлық соңғы өнімдердің бағасы мен қызметтердің нарықтағы құнына тең болуы керек. Сондықтан ЖҰӨ-ді барлық фирмалардың қосымша құнының сомасы ретінде қарауға болады.

        Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, түруға берген үйдің шығындары, бәрі ЖҰӨ-ді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін ЖҰӨ-ге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар (бұлардың бәрі адамдардың жеке өзінің бұйымдары) іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн ЖҰӨ-ге енгізілмейді. Сондай-ақ ЖҰӨ-ге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем ЖҰӨ-ге енгізілмесе, онда ЖҰӨ — экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды. Дегенмен осы қателіктер ЖҰӨ-ге онша әсер етпейді.

 

Нақты және атаулы ЖҰӨ

        Енді біз, осы ЖҰӨ-ді есептеудегі кейбір принциптерді анықтағаннан кейін, мына сұрақтарды қайта қарастырайық: экономика жағдайын ЖҰӨ қаншалықты нақты сипаттайды? Қайтадан апельсин мен алма өндіретін экономиканы қарастырайық. ЖҰӨ өндірілген алма мен апельсиннін, құнына тең:

      ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны).

       ЖҰӨ өлшемі осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өсуінен жоғарылайды. Осындай жолмен есептелген ЖҰӨ экономика жағдайының тура әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Ол тұтынушылар, фирмалар және мемлекет сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін тура сипаттамайды. Өндірілген өнімнің құны 2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онда ЖҰӨ де 2 есе көбейеді. Сонымен бірге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса, онда тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі 2 есе өсті дегеніміз қате. ЖҰӨ құрамында тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы ЖҰӨ деп аталады. Экономика жағдайын нақты көрсету үшін, экономикада өндірілген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерісінің әсеріне тиісті болмауы керек. Нақты ЖҰӨ көрсеткіші осы мақсатты көздейді, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенеді.

        ЖҰӨ нақты көлемінің есебі үшін базисті жыл, мәселен 1982 жыл тандалады. Содан кейін барлық тауар құны 1982 ж. құнмен есептелінеді және жинақталады. Сонымен, біздің алмаапельсин экономикамыз үшін нақты ЖҰӨ 1990 жылда былай болады:

        Нақты ЖҰӨ = (алма бағасы 1982 ж. х алма саны 1990 ж.) + (апельсин бағасы 1982 ж. х апельсин саны 1990 ж).

       Сол сияқты нақты ЖҰӨ 1991 ж. мынаған тең:

        Нақты ЖҰӨ = (алма бағасы 1982 ж. х алма саны 1991 ж.) + (апельсин бағасы 1982 ж. х апельсин саны 1991 ж.).

        Яғни, баға тұрақты болғандықтан, ЖҰӨ-ң нақты көлемінің шешіміне алма мен апельсин өндірісі көлемінің өзгерісі ғана әсер етеді. Сондықтан, нақты ЖҰӨ ~ бұл базисті жылдағы өндірілген өнім бағасының жиынтығы (яғни 1982 ж.). Халықтың материалдық тұтыну қанағаттануының дәрежесі өндірілген тауарлар мен қызметтерге тәуелді болса, онда атаулы ЖҰӨ-ге қа-рағанда, экономика жағдайының тура көрсеткіші» нақты ЖҰӨ болып табылады.

          Мысал: Америка Құрама Штатындағы нақты жалпы ұлттық өнім:

 

       Уақытқа байланысты өндіріс көлемінін жоғарылауын, АҚШ-тың нақты ЖҰӨ көлемінің графигі көрсетеді, бірақ бұл беталыс өндірістің төмендеуіне байланысты үзіліп отырады, мұндай жағдайды құлдырау дейміз. Ескерту: нақты ЖҰӨ көлемі графигі логорифмнің шкалалары арқылы құрылғанына көңіл бөліңдер, мұндай  шкаладағы бірдей үзіктер вертикальді осьтегі пайыз түріндегі өзгертулерді бірдей белгілейді. Сондықтан 1,6 және 2 млрд. долл. белгілерінің арасы 4 және 5 млрд. долл. белгілерінің арасына тең.  Нақты ЖҰӨ көлемін зерттей отырып, соның негізінде экономика жағдайына қандай қорытынды жасауға болады?

         3-суретте 1960 ж. АҚШ-тың нақты ЖҰӨ көлемі көрсетілген. Осы суреттегі 2 нәрсе ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, уақыт өткен сайын нақты ЖҰӨ көлемі жоғарылайды. 60-жылдарға қарағанда, қазіргі кез-де өндіріс көлемі 2 есе жоғары. Екіншіден, нақты ЖҰӨ көлемінің өсу қарқыны тұрақсыз. Кезекті қайталанатын аралық уақыттан соң нақты ЖҰӨ-ның төмендегенін байқаймыз, мысалға 1975 ж. мен 1982 жылдағыдай.

         Мұндай кезеңдер құлдырау деген атауға ие болады. Кейінгі тарауларда біз экономикалық өсудің ұзақ мерзімді құбылысын анықтайтын үлгілер мен нақты ЖҰӨ көлемінің қысқа мерзімді ауытқуларының факторларын қарастырамыз.

 

ЖҰӨ дефляторы

        Атаулы және нақгы ЖҰӨ көлемінің негізінде біз 3-ші қажетті көрсеткішті есептей аламыз: яғни ол — ЖҰӨ дефляторы. ЖҰӨ дефляторы — баға дефляторы деп те аталады. Ол төмендегідей анықталады:

 

ЖҰӨдефляторы =

 

       Сондықтан, ЖҰӨ дефляторы - атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ қатынасы болып табылады. Нақты және атаулы ЖҰӨ көлемі, ЖҰӨ дефляторы не екенін жақсы түсіну үшін, бір ғана тауар өндіретін нан экономикасына ораламыз. Кез келген жыл үшін атаулы ЖҰӨ нанға осы жылы жұмсалған жалпы ақша жиынтығы ретінде есептелінеді. Ал нақты ЖҰӨ — осы жылы өндірілген нан құнына көбейткенге тең. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз — осы жылғы нан бағасының базисті жылдағы нан бағасының қатынасына тең. Сонымен бірге нақты өмірде экономикада әр түрлі тауарлар кең түрде өнді-ріледі, сондықтан нақты және атаулы ЖҰӨ-де өндіріс өнімдерінің әр түрлі көптеген бағалары мен санының көрсеткіштері көрсетілген. Апельсин және алма өндіретін экономиканы қарастырайық. Сонда,

Р — тауар бағасы.

Q — тауар көлемі.

         Индекс 82 - бұл базисті 1982 жыл. Мұндай жағдайда ЖҰӨ дефляторы мынаған тең:

       Алымында — атаулы ЖҰӨ, бөлімінде нақты ЖҰӨ көрсетілген, нақты ЖҰӨ көлемінде анықталған тауар жиынының құны ретінде қарастыруға болады, бұл жағдайда, осы топ өндірілген алма мен апельсин санынан тұрады. ЖҰӨ дефляторы көмегімен жиынның ағымдағы бағасы оның базисті жылдағы бағасымен теңеледі. ЖҰӨ дефляторы ЖҰӨ құрамын 2 бөлікке бөлуге мүмкіндік береді:

       бірінші — өндірілген өнімнің санын сипаттайды,

       екінші — бағасын сипаттайды.

        Атаулы ЖҰӨ көлемі = нақты ЖҰӨ көлемі х ЖҰӨ дефляторы.

       Атаулы ЖҰӨ өндірілген өнімге ақшалай баға береді. Нақты ЖҰӨ өндірілген өнім санын сипаттайды, яғни тұрақгы бағамен өлшенген өндіріс көлемі (базисті жылдағы баға). ЖҰӨ дефляторы базисті жылға қарағанда есеп беру жылындағы өнімнің баға бірлігінің өзгеруін керсетеді.

 

ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСҚА ДА КӨРСЕТКІШТЕР. ТҰТЫНУ БАҒАСЫНЫҢ ИНДЕКСІ ЖӘНЕ ЖҰӨ ДЕФЛЯТОРЫ

      Біз ЖҰӨ-ның жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін сипаттайтынын, яғни екі жақты айналым сызбасында көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші — бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректерді шығын құрауыштары және табыс көрсеткіштері деп 2-топқа бөлуге болады.

 

Шығын құрауыштары

         Экономистердің көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлерінің жалпы көлемі ғана емес, сонымен бірге өндірілген өнімнің сәйкес түрде бөлінуі және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлінеді:

1) Тұтыну (С)

2)  Инвестициялар (I)

3) Мемлекеттік сатып  алу (G)

4) Таза экспорт (NX)

      Сонымен, ЖҰӨ-ді Ү" символымен өрнектеп, мына өрнекті аламыз:

 

Y = C + I + G + XN

 

          ЖҰӨ — бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл тендік өрнек болуы — осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен тендік орындалады. Бұл "ұлттық есепшот тепе-тендігі" деген атау алады.

        Тұтыну — бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

1) Қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;

2) Ұзақ мерзімді қолданылатын тауарлар;

3) Көрсетілген қызмет.

        Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мәселен, киім және азық-түлік тауарлары, т.б. жатады.

        Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уакыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т.б. жатады.

        Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.

       Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:

1) Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік фактор инвестициясы жатады);

2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;

3) Қор инвестициясы.

         Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорыңдар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

 

        Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы — бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.

        Инвестиция қоры — бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады).

        Мемлекеттік шығындар — өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансфертті төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кірмейді. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгізілмейді. Соңғы топ — бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерін көрсететін таза экспорт.

        Таза экспорт тауарлар мен көрсетілген қызметтердің экспорт және импорт құны көлемінің айырмашынығына тең. Тепе-тендік жағдайында, сыртқы сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең болады, демек таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ ішкі шығындар жиынтығына тең болады:

С + I + G

        Бірақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда біз әлемдік нарыққа "нетто-экспортшы" ретінде қатысамыз, сонда ЖҰӨ ішкі шығын көлемін жоғарылатады. Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда көп болса, онда біз әлемдік нарыққа "нетто-импортершы" ретінде қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып табылады және шығын көлемі өндіріс көлемінен жоғары болады.

       Мысалы, 1-кестеде көрсетілгендей, 1989 ж. Құрама Штаттар ЖҰӨ-і 5,2 трлн. долл. тең болды. Осы цифрдің ете үлкен болуынан, оны тіпті шамалау өте қиынға соғады. Егер де ЖҰӨ көлемін халқының санына бөлсе (248 млн. адамға), мұны түсіну оңай болар еді.

        Сол себепті, ЖҰӨ-нің жан басына шаққандағы мәнін аламыз — сонда 1982 ж. бір америкалықтың орташа шығын көлемі 21036 долл. құрайды.

         ЖҰӨ қолданудың бағыттары қандай болды. Төмендегі кестеде жан басының тұтынуға 13949 долл. жұмсалғаны көрсетілген. Әрбір жан басына 3123 долл. инвестиция құрады. Әрбір адамға мемлекеттік сатып алулар 4167 долл. құрады. Оның ішіне 1217 долл. үкіметтің ұлттық қорғауға жұмсағаны кіреді. Орташа есеппен 2714 долл. экспорт өнімдері өндірілді.

         Сондықтан таза эспорт өлшемі теріс мән болады. Шетел серіктестерінің біздің елмен сауда жасауы табыстарын шығындарынан жоғарылатты, табыстарының бір бөлігі шын мәнінде біздің елдегі несиелер екенін көр-сетті. 1989 ж. алынған шетел несиелерінің көлемі жан басына 205 долл. құрады.

 

Табыстың басқа  да көрсеткіштері

        Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде ЖҰӨ қолданылады, ЖҰӨ-ден кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Практика жүзінде табыс көрсеткіштерінің айырмашылығы шамалы, себебі олардың қозғалысы бірдей. Дегенмен, көрсеткіштердің айырмашылығын білуіміз керек. Әр түрлі табыс көрсеткіштерінің байланысын нақты білу үшін кезекпен ЖҰӨ-ден әр түрлі құрауыштарды игере отырып қарастырамыз. Таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) алу үшін, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептемейміз:

ТҰӨ = ЖҰӨ — капиталдың негізгі тозу құны немесе амортизация.

       Ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны амортизациялық шығындар деп аталады.

Информация о работе Эконмикалық іс-әрекеттердің нәтижесін өлшеу: жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ, қор және ағын