Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 16:01, курсовая работа
Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекпен қамтудың негізгісі еңбек ресурстарының өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санының да өскендігін байқауға болады.
Кіріспе...........................................................................................................................6
1. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық
негіздері .....................................................................................................................8
Еңбек нарығы түсінігі және оны реттеу механизмдері ….....................….......8
1.2.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдері..............................................................................................................16
1.3.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің шет елдік тәжірибесі...................................................................................................................21
2.Қазақстандағы еңбек қатынастарының дамуы.................................................28
2.1. Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері,
тенденциялары ...................................................................................................28
2.2. Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясы:
сипаты, өзекті мәселелері..................................................................................41
2.3.Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайы........................49
3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары...............................57
3.1. Еңбек нарығын реттеу — әлеуметтік ортаның тұрақты дамуының кепілі...........................................................................................................................57
3.2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығына болжау.........................................................................................................................66
Қорытынды.................................................................................................................74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................76
Еңбек нарығының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму деңгейінің талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға, еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар ол тұрақсыз жұмыс орын санын көбейтеді, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын әлсіретеді. Бұл мәселелерді шешуге тек тек нарықтың шама шарқы жетпейді. Сондықтан мемлекет жағынан қызметкерлерді пайдалануда тұрақтылық пен икемділікті үйлестіретін ұтымды реттеу механизмі қажет. [6, 23-30 б]
Жұмыспен қамту жеке тұлғалардың олардың жеке және қоғамдық сұраныстарын қанағаттандыруымен байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек табыстарын әкелетін, заңға қайшы келетін іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты пайда болатын еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың теңестіру дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Жұмыспен қамтудың формаларын зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-экономикалық категорияның мазмұнын толығырақ ашуға мүмкіндік береді. Тек осы проблемалардың барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің негізінде ғана жұмыспен қамту саясатының басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге асырудың пәрменді стратегиясын құруға болады.
Қазақстан жағдайына
келсек, жұмыспен қамту туралы соңғы
заң бойынша жұмыссыздыққа
Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен денсаулығына әсер ететін факторлардың, яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. “Еңбек жағдайы” терминін қолдауда оның әртүрлі мағана беріледі. Біреулер үшін бұл жалақы деңгейі болса, екіншілер ұшін бұл жұмыс уақытының ұзақтылығы, ал үшіншілер үшін еңбектің ауыртпалық деңгейі және т.б. Мұның бәрі әрине дұрыс және бұл тізімді шексіз десек те болады. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Олардың бір тобын біз қарастыруға тиісті әлеуметтік-экономикалық факторларды құрайды. Әлеуметтік- экономикалық факторлар еңбеккерлердің бүкіл қоғамдағы жағдайын анықтайды. Олар Қазақстан Республикасының конституциясында: мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы алғанда әлеуметтік игіліктер мен кепілдіктерді реттейді, еңбек заңдарында орын табады. Мемлекеттің нормативті құқықтық актілері бір аусымдағы (смена) жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік жаста, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынатарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін. [8, 45-50 б]
Ғылыми техникалық прогрестің жеделдеуі, терең құрылымдық өзгерістар, еңбек ресурсының сапасына қойылатын талаптардыңң жиі өзгерісі халықты жұмыспен қамту мен кәсіби дайындауды мақсатқа сай реттеу үшін тиімді механизмді құруды қажетсінеді. Стихиялы еңбек нарығы жұмыс қүші сұранысының өзгерісіне ұсыныс құрылымының уақтылы бейімделуін қамтамасыз ете алмайды. Нәтижеде жұмыссыздық пен қажетті мамандардың жеткіліксіздігі қатар өседі. Бұл процестер жұмыспен қамту саясатын экономикадағы әлеуметтік–экономикалық қайта құрулар мен адам ресурстарындамыту бағыттарымен тығыз байланыстырудың қажет екендігін көрсетті.
Сонымен
бірге еңбек нарығы – бұл жұмыс
күшін сатушылар мен сатып
алушылардың мүдделері
Осыдан басқа дамыған елдердің тәжірибесінде жекелеген азаматтарға қаржылық көмек беру, арендалық жеңілдіктер негізінде тұрғылықты емес орындар беру, лизинг арқылы техниколық қамтамасыз ету бизнес-жоспар құруға көмек көрсету түріндегі қолдаулар қолданылады. Мысалы, АҚШ-тың халқы 17,5% - ға өссе,кәсіпорындардың саны - 71,0% - ға өскен, ал өсу дербес меншіктегі кәсіпорындардың үлесінде – 76,5%.
3. Кадрларды кәсіби дайындау және қайта дайындау көлемін ұлғайту. Бұл екі бірдей міндетті шешуге мүмкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын қысқарту және экономикадағы өзгермелі жағдайларға сәйкес ұдайы өндіріс процесіне, биоиндустрияның дамуы мен индустрияландырудың өте жоғары деңгейіне еңбек нарығын бейімдеудің қажеттілігі дамыған елдердің білім беру жүйесі мен қайта дайындау саясатын қайта құруға мәжбүрлейді. Мысалы, АҚШ – тың білім беру жүйесіне бөлген қаржыларының өсімі 2002 ж. 11,5% құраған, бұл басқа министрлік пен ведомствалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
4.Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бағыт жұмыссыздықтың қиын түрлеріне, күйзеліске ұшыраған жымыссыздарға арналған. Қоғамдық жұмыстар жоғары білікті талап етпейді және жұмыс іздеуге мүмкіндік болу үшін жұмыс күні толық болмайды.
Қоғамдық жұмыстардың маңызды қызметі – аралас салаларда жұмыс орындарын ашуды ынталандыру. Мысалы, неміс мамандарының есептеуі бойынша қоғамдық жұмыс сферасындағы әрбір 100 жұмыс орны экономиканың басқа салаларында 30-40 жаңа жұмыс орындарының пайда болуын ынталандырады.
Қоғамдық жұмыстарды қазіргі муниципалды шаруашылықты, оның әлеуметтік, көлік және экологиялық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін пайдаланған тиімді. Бұл сол аймақтарда кәсіпкерлік қызметті дамытуға, отандық және шетелдік капиталды тартуға қолайлы жағдайларды құруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттарды жүзеге асыруда еңбек нарығын тікелей және жанама реттеу әдістері қолданылады. Тікелей әдістерге жататындар: заңдық – құқықтық актілер мен ережелер, жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыру, жұмыспен қамтуға көмек көрсететін құрылымдарды ұйымдастыру, жұмыспен қамтуға көмек көрсететін құрылымдарды ұйымдастыру.
Жанама іс-шараларға мемлекеттің салық, ақша-несие, амортизациялық саясаты жатады. Олардың барлығы бір уақытта жалпы экономикалық реттеудің шаралары болып табылады. Олар жұмыспен қамтуға жалпы экономикалық конъюнктура арқылы әсер етеді.[ 1, 95-96 б]
Жұмыспен қамту ұлттық экономика мен халықтың әл-ауқатының елеулі сипаттамаларының бірі болып табылады. Қоғам мүшелерінің еңбек процесіне толық тартылуы мен олардың еңбектерінің тиімділігіне экономикалық өсу қарқыны, ЖҰӨ-нің мөлшері мен халық табыстары, сұраныс пен қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттану деңгейі тәуелді. Сондықтан толық және тиімді жұмыспен қамту кез келген мемлекеттің экономикалық саясатының ең маңызды міндеті болып табылады.
Жұмыспен
қамту дегеніміз–жеке және қоғамдық
қажеттіліктерді
Көптеген іс-әрекеттер түрлерін халықтың күнделікті өмірін, оның біртұтастылығы мен қауіпсіздігін ұрпақтарды қамтамасыз етуді, қоғамдық өндірістің үздіксіздігін сипаттайтын адамдардың өзін-өзі өндіруші қауымдастығы туралы мәліметтер беретін белгілері бойынша топтастыруға болады.
Осы белгілеріне байланысты жұмыспен қамтылғандарды үш топқа бөлуге болады:
Ең көп және өндіруші топ–табыс алатын жұмыспен қамтылғандар. Олар экономикалық процестерге қатысу сипаты бойынша 3 топқа бөлінеді.
Мемлекет жұмыпен қамтуды реттеуді маңызды міндеттердің біріне айналдыра отырып, келесідей қағидаларға сүйенеді:
Әлеуметтік еңбектік қатынастардың негізгі субъектілерінің біріккен күштері арқылы болашақтағы жұмыспен қамту бағыттары мен оған қажет құрылымдық өзгерістер, жұмыс күшінің сапасын арттыру жағдайлары, ішкі және сыртқы еңбек нарығыяндағ оның бәсекеге қабілеттілігі анықталуы тиіс.[7, 91-92 б ]
Қазақстан
Республикасында еңбек
Қазіргі кездегі республикадағы еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің төменедеуі мен жұмыспен қамтылған халықтың санының өсуімен сипатталады. Мыслы, ҚР статистика Агенттігінің мәліметі бойынша 2003 ж. жұмыссыздық деңгейі – 12,8 болса, 2005 ж. 9,3 %-ға дейін төменедеген, ал 2006 ж. 2-ші тоқсанындағы оның деңгейі -7,8% болған.
Қазақстандағы еңбек нарығының өзіне тән ерекшелңктерң ретінде келесі процестерді атауға болады:
Информация о работе Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері